Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 103 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАЗАҚ ҮЙ – ҚАЗАҚЫ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

    Әлем әдебиетінің классигі, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, ертеңгі елдің болашағы - бүгінгі бүлдіршін. Еліміздің келешегі – бүгінгі бүлдіршіндеріміздің бойына ұлттық тәрбиені сіңіру мақсатында Алматы қаласындағы «Ұлас-Электрон» ЖШС компаниясы «Электронды қазақ үй» жобасын жасап, көпшілік назарына ұсынған. Сәрсенбі күні қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық ақпараттық орталықта электронды қазақ үй өнімінің таныстырылы

  • КҮНШЫҒЫС ЕЛІНІҢ КӨРМЕСІ СЕМЕЙДЕ

    Дүйсенбі күні Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева ресми сапармен Семейге арнайы келген Жапонияның Нагасаки қаласының Ұлттық мемориалдық кешенінің директоры Масанобу Чита мен жобаларды басқаратын менеджер Нагико Екояманы қабылдады.

  • КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ - ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ӨРІСІ

    Семейге жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков қаланың кәсіпкерлерімен кездесті. Қала әкімі Айбек Кәрімовтың жетекшілігімен өткен басқосуға облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғытов, қалалық бөлім басшылары және кәсіпкерлер қатысты.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home

ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бейсенбі, 25 қазан күні Семейге ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев келіп, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде студенттермен кездесу өткізді.


Қазақстанның Ресей, Қытай, АҚШ секілді алпауыт мемлекеттермен, Еуропалық одақпен және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы мен сауда-саттық айналымына тоқталған Роман Василенко өткен жылмен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда айналымы 15 пайызға өскенін, Өзбекстанмен қарым-қатынастың жаңа көкжиекке көтерілгенін және Қытай елімен сауда-саттық байланыстың жанданып, 10 млрд. долларға жеткенін айтты. Сондай-ақ өз сөзінде Роман Василенко теңізден шалғай орналасқан Қазақстанның Қытаймен және өзге де елдермен сауда-саттық қарым-қатынасын ұлғайту мақсатында Ұлы Жібек жолын жандандыруға соңғы бес жылда 20 млрд. доллар инвестиция тартылғанын жеткізді.

- Әрине, Қазақстанның АҚШ-пен және Еуропалық одақпен қарым-қатынасы да өте маңызды. Еуропалық одақ - ең ірі сауда әріптестеріміздің бірі, сыртқы сауданың 50 пайызын құрайды. Сондай-ақ ТМД, Иран, Түркия, Араб елдерімен әріптестіктің де өзектілігін айтпай кетуге болмайды. Бүгінгі таңда әлемде ядролық қауіпсіздік пен террорлық мәселелердің ушығып тұрғанын білесіздер. 19 қазанда Елбасы Брюссельде өткен  Ядролық қауіпсіздік жөніндегі  «Азия - Еуропа» форумының саммитіне қатысып, ірі мемлекеттерді әлемдік қақтығыстарды шешуге шақырды. Және осындай саммитті Астанада өткізуге ұсыныс білдірді,- деді Р.Василенко.

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев ШҚО-да Елбасы Жолдауын жүзеге асыру барысында атқарылған істер туралы баяндады. Оның айтуынша, Елбасы Жолдауына сәйкес, ШҚО-да 380 мың адамның жалақысы 1,5 есеге көбейеді. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында орта және кіші кәсіпкерлікті қолдау жалғаса бермек. Аталмыш бағдарлама бойынша осы күнге дейін ШҚО-да 13,6 млрд. теңгеге 700-ден астам жоба қаржыландырылған.

- Өңірлерді индустрияландыру жобасы бойынша Семейде «Агропортал» ЖШС ирандық компанияның қатысуымен ет өңдеу комбинаты салынады. Жыл соңына дейін Семей әуежайының ұшып-қону жолағының құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Жидебай мен Қоңыр әулиеге баратын туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Семей - Қарауыл автомобиль жолы жөнделуде. Сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Қазақстан даму банкімен жүргізілген келісімшарттарға сәйкес, келесі жылдан бастап Өскемен және Семей қалаларында электрондық билет жүйесі енгізіледі,- деді Ж.Сәрсебаев.

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының айтуынша, Алакөлде демалушылардың 40 пайызы - семейліктер. Алакөлге апаратын аудандық, облыстық маңыздағы жолдар толығымен жөндеуден өтсе, республикалық маңыздағы жолдарды жөндеу жұмыстары 2021 жылы тамамдалмақ. Соңғы екі жылда Алакөл жағалауын абаттандыруға 5,3 млрд. теңге бөлінген. Бұл бағыттағы жұмыстар келешекте де жалғасын тауып, жаңа нысандар бой көтермек.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»