Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 77 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home Президент Тапсырмасы

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ІЛГЕРІЛЕУШІЛІК БАР

Апта сенбісінде қаламыздағы Абай атындағы облыстық кітапхана залында облыстағы ветеринариялық хал-ахуал жайлы жиын өтті. Басқосу барысында аталмыш сала бойынша өткен 2015 жылғы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, ағымдағы жылғы жоспарлар пысықталды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, ШҚО ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ертай Батхолдин, сонымен қатар аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты.

Жиын барысында сөз алған Дүйсенғазы Мағауяұлы өткен жылдың еншісіндегі жемісті еңбек жайлы тоқталып өтті.

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауына орай мал шаруашылығын дамытып, тұрғындарды сапалы ет, сүт өнімдерімен қамтамасыз ету - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл ретте облыстық ветеринария басқармасы ветеринарлық-санитарлық жағдайды назардан тыс қалдырып көрген емес. Соңғы екі жылда материалды-техникалық базаны нығайту үшін бірқатар шаралар қолға алынды.  Ветеринарлық пункттер мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасы республикалық бюджет арқылы қайта жарақтандырылды. Өткен  2015 жылы мал ауруларының алдын алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аса қауіпті деген аусыл сияқты індеттерге жол берілмеді. Сондай-ақ облыс әкімінің назарға алуымен өткен жылы облыстық бюджеттен 412 млн. теңге бөлініп, түрлі мал ауруларының алдын алу шаралары жүргізілді. Оның ішінде 212 млн. теңгеге арнайы түрде ветеринарлық дәрі-дәрмектер сатылып алынған.

Түйіндей айтқанда, өткен жылы ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тауарлары мал дәрігерлерінің қырағы түрдегі қадағалауында болған. Сонымен қатар сарып ауруына қарсы күрес те жемісті жүргізілген. 2014 жылдан бері қарай бруцеллезге ірі қара малдың шалдығуы бір деңгейде, ал ұсақ мал басында 0,4 пайызға төмендепті. Бұл бағытта ауыз толтырып айтарлықтай тұшымды жаңалықтар бар. Әсіресе еліміздегі ең белгілі маман ғалымдармен бірлесіп жұмыстар жүргізілген. Мәселен, тоқтала кетер болсақ, Астанадан «Биотехгрупп», Новосібір қаласындағы ғылыми-зерттеу институттары мамандарымен бірлесіп іргелі шаралар іске асырылған. Өз кезегінде мұндай ілкімді шаралар аймағымыз бойынша сарып ауруының айтарлықтай бәсеңдеуіне әкелуде.

-Түліктен түрлі аурулар шыққаннан кейін, оның сүйегін көму үшін арнайы жерлер ашылуда, - деді өз кезегінде ШҚО ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ертай Батхолдин. - Бұл 2015 жылдан бастап арнайы жер кадастріне бекітіліп берілген. Биылғы жылы құжаттарды рәсімдеуді аяқтаймыз. Жергілікті облыстық бюджеттен малды көму үшін 10 арнайы орынды салуға 57 млн. теңге бөлінген. Бұлардың ішінде мал өлекселерін көмуге Жарма ауданында алты, Бесқарағайда бір және Көкпекті ауданында екі бірдей арнайы жер берілді. Сондай-ақ халықты қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін мал дәрігерлері ішкі саудадағы 44 нысанды күн сайын тұрақты тексереді.

Бүгінде аймағымызда 326 қасапхана бар. Ал оның жетеуі ет өңдеуші кәсіпорындарға тиесілі. Сонымен қатар, баса атап өтер тағы бір жайт, мал басын есепке алу да жыл сайын тұрақты жүргізілетіндіктен, түліктерді идентификациялау жұмыстары 100 пайызға толық орындалған. Тек ұсақ малға сыр-ға тағу ғана 96 пайыз көлемінде орындалыпты. Оның да өзіндік себебі бар. Сала мамандарының түсіндіруінше, бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен малға арналған арнайы белгілердің уақытында толық келмегендігінен көрінеді.

Десек те жиын барысында сын да айтылмай қалған жоқ. Мәселен, ауру малдарды көметін арнайы орындар әлі де болса тапшы. Былтыр осындай орындар құрылысына 57 млн. теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілген. Нәтижесінде 10 нысан Жарма, Күршім, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында  жаңадан ашылып, пайдалануға берілді. Айта кетерлігі сол, облысымыздағы 852 елдімекеннің тек 370-інде ғана арнайы орындар бар екен. Яғни, кейбір аудандардағы сала қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктерге осы бағытта жұмыс жүргізу қажет.

