Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 106 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАЗАҚ ҮЙ – ҚАЗАҚЫ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

    Әлем әдебиетінің классигі, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, ертеңгі елдің болашағы - бүгінгі бүлдіршін. Еліміздің келешегі – бүгінгі бүлдіршіндеріміздің бойына ұлттық тәрбиені сіңіру мақсатында Алматы қаласындағы «Ұлас-Электрон» ЖШС компаниясы «Электронды қазақ үй» жобасын жасап, көпшілік назарына ұсынған. Сәрсенбі күні қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық ақпараттық орталықта электронды қазақ үй өнімінің таныстырылы

  • КҮНШЫҒЫС ЕЛІНІҢ КӨРМЕСІ СЕМЕЙДЕ

    Дүйсенбі күні Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева ресми сапармен Семейге арнайы келген Жапонияның Нагасаки қаласының Ұлттық мемориалдық кешенінің директоры Масанобу Чита мен жобаларды басқаратын менеджер Нагико Екояманы қабылдады.

  • КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ - ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ӨРІСІ

    Семейге жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков қаланың кәсіпкерлерімен кездесті. Қала әкімі Айбек Кәрімовтың жетекшілігімен өткен басқосуға облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғытов, қалалық бөлім басшылары және кәсіпкерлер қатысты.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home

АУЫЛ ЗЕРЕ ӘЖЕНІҢ ЕСІМІМЕН АТАЛАТЫН БОЛАДЫ

Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында М.Әуезовтің атақты «Абай жолы» романын оқығаннан кейін: «Зере мен Ұлжан - Абайдың емес, барлық халық анасы»,- деген екен. Соңғы жылдары  Зере, Айзере есімді қыздарды жиі кездестіруге болады. Бұл да халықтың рухани тұрғыдан жаңара бастауының бір белгісі болса керек. Ырымшыл халқымыз қыз баланың болашақ ана  екендігіне терең мән беріп, Абайдың әжесінің есімі перзентінің тағдырына жарқын жол ашсын деген үмітпен қоятыны белгілі.

Бұрын ұлттың Ұлы анасының есімін тек қыз балаларымыз иеленіп келсе, енді ауыл да Зере әженің құрметіне аталатын болды.

Немерелерінің ішінде ерекше жақсы көріп, еркелеткен: «Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп басталатын әже ертегісін тыңдап өскен бала Абайдың дана Абайға айналуына ақылды да мейірімді Зере ананың ықпалы ерекше болғаны сөзсіз. Әуезов шығармаларындағы арулар галереясындағы ерекше көркем портрет те осы Зере әженікі.

Таяуда Жарма ауданына қарасты Ақжал ауылдық округінінің орталығы Жаңаөзенде тұрғындардың қаты-суымен өткен жиында елді мекен атауын өзгерту мәселесі қаралды. Аталған ауылға ұлы Абайдың әжесі Зеренің есімін беру жайлы жергілікті тұрғындар арасында бұған дейін айтылып жүрген. Ауыл бұрын Новореченск аталған, кейіннен тура аудармасымен Жаңаөзен ауылы деп өзгертілген. Зере әже Жарма өңірінен шыққан, Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы, Абайдың әжесі, азан шақырып қойған аты - Тоқбала, кейіннен Зере атанған. Ұлттың Ұлы анасының есімін ауылға беруге тұрғындар атынан ұсыныс жасаған - округ әкімі Нұрлыбек Әлиясов.

Ұсынысты округ тұрғындары бір ауыздан қолдап, жиынның қорытындысы бойынша, Жаңаөзен ауылының атауын Зере ана есіміне ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.

Ескерткіштер ел тарихы дейміз. Нұрлан Сыдықов басшылыққа келгелі Жарма ауданында «Рухани жаңғыру» аясында атқарылып жатқан игі істер өте көп. Солардың қатарында Шарда Абайға, Әуезов кентінде Мұхтар Әуезовке қойылған ескерткіш, Қалбатауда Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасы құрметіне ашылған махаббат мүйісі, таяуда ақын Тұрсынхан Әбдірахмановаға қойылған ескерткіш бар.

Ал бүгін ауылға есімін беруге тұрғындар бастама көтерген Зере әжеге өткен жылы Қалбатауда қойылған немересін аялаған ақ әженің тас мүсінін ескерткіштердің ішіндегі ең шоқтығы биігі деп айтар едік.

Жарма ауданының орталығы Қалбатау - тоғыз жолдың торабында орналасқан ауыл. Ендеше, алыпты дүниеге әкелген ананың рухын асқақтатып тұрған бұл ескерткіштің өткен-кеткен жолаушыларға ой салар- лықтай тәрбиелік мәні де ерекше. Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзі  де  осы Зере әжеге орай айтылған сияқты.

Аптаның керемет жаңалығы құтты болсын дейміз!

Риза Асанқызы