Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 71 гостей и 1 пользователь онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home Президент Тапсырмасы

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

Құрметті жерлестер!

Қадірлі ағайын!

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен қолымызға тиген Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Көпұлтты халқымыздың бірлігі мен өзара түсіністігінің арқасында еліміз Тәуелсіздігінің 24 жылдығын атап өтуде. Тарих тұрғысынан аз уақыт ішінде халқымыз Елбасымен бірге мемлекеттілігімізді қалыптастырып, әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсті. Қазақстан Республикасы өзін бейбітшілікті сүйетін ел     ретінде танытты.

Біздің Семей елі әрқашан Елбасының саясатын қолдап, алдымызға қойған барлық міндеттерді нақты істермен орындау жолында еңбек етіп келеді.

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында Президент дамудың негізгі басымдықтарын айта келе, елдігімізді, Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында береке-бірлігімізді нығайтып, ішкі татулығымызды   сақтауға үндеді.

Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, Отанымыздың озық   елдер қатарынан көрінуі үшін атқаратын игі істеріміз сәттілікке ұлассын!

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болған мемлекеттік     мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында баршаларыңызға амандық, бақ-дәулет, береке-бірлік тілейміз!

Егемен еліміздің еңсесі биік, тұғыры берік, ғұмыры Мәңгілік болсын!

Құрметпен, Қала әкімі Е. СӘЛІМОВ, Қалалық мәслихат хатшысы Б. АҚЖАЛОВ.

 

ЕЛ МЕРЕЙІН КӨТЕРГЕН МЕРЕКЕ

1 желтоқсан - қазақ халқы үшін ерекше күн. Бұл күн – тарих сахнасында тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар сілтеген Елбасының еселі һәм ұшан-теңіз еңбегіне көрсетілген халқының құрметі ретінде белгіленген Тұңғыш Президент күні.

Жалпыхалықтық сипат алған мереке Семей төрінде де есте қаларлық оқиғалармен өрбіді. Мереке күні шаһардан ауыр салмақтағы жүк пойызы жолға шықты, бүлдіршіндер жаңа балабақшаның есігін ашты, баспанаға қол жеткізіп, жаңа қонысын тойлап жатқан сәттер Семейде осы күні орын алды.

 

Ауыр салмақтағы жүк пойызы

жолға шықты

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесі филиалының теміржолшылары ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай үлкен шара өткізді. Жетістікті жұмыстың кепілі саналар елеулі шараға бөлімше басшылығы мен жергілікті атқарушы билік өкілдері де қатысты. Атап айтсақ, желтоқсанның 1-і күні бөлімше тарихында тұңғыш рет ауыр салмақтағы жүк пойызы Семей станциясынан шығып, Ақтоғай станциясын бетке алды.

Бұл күні Семей темір жол бекеті ғимараты мерекедегідей безендіріліпті. Вокзал басы қарбаласқа толы. Қолдарына ұрансөз, жалаушалар ұстаған теміржолшылар жүзінде ерекше қуаныш бар. Мерекемен құттықтасып жатқан шат көңілді көпшілік арасынан Семей локомотив пайдалану депосының тәжірибелі машинисі, аталмыш пойызды тізгіндейтін Ұзақ Әбекбаевты жолықтырдық.

- Біз бүгін 57 вагоннан тұратын ауыр салмақтағы пойызды апара жатырмыз. Пойыздың жалпы салмағы 5400 тоннаны құрайды. Бұл жылжымалы құрамның басты артықшылығы - оның орташа салмағы 1800 тоннаға дейін үлкейтілген және жүкті тасымалдау жылдамдығы арттырылған. Рас, аталмыш жылжымалы құрам эксперименттік түрде алғаш рет желі бойына шығып барады, - деді машинист ішкі толқынысын жасыра алмай.

Осылайша, салтанатты шара да басталып кетті. Бекет басындағы көпшілік алдында Семей қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесов сөз алды. Өз сөзінде Елбасының ел экономикасын өркендету жолындағы тапсырмаларына игі бастамамен жауап берген барша теміржолшыларды мерекемен құттықтаған әкім орынбасары еңбекте табыс тіледі.

