Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 88 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

СЕНАТОРЛАР СЕМЕЙДЕ

Осы апта басында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Іссапардың бірінші күнінде олар облыс орталығына ат басын бұрып, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасында, Ұлттық ұланның 5518 бөлімінде, Күршім шекара отрядында болды. Сондай-ақ Майқапшағай өткізу бекетінің жұмысымен танысты.

10 қыркүйек күні 2535 әскери бөлімінің Күршім шекара отрядында Сенат комитетінің отырысы өтіп, оған аймақ басшысы Даниал Ахметов, республиканың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының басшылығы, шекаралық аудандар әкімдері қатысты. Мұнда мемлекеттік шекараның шығыс шебіндегі қазіргі ахуал, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде сөз болды. Отырыс барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов қаржыландыруға қатысты мәселені көтерді. Айтуынша, шекарашыларға 1 миллиард 94 миллион теңгеге жуық қаржы керек. Аталған қаражат Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның Шығыс Қазақстан облысы аумағынан өтетін бөлігінің бойында орналасқан бөлімшелердің инфрақұрылымдарын дамытуға жұмсалмақ.

Жиында сөз сөйлеген сенаторлар Төлеубек Мұқашев, Серік Жақсыбеков, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Талғат Мұсабаев, Нұржан Нұрсипатов өзекті деген бірқатар мәселелердің басын ашты. Олар мемлекеттік шекараны күзету және қорғау, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мақсаттары үшін жер телімдерін рәсімдеу, шекаралық аймақтарды дамыту және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған кешенді мемлекеттік бағдарлама қабылдау, сондай-ақ саудаға қатысты кейбір шектеулерді алып тастау, валюталық шектеуді жұмсарту қажеттігін тілге тиек етті.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, Үкіметке жіберілетінін, қаралған барлық мәселелер депутаттардың бақылауында болатынын атап өтті.

Сенаторлардың шығыс аймағындағы сапары Семей қаласында жалғасын тапты. Қыркүйектің 11-і күні Комитет төрағасы бастаған топ қаладағы 54835 әскери бөлімінің авиабазасына келіп, Ми-7, Ми-17, Ми-24 және Си-145 сынды әскери және азаматтық техникалардың үлгілерімен танысты. Мұндағы жаңа техника - Eurocopter Ec145 тікұшағы. Бұл - Қазақстанда құрастырылған еуропалық өнім. Аталмыш техника әскери, антитеррористік, сонымен бірге бейбіт мақсаттарда қолданылады. Авиабазада өткен сенаторлармен кездесу кезінде кешенді ғимараттың болмауы, авиациялық техникалар тұрағын күрделі жөндеуден өткізу, ұшқыштарды дайындауға арналған жаттығу құралдарының жоқ болуы сияқты маңызды проблемалар көтерілді.

Осыдан соң сенаторлар «Шы-ғыс» өңірлік қолбасшылығы штабында болып, Шығыс Қазақстанның әскери қорғаныс әлеуеті жөніндегі мәселені талқылады. Кейін делегация мүшелері «Семей Инжиниринг» АҚ-ға, 28738 әскери бөлімге келіп, нысандардың жай-күйін білді.

- «Семей Инжиниринг» кәсіпорны үнемі даму үстінде болады. Өйткені біздегі танк паркі ауқымды, әрі әрбір техника уақыт өте келе сынады, ескіреді. Негізі, танкілерді жөндеуге үш жыл уақыт кетеді. Бұл, әрине, тым ұзақ. Осы ретте Комитет төрағасы Дариға Назарбаева осы зауыттағы әскери техникаларды жөндеу мерзімін қысқартуды мақсат етіп отыр. Семейдің өндірістік базасы кез келген әскери техниканы жөндеуге қауқарлы,- дейді сенатор Талғат Мұсабаев.

Нысандарды аралау барысында Сенат депутаттары әскери қызметшілердің дайындығы мен әскери бөлімдердің материалдық-техникалық жабдықталуы жоғарғы деңгейде екенін ерекше атап өтті.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

БІЗДІҢ МАҚСАТ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

Ұлт жоспары - «100 нақты қадамның» кіріспесінде оның қоғам мен мемлекеттегі түбегейлі өзгерістерді қалыптастыратыны айтылған, олардың басты мақсаты жүйелі аурулардың сыртқы белгілерін жуып-шаю емес, оны емдеу болып табылады.