- Сарып ауруына келер болсақ, өткен жылы адамдар арасында 11 сырқаттану фактісі тіркелді. Бұл қылмыспен пара-пар. Ертеңгі күнгі экспорт мәселесіне байланысты кедергілер туындамауы үшін, жалпы ветеринарлық-профилактикалық шараларды ширату, қадағалау қажет. Яғни, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі туындап тұр, - деді БАҚ өкілдеріне пікір білдірген Д.Мусин. Сонымен қатар аталмыш мәселе бойынша тағы бір кемшін тұс - кейбір аудандар аталмыш салаға жас мамандар тарту ісінде қарқындылық танытпауда.

Елбасының биылғы Жолдауында да агроөнеркәсіп саласына ерекше назар аударылған. Ауылшаруашылық саласына жаңа заманауи технологияларды енгізіп, ғылыми тұрғыдан айналысу ісі өркендеуде. Соның аясында, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, сүт-тауарлы фермалар ашу, сүт қабылдау пункттерін ашу ісі нәтижелі жүзеге асуда. Ал осы ретте сүт жинақтайтын орындар мен тауарлы - сүт фермалары да ветеринарлық қадағалауда болуы қажет. Себебі ветеринарлық бақылау, халқымыздың амандығы мен денсаулығына тікелей себепкер бола алады. Жиын барысында аудандардан келген мамандардың ортаға салған бір пікірі осы болды.

Қ. ҚОЖА, «Семей таңы»

 

 

ЖЕРДІ ИГЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ БАР

Сенбі күні қалалық әкімдікте «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң жобасы аясында ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді жекеменшікке беру және оларды пайдалануды оңтайлы ету шарасын талқылаған іргелі жиын өтті. Басқосуға қаламызға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков, ШҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейірхан Әшімханов қатысты.  Жиынға сонымен қатар аудандар мен қалалар басшылары да келіпті.

Айта кету керек, аталмыш Заң жобасы Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау аясында әзірленген болатын. Бұл іс бойынша, ағылшындық және голландық әдістер арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беру мәселелері қарастырылған. Аймақ басшысы орынбасары Д. Мусиннің айтуынша, бұл бастаманың жергілікті бюджетті толықтыру мен пайдаланылмай жатқан жерлерді игеруде берері мол болмақ. Бұл жайында Ұлт жоспары - «100 нақты қадамның» 35, 36 - қадамдарында жер ресурстарын ұтымды пайдалану туралы кеңірек айтылған.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы жерлерінің негізгі үлесі азаматтарға жалға берілсе, біразы жекеменшіктің қолында. Сондықтан жаңа Заң аясында жерді жалға алу бойынша кейбір шектеулер жойыл-ған. Осы арқылы жаңа жеңілдіктерге жол ашылған. Атап айтсақ, жерді банкке кепілге қоюға, иеліктен шығаруға және жалдау мерзімі ішінде субарендаға табыстауға мүмкіндік беріледі.

Басқосуда арнайы баяндама жасаған облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков аймақтағы бос жатқан жерлер туралы айтып өтті. Аудан басшылары тарапынан қадағалануы тиіс мәселе - кәсіпкердің өз иелігіндегі жер көлеміне сай, мал басы да, өндіріс орны да көлемді болуы керек. Жерді шаруа басшысы өз иелігіне алған соң, жер менікі деп бос тастамауы тиіс. Ондайларға ерекше талап қойылады.

- Мұнымен қатар тұрғындарға, уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін, оны 50 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген жағдайда сатып алуға болады, - деді Қонысбай Төлеубеков. - Ал егер жалға алған жердің уақытша иелері мүмкіндікті пайдаланбаса, құқығы тоқтатылып, жер, аукцион арқылы сатылымға шығару үшін, мемлекет меншігіне қайтарылады. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Жер кодексіне өзгертулер енгізілді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өзінің сапасына қарай, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге жарамды, ауыл шаруашылығы мақсатында жұмыс жүргізуге берілген жерлер жатады. Мәселен, ондай жерлерге ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, су қоймалары, мал қораларымен түрлі ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар жатқызылады.

Жиын барысында бұдан өзге де бірқатар өзекті мәселелер ортаға салынып, талқыға ұсынылды. Басқосуға қатысып отырған құзырлы орындар басшылары тарапынан жаңа заңға байланысты тұшымды мағлұматтар берілді. Атап айтсақ, жаңа заңға сәйкес, шаруаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында әкімшілік кедергілерді алу және шығындарды қысқарту, шаруашылықты жүргізу нысаны өзгерген жағдайда және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты нысандар құрылысы кезінде, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алынып тасталынатын болды. Қорыта айтқанда, адал еңбек етіп, елінің экономикасын өркендетуге үлес қосып отырған кәсіпкерлерді мемлекет те қамқорлық қанатына алатын болады. Алайда басты міндет сол - сатып алынған  жерлер бос жатпауы керек.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

