Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 108 гостей и 2 пользователей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home Президент Тапсырмасы

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

БІЗ – АСТАНА ҚҰРДАСТАРЫМЫЗ!

1 ақпан күні қалалық Достық үйі ұжымының ұйымдастыруымен, елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай, «Біз – Астана құрдастарымыз!» атты патриоттық акция басталды. Акция аясында дөңгелек үстел өтіп, оның маңыздылығы түсіндірілді.

Оған ұйымдар мен мекемелердің басшылары, қала жастары, Астана құрдастары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» қатарына есімдері енген Асылбай  Абылайхан мен Олег Пименев қатысты.

Достық үйінің директоры Берік Көпбаев акцияның мақсатына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі:

- Бұл акцияның мақсаты - елордамыз Астана қаласының 20 жылда қол жеткізген жетістіктерін саралау, әлем көз тіккен әсем қаламыз бар екенін жас ұрпақтың санасына сіңіру және оларды патриоттық рухта тәрбиелей отырып, Астана қаласын көркейтуге әрі қарай да атсалыса беруге шақыру. Қымбатты Астананың құрдастары! Еліміздің патриоттары болатындарыңызға сенім білдіре отырып, сәттілік тілеймін!– деген Берік Көпбайұлы Еуразия кіндігінде орналасқан әсем қаланың қысқа мерзімде дүние жүзі көз тіккен ару қалаға айналғанын және бұл қала тікелей Елбасының төл туындысы екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында бас қала жайлы пайымды пікірлер айтылып, Астананың құрдастары өз өнерлерін көрсетті. Олардың айтуларынша, бас қаланың құрдасы болу үлкен қуаныш сыйлайды әрі жауапкершілік жүктейді.

- Бүгін елордамыздың мерейтойына орай арнайы акция ұйымдастырылып отыр. Бұл шараға мен де қолдау танытып, өнер көрсету арқылы өз үлесімді қоспақпын. Астана – еліміздің жүрегі, ол бар болғаны 20 жылдың ішінде ғажайып қалаға айналды. Бас қаланың құрдасы болу үлкен бақыт және жауапкершілігі де жоқ емес. Себебі күн санап көркейіп келе жатқан көркем қала сияқты біз де әрдайым бойымызға тәрбие, білім нәрін сіңіріп, заманауи техника мен технологияны меңгеріп, өнерімізді дамытып, бас қаланы гүлдендіруге үлес қосуымыз керек,- деді М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің 3-ші курс студенті Талант Қыдырмоллаев.

- Астананың құрдасы болғанымды мақтан етемін. Мен 1998 жылдың 16 желтоқсанында, Тәуелсіздік күні тудым. Еліміз үшін аса маңызды күні туғаным үшін де қуаныштымын. Сәт санап көркіне көрік қосып келе жатқан қаланы жақсы көремін, ол – армандар қаласы!- деді студент Ұлжан Таир.

Акция тарихи-өлкетану музейінде, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде жалғасын тапты. Достық үйі ұжымының айтуынша, акцияға белсене қатысқан Астана құрдастары бас қалаға барып, оны тамашалап қайтуға мүмкіндік алады. Қорытынды шара желтоқсан айында ұйымдастырылып, әрбір белсенді оқу орнына Кубоктар тапсырылмақ.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

 

Ермак СӘЛІМОВ: ӨТКЕН ЖЫЛ ТАБЫСТЫ БОЛДЫ

Сейсенбі, 30 қаңтар күні Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімовтiң тұрғындар алдындағы 2017 жылды қорытындылаған есеп беру кездесулері басталды. Шульбинск кентінен бастау алған есеп беру кездесулері Новобаженово, Приречный, Озерки ауылдарында өтіп, 31 қаңтар күні өз жалғасын Шаған кенті, Жиенәлі, Достық, Ертіс ауылдық округтерінде тапты. Кездесуге ауыл тұрғындары, ұстаздар мен дәрігерлер және әкімшілік қызметкерлері қатысты.

Қала әкімі Ермак Бидахметұлы кездесулерде өткен жылы атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер жайында жан-жақты айта келіп, алда тұрған міндеттерге де тоқталды.

Шүлбі кенті

Шүлбі кентінде шаһар басшысы өткен жылдың табысты аяқталғанын айтып, алда атқарылар жұмыстар жайын тарқата сөз етті. Елбасының биылғы Жолдауында алға қойылған нақты міндеттер төңірегінде ой өрбітті. Жолдауға сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың жергілікті басқаруға берілуі Семейдегі 6 округті қамтып отырғанын, сондықтан кент пен ауыл әкімдері өз бюджеттерін орынды жұмсауы қажеттігін қадап айт-ты. Шүлбіліктер қойған түрлі әлеуметтік сипаттағы сауалдарға қалалық әкімшіліктің бөлім және арнайы мекемелердің басшылары тұшымды жауаптар берді.

