Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 70 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home Президент Тапсырмасы

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

"ХИРОСИМА БЕЙБІТШІЛІК ТАСЫ" ОРНАТЫЛДЫ

29 тамыз – Дүниежүзілік ядролық сынақтарға қарсы іс - қимыл күніне орай, Семей қаласының Түйемойнақ аралында арнайы жиын өтті. Айтулы шараға ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен қала әкімі Ермак Сәлімов, Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Масояси Камохара, «Хиросима  бейбітшілік тасы» қауымдастығының төрағасы Мичио Умемото және басқа да лауазымды тұлғалар мен қала тұрғындары қатысты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойған тарихи шешімі дүниежүзіне қазақ елінің бейбітшілікті қолдайтынын танытқан еді. Ал 2009 жылдың желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күні ретінде жариялау туралы Қазақстанның қарарын бірауыздан қолдады. Бұл атаулы дата, яғни 29 тамыз, БҰҰ, әлем елдерінің ядролық сынақтарды тоқтатуға бірлесе күш салатын күні. Бұл қауіпсіз әлемді құрудағы талаптардың бірі болып табылады. Жылдағы дәстүр бойынша бұл датаны Семей жұртшылығы да кең көлемде атап өтті. Түйемойнақ аралындағы салтанатты шараға жиналған халықтың қарасы көп болды. Қала басшысы мен облыс әкімінің орынбасары бастаған шетелдік делегаттар ең алдымен «Өлімнен де күшті» монументіне барып, гүл шоқтарын қойды. Содан кейін жиналған көпшілік атом қаруының құрбаны болған боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Аталмыш шара барысында Жапон елінің ұйытқы болуымен қаламызда орнатылған «Хиросима бейбітшілік тасы» ескерткішінің ашылу салтанаты болды. Ескерткіштің лентасын облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен «Хиросима  бейбітшілік тасы» қауымдастығының төрағасы Мичио Умемото салтанатты түрде қиды. Тас мүсіннің салмағы 100 келі, ал биіктігі 3 метрді құрайды екен. Ол әлемнің 100-ден астам мемлекеттерінде тұрғызылған көрінеді. Ал Семейдегі орнатылған ескерткіш 108-ші тас екен.

 

ТИІМДІЛІГІ МОЛ ЕКЕНІН ДЕ ЕСКЕРГЕНІМІЗ ЖӨН

Еліміздегі экономикалық ахуалды жақсарту және отандық өндірісті дамыту үшін, доллар бағамын еркін айналымға жіберудің тиімділігі зор деп білемін. Бұл макроэкономикалық шараның берер тиімді жақтары да бар екенін ескергеніміз жөн. Оны сала мамандары жан-жақты талдап, түсіндіріп те жатыр. Бұл әсіресе ұлттық қордағы қаржыны сақтап, экспорт пен импорт саласын жақсартуға, сыртқы тауар айналымын реттеуге оң әсерін тигізетіні анық.  АҚШ валютасының еркін курсы сондай-ақ отандық өнеркәсіпті барынша бәсекеге қабілетті етіп, өз нарығымыздағы шетелдік компанияларды ығыстыруға мүмкіндік береді. Сол себепті де бұл шараға түсіністікпен қараған жөн.

Осы орайда ауданымызда аудан әкімі Серік Зайнулдиннің өкімімен, теңгенің еркін ауытқуға көшуіне байланысты, әлеуметтік маңызы бар күнделікті халық тұтынатын азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек және жанар-жағармай бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында және аталған тауарларға күнделікті баға сараптамасын жүргізу үшін, 33 адамнан тұратын аудандық штаб құрылды. Ең бірінші кезекте 33 түрлі халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар тауарларды бақылауға аламыз. Аудандағы өндіріс орындары  басшыларымен меморандум жасаудамыз. Демек, бұл экономикалық маңызды шарадан ұтарымыз аз болмайды деп білемін.

Калимбек ҚАРАШЕВ, Үржар ауданының  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

ЕЛДІҢ БІРЛІГІ МЫҚТЫ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

Бұл – міндетті түрде болуы керек құбылыс. Мұны әлдекімнің елімізге әдейі алып келуі мүмкін емес. Сонымен қатар мұны Қазақстандағы атқарылып жатқан жұмыстардың дұрыс еместігінен деуге де болмайды. Негізі, дәл осылай доллар бағамының бағасын еркіне қоя беруді сәл ертерек бастау керек пе еді деп те ойлаймын. Бәлкім, солай болғанда, тіпті пайдалырақ болар ма еді? Мысалы, көрші Ресейде де осы күнге дейін бірнеше рет доллар бағамын босатқан болатын. Сондықтан доллар бағасын күшпен бақылап отыру  ол бүгінгі күнде жүргізуге келмейтін саясат.