Дамыған 30 елдің қатарына кіруге жол ашатын, кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуына бөгет болатын осындай жүйелі мәселелердің бірі халыққа тиімді және адал қызмет ету идеясын құнсыздандыратын мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы деңгейінің жеткіліксіз дәрежедегі бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.

Бұл - мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің кәсіби дәрежесінің төмен деңгейінің және олардың жемқорлыққа ұшырау себептерінің бірі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз осы мәселені шешудің кешенді амалдарын қарастырдық.

Біріншіден, кадрларды іріктеу және жоғарылату барысында біліктілік тәсілі енгізілді. Маманның білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар оның өз білімін күнделікті қызметте қалай қолданатынын және осыған қажетті дағдылары мен қабілеттерінің болуын анықтаудың маңыздылығымен келіспеу мүмкін емес. Нәтижелі жұмыскер болу үшін теориялық білім жеткіліксіз. Мысалға, көшбасшылық саласындағы маман әрқашан көшбасшы болуға қабілетті емес.

Екіншіден, мемлекеттік органдардың қызметшілерін бағалау жүйесін қайта қарастыру іске асырылды. Бұл жүйенің кемшіліктері айқын. Мемлекеттік қызметшінің атқаратын жұмысының нәтижелілігі оның ұйымның стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға қосқан жеке үлесіне әділ баға беруге мүмкіндік бермейтін ресми көрсеткіштерге орай анықталды.

Біз маманның кәсіби қалыптасуын ғылымға негізделген тексеру жүйесін енгізу арқылы осы және басқа кемшіліктерді жойдық. Бұл жүйенің сапасы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттау барысында сыналды.

Мемлекеттік органдардың қызметшілерін қаржылық ынталандыруды күшейту қажет болды.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын олардың қызметінің нәтижелеріне байланысты көтеру Ұлт жоспарында көрініс тапқан түйінді міндеттердің бірі екендігі белгілі. Оны шешу Мемлекет басшысының біздің барлық жұмысымыз халықтың табыс деңгейін арттыруға бағытталуы тиіс деген нұсқауы тұрғысында айрықша өзектілікке ие болады.

Ол үшін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі әзірленді, пилоттық режімде Агенттікте, Әділет министрлігінде, Астана қаласының және Маңғыстау облысының әкімдіктерінде енгізілді.

Ол екі бөліктен тұрады: факторлы-балдық шкала негізінде анықталатын «тұрақты» және бір жыл ішінде атқарған жұмыс нәтижелері бойынша кем дегенде 4 жалақыдан жоғары бонус төлеуге байланысты «ауыспалы».

Пилоттық жобаның мәні неде? Жаңа жүйенің үш айқындаушы факторы бар. Ол құзыреттілік пен жұмыс тәжірибесі, шешілетін міндеттердің ауыртпалық деңгейі және нәтижеге қол жеткізу үшін жауапкершілік деңгейі.

Аталған факторлар бойынша «ұпайлар» жиынтығы еңбекақы төлеудің жаңа кестесіндегі лауазымның орнын айқындайды. Ол 4 блокқа біріккен: жауапты хатшылар, аппараттардың басшылары мен комитеттердің төрағалары кіретін жоғары басқарушы, негізгі, жәрдем беруші және қосалқы.

Қызметінің тиімділігі ұйымның стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі үшін түйінді болып табылатын негізгі салалық бөлімшелердегі жұмыс, әрине, жәрдем беруші және қосалқы құрылымдардағы жұмыспен салыстырғанда әлдеқайда жоғары төленетін болады.

Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу не береді?

Біріншіден, материалдық ынталандырудың пәрменді тетігі құрылады. Біз бірінші рет, жұмыстың сипатына, ауыртпалық деңгейіне және тиімділігіне қарамастан, барлығы тең дәрежеде жалақы мен сыйақы алатын теңестірілген тәсілден бас тартамыз.