Кент әкімі Кенжебай Ақанұлы Байғожинов тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар мен қолға алынатын шаруаларға қатысты мәселелерді кеңінен сөз етті.

Кент тұрғындары атынан шығып сөйлеушілер қала және кент әкімінің 2017 жылы атқарған жұмыстарына жоғары баға берді.

Қазір Шүлбі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайыра түлеу үстінде десек, артық айтпаймыз. Бұл арада жергілікті қолөнерші, Шүлбі орта мектебінің мұғалімі Әсет Раулұлы Қуандықов ұлттық және заманалық қолөнер бұйымдарын жасауда үш бірдей үйірме жүргізіп, қолының ебі бар шәкірттерді баулуда. Әсеттің шәкірттері жасаған бұйымдар алыс-жақын шетелдерде сұранысқа да ие екен. Өңірде Лимара Тұрғымбаева жетекшілік ететін «Асыл мұра» театр үйірмесі жұмыс істейді. «Балдәурен» балалар ансамблі өз өнерімен жерлестерінің көзайымы болып жүргенін айта кеткеніміз орынды. Бұдан бөлек «Забавушка» орыс халық ансамблі мен жергілікті казак қауымдастығының «Вольница» тобы да танымалдыққа ие. Өзге этнос өкілдерінің өнер ұжымдарының республика аймағынан тыс жерлерде өнер көрсетуіне Н.Миникеева, В.Төлеубаева, Н.Кучерова, И.Ковальчук сынды жергілікті кәсіпкерлер демеушілік етуде, әрі аталған кенттік бизнес өкілдері Шүлбідегі барша іс-шараларға өз көмек қолдарын созуға дайын тұратындары көңіл қуантады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда ісі мен сөзі бір жерден шығып отырған Шүлбінің қазіргі таңда тек қана алға басып келе жатқанына көз жеткіздік.

 

Новобаженово ауылдық округі

 

Қала әкiмi Ермак Бидахметұлы ауылдық округ орталығындағы А.Ибраев атындағы орта мектептің мәжiлiс залында өткен есеп беру жиынының шымылдығын ашып, сөз кезегін     Новобаженово ауылдық округі әкімі Кенжетай Әбрешұлы Өміртайға берді. Ауыл әкімі бір жылда атқарылған істер туралы егжей-тегжейлі тоқталып, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын, ондағы жұмыссыздар санының азайып, әлеуметтік нысандар жаңарғанын, алда тағы да атқаратын жұмыс көп екенін айтты.

- Біздің елдің Тәуелсіздік алғанына 26 жыл ғана болды. Аз уақыт ішінде бірталай белестерді бағындырдық. Мұны ауыл тұрғындары да біліп отыр. Бірлік бар жерде, тірлік бар. Халықтың еңбексүйгіштігі, ынтымағы бәрімізді алға жетелейді. Біз ел үшін қызмет етеміз,– деп ауыл әкімі өз сөзін түйіндеді.

Өз кезегінде қала әкімі өңірдің экономикалық, рухани дамудың даңғыл жолына түскенін, бизнес жанданып, Семейдің серпінді дамып келе жатқанын айрықша атап өтті. Ермак Бидахметұлы қала бюджетінің кіріс бөлігінің 120%-ға артқанын, қаржыны игеру 100%-ға орындалғанын да атап өтті. Өйткені бұрындары игерілмеген қаржы кері қайтарылып келді. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің басшылығымен қабылданған 3 жылдық жоспар атқарылар жұмыстардың осылайша өрістеуіне негіз болды. Қаланы дамыту, құрылыс және жол жөндеу осы үш жылдық жоспар аясында жүзеге асады.

Приречный ауылдық округі

Қала әкімінің есепті кездесуі түстен кейін, алдын ала түзiлген кестеге сәйкес, Приречный ауылдық округі орталығындағы мектепте жалғасын тапты. Алдымен есеп беру жиыны Приречный ауылдық округінің әкімі Алғатай Байдомалақовтың баяндамасын тыңдаудан басталды. Ауыл әкімі 2017 жылды қорытындылай отырып, өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жақсарып, тұрақты өсім мен дамуға қол жеткізгендерін айтты. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Адият» ЖШС директоры Болатқан Нұританұлы Жарқын ауылына қаржылай көмек көрсетіп, биыл мешіт салып бермекші. Қайырымдылық айлығы кезінде ауылдық округтің ірі кәсіпорындары тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған 51 жанға 359 мың теңгенің көмегі көрсетіліпті.

