Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 73 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home Президент Тапсырмасы

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

«ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЙМАҚҚА СЕРПІЛІС ӘКЕЛДІ

«... Жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады».

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»,- деп, Қазақстан жерін мекендеп жатқан барша азаматтарды туған жерге деген адалдық, перзенттік борыш атты  қасиетті парызды іспен дәлелдеуге шақырды. Елбасының осы бағдарламалық мақаласынан кейін  республикамыздың барлық өңірлерінде туған жер алдындағы перзенттік парызын өтеуге атсалысушылар қатары көбейе бастағаны байқалады. Біздің облысымызда да «Туған жер» бағдарламасы аясында ірі өндіріс орындары, шағын және орта бизнес иелері білім, денсаулық сақтау салаларының дамуына қолдау білдіріп келеді.

Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама аясында жалпы құны 21,5 млрд. теңгеге 1 360 әлеуметтік жоба іске асуда. Атап айтқанда, Өскеменде жаңа оңалту орталығы салынып, «Нұрлы жол» саябағы ашылды. Сондай-ақ Зырян, Риддер қалаларында спорт мекемелері бой көтерсе, аймақтағы бірқатар денсаулық сақтау нысандары заманауи құралдармен жабдықталды. Шағын және орта бизнес өкілдері де шетте қалмады. Биылғы жылдың өзінде «Туған жер» бағдарламасы аясында аймақ кәсіпкерлерінің демеушілігімен 5,2 млрд. теңгеге 929 әлеуметтік жоба іске асу үстінде десек, 2147,7 млн. теңге тұратын 289 жоба абаттандыру жұмысына көмек көрсетуде. Соның ішінде 150,5 млн. теңгеге 63 жоба іске асып, жұмысын аяқтады.

– Шағын ғана кәсіпті дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің өзі ірі кәсіпорындармен тең дәрежеде қолдау көрсетуде. Әсіресе аудан кәсіпкерлері, қаражатының көлеміне қарамастан, балабақша құрылысына қолдау білдіріп келеді,– деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыс орталығы Өскемен қаласында өткен «Туған жер» атты кәсіпкерлер форумында сөйлеген сөзінде. Бұл форум бұрын да қолға алынған сол игілікті істің  жалғасы болды. Аталмыш форумның ашылуында сөйлеген сөзінде облыс әкімі Даниал Ахметов:

- Адам баласының бойындағы ғажайып қасиеттердің бірі –  туған жерге, өскен елге деген сүйіспеншілік. Халқымыз осы бір сезімді ұрпақ бойына «Ел іші – алтын бе-сік», «Отан оттан да ыстық», «Туған жерге туыңды тік» және тағы да басқа даналық сөздермен жеткізген. Қымбатты Отанын қорғауға, елге-жұртқа қайырымдылық, қамқорлық жасауға шақырып, «әкенің баласы болма, еліңнің баласы бол» деп, игілікті іс жолындағы жарқын дәстүрді  дәріптеген. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қолға алынған  «Туған жер» бағдарламасының мақсат - мүддесі де осы.

Мен бүгінгі алқалы жиынды пайдаланып, облыстың әлеуметтік саласын дамытуға айтарлықтай  үлес қосып жүрген  ірі кәсіпорын басшыларына, шағын және орта бизнес өкілдеріне зор ризашылық білдіремін. «Табысты болудың ең бас-ты факторы - білім» деген Президент сөзі дәлелдеуді қажет етпейтін қағида екені анық. Осы ретте бүгіннен бастау алатын бәсекеге қабілетті және білімді ұрпақ тәрбиелеуге арналған «Менің мектебім» жобасына өңір азаматтары үлкен түсіністікпен атсалысады деп сенемін. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған алқалы форумға келген баршаңызға шынайы әрі риясыз алғысымды  білдіремін! «Туған жер» - бұл Президенттің әлеуметтік жауапкершілік және туған өлкеге көмектесу жайындағы үндеуі ғана емес, бұл Отанымыз – Қазақстан Республикасын өркендету жолындағы жасампаздыққа, бірігуге, патриоттыққа шақыратын мағынасы терең философиялық  толғам!

Мен «Менің мектебім» акциясын ашық деп жариялай отырып, кәсіпкерлерді және туған жерін, елін сүйетін барлық азаматтарды игілікті іс-шараға белсене атсалысуға шақырамын! – деді.