Осыдан соң Семей жол бөлімшесі ардагерлер кеңесінің басшысы, ардагер теміржолшы Қырықбай Әлсейітұлы да мерекеге орай жылы лебізін арнады. Күні кеше теміржол саласына бар ғұмырын арнаған ардагерлердің бүгінгі жетістіктерге үлкен қуанышпен қарайтынын жеткізген ақсақал қазіргі буынды осынау еңбек жеңісімен құттықтады.

 

Құрметті семейліктер! Қымбатты жерлестер!

Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiмен құттықтаймыз!

Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тұрғыдан қарағанда аз ғана уақыт ішіндегі қол жеткізген жетістіктері, әлемдік деңгейде танымал болуы еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты.

1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өзінің Тұңғыш Президентін сайлап, тәуелсіз еліміздің жаңа тарихы қалыптасты.

Ұлт Көшбасшысының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартты. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер орын алды.

Осының барлығы ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы ұлы арманы мен мақсаттарының орындалғандығының көрінісі.

Қазақстанды ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеп, дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарынан көрінуі үшін еңбек етіп жүрген Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі», -деп, қазақстандықтарды өзара түсіністік пен келісімді сақтауға тағы бір мәрте шақырды.

Сондықтан Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, Тәуелсіздігіміздің даңғылын Нұрлы Жолға айналдырып, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының міндеттерін орындау жолында баршаңызға зор табыстар, сәттілік, амандық тілейміз!

Мерекелеріңізбен!

Құрметпен,

Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВ,

Қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсембек АҚЖАЛОВ.

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫ БАСҚАРҒАН БІР ЖЫЛ: БҮГІН және БОЛАШАҚ

Қарашаның 11-і күні  Даниал Ахметовтің Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне кіріскеніне бір жыл толды. Бұл, әрине, көп уақыт емес, дегенмен өнімді қызмет атқару үшін жеткілікті мерзім. Даниал Кенжетайұлының басшылығымен осы аралықта облысымызда қандай істер атқарылды? Келер жылдан не күтеміз? Әңгіме осы сауалдар төңірінде өрбіді.

жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттеріне арнайы сұхбат беруге уақыт тапқаны үшін, Даниал Кенжетайұлы Ахметовке  алғыс айтамыз. (Автор)

Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы әңгімесін:

- Алғаш Шығыс Қазақстан облысына әкім болып тағайындалған кезде «Семейге жиі келіп тұрамын» дегенім естеріңізде шығар. Байқаған боларсыздар, аймақ бойынша жиі ат басын бұратын жерім – Семей қаласы. Дегенмен сіздер, журналистер қауымы,  халыққа жақынсыздар ғой, Семей халқының көңіл - күйі қалай? Тұрғын үйлері жылы ма? - деген  сауалдан бастады. Облыс басшысының тарапынан  халықтың жағдайына алаңдаушылықты аңғардық.