Ауылдық округте асыл тұқымды мал басын көбейту ісі қызу қолға алынып жатыр. Жергілікті ЖШС пен шаруа қожалықтары 341 бас ірі қара сатып алып, мал тұқымын асылдандыруды бастаған екен. Жалпы ауылдық округ бойынша алынған субсидия көлемі 265 млн. 942 мың 700 теңгені құраса, оның 166 млн. 688 мың 700 теңгесі егін және бақшалыққа тиесілі. «Жер емген жұтамайды» деген халық даналығын Ертістің бойында отырған ауылдықтар жақсы ұғынып отыр. Мұздыбай ауылындағы «Мұздыбай-1» шаруа қожалығы  екі пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап отыр. Бұл құрылыс шығыны 172, 608 мың теңгені құрайды.

Бұдан соң сөз алған шаһар басшысы Ермак Бидахметұлы өткен бір жыл ішіндегі Семей аймағында атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Ауылдық округ тұрғындары егінмен, мал өсірумен айналысатын шаруалардың саны көбейіп отырғанын жеткізген қала әкімі бұл салаға қолдау көрсету тоқтамайтынын да баса айтты.

Қала әкімі өз сөзінде соңғы үш жылда етті және сүтті мал шаруашылығын дамытуға Үкімет тарапынан 3 млрд. 200 млн. теңге бөлінгенін атап өтті. Десе де өткен жылы бұл бағыттағы қаржыландыру 24%-ға азайғанын да жеткізді. Ауыл шаруашылығының даму көрсеткіші 7,5%-ға өсіп, ет өндіру Абыралы, Знаменка, Ақбұлақ, Приречный ауылдық округтерінде артса, керісінше, Шаған, Достық және Жиенәліде едәуір кеміген екен.

- Жағдайдың бұлай болуы түсіндіру жұмыстарының аздығынан, сондықтан «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары өңір бойынша жөнді жұмыс істемейді. Мал басын азайтуымызға болмайды. Сүт өндіру жандана бас-тады. Былтыр 2 сүт фермасы, 2 сүт қабылдау пункті ашылып, ел игілігіне берілді,- деді бұл бағыттағы атқарылған жұмыстарды саралаған Ермак Бидахметұлы.

Осы ауылда өткен есеп беруден кейін тұрғындар тарапынан қойылған әлеуметтік  және экономикалық сипаттағы сауалдарға, қала әкімімен қатар, тиісті бөлім басшылары да өз жауаптарын берді.

Озерки ауылдық округі

Ермак Бидахметұлының бірінші күнгі есептік кездесуі Озерки ауылда түйінделді. Алдымен Озерки ауылдық округінің әкімі Бақытжан Нұғымановтың тұрғындар алдындағы есебі тыңдалды. Ауыл әкімі атап өткендей, округте 110 шаруа қожалығы бар. Олардың 49-ы егін шаруашылығымен айналысады. Ауылдық округте 4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылыпты. Жергілікті диқандар жер жағдайы мен күн райына байланысты тамшылатып суару әдісін кеңінен пайдаланады. «Лань», «Кирилл», «Хан», «Қайырхан» шаруа қожалықтары осы әдіспен егін егіп, шаруасын дөңгелетіп отырған жайы бар. Талица ауылындағы «Арғын» шаруа қожалығы 2 млн. теңгеге көктемде көкөніс өсіретін жылыжай салып, өзгелерге үлгі бола білді. Құс етін өндіру бағытында да ауылдық округте нақты жұмыстар атқарылуда. Ел экономикасының басты драйвері саналатын ауыл шаруашылығы саласына жан – жақты тоқталған Ермак Бидахметұлы Семей өңірінде құрамына 826 адамды қамтыған 25 кооператив құрылып отырғанын атап өтті.

- Жұмыссыздық деңгейі де 5%-ға төмендеп отыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуға 630 адам тартылды. Семей өңірі бойынша ветеринарлық қызметті жандандыруға байланысты барлық ауылдық округтерде мамандар бар. Ветеринарлық қауіпсіздік ұлт денсаулығының кепілі екенін  ұмытпауға тиіспіз. Қолда бар мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда ауылдық жерде 129 жұмыссыз адам бар. Жұмыссыздар санын азайту - ауыл әкімдері қолға алатын негізгі мәселе,- деді қала әкімі есептік кездесуде.

Осы күнгі төрт ауылдық округте өткен есеп беру кездесуінде Ермак Бидахметұлы, өткен жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен талдау жасаумен қатар, Елбасы Жолдауынан туындайтын мақсат – міндеттерге да баса назар аударды. Жалпы, Семей өңірі әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері бойынша Шығыс Қазақстан облысында алдыңғы орында. Ол, тұтастай алғанда, жұмыссыздықтың алдын алу, тұрғын үй, бюджеттік салықтар мен түсімдер көлемі, негізгі капиталға тартылған инвестиция, инновациялық бастамалар. Осының барлығы қала әкімінің есеп берулерінде толықтай көрініс тапты. Әр кездесуде Ермак Бидахметұлы ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар да жүктегенін айта кеткен жөн.