Өскеменде болып өткен «Туған жер» форумында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің      бастамасымен аймағымызда «Менің мектебім» атты жаңа жоба іске қосылды.

Жекпе-жек сарайында өткен «Туған жер» форумына қатысқан аймақ басшысы дәлізге қойылған жоба нұсқаларымен толықтай танысып шықты. Жасалған жоба бойынша, келешекте облыстың барлық білім ошақтарында Назарбаев Зияткерлік мектебінде орнатылған техникалар сынды заманауи қондырғылармен жабдықталған кабинеттер ашу жоспарлануда. Аталмыш жоба аясында облыс мектептерінің химия, физика, биология, робототехника сыныптары заманауи технологиялармен жабдықталмақ.

- Біз Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу тәжірибесін және көрсеткіштерін толықтай зерттеп, қорытынды шығардық. Қазір облыстағы 277 мектепте 425 сыныпты жаңашаландырып, құрал-жабдықтар орнату қажет. Соның ішінде 38 физика сыныбын, 37 химия, 78 биология, 272 робототехника сыныптарын жалпы құны 2,8 млрд. теңгеге жабдықтаймыз,– деді облыс басшысы Даниал Ахметов.

Қазірдің өзінде білім саласына қолдау көрсетіп жатқан кәсіпкерлер аз емес. Шемонайха ауданында орналасқан «Выдрихинское» ЖШС басшысы Александр Белкин өз қаражатына Выдриха ауылдық орта мектебінде робототехника сыныбын жабдықтады. Ал зайсандық кәсіпкер, «Бота» шаруа қожалығының басшысы Қаратал ауылындағы орта мектептің география сыныбын жабдықтауға қолдау көрсеткен. Форумға қатысушылар алдында облыс әкімі Даниал Ахметов білім саласына бөлінген инвестиция мемлекет дамуының кепілі екенін айрықша атап өтті.

Сонымен, Шығыс Қазақстан облысының ой-қырынан жиналған кәсіпкерлер, білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері бас қосқан «Туған жер» бағдарламасы аясында жоспарланған форум  жұмысын бастады. Біздің аймақта өткен бұл іс-шараның басқалардан өзгешелігі - «Менің мектебім» деп аталатын жаңа жобаның тұсауы кесілді.

Аймағымызда кәсібін дөңгелетіп жүрген азаматтар жетерлік. Бұл орайда басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлеріне қамқорлық жасауға ниетті кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау жасауға шақырған Елбасы тек туған жердің тарихын оқытумен шектелмей, «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға барша  қазақстандықтарды жұмылдыруды тапсырғаны белгілі.

Аты айтып тұрғандай, елін сүйген азаматтарды туған жер алдындағы перзенттік парыздарын өтеуге шақырған бұл игілікті шарадан кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлердің қай-қайсысы да қалыс қалмады. Олар аймақтың әр өңірінің тумалары. Араларында үлкен кәсіпорындар да, шаруа қожалықтары да, шағын кәсіпкерлікпен айналысушылар да бар. Тіпті алыста жатса да ел жаққа қарап елеңдеп отыратын бірқатар азаматтар тарапынан осы игілікті іс - шараның өтіп жатқанын естіген сәтте қоңырау шалып, үлестерін қосуға ниет білдіргендер де болды.

«Туған жер» форумында 700-ден аса кәсіпкер бас қосты. Әркім өз мүмкіндігіне қарай көмек қолын созды. Семейдегі «СемАЗ» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Әсемхан Досқожанов пен «Металлист» ЖШС директоры Айдос Серікқалиұлы әрқайсысы 50 000 000 теңгеден қаржы беретінін айтса, зайсандық кәсіпкерлер Болатбек Нұрасыл, Арай Кәрібаева, Бақытгүл Баймұханбетова, Бақыт Сырымбаева, Аманжол Қоңырханов, үржарлық Жайық Жұмақұлов, Ержан Елекенов, Қазбек Бораш, көкпектілік Ержан Қойгелдин, Болат Бекбердинов, Александр Федосов, абайлық Асқар Мұқатаев, тарбағатайлық Дулат Тастекеев, Ринат Кәрменбаев, Гаухар Қабиева, күршімдік Жақсыбай Бижігітов, Расул Қасымханов сияқты өздері білім алған мектептеріне көмек көрсетуге дайын азаматтар көп болды.  Бір кеште 2 273 605.0 мың теңге қаржының жиналуы отаншыл азаматтардың аз емес екенінің айғағы болса керек. Осы жомарт жандардың қолдауы нәтижесінде енді ауыл мектептерінде де заманауи техникалармен жабдықталған кабинеттер пайдалануға берілмек. Робототехника кабинеті ауыл балалары үшін енді арман болмайды.