- Билікке жалтақтап, бюджетке ғана сеніп қарап отырмай, қаланың әр тұрғыны, әр кәсіпкер өз қаласын көркейтуге аз да болса үлес қосса, өзі тұрып жатқан жерге бір тал болса да ексе, тамшыдан құралған теңіздей қолдау болар еді. Осыны сіздер өз газеттеріңіз арқылы  халыққа дұрыс  жеткізе білулеріңіз керек. Отансүйгіштік деген ұғым өзіміз тұрып жатқан мекенімізді сүюден басталады. Біздің ата-бабаларымыз ел басқарған хандарын ақ киізге салып көтерген. Ал біз Елбасымыздың Қазақстанды өркендету жолындағы  қадамдарына қолдаушы болуымыз керек. Ұлы Президентіміз бар, кең-байтақ жеріміз бар, көп ұлтты  халқымыз бар! Халқының асқақ арманын іске асырған Елбасымыз тұрғанда, біздің кез келген қиындықтан қорқуымызға негіз жоқ екендігіне осы уақыт ішінде көзіміз жетті емес пе? Дана басшымыз Нұрсұлтан Назарбаев - дүниежүзі бойынша жасампаздық пен бейбітшілік, қауіпсіздік пен ядролық қарусыздану жолындағы күрестің дем берушісі, алға сүйреушісі. Азуын айға білеген Кеңес үкіметі билік құрып тұрған кезеңнің өзінде-ақ, Семей ядролық сынақ полигонын жауып, адамзат тарихында алғашқы болып жаппай қырып-жоятын атом қаруларынан мүлде бас тартуға шақырды, көзсіз ерлік жасады... ХХІ ғасыр әралуан қақтығыстардың орын алуымен де ерекшеленуде. Бұл кикілжіңдер, бір себептен, халықаралық қатынастардың бұзылуынан орын алуда. Ал біз тұрақтылық пен бейбітшілік, ұлттар арасындағы татулық салтанат құрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.         Елбасымыз осыдан 25 жыл бұрын айтқан, қазіргі күні де жиі қайталап, назарында ұстап отырған басты мәселе - ұлтаралық келісім, татулық. Танымал саясаткер  Збигнев Бжезинский ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдары бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің ішінде 121 ұлт мекендеген Қазақстанның болашағы бұлыңғыр депті. Бірақ Елбасымыз сәуегей саясаткердің бұл болжамын жоққа шығарып, елімізді келісім мен тұрақтылық мекеніне айналдырып, дамудың даңғыл жолымен бастап келеді,- деп атап өтті облыс әкімі өз сұхбатының кіріспесінде. Осыдан соң Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендеуі, аймақтың 2017 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары, Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспары 100 нақты қадам аясында атқарылған және алдағы межеленген жұмыстар төңірегінде сөз қозғады.

САУДА МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ АШЫЛМАҚ

Бүгінде Семей қаласы бойынша жабайы саудамен күрес жұмыстары біршама қарқын алуда. Қала әкімі Ермак Сәлімовтің бастамасымен шаһар келбетіне залалын тигізетін, санитарлық тазалық нормаларына қайшы келетін ретсіз сауда орындарына рейд жүргізіліп, нысандар басшыларымен, сауда-саттық жүргізушілермен мәміле жасалған еді. Бұл бағыттағы шаралар, осылайша, күн тақырыбындағы өзекті мәселеге айналды.

Шаһардың сол жағалауындағы «Жаңа Семей» сауда кешенінің құрылысы бүгінде қарқынды жүргізілуде. Жаңа нысан пайдалануға беріліп, толық жұмысқа көшкен шақта, қаланың осы бөлігіндегі жабайы сауда мәселесі біршама шешімін табатын болады. Бүгінде бұл шараны аталмыш кешен басшылығы қала әкімі Ермак Бидахметұлының ұсынысына орай жүргізуде.

Қазіргі күні «Океан», «Жаңа Семей» және «Юбилейный» сынды ірі сауда ошақтарының маңын жайма базарға айналдыр-ған жандар жылдың кез келген мезгілінде осы орында тұрып, тұрақты түрде нәсібін айырып келеді. Бұл сүреңсіз көрініс қала әдемілігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, аймақтың санитарлық тазалық нормаларының өрескел бұзылуына да әкелген еді. Тіпті тротуарлар үстіне дейін шығып,  жаяу жүргіншілерге кедергі кел-тірген жағдайлар да аз болмады. Осы кезеңге дейін оларға айыппұл да салынды. Ескертулер де жасалды. Әйтсе де ай- қын байқаларлықтай нәтиже орын алған жоқ болатын. Қала әкімі бұл мәселені оңтайлы шешудің жолын қарастыра келіп, рұқсат етілмеген жерлерде сауда жасаушыларға жаңа орындар ұсынуды қажет деп тапқан-ды. Осы ретте аталмыш аумақтағы бірқатар ірі кешендердің басшысымен келісе отырып, күнгөрісін жабайы сауда арқылы айырып жүрген жандарға қосымша орын әзірлеуді ұсынған еді.

 

Еще статьи...