Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 83 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home Президент Тапсырмасы

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

Әрине, доллар бағасы қымбаттап, әлемдік дағдарыстың есігімізді бір күні келіп қағатыны жайлы Елбасымыз бұдан бұрын да ескертіп, халыққа дайын болуға құлаққағыс жасалған. Бұл - тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде орын алып жатқан құбылыс. Экспорттаушы компаниялар басшыларының қатысуымен Ақордада өткен кеңесте Мемлекет басшысы бұл дағдарыстан әлемде ешбір елдің тыс қалмайтынын және еліміздің мұндай жағдайларды осыған дейін де бастан өткізіп келе жатқанын айтты. Ол - шындық. Талай қиындықтан жол тапқан еліміздің бұл сыннан да сүрінбей өтеріне сенімдіміз. Сондай-ақ ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің селекторлық отырысында жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілетін көмекті көбейтуге тапсырма берді. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР ҰЭМ Ерболат Досаев:

“Жаңа саясатқа көшкеннен кейін, Үкіметтің отырысында жергілікті әкімшіліктердің барлығына ҚР Премьер-министрі тапсырма берді. Қолымыздан келгенше бәріне көмек береміз. Жыл сайынғы берілетін әлеуметтік көмектерді көбейтіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында арнайы көмек беретін болды”, - деген болатын.

Демек, жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтардың бағасы өзінің бұрынғы құнын сақтайтын болады. Сондықтан ата-аналардың, жалпы жұртшылықтың алаңдауына еш негіз жоқ.

Таяқтың екі ұшы бар болса, бұл дағдарыстың да, яғни доллар бағасының өсуінің де тиімді жақтары бар екенін айтады экономистер. Әлбетте, оның бәрі уақыттың еншісінде екені даусыз. Бастысы, даурығудың еш қажеті жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Үкіметке еліміз бойынша, барлық қиындықтарға қарамастан, тауар бағаларының тұрақты болуын қатаң қадағалау туралы тапсырма жүктеген болатын.  Елбасының тапсырмасын орындай отырып, ел болып, жұрт болып, жұдырық болып жұмылып, барлық қиындықтарды бірге еңсеруіміз керек.

Жұмағазы СТАМБЕКОВ,

№ 37 мектеп-гимназиясының директоры.

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДІ ЕҢСЕРУ - ОРТАҚ МІНДЕТ

Бейсенбі күні Үкіметтің селекторлық отырысы өтіп, онда тамыздың 20-сынан бастап теңге бағамының еркіне жіберілгені хабарланды. Осылайша, Қазақстан әлемдік дағдарысты айналып өту жолын өзінше таңдап отыр. Әрине, қарапайым халық ел үкіметінің мұндай қадамға не үшін барғанын білмей алаңдауы мүмкін. Мұндайда оған шетел валютасын алып - сатарлар да өз үлестерін қосып жатады. Ал экономикалық тұрғыдан саралап қарайтын болсақ, бұл дұрыс жолдың бірі болып отыр. Өйткені енді теңге бағамы нарықтағы ұсыныс пен сұраныс негізінде қалыптасады. Табиғи жолға түседі.

Қалыптасқан ахуалға байланысты экспорттаушы компаниялар басшыларының қатысуымен өткен жиында Елбасы дүниежүзілік дағдарыстан ешкім де тыс қалмайтынын айтып, соңғы жылы әлемдік экономикалық ахуал едәуір төмендегенін жеткізді.

«Барша дүниежүзінде экономиканың нашарлағаны бәрімізге көрініп отыр. Дағдарыс барлық бағытта, яғни шикізат тауарларына, валюта, қаржы нарықтарына әсер етуде. Бұл - дамушы және дамыған мемлекеттерде орын алып отырған жағдай. Шикізат тауарларына баға барша әлемде төмендеді, сондықтан біздің бюджетке түсетін қаржының ауқымы едәуір төмен болды. Біз бұрын мұндай жағдайлардың талайынан өтіп келе жатырмыз», - деп еске салып өтті Президент.

Осы орайда Елбасы одан бері бірқатар дағдарыстар орын алғанын, алайда Қазақстан осы сын-қатерлердің барлығын еңсергенін атап өтті.

«Қанша бағдарламалар жасасақ та, өмір мен жағдай алдымыздан қиыншылықтарды алып келеді. Қазір де осындай қиыншылыққа тақап тұрмыз. Бұл дүниежүзілік дағдарыстан ешкім де тыс қалмайды. Қазақстан - әлем мемлекеттерімен, экономикалармен байланысы бар ел. Сондықтан бұл дағдарысқа алдын ала барлық жағынан дайындалып, еңсеруіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Өз басым алдағы уақытта ахуалдың тұрақтанатындығына сенімдімін. Әрине, бұл бұқараға  ықпал етіп, белгілі бір алаңдаушылық туындатады. Бірақ ел болашағы үшін, қазақстандықтар осы өтпелі кезеңді еңсеру үшін түсіністік танытулары қажет. Тәуелсіздігіміз баянды болса, төл теңгеміздің басындағы бағы қайта айналып қонатынынан үмітімізді үзбейік.

Бейсенғазы ТАСТЕКЕЕВ, Семей қалалық мәслихатының депутаты.


100 НАҚТЫ ҚАДАМ – КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛІ

Елбасы ұсынған «5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» саяси жоспарын талқылау мақсатында өткен аптада әкімдіктің кіші залында арнайы жиын өтті. Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сержан Әзбергенов, Семей қаласы № 2 сотының судьясы Жанат Әбенова және мемлекеттік қызметкерлер мен сот саласының қызметкерлері қатысты.