«Атаның емес, адамның баласы бол» деген қанатты сөз бар. Елбасының мақаласы - рухани жаңғыру арқылы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталған маңызды құжат. «Туған жер» бағдарламасында отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын Мемлекет басшысы қадап айтты. Біздің  ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын кең-байтақ даламыздың қарыс қадамын жаттың қолына бермей, жай ғана қорғаған жоқ. Ұлттың болашағын, қазақ деген халықтың келер ұрпағын қорғады. Ендеше, бұл шара сол қазақ елінің болашағының білімді болып өсуіне жасалып отырған қамқорлық екені анық. «Менің мектебім» жобасы ел ертеңі білімді ұрпақты тәрбиелеу жұмысын жақсарту мақсатын көздейді. Ал патриотизмнің негізі мектепте қаланады.

Облыс орталығында болып өткен «Туған жер» форумында өзі білім алған мектебіне, туған ауылына немесе қаласына, еліне көмектесетін азаматтардың қатары көбейіп жатқаны көңілге қуаныш ұялатты. Отаншылдық рухты асқақтатқан форумнан аймағымызда туып, Қазақстанның әр түкпірінде ел абыройын көтеріп жүрген перзенттер де қалыс қалмады. Астанада БАҚ саласында табысты еңбек етіп жүрген жерлестеріміз Мақат Садық, Майя Бекбаева жерлестерінің ортасына ақпараттық демеуші болуға арнайы келсе, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова мен Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева әннен шашу шашты. Айтпақшы, Роза Рымбаева отаншылдар форумында тек ән шашумен шектелмей, өзі оқыған мектепке көмек көрсетуге 1 млн. теңге қаржы қосты.

Жиналғандар алдында ресейлік «Турецкий хоры» мен «Жігіттер» тобы  өнер көрсетті.

Президент жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынғанда тек материалдық тұрғыдағы мақсатты көздеп қоймай, «Елім маған не береді?» деп емес, «Мен еліме не беремін?!» деген ойдың әр қазақстандықтың жүрегінен терең орын алуын, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту жағын ойласа керек. Ендеше, Өскеменде болып өткен  «Туған жер» патриоттық форумы сол мақсатқа жақындата түскен шара болды.   Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен өткен «Туған жер» форумының нәтижесі осындай. Өңірде алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды шарадан жиналған қаражат толығымен аймақтық «Парыз» қайырымдылық қорына аударылады.

Риза АСАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

ЖАСТАР ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІ ҚОЛДАЙДЫ

Өткен жұма, 13 қазан күні Семей қаласы жастар мәслихаты депутаттары Абай атындағы әмбебап кітапханада бас қосып, қазақ тілінің латын қарпіне көшу реформасын талқылады. Бұл басқосу Семей қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Латын әліпбиінің алғашқы нұсқасы Парламент депутаттарына 11 қыркүйек күні ұсынылды. Жақында талқылануға ұсынылған екінші нұсқа 32 әріптен тұрады және диакретикалық белгілерге негізделген.

- Алғашқы нұсқадағы «у» дыбысының «w» түрінде жазылуы көпшіліктің наразылығын туғызғаны жасырын емес. Дауысты дыбыстардың, соның ішінде «ә» әрпінің қос таңбамен берілуі де көпшілікке ұнай қойған жоқ, «ш», «ж», «ч» дыбыстары да ағылшын әліпбиіндегідей қосарлы таңбамен белгіленді. Ал екінші нұсқада апострофтар тым көп секілді. Бұл жасы келген адамдардың оқуына қиындық туғызады деп ойлаймын. Бәлкім, диграфты және диакретикалық белгілері бар әліпбидің біріктірілген жобасын ұсыну керек шығар,- дейді Семей қаласы жастар мәслихаты депутаты Балнұр Бексұлтан.

Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының мамандары латын әліпбиінің алғашқы нұсқасына байланысты халық арасында сауалнама жүргізіпті. Сауалнамаға қатысушы  230 адамның 72 пайызы латын әліпбиіне көшуді қолдаған екен.

- Бірақ көпшілігінің алғашқы нұсқаға байланысты көзқарасы өзгеше болды. Себебі екі дыбыстың қосылуы арқылы бір әріпті таңбалау әсіресе жасы үлкен адамдарға қиындық туғызды. Латын әліпбиінің соңғы нұсқасы қабылданғаннан кейін 18 жасқа толған қала тұрғындарын оқытуға әзірміз,- дейді тілдерді оқыту орталығының мамандары.

Жиында өз ойларын ортаға салған Семей қаласы жастар мәслихаты депутаттары латын әліпбиіне көшуді қолдайтындарын жеткізді.

- Мен Елбасы бастамасымен жүзеге асып жатқан латын қарпіне көшу реформасын қолдаймын. Біріншіден, латын әліпбиіне көшу арқылы қазір қолданып жүрген артық әріптерден арыламыз. Екіншіден, технология тілі латын әліпбиіне негізделген. Озық елдердің барлығы латын әліпбиіне әлдеқашан өтіп кеткен. Үшіншіден, халықтың үш тілді меңгеруіне септігін тигізеді. Ал кемшін тұсы - 1940 жылдан бері кириллица қаріптерімен жарық көрген шығармаларды қайта латын әліпбиіне аудару қажетті туындайды. Бұдан басқа қаншама құнды құжаттар бар. Өз басым диакретикалық белгілері бар әліпбиді қолдаймын,- дейді Семей қаласы жастар мәслихатының депутаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті Еркежан Досмұхамбетова.

- Латын әліпбиіне көшу тарихы 1929 жылдан басталды. 1995 және 2006 жылдары да Елбасы латын қарпіне көшу бастамасын көтерген еді. Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандықтар үш тілді меңгеруі керек. Халықаралық қатынастарды нығайту үшін ағылшын тілін игергеніміз абзал. Бұл бізге бірыңғай ақпараттық технологияларға еркін кірігуге мүмкіндік береді. Латын әліпбиіне көшу түркі тілдес халықтарды біріктіріп қана қоймайды, шетелдіктердің біздің әліпбиді үйренуіне, қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюіне қолайлы жағдай туғызады. Бұл тұрғыдан алғанда, отандық брендтердің танымалдылығы да арта түседі деген ойдамын,- деп ойын білдірді Семей қаласы жастар мәслихаты депутаты Жасұлан Құрманғалиев.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

ЖЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Биыл Семейде жылу беру маусымы ерте басталды.  Өткен жылғыдай емес, биылғы қоңыр күздің ызғары мен жауын-шашыны өзгеше. Тіпті, 23 қыркүйек күні қар ұшқындағанын биылғы қыстың қаһарын танытып тұрғандай. Синоптиктер де биыл қыстың қатты болатынын айтуда.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов 26 қыркүйек күні күннің суытуына байланысты облыстағы әлеуметтік маңызға ие барлық нысандарды жылуға қосу туралы тапсырма берді. Ал көпқабатты тұрғын үйлер кестеге сәйкес жүргізіліп жатқан қажетті дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін, яғни қазанның алғашқы күндерінде жылу жүйесімен қамтылатын болады. Көп ұзамай ыстық су да берілмек. Бұл туралы қала әкімдігінде Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев пен қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