 

 

 

ҰЛТ ЖОСПАРЫ -ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ҰЙЫТҚЫСЫ

Ағымдағы жылдың 1 қаң-тарынан бастап Бес институционалдық реформаны нақты іс жүзіне асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңінің бастал-ғанын Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары – қазақстандық армандарға бастайтын жол» мақаласында атап өткен болатын. Мемлекет дамуының басты құжатына баланатын 100 нақты қадам - Елбасының 100 нақты шешімі. Осы ретте Ұлт жоспары аясындағы межелер мен міндеттерді іске асыруда үкіметтік емес ұйымдардың үлесі басым. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қабырғасында өткен басқосуда Ұлт жоспарында көрсетілген міндеттер межесі тағы бір мәрте ойталқыдан өтті.

Басқосудың мақсаты «100 нақты қадам» Ұлт жоспары  негізінде азаматтық біртектілікті нығайту, «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру ар-қылы ұлттық патриотизмді қалыптастыру бағытындағы көзқарастар ортаға салынды. Бұл ретте көпшілік алдында сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты Мұхтарбек Кәрімов еліміздің сыртқы саясаттағы ұстанған бағытына, позициясына жан – жақты тоқталды. Әлбетте, қазіргідей күрделі кезеңнен сенімді түрде өтуде, белестерді бағындыруда 100 нақты қадамның маңызы ерекше. Мұхтарбек          Қарпықұлының айтуынша, бүгінде Қазақстан көпвекторлы саясатымен әлемдік қауымдастықта өз орнын тауып, интеграциялық процестердің толыққанды мүшесіне айналып отыр.

- Қазіргі уақытта, өздеріңіз білетіндей, еліміздің шекарасы айқын. Бұл ең әуелі Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы жемісті жеңісі деп білеміз. Қазақстан әлемде өзін тұрақтылықты ту еткен, ұлттар мен ұлыстарды ұйыстыра білген бейбітшіл мемлекет ретінде таныта білді. Бұдан бөлек мемлекетіміз - көптеген халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі. Томаға - тұйықтанбай, ашық саясат жүргізу нәтижесінде елімізге инвесторлар еркін келе алады. Мемлекет басшысы Ұлт жоспарында, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында еліміздің сыртқы саясатта ұстанатын бағыт - бағдарын айқындап берді. Енді оны жүйелі түрде жүзеге асыру - әрбір қазақстандық азаматтың міндеті,- дейді Мұхтарбек Қарпықұлы.

«Мемлекеттің экономикалық дамуында инновация- лық жобалардың рөлі» тақырыбында баяндама    жасаған Александр Койчубаев, өндіріске жаңа технологиялар көптеп енгізілсе, әлемдегі дамыған отыздықтан ойып тұрып орын алуға мүмкіншіліктер арта түсетініне бек сенімді.

- Ұлт жоспарының 63-қадамында Мемлекет басшысы инновациялық технологияларды экономиканың қозғаушы күші ретінде бағалап, оны арттыру үшін екі арнайы кластерді құру қажеттігін атап өтті. Бұл мақсатта инновациялық парк жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды өздеріне тартатын болады. Қазақстан 2050 жылға дейін дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Ал оны іс-жүзінде орындау үшін инновациялық дамуды мықтап қолға алу қажет. Тек сонда ғана еліміздің    экономикасы қарыштап, халқымыз бақуатты ғұмыр  кешетін болады,- дейді Александар Койчубаев.

Сондай-ақ кездесуде «Этносаралық татулық пен келісімді қорғау», «ҚР сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық жетістіктерін жетілдіру» сынды тақырыптарға кең көлемді баяндамалар жасалды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Құрметті семейліктер! Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл - өткен жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдырып, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке.  

Барлық қазақстандықтармен қатар, семейліктер үшін де өткен жыл айтулы оқиғаларға, жетістіктер мен қуаныштарға толы жыл болды.

2015 жылы жоспарланған істеріміз жүзеге асып, аймағымыздағы береке-бірлік пен тұрғындардың жемісті еңбегінің арқасында әлеуметтік-экономикалық өсімге қол жеткіздік.

Жаңадан шағын және орта бизнес нысандары ашылып, әлеуметтік ғимараттар пайдалануға берілді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылуы тиіс нақты міндеттер қойды.

Қоғамдағы қауіпсіздік, отбасындағы молшылық, қызметтегі тұрақтылық, сәбилердің амандығы  құндылықтарымызды қайта қарап,  достық пен келісімді сақтап, мемлекеттігіміз бен бейбітшілігімізді нығайту жолында күш жұмсауымызды талап етеді.