Мысалға, мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде маңызды рөл атқаратын департаментінің сарапшысы, құжаттарды тіркеу мен жіберу бойынша міндеттерді атқаратын канцелярия бөлімінің маманымен бірдей еңбекақы алады. Біреуі тиімді басқарушылық шешімдерді тұрақты іздеумен айналысса, екіншісі әзірленген дайын алгоритм шеңберінде әрекет етеді. Сыйақыға байланысты жағдай да осындай.

Яғни, әділеттіліктің негізгі қағидасы бұзылады.

Екіншіден, жаңа модельді қолдану аймақтардағы және орталықтағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысындағы үйлеспеушілікті 70%-дан 10%-ға дейін түбегейлі қысқартуға мүмкіндік береді. Ол «орталық – аймақ - орталық» қағидасы бойынша кадрлар айналымы тетігін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, осы жолмен біз мемлекеттік қызметті әсіресе талантты жастар үшін еңбек нарығындағы тартымды, бәсекеге қабілетті ойыншы ретінде таныстыра аламыз. Бүгінгі күннің өзінде пилоттық органдардағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі есе артты. Ол еңбекке деген қатынасты түбегейлі өзгертеді, яғни заманауи адамды жетістікке жетелейтін жасампаздық пен көшбасшылыққа шақырады. Әрине, санаулы айлар ішінде мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандырудың үздік моделі құрылады деп есептеу қателік болар. Сол себепті бұл жобаны жүзеге асырудың барлық мәселелік жақтарын талдап, әрі қарай оны барлық мемлекеттік аппарат ауқымында іске қосу үшін пилоттық режімде енгізілді.

Пилоттық жобаның аралық нәтижелері қызметшілердің адал және тиімді еңбек етуге талпынысын, сонымен қатар бәсекенің артуын көрсетіп жатқанын атап өткен жөн. Өткен жылмен салыстырғанда кадрлардың ауысуы шамамен 3 есеге азайды, ал Әділет министрлігінде ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет жүйесінен бірде-бір адам кетпеген.

Бір орынға жарияланған байқауға үміткерлер саны 55, ол мемлекеттік қызметтің тартымдылығы мен абыройының артуын дәлелдейді. Реформаның жоғары тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі пилоттық жобаны жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік органдардан сұрастырылған жұмысшылардың 95% оның нәтижелеріне қанағаттануында.

Факторлық - балдық шкала шеңберінде жалақының артуына қарамастан, ағымдағы жылы Агенттіктің штат санын толықтыруға мораторий жүргізу арқылы орталықта 30% және аймақтарда 10% оңтайландырдық, бұл орталық аппараттың орындаушылық сатысындағы қызметшілердің жалақысын 60%-ға, аймақтық департамент қызметшілерінің жалақысын 10%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Бұл бағыттағы келесі қадам кадр қызметтерінің жұмысын қолданыстағы «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі негізінде жалпы қызмет көрсету орталығының үлгісіне ауыстыру болды.

Шетелдік және отандық тәжірибе көрсеткендей, жеке компаниялар мен мемлекеттік мекемелердің адамзаттық капиталы сапасын айтарлықтай арттыруға қол жеткізу, сонымен қатар HR-саясат саласында шығындарды азайту қызметкерлерді басқарудың интеграцияланған жүйесін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Ол - қызмет көрсету орталығының жалпыға ортақ модельдерінің бірі. Мысалы, Нидерландыда қызметкерлерді басқару саласында қызмет көрсететін осындай орталықты құру мемлекеттік мекемелердің аталған қызметті атқаратын жұмыскерлер санының 50 пайызға қысқаруына және 250 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаражаттың үнемделуіне алып келді.

Біздің жобаны жүзеге асыру HR-үрдістеріне жұмсалатын шығынды қысқартуға мүмкіндік береді.

Қызметкерлерді басқарудың интеграцияланған жүйесінің жұмыс істеуі шеңберіндегі кадрлық іс жүргізуді орталықтандыру мемлекеттік органдардың құрылымы мен қызметшілерін оңтайландырудың сапалы жаңа кезеңінің бастамасы болмақ. Біздің есебіміз бойынша, аталған модельді барлық мемлекеттік қызмет ауқымында қолдану кадр бөлімдерінің қызметкерлерін және жалақы төлеу бойынша бухгалтерлерді шамамен 4600 қысқартып, жыл сайын 5,5 млрд. теңге үнемдеуге алып келеді.