- Бүгін, яғни 26 қыркүйек күні Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің жылу беру маусымын бастау жөніндегі қаулысы шықты. Әуелі, жылуға қаладағы ауруханалар, балалар бақшасы, білім беру мекемелері сынды барлық әлеуметтік нысандар қосылады. Көпқабатты тұрғын үйлерге келер болсақ, дайындық паспорты бар баспаналарға берілмек. Бүгінде «Теплокоммунэнерго» МКМ жылумен қамтып отырған 1069 көппәтерлі үйдің 900-нде дайындық паспорты бар. Қалған үйлер жылу маусымына дайындық шараларын тамамадап қалды, - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Бүгінгі күнде Семейде бір жылу электр орталығы, 16 жылу қазандығы жұмыс істеп тұр. «Теплокоммунэнерго» мекемесінің орталық қоймасында 57 мың 532 тонна көмір бар. «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы шеңберінде МЭН, Дорожник жылу қазандықтары қайта жаңғыртылып, 501, 410, 506, 14-ші шағын ауданының орталық жылу пункттері қалыпқа келтірілді, Красин көшесіндегі №87 үйге жылу желісі тартылды. Ал Зооветинститут 35 квартал жылу қазандықтарын қайта жаңғырту жобаларына түзетулер енгізілуде. Семейдің солтүстік бөлігінің 147 гектар аумағын қамтыған Қарағайлы мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлерге жылу РК-3 жылу қазандығы арқылы беріледі. «LightHouseLTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік компаниясы үш жарым шақырымды құрайтын жылу желілеріне монтаж жұмыстарын жасаған.  Бүгінгі күні қала бойынша дебиторлық қарыздың жалпы сомасы 255,3 млн.теңгені құрап отыр. Қараша халықтың берешегі 210,5 млн.теңге болса, заңды тұлғалардың қарызы 44,0 млн.теңге, мемлекеттік мекемелер 0,8 млн.теңге берешек.

«Теплокоммунэнерго» мекемесі үшін РК-1, №1 ЖЭО-ның қондырғыларының релелік қорғанысын модернизациялау мәселесі өзекті болып тұр. Бұл бағыттағы жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу мақсатында жылу мекемесі мен Павлодар қаласының «Павлодарэнергопроект» серіктестігі арасында келісімшартқа қол қойылды.

Айта кетейік, шаһардағы жылу қазандықтарын жөндеуден өткізуге осы жылы жергілікті бюджет есебінен 249 миллион, облыстық қазынадан 162 миллион теңге бөлінді. Бірінші қарашадан бастап жылу энергиясының тарифі 4,2 пайызға қымбаттауы бек мүмкін. Жылу бағасының өсуін мамандар әдеттегідей көмірдің, судың және электр қуатының қымбаттауымен байланыстыруда.

«Семей Водоканал» МКМ-нің нысандары бойынша 2016-2017 жылдарға арналған 3 жоба жүзеге асырылуда. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қолға алынған жобаның жалпы құны 465,4 млн. теңгені құрады. Бүгінде оның 87,2 пайызы игерілді. Бұл туралы ақпарат берген «Семей Водоканал» МКМ директоры Еркін Сағандықов әр жоба жұмысына егжей-тегжейлі тоқталып өтті.                                                                                                                                     – Үш жобаның бірі Қарағайлы шағын ауданында іске асуда. Мөлтек аудандағы су құбыры желілерінің құрылысын жүргізу үшін 281,4 млн. теңге қаражат бөлінген. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстың 83 пайызы игеріліп үлгерді. Жалпы, бұл ауданға 5,152 шақырым су құбырлары желісі орнатылуы тиіс. Қазір 4,339 шақырым құбыр жүйесі тартылды, 27 су құдықтары орнатылған. «Бант» ЖШС-нің мердігерлік етуімен сорғы стансалары құрылды. Жоспар бойынша мұндағы жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында тамамдалады деп күтілуде, - дейді «Семей Водоканал» МКМ директоры Еркін Сағандықов.

Жүзеге асырылуы тиіс екінші жоба аясындағы жұмыстар да дәл осы ауданда жүргізілуде. Шағын ауданға кәріз жүйелерін құру мақсатында қазынадан 63,5 млн.теңге бөлініпті. Құрылыс жұмыстарын «Бант» серіктестігі 100 пайызға орындап, қарастырылған қаражаттың 62,7 млн.теңгесі игерілді. Келесі жоба Контрольный кентіне су құбырларын тартуға бағытталды. Ол үшін 120,5 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда мұндағы жұмыстың 90 пайызы орындалды.                                                                                             Халықты сумен қамту үшін 2017-2018 жылдарға Ұлттық қордан 2,453 млрд. теңге бөлініпті. «Семей Водоканал» МКМ-нің нысандары бойынша төрт жоба бекітілді. Мәселен, Ш.Уәлиханов көшесі мен Қосанов көшесінен бастап Аюченко көшесіне дейінгі су құбырлары жаңартылу үстінде. Сондай-ақ 20 жылдан бері Қайнар ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен қамту жолында су құбырларын тарту, құдықтар орнату жұмыстары орындалуда. Өңірге қарасты Шүлбі кентінде су тарту жүйелері жаңартылып, Затон аумағында су бөгеттері мен желілерді қайта қалыпқа келтіру ісі жүріп жатыр. Дебиторлық қарыз мәселесіне келер болсақ, қазір қала тұрғындары мен мекемелердің жалпы берешегі 345 млн. жуықтаған. Борышкерлерге қатысты сотқа дейінгі жұмыстар жүргізіліп, уақытша су тарту және су беру қызметтерін тоқтату жөнінде техникалық шаралар қолданылуда. Айта кету керек, тұрғындардың су жүйесіне қарыздары бойынша 1035 іс сотқа жіберілді.