Алқалы кездесудің басты тақырыбы стратегиялық құжаттың 1-2 тарауында белгіленген кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мен заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде болды. Қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сержан Әзбергенов келтіргендей, Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамында, мемлекеттік қызметкерлер корпусын кәсіби әрі автономиялы етуге басымдылық берілген. Яғни алдағы уақытта мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімі жаңғырып, үміткерлер өз жұмыстарын төменгі сатыдан бастайтын болады.

- Лауазымды орынға алғаш рет қабылданған тұлғалар міндетті түрде сынақ мерзімінен өтетін болады. Дей тұрғанмен жоғары біліктілігін дәлелдей білген азаматтарға, тиісті еңбекақысынан бөлек, қосымша бонустар беріледі деп көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде  қызметкерлердің жауапкершілігі мен жұмыстарының қарқынын үдете түсуіне септігін тигізеді. Қазіргі сәтте соған орай тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр, - деп атап өтті С.Әзбергенов.

 

ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның бірінші бөлімінде кәсіби мемлекеттік аппарат құру жүктелген. Кәсіби аппарат құру арқылы мемлекеттік қызметті жетілдіре отырып, ықшам әрі тиімді жұмыс жүргізу қағидасы көзделген. Бұл ретте сала мамандарының жалақысы қызмет сапасы мен оң нәтижесіне қарай жоғары болуы керектігі ескеріледі. Жаңа заңнамаларды әзірлеу барысында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттілігі де қарастырылған.

Осы ретте Семей қаласы әкімдігінде ШҚО әкімі аппаратының ШҚО аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының директоры Жұлдызбек Тоштыбаевтың қатысуымен жиын өтіп, онда Ұлт Жоспарында көрсетілген кәсіби мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызметшілердің сапалық деңгейін арттыру жөнінде кеңінен айтылды.

Жаңа Ұлт Жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесіне баса мән берілген. Мемлекеттік қызметке байланысты реформалардың шешуші бағыттары туралы баяндаған Жұлдызбек Тоштыбаев мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды, оны кәсібилендіруді қарастырып, мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптардың күшейтілетіндігін атап өтті. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру 15 қадамнан тұрады.

- Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекеттік қызмет заңына өзгерістер енгізіліп келеді. Соңғы өзгеріс 2013 жылы орын алды. Бұл - тоқтамайтын үрдіс. Қазір оның үстіне жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде әлемнің біраз елдерінде тұрақсыздық орын алуда. Осының барлығына уақытында жауап беретіндей, болашақта сенім үрдісінен шығатындай мемлекеттік аппарат болуы керек. Бұл ретте Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадамдағы» кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың және оны іске асырудың маңызы зор,- дейді мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының директоры Жұлдызбек Тоштыбаев.

 

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ ЖЕТКІЗЕТІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТ

Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер  басқармасында «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 инс-титуционалды реформаны жүзеге асырудағы Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамы мен мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Семей қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Жұмағалиев, заңгерлік қызмет және салықтық құқықты түсіндіру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шырын Әмірханова мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадамды алдағы 10-15 жылда іс-жүзінде орындау барысында Мемлекет басшысы қазақстандықтарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірлесе күш салу керектігі туралы айтқан болатын. Аталмыш стратегиялық құжат    саяси-әлеуметтік маңызы мен мәні терең 5 басты тақырыпты қамтиды. Бірінші реформаның негізіне сәйкес, кәсіби мемлекеттік аппартты қалыптастыру көзделген. Ол үшін мемлекеттік қызметке үміткерлер төменгі сатыдан  бастап қабылдануы тиіс екені көрсетілген. Сонымен қатар жауапты қызметке алғашқы рет қабылданған азаматтарға сынақ мерзімінен өту міндеттелген. Дегенмен олардың жұмыстарының нәтижесі бойынша еңбекақыларын лайықты түрде көтеру де қарастырылған. Дөңгелек үстелде сөз алған Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Жұмағалиев:

- 5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадамда сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселесі нақты көрсетілген. Ол үшін Үкіметке жаңа заңнамалық құжатты әзірлеу де тапсырылған. Сондай-ақ қоғамның кеселіне айналған бұл мәселені түп тамырымен жою мақсатында жемқорлыққа қарсы арнайы бөлімшені құру да жүктелген көрінеді. Бұдан бөлек «Индустрия-ландыру және экономикалық өсім» тарауында, 42-45-ші қадамдарда салықтық әкімшілік жөнінде айтылған. Соған сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен барлық азаматтар үшін кіріс пен шығысты жалпы жариялау кезең-кезеңімен енгізілетін болады, - дейді.

Сондай-ақ 43-ші қадам бойынша салық декларацияларын қабылдау мен өңдеудің орталық желісін құру көзделіп отырғанын, соның арқасында салық төлеушілер электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болатынын, ал 44-ші қадамның негізінде жанама салық салу тетіктерін жетілдіру жолдары қарастырылғанын, яғни қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесі жан-жақты зерделенетінін, сонымен қатар, 45-ші қадамда жазылғандай, кіріс пен шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы қолданыстағы салық режімі оңтайлана түсуіне жол ашылатынын айтады мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары.

Ведомство қызметкерлері кел-тіргендей, ағымдағы жартыжылдықтың өзінде салық пен төлемдердің есебінен мемлекеттік қазынаға 15 771,8 млн. теңге түскен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 14 887,4 млн. теңгені құраған екен.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Еще статьи...