Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 76 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home

ҚАЛА ҚЫСҚА ДАЙЫН

Сенбі, 27 қазан күні Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың қатысуымен алдағы қыс маусымында жол бойын қардан тазалайтын техникаларға тексеру өткізілді. Тексеру кезінде техниканың жай-күйіне, жүргізушілерді оқытуға, сондай-ақ жанармай мен басқа да қажетті материалдардың сапасына назар аударылды.

Тексеруге «Белорус», МКСМ маркалы тракторлар, автогрейдерлер, қар тиегіштер, КамАз, К-700, «Донг Фенг» пен «Газ» маркалы жүк түсіргіш сынды ондаған ауыр техника ұсынылды.

Жергілікті маңыздағы және қалаішілік, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолын қыс мезгілінде күтіп ұстау үшін биыл қалалық бюджеттен 184 млн. теңге бөлінген екен. Бүгінгі күні Семейде қысқы уақытта техникалық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын 106 бірлік арнаулы техника бар.

- Бұған дейін біз қала көшелерін тазалау үшін 70-тен астам техника қолданатынбыз, ал бүгінде олардың саны 100-ден асады. Қар тазалау жұмыстары күндізгі уақытта ғана жүргізілген болатын. Енді өткен жылғы кемшіліктерді ескере отырып, біз тәулік бойы жұмыс істеуге көшуді жоспарлап отырмыз,- деді Николай Ушаков.

Биылғы жылы қосымша мердігерлерді тарту арқылы техника саны айтарлықтай артқан. Енді «Семей» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында «Азон» кәсіпорны мен «Семей жолдары» ЖШС жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ биыл «Фотон» маркалы 4 аралас техника мен 4 шағын трактор сатылып алынған. Бұл көліктерді жылдың төрт мезгілінде де қолдануға болады.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, шаһар қыс мезгіліне қажетті жоғары сапалы техникамен қамтылған.

- Егер бөлінген қаражат жеткіліксіз болса, қалалық бюджетке түзетулер енгізу арқылы қосымша қаражатқа қол жеткізетін боламыз,- деді Н.Ушаков.

Тексеру соңында қала әкімінің орынбасары коммуналдық сала қызметкерлеріне жұмыс тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»