- Семейде судың тарифі 1 шаршы метрге 47 теңге. Бұл облыс орталығымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. «Семей Водоканал» МКМ-нің жұмысы тұрақты. Қала шетіндегі шағын кенттер таза ауыз сумен қамтылды. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда халықтың берешегі де біршама азайды. Қалада 360 су құдығы бар. Алайда, бұл су құдықтарының санын азайтып, мейлінше есептегіш құрылғыларын орнатқан абзал, - деп атап өтті Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев.

«Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла» дейді қазақ нақылы. Қаһарлы қысқа дайындық жайы пысықталған жиында көңілге қонымды есептер тыңдалды. Бұл күндері әлеуметтік нысандарға жылу беріп үлгерген «Теплокоммунэнерго» мекемесіне семейліктер қыстан қысылмай шығамыз деп үмітін артып отыр.

Жібек СЕРҒАЗЫ,

«Семей таңы»

«SEMEJ TANGY» GAZETI UESHIN LATYN AELIPBII ZHAT EMES

Ғасырлық тарихы бар бүгінгі «Семей таңы» газеті алғаш «Сарыарқа», «Қазақ тілі» болып жарық көрген тұста  төте жазумен, кейін атауы «Жаңа ауыл», «Қызыл дала», «Социалды Шығыс» болып өзгерген басылым латын графикасымен шығып тұрған. Ендеше, Қазақстандағы тұңғыш қазақ тілді басылым - кешегі «Сарыарқа» бүгінгі «Семей таңы» газеті үшін бұл бастама жат  емес.

Қазақстанда ұлт болашағы үшін жасалып жатқан осы бастамаға алғашқылардың қатарында үн қосуды жөн деп санағандықтан біз бүгінгі  «Азат ой» айдарындағы кезекті мақаламызды  латын әліпбиінің  талқыланып жатқан нұсқасындағы әріптермен назарларыңызға ұсынып отырмыз. Латын әліпбиіне көшуден жүрексініп жүрген ағайынға айтарымыз, төмендегі мақаланы дайындауға менің бір сағаттай ғана уақытым кетті.

Ардақты оқырман! Латын әліпбиімен жариялап отырған мақаламыздан қателіктер тауып жатсаңыздар, «Әліппенің» бетін жаңа ашып, әріпті енді танып жатқан баланың шығармасын бағалағандай  кеңдік көрсетіп, кешіріммен қарарсыздар.

Elimizde qazaq alfaviti latyn grafikasyna 2025 zhyly koezhedi dep zhosparlanwda.

Elbasy Nursultan Aebishuly Nazarbaev: «Bir kezde tarih bederinde biz mundai qadamdy zhasaghanbyz”  dep teginnen tegin aitqan zhoq. XX ghasyrdyn birinshi zhartysynda, аsharshylyq zhyldary  halqymyz arab  aelipbiinen latyngha, soghys  zhyldary latyn aelipbinen kirillicagha koeshkenin bilemiz. Endeshe qabiletti qazaq halqynyng buegingi urpaqtary bul aelipbidi tez - aq igerip ketetindigine kuemaen zhoq. Latyn aelipbine koeshw - Taewelsiz elimizding memlekettik  maertebesin alghan tilining qunaryn saqtawgha, aelemdik aqparat kengistigine enw turghysynda zhasalghan strategialyq qadam.

Latyn aelipbiine qazaq elining koeshwi koepten aitylyp kele zhatqan aenggime.Oezbekstan, Tuerkimenstan, Aezerbajzhan, Qaraqalpaqstan siaqty birqatar tuerki tektes elder birden koez zhumyp oetip ketti.