Оңтайландыру бойынша кешенді жұмыс мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының жаңа жүйесін енгізу бойынша жобаға қатысатын әкімдіктерде де жүргізілуде.

Осылай, өзгертудің арқасында Астана әкімдігі басқармаларының саны 30-дан 21-ге дейін қысқарды. Артық басқарушылық құрылымдар оңтайландырылды, қосарланушылық жойылды. Агенттікке ұқсас қызметшілерді басқарудың бірыңғай қызметі, сонымен қатар бақылау саласында Бірыңғай орган құрылды. Халықпен кері байланыс құруға арналған «I-komek» бағдарламасы іске қосылды.

Маңғыстау облысында басқарушылық құрылымдарды оңтайландыру, бизнес-үрдістерді автоматтандыру жүргізілуде, аудандар қағазсыз құжат алмасу жүйесіне ауысуда.

Бақылау-қадағалау міндеттерінің қысқаруы, қосарланушы міндеттердің жойылуы, міндеттерді бәсекелі ортаға жіберу және әрі қарай цифрландыру мемлекеттік органдардың құрылымдары мен штат санының оңтайландырылуына, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын арттыруға арналған қажетті қаржы қорының пайда болуына әкеледі.

Лауазымдары қысқартылатын мамандарды әлеуметтік қорғау мақсатында біз бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп оларды қайта оқыту және әрі қарай жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешудеміз.

Жалпы факторлы-балдық шкаланы енгізу бойынша жұмысты мемлекеттік органдарда шығындарды оңтайландыру есебінен қарастырылатын қаржының болуын есепке ала отырып, кезең-кезеңімен өткізу қарастырылған. Соның өзінде Президенттің 2007 жылғы 29 наурыздағы «Әкiмшiлiк реформаны одан әрі жүргізу жөнiндегi кейбір шаралар туралы» Жарғысына сәйкес еңбекақы төлеудің қолданыстағы қорының бюджетке қайтаруды қажет етпейтіндігін, яғни мемлекеттік органдардың теңгерімінде қалдырылатындығын ескертіп өткен жөн.

Мансаптық модельді құрудың әлемдік тәжірибесі бойынша мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды арттырумен қатар, олардың әлеуметтік қорғалуының деңгейін де арттыру қажет. Сол себепті қазіргі уақытта Президент Әкімшілігінің қолдауымен Агенттік мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қамту деңгейін жақсарту бойынша шаралар әзірлеуде.

Баспаналы болу және зейнетақы тағайындау, балабақшаларда орындармен қамтамасыз ету, аймақтарда денсаулықты қалыпқа келтіру үшін жағдайлар жасау барысында жеңілдіктер ұсыну сөз болып отыр.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасын, оның ішінде «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру маңызды серпіліс бермек. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-мен бірлесіп, әскери қызметшілер мен арнайы органдардың қызметшілеріне арналған бағдарламалар сияқты, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге арналған «5-5-25» ипотека мәселесін әзірлеу шаралары басталды.

Жаңа еңбекақы жүйесін қосқанда, мұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің ынтасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін болады.

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын орташа деңгейде екі есе арттыру бойынша реформаны толыққанды жүзеге асыру 220 млрд. теңге қосымша қаржыны талап етеді. Қаражат мөлшері ауқымды, бірақ оны тіпті бюджетке ауыртпалық түсірмей-ақ қарастыруға болады.

Аталған жұмыс Ұлттық экономика министрлігінде Агенттікпен бірлесе Мемлекет басшысының мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынышты ұйымдарды оңтайландыру мен нығайту туралы тапсырмасы аясында орындалып жатыр. Біз бастапқы кезеңде бос жұмыс орындарын қысқартуды дұрыс деп есептейміз. Олардың мөлшері шамамен 12 мың. Ол бірден 13 млрд. теңгені бөлуге мүмкіндік береді.

Бағынысты ұйымдарды оңтайландыру тұрғысынан, олардың ұйымдық-құқықтық нысанын коммуналдық мемлекеттік мекемеден (КММ) коммерциялық емес акционерлік қоғамға (КЕАҚ) өзгерту тиімді шаралардың бірі болып табылады.