Бұл – дүниежүзін қамтыған дағдарыс. Осы қиындықты артқа тастау үшін, ең бірінші, халыққа түсіндіру жұмыстарын жақсы жүргізу қажет деп ойлаймын. Өйткені әр адамның экономика жағдайын сараптай алмайтыны белгілі. Сондай-ақ елдің бірлігі мықты болуы қажет.

Еліміз 90-шы жылдардағы қиын жағдайды да бастан өткергені ел есінде. Бұл да – өткінші құбылыс. Бастысы, жұртшылықтың береке-бірлігі мықты болса, еліміз әлі талай қиындықтарды артқа тастайтын болады. Жалпы, әр нәрсенің бір күн жоғары, бір күн төмен болуы, өмір заңдылығы. Сондықтан осындай уақытша құбылысқа бола алаңдаудың еш қажеті жоқ. «Сабыр түбі – сары алтын» деген дана халқымыз. Сабырлылық сақтауымыз керек.

Дағдарысқа қарамастан, «Нұрлы жол» бағдарламасының бұрынғыша жүзеге асырылатынын, бұл дағдарыстан да өтетіндігімізді айтқан Мемлекет басшысы елімізде жұмыссыздықтың болмауын қатаң қадағалауды тапсырды. Жұмыссыздық болмас үшін, бәсекеге сай өнім өндіріп, баға тұрақтылығын сақтау қажет. Бұл тұрғыда атқарушы билік пен өндіріс орындарының басшылары жұмыс жасап жатыр. Қиындыққа мойымай, ауызбіршілікте жұмыс істеу арқылы бұл дағдарысты да еңсеретінімізге кәміл сенімдімін.

Аман ТІЛЕУБАЕВ, Семей қалалық Достық үйінің директоры.

БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Теңгенің нарықтағы бағасының өзгеріске ұшырауына байланысты Мемлекет басшысы облыс, қала және аудан басшыларына халықтың күнделікті тұтынатын тауарлар бағасының күрт өсіп кетпеуін қадағалауда ұстауды тапсырған болатын. Осы ретте азық-түлік бағасының тұрақтылығын қалалық кәсіпкерлік бөлімі қатаң бақылауында ұстап, арнайы штаб та құрылған. Штаб құрамына қала әкімінің орынбасары, қалалық кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, ішкі саясат бөлімдері, мемлекеттік кіріс басқармасы, ішкі істер органдары мен тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымдары енгізілген.

 

ДАҒДАРЫСТАН ДАМУҒА ЖОЛ САЛҒАНБЫЗ

Қазақстан Республикасы Премьерминистрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің селекторлық отырысында Қазақстанның жаңа экономикалық саясатқа көшетінін мәлімдеп, валюта дәлізі алып тасталып, теңге бағамын еркіне жіберілгенін айтқан еді.

Қазір әлемдік экономикадағы жағдай құлдырауда. Барлық бағыттар бойынша дағдарыс басталып кеткен. Шыны керек, жаһандық жағдайдың ахуалы біздің елімізге де өзінің кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Мемлекет басшысының кәсіпкерлерге, тауар өндірушілерге жүктеген басты тапсырмасы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Тауар өндіруші ретінде өзім басқаратын «Приречное» агрофирмасының өнімдері тұрақты бағамен саудаланатын болады. Бүгінде біздің кәсібіміздің өркендеп, қанат жайып отырғаны - мемлекет тарапынан берілген субсидиялар мен жеңілдіктердің нәтижесі. Осындай қиын-қыстау кезде біз де өз тарапымыздан мемлекетке қолдау ретінде баға тұрақтылығына үлес қосуымыз керек деп есепеймін.

Мемлекетте ешқандай қор болмаған кезде де, дағдарыстан дамуға жол салғанбыз. Сонымен қатар тоқсаныншы жылдардың аяғында Шығыс Азиядағы дағдарысты да бастан өткерген едік. 2007 – 2009 жылдардағы қаржылық дағдарысты да еңсергеніміз күні кеше ғана. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты, сауатты жоспарымен бұл дағдарыстан да өтетінімізге кәміл сенімдімін. Әлбетте, дағдарыс дегенді өтпелі кезең ретінде, уақытша деп қарастыру керек. Ал мемлекет - мәңгілік ұғым. Осындай аздаған қиыншылық туындаған сәтте, берекесі мен бірлігі жарасқан халқымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, жұмыла жұдырық бола аламыз. Сыннан сүрінбей өтуде ауызбіршіліктен ажырамау - басты міндет!

Мұхит ТҰМАБАЕВ,

«Приречное» агрофирмасының директоры,

ШҚО мәслихатының депутаты.

Еще статьи...