Bugin olardyng keiingi bwyny da latyn aelipbin igerip qaldy. Tuebi bir tuerki tektes baurlardan alshaqtap qalmaw ueshin bizding de oetuimiz qazhet. Osy qazhettilik eskerilip, tianaqty  daiyndyqpen belgilengen merzimde Latyn aelipbine koeshw wakyt talaby.

QR Prezidenti  Nursultan Aebishuly Nazarbaevtyng «Bolashaqqa baghdar: rwhani zhangghyrw» atty maqalasynda: «Birinshiden, qazaq tilin birtindep latyn aelipbine koeshw zhumystaryn bastawymyz kerek. Biz bul maeselege neghurlym daeiektilik qazhettigin tereng tuesinip, bajyppen qarap kelemiz zhaene oghan kiriswge Taewelsizdik alghannan beri muqiat dajyndaldyq» dep tajau zhyldardaghy eng mangyzdy mindetterding qatarynda latyn aelipbine koeshw maeselesin atap oetti.

Aerine orys tildilerding bul oezgeristerge asa yntaly emestigin baiqap zhuermiz. Latyn aelipbine koeshwding bizding halyqqa qazhetti tustary koep. Aesirese kengestik kezengde qalyptasqan sanadaghy aeli de aryla almaj kele zhatqan quldyq taeweldilikten tazarugha yqpaly bolady dep oilaimyz zhane bul oezgeris Taewelsizdigin alghan elimizge zhangasha serpin beredi degen uemittemiz.

Basy artyq aeripter, noqattar, diagretikalyq tangbalar zhoq aelipbiding talqlaugha usynylghan nusqasymen tanysyp shyqqannan kejin zhobany dajyndaghan ghalymdar zhanga aelipbiding ongtajly tuerin usynghan degen oi tueidik. Bul Elbasynyng elining bolashaghy uezhin qolgha alghan mangyzdy bastamasy, memlekettik maertebesin alghanymen tughyryna nyq otyra almaj zhuergen tilimiz wshin qazhetti shara ekendigine daw zhoq. Qiyndyqtar bolmajdy emes, bolady. Biraq «Zhegirtkeden qoryqqan egin ekpejdi»  degendej, qiyndyqtan qorqyp qol qusyryp otyrugha da bolmajdy.

1928-35 zhyldar aralyghynda buegingi «Semej tangy» gazeti  “Qyzyl dala”, “Zhanga awyl”, “Socialdy shygys” degen atpen latyn  grafikasynda shyghyp turghan. Endeshe,“Semej tangy” gazeti ueshin  latyn aelipbii zhat emes.

Riza Moldasheva, Shyghys Qazaqstan ovlystyq maeslihatynyng depytaty

 

ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтып өткен мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі көпшілік арасында талқыға түсуде.  Жұма, 15 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілдің графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізуді жалпыхалықтық қолдаудың бірыңғай республикалық күнін атап өтті. Осыған орай еліміздегі барлық Достық үйлерінде бір мезетте Ассамблея кеңесінің отырыстары, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Семейдің де зиялы қауым өкілдері, оқу орындардың оқытушылары мен студенттері бас қосты. Отырыста жалпыұлттық талқылау шеңберінде мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі сөз болды.

Қаладағы Достық үйінде өткен дөңгелек үстелде сөз алған спикерлер мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын бүкілхалықтық талқылаудың маңыздылығын атап өтті. Республикада латын әліпбиіне көшу жұмыстары, негізі, 2006 жылы басталған екен. Сол жылдан бері Үкімет мүшелері, депутаттар мен ғалымдардан құралған ұлттық комиссия әліпбидің жүз бағыттағы жобаларын әзірлеген. Тек оның маңызды деп танылғандары ғана Парламентке ұсынылды. Қалай дегенмен латын қарпіне көшу мәселесі, ең алдымен, елдің әр аймағында талқылануы тиіс. Оны Мемлекет басшысы да айтып өткен болатын. Осыған орай бір ай көлемінде республикада жалпыұлттық талдау-талқылау жұмыстары жүргізілмек.

Басқосуда алғашқы болып сөз тізгіндеген Достық үйінің директоры Берік Көпбаевтың айтуынша, латын әліпбиіне ауысу ресми тілге еш әсері болмайды. Әліпби жобалары пісіп-жетіліп, бүкілхалықтық талқылаудан өткеннен кейін ғана 2022 - 2025 жылдар аралығында мектептерге енгізіле бастайды.