КЕАҚ форматында жұмыс істеудің негізгі артықшылығы - басқарудың икемділігі, бюджетті бөлудегі тәуелсіздік, қызметкерлерді бәсекеге қабілетті жалақымен қамтамасыз ету және қызметкерлер санының азаю мүмкіндігі.

Мысалы, осы өзгерістің нәтижесінде Астана әкімдігі балалар үйінің басшылығы қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын арттырды. Салдарынан 90 млн. теңгеге үнемділік жасалып, өрт қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруге, үй-жайларды жөндеуге және жылумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын жақсартуға, биометриялық қол жеткізу жүйесін енгізуге бағытталған.Ең бастысы, қолда бар бюджетпен қызметкерлердің жалақысын 3-4 есеге көтеру мүмкіндігі болды. Егер бұрынғы еңбекақы 33-тен 120 мыңға дейін болса, бүгінгі күні 120-дан 450 мыңға дейін жетіп отыр. Астаналық балалар үйінде жүргізілген мұндай жұмыс басқа мемлекеттік мекемелер үшін үлгі бола алады деп ойлаймын.

Жоғары ынталанған мемлекеттік қызметші, өзінің мансаптық және материалдық келешегінің тұтас және толығымен ұйымның мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан өз үлесіне, әлеуеті мен жеке қасиеттеріне баға беруге тәуелді екеніне сенімді болған жағдайда өзінің абыройын бағалап, әрқашан өзінің кәсіби білімі мен дағдыларын дамытуға талпыныс жасайтыны ешбір күмән туғызбайды. Бұл - біздің атқаратын еңбегімізден күтілетін нәтиже.

Алик ШПЕКБАЕВ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

ТЫҢ СЕРПІН, СОНЫ ЛЕП

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына қатысты семинар болып өтті. Семинарға университет оқытушылары, студенттер мен магистранттар қатысты.

Қазақ филологиясы факультетінің деканы Айбар Қадыров семинардың көтерген тақырыбына қатысты өз ойын білдірген соң, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі философия докторы (PhD) Арай Қанапияқызы Жүндібаева сөз алды.

- 13 сәуірде арнайы жарық көрген 18 кітаптың таныстырылымы болды. Оны Ұлттық аударма бюросы қамтамасыз етті. Осы оқулықтармен жұртшылықты таныстыруға арналған іс-шаралар өз жалғастығын табуда. Біз де осы ортақ іске өз үлесімізді қосып, семинарлар циклін өткізбекпіз, - деді Арай Қанапияқызы. - Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 100 оқулықты аудару үшін, өткен жылы Ұлттық аударма бюросы құрылып, маусым-шілде айларында еліміздегі жоғары оқу орындары мен жастар ұйымдарынан, қоғамдық-мемлекеттік мекемелерден қандай   кітаптарды  тәржімалау керектігіне байланысты түскен жазбаша ұсыныстар бойынша тізім жасалды. Енді сол тізімге енген 18 оқулық жұрт назарына ұсынылып отыр. Біз де бұл шарадан тыс қалмай, таяуда Тель-Авив кибернетика университетінің зертхана жетекшісі, нанотехнология саласының маманы Рои Тцезанның «Болашаққа жолнұсқау» («The Guide to the Future») кітабын қазақ тіліне аударып, Астанада қалың жұртшылық назарына 3D форматында ұсындық. Елордалықтарға, бұдан бөлек, Шәкәрім атындағы СМУ ректоры Мейір Ескендіровтің басшылығымен дайындaлған «Латынға төте жол» әдістемелік құралы да таныстырылды. Бұл кітаптарды 100 оқулық аясында шектеуге болмайды. Оның соңы 200-ден де асып кетуі ықтимал. Осы аударма оқулықтар білім нарығында тың серпілістер әкеледі деген үміттеміз.

Жиналған зиялы қауым осы игі шараның қазақ ғылымы мен білім беру саласына сіңірер зор үлесін ұғына алды. Бұл семинар осымен тоқталып қалмайды. Қазақ филологиясы факультеті ары қарай да Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қала ұстаздары мен студенттері арасында түрлі басқосулар ұйымдастырып, кең көлемді ағартушылық жұмыстар жүргізетін болады.