Ал 31 қаңтар күні қала әкімінің есептік кездесуі Шаған кенті және Жиенәлі, Достық, Ертіс ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

Шаған кенті

Шаған кентінде өткен есеп беру жиынында Ермак Бидахметұлы 2017 жылды қорытындылап, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Өткен жылы бюджеттің кіріс бөлігі 120 пайызға орындалып, қаржыны игеру 100 %-ды құрағанын айтқан шаһар басшысы мұндай жағдайдың бұрын Семейде болмағанын атап өтті.

- Бұрын бөлінген ақша уақытында пайдаланылмай бюджетке қайтарылатын. Бұған жыл басында облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірлесе қабылданған үш жылдық жоспар пайдасын тигізді. Жоспарды ҚР Премьер-министрінің алдында қорғадым. Қазір Даниал Кенжетайұлының тұрақты бақылауында. Қаланы дамыту, жол жөндеу, құрылыс жүргізу – бәрі осы жоспар аясында жүреді. Қарағайлыда тұрғын үйлер, балабақша, спорт нысандары салынып жатыр. Барлық коммуникациялар тартылған. Жалпы, қалада 20 үй пайдалануға берілді. 608 отбасы баспаналы болды. «Нұрлы жер» бағдарламасымен Ақсай ауданында жеке үйлер сала бастаймыз. Арнайы тізім бойынша кез келген адам қатыса алады.

Кент әкімі Талғат Құмаров айтып кеткендей, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ресурстарының болмауынан, кентте шаруа қожалықтары жоқ. Қала экономикасына кенттің аграрлық секторы үлес қосуда. Мал шаруашылығы халықтың қосалқы шаруашылығы ретінде дамып отыр. Жалпы мал басының саны 2017 жылмен салыстырғанда 135 басқа азайған. Бірақ, осыған қарамастан, халықтың әл-ауқаты деңгейінің жақсаруы байқалады. Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы кенттің бір тұрғыны ірі қара мал басын көбейту үшін 3 млн. теңге шағын несие алған. 2016 жылы кентте жер асты суының қорын қамтамасыз ету мақсатында іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы рәсімдеу бойынша дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Әлеуметтік салада «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен - ауылға», «Жастар тәжірибесі» сынды мемлекеттік бағдарламалар бойынша жас-тар жұмысқа орналасып, кенттің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Кезекті есеп берулерден соң тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарға құлақ түрген шаһар басшысына ауыл жұртшылығы ең алдымен мектеп жайын сөз етті. Бір қабатты ескі білім ошағының қазіргі стандартқа сай емес екенін алға тартқан тұрғындар әсіресе спорт залды жарақтандыруға көңіл бөлуді өтінді.

Бүгінде Шаған кентіндегі жалпы орта білім беретін №24 мектепте 61 бала білім алса, 9 бала мектепалды даярлық тобында оқып жүр. Мектептегі кабинет санының аздығынан, мұнда шағын орталық та, асхана да жұмыс істемейді екен. 2017 жылы сметалық құны 230 мың теңге тұратын жиһаз алынып, 500 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Мәселені назарына алған Ермак Бидахметұлы білім бөліміне бірқатар кабинеттерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға тапсырма берді.

Кездесуде коммуникациялық желілер мәселесі де сөз болып, шешу жолдары айтылды. Мәселен, тұрғындар ауа райының қолайсыз күндері, телемұнараның қозғалуы салдарынан, кабельді теледидардағы екі каналдың да апталап көрсетпей қалатынын сөз етті. Ермак Бидахметұлы бұл мәселенің де биылғы жылдан қалмай шешімін табатынын атап өтті.

Жиенәлі ауылдық округі

Шаған кентінен кейін Жиенәлі ауылдық округіне ат басын бұрған шаһар басшысын ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігімен округ әкімі Гүлжан Сыздыханова таныстырды.

Жиенәлі ауылдық округінің аумағына Бөкенші және Маралды ауылдары кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуін байқауға болады. Округтің негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы. 44 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 40 шаруа қожалығы, 4 жеке кәсіпкерлік бар.

Округ әкімі атап өткендей, Жиенәліде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жұмысы ұдайы жүргізіліп отырады. Өткен жылы «Зағитов», «Еркебұлан», «Қабанбай», «Қондыбай», «Жарқын» шаруа қожалықтары ірі қара малды асылдандыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс істеген. Ал 2018 жылы округте шағын және орта бизнесті дамыту, Бөкенші ауылында «Жеңіс» саябағын абаттандыру мен жарықтандыру, мал сою алаңын салу жоспарлануда.