Латын әрпіне көшудің ұтымды тұстары талқыланған жиында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Шығыс, Солтүстік өңірлері бойынша вице-президенті Орал Шәріпбаев латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатынын тілге тиек етті.

- Біз «Мәңгілік ел» идеясын ұстанған халықпыз. Бұл идеяны жүзеге асырып, өркениетті елдер қатарына латын қарпіне көшу арқылы да бір табан жақындай түсеміз. Латын қарпіне көшуге байланысты қоғам арасында үрей бар. Сол қорқыныштан қайтсек те арылуымыз қажет. Латынға көшу арқылы қазақ тілінің табиғи, таза қалпын сақтай аламыз. Жаңа жаңғыруға қоғам да, заман да дайын. Сондықтан кері тартпауымыз керек. Әйтпесе біздің жастар заман ағымынан қалып қоюы ықтимал. Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы бірыңғай стандарты жарқын болашақ кепілінің кілті екенін уақыттың өзі дәлелдеп береді, - деді Орал Шәріпбаев.

Жалпы, алты құрлықтағы өркениеті дамыған мемлекеттер латын таңбаларын ертеден пайдаланады. Төрткүл дүниенің жүзден астам елінде латын әліпбиі қолданылады екен. Алысқа бармай-ақ, бауырлас Түркия елін алып қарасақ, тілі мен діні бір туысқан ел латын әліпбиіне 1929 жылы көшкен. Ал Әзірбайжан 1992 жылы, Өзбекстан 1993 жылы латынша жаза бастады. Қазақстан жиырмасыншы ғасырда үш мәрте әліпби ауыстырыпты. Орта ғасырлардан бастап 1929 жылға дейін араб графикасын, 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасын қолданған, 1940 жылдан бүгінгі күнге шейін кирилл әліпбиі арқылы жазып-сызып жүрміз.

Келесі кезекте сөз алған «Аналар кеңесінің» төрайымы Нағима Мойынбаева латын әліпбиіне ауысу – маңызды қадам екенін айтады.

- Бұл модернизация болашаққа бастар жол. Біз Кеңес дәуірінде тәрбие көрдік. Бірақ ана тілімізді естен шығарған емеспіз. Жаңа заманның жастары әлемнің бес тілін жатқа біледі. Мұнымен тоқтап қалмай, латын тілін меңгеріп, заман көшіне ілесіп отыруымыз керек. Латын әрпіне көшу – игі бастама. Тарих беттерінде жазылған ақын-жазушылардың еңбектері ұмытылып қалады деген қорқынышты сейілтуіміз қажет. Нақты қадам жасауға ұлт болып талпынуға тиіспіз, - деді Нағима Мойынбаева.

Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің оқытушысы Нұршат Мусина латын графикасына бірден көшу оңай болмасын ескере отырып, алдымен бұл ретте мұғалімдерді оқыту керек дегенді алға тартты. «Нені оқыту керек? Кімді оқыту керек? Қалай оқыту керек? дегенде, «оқытатын кім» деген мәселеге жіті көңіл бөлу керек»,- деді ол.

Иә, Қазақ елі латын графикасына көшу мәселесін егжей-тегжейлі талқылауға кірісіп кетті. Бүкілхалықтық талқылауларда латын әліпбиіне көшуге қатысты түрлі ой-пікірлер, ұсыныстар айтылатыны заңдылық. Жиынға қатысушылар латын әліпбиіне көшуді ортақ міндет санайды. Өйткені бұл – уақыт талабы. Ең біріншіден, ол үштілділікті қалыптастыруды жеңілдете түспек. Екіншіден, латын графикасы цифрлық техникаларды енгізуге жол ашады. Осылайша еліміз озық технологиясы бар көшбасшы мемлекеттермен терезесі теңеседі. Үшіншіден, халықаралық тілге көшу бүгінде әлемдік үрдіске айналып отыр.

25 таңбадан тұратын жаңа әліпбидің нұсқасы дөңгелек үстелге қатысушылар назарына ұсынылды. Барлығы бірауыздан қолдаған әліпбиге бүгінгі заман жастары тұрмақ, жасы үлкен аға буын өкілдерінің де көзі үйреніп кеткені белгілі. Ал жазу дағдысын қалыптастыруды алдағы күннің еншісіне қалдырайық.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Еще статьи...