Семинар жұмысын қорытындылаған қазақ филологиясы факультетінің деканы Айбар Қадыров оқытушыларды, студенттер мен магистранттарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосуға шақырды.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

АҒА БУЫН ЕРЛІГІНЕ ҚҰРМЕТ

7 Мамыр - Отан қорғаушылар және 9 Мамыр - Жеңіс күні қарсаңында Семейде бірқатар мерекелік іс-шаралар легі өтіп, оған қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты. Соның бірі - Абай атындағы кітапханада өткен Жеңіс балы. Ермек Бидахметұлы Жеңіс балынан кейін бірқатар қарт майдангерлердің шаңырағына бас сұғып, мерекемен құттықтады.

Жеңіс балына соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері, қала басшылығы және жастар, қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.

- Жылдағы дәстүр бойынша, Жеңіс балын ұйымдастырудамыз. Бұл бал ұрыс даласында кеудесін отқа тосқан майдангерлердің рухына, арамызда жүрген ардагерлерге, соғыс зардабын тартып, ет жақындарынан айырылған отбасыларға арналады,- деді «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры атынан сөз алған Жанна Жибраева.

Ермак Бидахметұлы барша жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді:

- Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне деген құрмет арта түседі. Отан үшін отқа түсіп, елі мен жерін қорғаған аға буын өкілдері қашанда құрметке лайық. Әрбір ардагердің ерлігі - біз үшін мақтаныш. Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!- деген Ермак Сәлімов ешкім де, ешқашан да ұмытылмайтынын айрықша атады.

«Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының әскери оркестрі Жеңіс күніне арналған патриоттық нақыштағы әуендерді әуелетіп, сол бір ұмытылмас жылдарға жетеледі. Сонымен қатар «Қаһарлы жылдар жылнамасы», «Отан соғысының қолбасшылары», «Естеліктер мен меморандумдар», «Соғыс жылдарындағы семейліктер», «Қаһарлы жылдардағы мерзімді баспасөз», «Жеңіс жырлары», «Отты жылдар әуендері» бөлімдері бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бұдан кейін қала әкімі Ермак Сәлімов, қалалық соғыс және тыл, еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, дербес бөлімдердің басшылары майдангерлердің шаңырағына арнайы ат басын бұрып, оларды құттықтады. Қала әкімі жеміс-жидек пен азық-түлікке толы себет, 500 мың теңгенің сертификатын, қала әкімінің алғыс хаты мен бір құшақ гүл де ала барды.

Алғашқы құттықтау мәртебесіне майдангер Атамбай Оразбаев ие болды. 1923 жылы Жаңасемей ауданында туған ол 18 жасында әскер қатарына алынып, ұрыс даласына аттанған. 1941 жылы Алматы қаласында құрылған 100-ші атқыштар бригадасының қатарында Ұлы Луки жерін қорғаған. Сондай-ақ 1-ші Украин майданында Харьков, Киев, Варшава қалаларын азат етуге қатысқан. Ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Жеңіспен елге оралған Атамбай ата 1946 жылдан еңбекке араласты. Бүгінде 96 жасқа аяқ басқан ардагер: «Жастарың ұзақ болсын. Соғысты сендер көрмеңдер. Еңбек етіп, білім алып, бейбіт өмір сүріңдер»,- деп тілегін білдіріп, арнайы құттықтай келген қала әкіміне алғысын жеткізді.

Атамбай ақсақалдың шаңырағынан шыққан шаһар басшысы Александр Атавинді де құттықтады. 1922 жылы Хабаровск аймағының Амур облысында туған ол Энергетикалық техникумның 3 курсында оқып жүргенде, 19 жасында әскер қатарына алынған. 1941 жылдан бастап Батыс майданда 58-ші дивизияның құрамында ауыр миномет таситын жүргізуші болған. Екі рет жараланған жауынгер жеңісті 2-ші Украин майданының құрамында Австрияда қарсы алған. Ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені мен көптеген медальдарды кеудесіне таққан.

Бейбіт күн басталғанда оқуын әрі қарай жалғастырған Александр Гаврилович Кросноярда 6 жыл еңбек еткен соң,1960 жылы Семей қаласында жұмыс істеуге шақырылып, тұрақтап қалған.