- Былтыр мектептерді жөндеуден өткізуге 21 млн. теңге бөлінді. Биыл қосымша 9 мектеп жөнделеді. Атап айтқанда, Ыбыраев, Бегалин, Быхин, Исадилов атындағы мектептер және Шульбинск, Шақаман, Ақбұлақ, Озерки, Приречное ауылдарының мектептері. Ауылдардағы Мәдениет үйлері қысқарған жоқ. Биыл барлығына сахна киімі тігіледі. Музыкалық құрылғылары жаңартылады. Былтыр Қайнар Мәдениет үйінің төбесі жөнделді, биыл ішкі жұмыстарына 14 млн. теңге бөлініп отыр. Жастарды спортқа тарту үшін спорт мектебі жанынан ауылдарға 14 адамға штат бөлдік. Оның ішінде Жиенәлі ауылдық округі де бар. Олар ауыл жастарымен тұрақты жұмыс жүргізуі керек,- деген Ермак Бидахметұлына Бөкенші ауылының тұрғындары көшеге электр жарығын тартуға қатысты өтініш-тілектерін білдірді.

Достық ауылдық округі

Достық ауылдық округіндегі есептік кездеу Шақаман ауылында өтті.

- Былтырғы есептік кездесуде біраз мәселе айтылды. Ауыл тұрғындары су мен жол жайын айтып, емхана, мектеп, клуб сынды әлеуметтік мәселелерді де көтерген болатын. Биыл Қайнар мен Новобаженовода су мәселесі шешіледі. Абыралы, Мұқыр, Шақаманда су тартуға құжат әзірленіп жатыр. Жалпы бөлінген қаржы 1 млрд. теңгеге жуық. Мұндай қомақты қаражат ауылдағы су мәселесін шешуге ешқашан бөлінген емес. Семей - Қайнар тас жолының 12 шақырымы жөнделді. Жұмыс биыл жалғасады. Облыс әкімі бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр. Денсаулық сақтау саласы да тұрақты бақылауда. Ауылдарда 1 аурухана, 1 фельдшерлік бекет, 10 амбулатория, 11 медициналық пункт жұмыс істейді. Қайнарға 47 млн. теңгеге рентген аппараты алынды. Ереже бойынша, бір дәрігерге 2200 адам бекітілуі керек. Біздегі жағдай 400-500 адамнан аспайды. Әсіресе Абыралы өңірінде. Бірақ сол елдің жағдайын біле тұра, қысқартуға жол берсек, дұрыс болмайды деп ойлаймын. Сондықтан барлық кадрлар өз орындарында қалады,- деді Ермак Сәлімов Достық ауылдық округі тұрғындары алдындағы есебінде.

Қала әкімі атап өткендей, Шақаман ауылы тұрғындарының қалған бөлігін орталықтандырылған су жүйесіне қосу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірлену үстінде.

Ертіс ауылдық округі

Қала әкімінің екінші күнгі есептік кездесуі Ертіс ауылдық округінде түйінделді. Кездесуде  Ертіс ауылдық округінің тұрғындары Мұқыр ауылындағы ауыз су мәселесі мен 3 шақырым болатын округ орталығына ұзақтықтағы кіреберіс жолды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, Мұрат ауылындағы кіреберіс жолды жөндеу сынды түйінді проблемаларды шаһар басшысы Ермак Сәлімовтің назарына ұсынды.

- Мұқыр өзеніндегі көпірдің жағдайы сын көтермейтін. Қаржы бөліп, күрделі жөндеуден өткіздік. Қазіргі уақытта аталған ауылға су тарту үшін тиісті құжаттар дайындалу үстінде.  Жасыратыны жоқ, жолдың жайы өте күрделі. Ауылды қойып, қаланың өзіне көп қаражат қажет. Былтыр Семейдің орталық көшелері жөнделді. Биыл да жалғастырамыз. Облыс әкімі қолдап отыр. Қаражыра, Қайнар, Семей - Талица, Омбы - Майқапшағай жолдары, Шүлбі, Знаменка, Новобаженово, Мұздыбай, Приречное, Мұқыр, Мұрат ауылдарына кіретін жолдар да биыл жөнделеді,- деді кездесу кезінде шаһар басшысы.

Ауылдағы ағайын көкейкесті мәселелерін көтере отырып, Семей өңірі үшін өткен жыл табысты болғанын айтып, қала әкімінің жұмысын жоғары бағалап, ақеділ тілектерін білдіріп жатты.