2016 жылы да семейліктер, мемлекеттік мекемелердің ұйымдастыруымен, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтулы үлестерін қосатындықтарына сенімдімін.

Жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтіп, тілек тілейтініміз анық. Жаңа жылда тілеген тілектеріңіз қабыл болып, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!

Құрметпен,

Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВ,

Қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек АҚЖАЛОВ.

 

Ермак Сәлімов: СЕМЕЙДЕ СЕРПІЛІС БАР

Облыс орталығы Өскемен қаласындағы ШҚО Ақпараттық орталығында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһардың әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізді. Қала басшысы Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағыталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар және 2015 жылы шаһарда ат-қарылған істердің қорытындысы жайлы баяндап, БАҚ өкілдері тарапынан өңірдегі әр салаға қатысты түскен сауалдарына жауап берді.

Әртүрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиында қала әкімі барлық сала бойынша жеке-жеке тоқталды. Семей қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін саралаған Ермак Бидахметұлы дамудың барлық салаларында айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. Семей қаласы Шығыс Қазақстан облысындағы қалалар мен аудандар жұмысын саралайтын өңіраралық рейтингте ағымдағы жылы тоғызыншы орынға тұрақтапты. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша қаламыз 2014-2013 жылдары он үшінші, ал 2012 жылы тіпті он жетінші орында болған екен. Осыған қарап-ақ шаһарымызда өсім динамикасы барын байқауымызға болады. Аталмыш рейтинг өңірлердің дамуының негізгі 13 көрсеткіші бойынша анықталады. Семей қаласында осы көрсеткіштерде алға ілгерілеу бар болып отыр.

Дегенмен Ермак Бидахметұлы қаламызда кемшін тартып жатқан тұстарымыздың да барын, алдағы уақытта сол бағытта жұмыстар атқарылуы керектігін де назардан тыс қалдырмады. Қала әкімі құрылыс, бөлшек сауда айналымы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы  жұмыстарды жандандыра түсу керектігін айтып өтті.

Қала басшысы өз баяндамасында қаланың өзекті мәселелерінің біріне айналған жылумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтті. Семей қаласының жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары 2009 жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өткен қала әкімі ауқымды жұмыстарды атқаруға бүгінгі күнге дейін 24 млрд. теңге қаражат жұмсалғанын, әсіресе №1 ЖЭО мен РК-1 жылу қазандығында негізгі жұмыстар атқарылғанына тоқталды.

- 2012 жылдан бастап РК-1 жылу қазандығында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жылу көзін жаңғыртуға 11 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Ол қаржыға жаңа бу қазандықтары мен электр қуатын өндіретін жылу генераторы орнатылды. Бұл жұмыстар 2016 жылы аяқталады деп көзделуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде тұрақты жылу алып қана қоймай, электр қуатын өндіре алатын боламыз. Бұл - жылу көзіне қажетті электр қуатын беретін болады. Ал артық қуат көзін сыртқа шығаруға мүмкіндік туып, бұл кәсіпорынның экономикасына да оң әсерін тигізер еді. Бұл жұмыстардың барлығы Семей қаласы тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған, - деді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов.

Семейде шешімін күткен мәселелердің бірі - жолаушылар тасымалы. Қазір аталған  мәселеде шаһар басшысы заң аясында тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Жергілікті атқарушы билік жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелерден заң аясында барлық шығындарын ашық көрсетуді сұрап отыр.  Жергілікті билік сонда ғана барып олардың  ұсыныстарын қабылдамақ. Осы ретте қала әкімі келер жылы бюджеттен арнайы қаржы қарастырылып отырғанын, оның аясында консалтингтік компания тартылып, тасымалдаушылардың шығынын есептеп шығуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұған тасымалдаушылар да келісімін берген екен.

Қалада тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмысы да дұрыс жолға қойылған. Осы мақсатта шаһарда өндірілетін өнімдер арнайы сараптамадан өткізіліп тұрады. Бұл сараптамаға сәйкес, Семей қаласы өзін тек екі түрлі өніммен ғана қамтамасыз ете алмай отыр. Атап айтқанда, сүтпен өзімізді 38 пайызға қамтамасыз еткен болсақ, жұмыртқа небәрі 6 пайызды ғана құрайды. Қазір осы олқылықтың орнын толтыру бағытындағы істер қолға алынған. Мәселен, қаладағы тұралап қалған кәсіпорын Семей құс фабрикасының жұмысын жандандыруға бар болғаны 150 млн. теңге қаржы қажет болып тұр. Толыққанды іске кіріскен жағдайда, фабриканың жылына 25,5 млн. дана жұмыртқа беруге мүмкіндігі бар екен. Алдағы уақытта мекемеге жаңа инвесторлар келіп, істі қолға алу көзделдуе.

 

Еще статьи...