Бұл күні құрмет көрсетілген жандардың арасында Екатерина Краснянская  да  бар.  14 жасынан бастап Ленинград блокадасындағы госпитальда жұмыс істеуге барған ол оққа ұшқан жағдайы ауыр жауынгерлерге санитарлық көмек көрсеткен. Латвия, Польша, Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысқан. Жеңісті Польша жерінде қарсы алыпты. Екатерина Семенова қаламыздағы денсаулық және білім мекемелерінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, №2 қалалық балалар ауруханасынан құрметті демалысқа шыққан.

Батыс атқыштар полкінде, Балтық теңізі жағалауында Отан қорғаған Абдрашит Ишмухаметовті де қала басшысы құттықтап қайтты. Жүздесуде соғыс ардагерлері қан майданда болған қиыншылықтарымен, естеліктерімен бөлісіп, жеңісті жақындатқан жандардың ерлігіне жас ұрпақ құрметпен қарауы қажеттігін атап өтті.

Ермак Бидахметұлы да әрбір шаңырақта бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған қарт жауынгерлерге алғыс айтып, ауырмай-сырқамай ортамызда жүре берулеріне тілектестігін білдірді.

Жеңіс күніне арналған іс-шаралар легі 5 мамыр күні Абай атындағы театрда салтанатты жиынмен де жалғастық тапты. Онда соғыс жылдарының әндері әуелеп, аға буынға айрықша құрмет көрсетілді.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

 

 

КӨМЕК КАРТАЛАРЫ БЕРІЛДІ

Өткен жылы Болат Өтемұратовтың қоры мен «Қазақстан Республикасы Қызыл жарты ай қоғамы» қоғамдық бірлестігі арасында төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға қол ұшын созу үшін ынтымақтастық меморандумына қол қойылғаны көптің есінде болар. Келісімшарт аясында қаржы «ForteBank» көмек карталарына аударылып, оны «Қызыл жарты ай» қызметкерлері, төтенше оқиға орын алған шақта, зардап шеккен тұрғындарға бөліп беруі тиіс. Осыған орай айтып келмейтін апат салдарынан баспанасыз қалып, ас-судан айырылған Семейдегі 81 отбасыға, 322 адамға, 9 млн. 660 мың теңге бөлініп отыр.

4 сәуір күні «Семей» қонақ үйінде қаржы карталары берілді. Әрбір картаға отбасының әр мүшесіне 30 мың теңгеден аударылған. 9 - 10 сәуір күндері екінші транш жоспарланып отыр. Бұл жолы ақшамен қамтылатын адамдардың саны да ауқымды болмақ. Тек пайдалануға берілген картаның қолдану мерзімі үш ай ғана. Айта кетейік, «Қызыл жарты ай қоғамы» қызметкерлері шығысқазақстандықтарға көмек беруді 13 наурызда бастап кетті. 42 млн. 360 мың теңгені құрайтын қаржылай жәрдем Аягөз, Шемонайха, Глубокое аудандары мен Семей қаласын қоса алғанда, 1412 адамға көрсетіліпті. Көп ұзамай көмек карталары Зырян ауданы тұрғындарының да қолына тиетін болады.

- Қордың, «ForteBank» және «Қызыл жарты ай қоғамының» бірлесе күш жұмылдыруы арқасында гуманитарлық көмек ең алдымен үйі тұруға жарамсыз болып қалған әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көрсетіледі. Одан кейін жалғызілікті зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, көпбалалы әрі тұрмысы нашар отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі. Біздің мақсатымыз – зардап шеккендерді апаттың алғашқы күндері ең қажетті заттармен қамтамасыз ету. Картаға аударылған қаражатқа тұрғындар азық - түлік, санитарлық - гигиеналық заттарды, дәрі - дәрмектер мен киім - кешек сатып ала алады,- дейді «Қызыл жарты ай қоғамы» Алматы филиалының төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Руслан Хрущев.

Ол табиғи апат салдарынан туындаған төтенше оқиғалар кезінде үй-күйсіз қалғандарға жедел түрде көмек көрсету аса маңызды екенін атай отырып, қаржы карталарынан қолма-қол ақша алу қарастырылмағанын әрі карта арқылы алкогольді және темекі бұйымдарын сатып алуға болмайтынын ескертті.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

Еще статьи...