Айта кетейік, қала әкімінің есептік кездесулері 1 ақпан күні Знаменка, Айнабұлақ, Ақбұлақ ауылдарында, жұма, 2 ақпан күні Алғабас, Қараөлең, Абыралы ауылдық округтерінде өтті.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ,

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

 

СҰЛТАНБЕКОВ СОҚПАҒЫ

Аптаның алғашқы күні Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында педагог, ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, халықаралық Аттила медалінің иегері Мұрат Рақымжанұлы Сұлтанбековтің 80 жасқа толған мерейтойына орай кеш өтті. Кешке қала басшылығы, зиялы қауым өкілдері, ақындар, жазушылар, педагогтер, зерттеуші ғалымдар – жалпы қазақ руханиятын қолдаған қауым қатысты.

 

Мұрат Сұлтанбековтің есімі елге етене таныс. Қос тілдің шебері Абай, Шәкәрім шығармаларын және қазақы иісі аңқыған тағы бірталай еңбектерді орыс тіліне тәржімалаған. Оның еңбектері, аудармалары қазақ әдебиетінің қорына қосылған мол мұра екені даусыз. Аудармашы ақынның өзі шығармашылығының шыңдалуына: «Орыс халқы Абайды білмейді, оқи алмай отыр. Ал біз Пушкинді, Дюманы, Бальзакты өз тілімізде оқи аламыз. Егер Абайды орысшаға аударсақ, қазақ халқының тарихы, әдебиеті мен мәдениеті, ұлттық құндылықтары жан-жаққа дәріптелер еді. Бұл сенің ұлтқа жасаған жақсылығың, сіңірген еңбегің болар еді»,- деген ұстазы Қайым Мұхамедхановтың ықпалы ерекше болғанын айтады.

Мерейлі мезетке жиылған ортада кеш иесінің әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі жайлы кеңінен айтылды.

- Ардақты ағайын, бүгін алдыңғы толқын ағаларға құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. Сол ағалардың бірі, Мұрат аға, Сіз боласыз! Адал еңбектің арқасында халықтың алғысын алған асыл азаматсыз. Біз Сізді мақтамаймыз, Сізбен мақтанамыз. Ғұмырлы болыңыз, ешқашан жамандық көрмеңіз,- деп тілегін жеткізген қала басшысы Ермак Сәлімов қазақы дәстүрмен Мұрат Сұлтанбековтің иығына шапан жауып, ақынның жарына ақ орамал мен камзол кигізді. Сонымен бірге қала басшысы Мұрат Рақымжанұлын ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапаттады.

- Мұрат Рақымжанұлы өзінің еліне, Отанына, халқына адал қызмет етті. Оның шығармашылығы - ақындық, аудармашылық еңбектері, ғылыми жұмыстары бізге үлгі-өнеге,- деген Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Арап Еспенбетов аталмыш университет ректоры Мейір Ескендіровтің ыстық сәлемін жеткізіп, кеш иесіне Шәкәрім медалін табыс етті.

Республикалық «Абай» журналының редакторы Мұратбек Оспанов: «Абай, Шәкәрім шығармаларын орыс тілінде сөйлету үлкен еңбек деп білемін»,- дей келе, тәржімаларында қазақы болмыстың бояуын жоғалтпай, реңді етіп беруі аудармашының ерекшелігі екенін  баса айтты.

Салтанатты рәсімге кеш иесінің шығармашылық һәм достық байланыстағы ресейлік әріптестері де арнайы келіп қатысты.

- Ресей Жазушылар одағы Мәскеу қалалық ұйымының басқарма төрағасы Мұрат Сұлтанбековті 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт, шығармашылығыңызға шабыт тілейді. Шекараны білмейтін әдебиет жолында қажырлы еңбек ете беріңіз!– деп, Ресей Жазушылар одағы Мәскеу қалалық ұйымының басқарма төрағасы Владимир Бояриннің ыстық ықыласын жеткізген ресейлік жазушы Александр Кузнецов өзінің тілегін де білдірді.

- Құрметті Мұрат Рақымжанұлы, Сіз екеуіміз ұзақ жылдардан бері таныс-біліспіз. Сіз әрдайым адал ақ көңіліңізбен, туа біткен талантыңызбен, жоғары таным көкжиегіңізбен, зияткерлігіңізбен дараланатын дегдар жансыз. Біз оқырман ретінде әлі де тың туындылар күтеміз. Шығармашылығыңызға шабыт тілеймін!

Кеште Мұрат Рақымжанұлының тұлғалық бейнесі тағы бір мәрте айқындала түскендей болды. Әсем ән мен тәтті күйге кезек беріліп, өлең де оқылды.

Бұл - Сұлтанбеков соқпағы...

 

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

АҚ ХАЛАТТЫЛАР БІЛІМДЕРІН ШЕТЕЛДЕРДЕ ЖЕТІЛДІРУДЕ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына орай, аймағымызда дәрігерлердің шетелдерде тәжірибе жинақтауы мен жоғары технологиялы медициналық қызметті енгізуді қамтамасыз ететін үш жылдық бағдарлама қолға алынған. Осы ретте бағдарламаның орындалу барысы мен «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда атқарылып жатқан жұмыстарға арналып 17 қаңтар күні Семей қаласының өңірлік онкологиялық     диспансерінде баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатына қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Гүлнар Шарипова және медициналық мекемелердің директорлары мен шетелден тәжірибе жинақтап, біліктіліктерін арттырып келген ақ халаттылар қатысты.

Гүлнар Шарипова республикалық және облыстық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы Семей қаласы бойынша медициналық көрсеткіштердің жақсарғанын айтады.

- 2016 жылмен 2017 жылды салыстырғанда туберкулезге шалдығу 1,4 пайызға,  қан айналым жүйесі аурулары 10, туберкулезден болатын өлім – жітім 15 пайызға төмендеді. Сол сияқты қатерлі ісік ауруларынан өлім-жітім 10 мың адамға шаққанда 134-тен 130 адамға, яғни 3 пайызға, нәрестелердің көз жұмуы 60 пайызға дейін төмендеген. Яғни, нәтиже жаман емес,- деді Гүлнар Айтмұханқызы.

Десе де қатерлі ісікпен аурушаңдық деңгейі төмендемей отыр, 100 мың адамға шаққанда 287 адамнан 318 адамға артқан. Қатерлі ісіктің 60 пайызы 1-ші және 2-ші сатыда анықталып отыр. Бұл - скринингтік және профилактикалық жұмыстардың нәтижесі. Ауруды ерте кезеңде анықтау - скринингтік жұмыстардың басты мақсаты.

- Облыс әкімі жай ғана шетелде білім алу емес, ең мықты медициналық орталықтардан, білікті мамандардан әлемдік стандартқа сай білім алу қажеттігін мықтап тапсырды. Аталмыш бағдарлама, дәрігерлерді оқытумен қатар, заманауи техникамен қамтуды да көздейді,- деген Гүлнар Шарипова облыс әкімінің тапсырмасына орай дайындалған кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталды.

І деңгейлі оқытуда 9 цикл бойынша бастапқы медициналық - санитариялық көмек мекемелерінің 300-ден астам маманы біліктіліктерін арттырса, хирург, акушер-гинеколог, дерматолог, эндокринолог, онкологтар қатерлі ісіктің алдын алу және ерте анықтауға қатысты өз білімдерін жетілдірген.

ІІ деңгейлі оқытуда өткен жылы Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансері базасында Жапон, Ресей ғалымдарының қатысуымен екі шеберлік сыныбы ұйымдастырылыпты. ІІІ деңгейлі оқыту бойынша онкологиялық диспансерден, Перинаталдық орталықтан, Жедел медициналық жәрдем ауруханасынан - жалпы 28 маман шетелде оқып келген.

Сонымен қатар аталған үш медициналық мекемеге шамамен құны 2 млрд. теңге болатын 400 бірлік заманауи құрал-жабдық, қондырғылар берілген.

Семей өңірлік онкологиялық диспансері директорының орынбасары Мұхтарғазы Тулеутаев бағдарлама аясында облыс әкімдігі арқылы диспансерге құны 588 млн. 400 мың теңге тұратын заманауи медициналық құрылғы келгенін атап өтті. Орталық бөлімдерінің барлығы дерлік онкологиялық науқастарды анықтау мен емдеуге арналған жаңа аппараттармен жабдықталған.

Оқыту бағдарламасы аясында диспансер қызметкерлері Варшавадағы «EURO CENTER MEDICA» клиникасында және Мария Кюри атындағы ұлттық онкологиялық орталықта іс-тәжірибеден өткен. Диспансердің инженер-физигі Дәурен Әділбаев пен радиолог Дәулет Берікбол тәжірибе жинақтау барысында меңгерген білімдерімен бөлісті.

- Қазақстанда радиойодтерапия жоқ, ол Варшавада бар. Біздің радиологиялық орталықта орнатылған қондырғылар теңдессіз, дәл сондай қондырғылар әлем бойынша Польшадан ғана кездесті. Варшавада диагностикалау мен емдеу орталығы бір жерде орналасқан. Бұл артықшылықтар тәжірибе нысанын таңдау барысында басшылыққа алынды,- деген Дәурен Әділбаев өздерінің радиофарм препараттары мен циклотрон өндірісі, радиологиялық медицина тақырыбы бойынша мол тәжірибе жинақтап, қондырғылар бойынша жұмыс істеу біліктіліктерін арттырғандарын айтты.

Перинаталдық орталықтың директоры Архат Дайрбековтің айтуынша, 9 маман (акушер-гинеколог, акушер, анестезиолог, бала дәрігері мен медбикесі) бригадалық әдіспен Лондон қаласында үш ай «Перинаталды ауруларды емдеу мен диагностикалауда жаңа технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша оқыған. Англия - жаңа технологияларды енгізу бойынша әлемде көшбасшы мемлекет, әрі ана өлімі де төмен. Мамандар ағылшындардың ең ірі үш госпиталінде болып, біліктіліктерін жетілдірді.

Шетелде оқып, тәжірибе жинақтаған неонатолог дәрігер Валерия Соколова, акушер-гинеколог Салмас Мансурованың айтуынша, ол елдегі перинаталдық жүйе бізге ұқсас, айтарлықтай алшақ емес.

Мұнымен қоса қаламызда ана мен бала денсаулығын сақтау үшін берілген қондырғылар жайлы да мәлім болды.

- Перинаталдық орталыққа 2017 жылы облыс әкімдігі арқылы 1 млрд. 250 млн. теңгеге 358 құрал-жабдық, қондырғылар берілді. Ескі жабдықтар жаңартылып, жаңадан жоғары класты 3 УДЗ аппараттары орнатылды. Ол құрылғы ұрықты зерттеп, жетілуінде ақау болса, анықтап, ерте кезеңде жүктілікті тоқтатуға мүмкіндік береді,- деді Архат Құдайбердіұлы.

Семей қаласының жедел жәрдем ауруханасы директорының орынбасары Ғалия Алибаева бағдарлама аясында Лондон қаласында 9 дәрігердің командалық әдіспен (кардиолог, невропатолог, реабилитолог, анестезиолог, хирург)  8 клиникада оқығанын айтты. Қан айналым жүйесі бойынша өлім-жітім саны ең төмен мемлекеттердің бірі және ең ірі жүрек орталығы осы елде орналасқандықтан, тәжірибе нысаны ретінде Англия таңдалыпты.

- Ағылшындарда инсульт кезінде көмек көрсетудің қаншалықты дамығанына көз жеткіздік. Инсультпен ауыратын науқастарды оңалту жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Елге келген соң инсульт орталығында инсультпен ауыратын науқастар үшін екі үлкен оңалту залын аштық, - деді Ғалия Алибаева.

Ақ халаттылар шетелде жинақтаған тәжірибелерін іс жүзінде пайдалануға дайын екендерін айтып, денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қоса беретіндерін білдірді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

МЫҚТЫЛАР БАҚ СЫНАДЫ

Семейде 15-17 желтоқсан күндері ММА аралас жекпе-жек спорт түрінен Қазақстанның 4-ші Кубогы болып өтті. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен дүбірлі сайысқа спортшылар еліміздің түкпір-түкпірінен келіп қатысты.

Қаламызда тұңғыш рет ұйымдастырылған сайысқа республиканың 12 қаласынан 120 спортшы келді. Айта кету керек, биылғы ММА жекпе-жектеріне алғаш рет қыздар қатысты. Үш күнге созылған доданың алғашқы екі күнінде іріктеу жарыстары өтсе, 17 желтоқсан күні спортшылар ақтық сында өзара кіл мықтыны анықтады. Әр жекпе-жегі үш минуттан тұратын үш раундты қамтыған спорт сайысында ерлер 8, қыздар 4 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

- ММА Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында жетістіктер аз емес. Спорттың бұл түрі 2013 жылдың 26 шілдесінен бастап ресми түрде қабылданды. Осы жылдар аралығында ҚР ММА федерациясы бес рет чемпионат өткізіп, үш рет Қазақстан Кубогын өткізген болатын. Тұңғыш Азия біріншілігінде, 9 халықаралық турнирде бой көрсетіп, Қазақстан үздік үш елдің қатарына кірді. Бүгінгі таңда бұл спорт түріне аяқ басқан нәзік жандылар қатары да көбейіп келеді,- дейді Қазақстан ММА федерациясының президенті Анатолий Ким.

Жарыстың ақтық мәресін тамашалауға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов те келді. Шаһар басшысы жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын тілге тиек етіп, спортшылардың барлығының тәжірибелері мол екенін атап өтті.

- ММА аралас жекпе-жек спорт түрінен ашық біріншіліктің Семейде өтіп жатқаны көңіл қуантады. Жуырда облыстық және республикалық федерация басшыларымен келіссөздер жүргіздік. Енді келешекте спорттың бұл түрін дамытуға жағдай жасап, жан-жақты қолдау көрсетеміз,- деді қала әкімі.

Жарыста топ жарған жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен Кубоктар табысталды. Жеңіс тұғырынан көрінген семейлік жерлесіміз Жанар Құлыбекова мен Өскемен қаласының спорт саңлағы Ерзат Сақабанов күміс медальды еншіледі.

А. ҚИЫҚБАЙ, Семей қаласы.

Еще статьи...