Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 81 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ШҚО ӘКІМДІГІ

ШҚО ӘКІМДІГІ

БІРІНШІ БОЛЫП АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ОҚЫТУДЫ БАСТАДЫ

Шығыс Қазақстанда ауыл әкімдерін оқытуға бағытталған елдегі тұңғыш пилоттық жоба басталды. Ол аймақ басшысы Даниал Ахметовтің жеке бастамасымен құрастырылған. Бастаманы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де қолдады.

50 әкімге арналған алғашқы дәрісті облыс басшысы Даниал Ахметов өзі оқыды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы тың деректермен бөлісіп, қазіргі егемен Қазақстанды құру жолындағы зор еңбектің рөлін ерекше атап өтті. Дұрыс таңдалған саяси-экономикалық модельдің арқасында Қазақстан ширек ғасыр ішінде ТМД елдеріндегі өркениетті әрі тұрақты мемлекетке айналды. Бүгінде әр ауылдық округ әкімі өз бюджетін құру мүмкіндігіне жетіп отыр. Айта кету керек, Шығыс Қазақстанның 100 ауылдық округі жаңа жылдан бастап дербес бюджет алды. Дәл осы округтердің әкімдері Өскеменде кезең-кезеңімен оқу оқып, біліктіліктерін шыңдайды. Оқу кезеңі бюджетті құру, қарау, бекіту және орындаудан бастап ауқымды тақырыптарды қамтиды.

- Мемлекетік менеджер ретінде сіздер аумақтарыңыздағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешесіздер. Биыл дербес бюджет алдыңыздар. Енді ескерте кетейін, оңай түспес бюджеттік үрдісті басқарасыздар,– деді ауыл әкімдеріне аймақ басшысы Даниал Ахметов. – Міндеттерді тиімді орындау, мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту үшін Қазақстанда бірінші болып арнайы бағдарлама құрастырдық. Оған сәйкес әр басқарма басшысы тиісті материал бойынша сіздермен жұмыс істейді. Тапсырмама сай, басшылар іс-әрекет алгоритмін де жасап береді. Тек жұмыс істесеңіздер болды.

Семинар төрт бөлімнен тұрады. Бірінші – бұл Қазақстанның тарихи дамуы мен қалыптасуындағы мемлекеттік үрдістер. Екінші бөлім мемлекеттік жоспарлау мен үкіметтік бағдарламаларды орындауға арналады. Сондай-ақ әкімдерді мемлекеттік қолдау мен коммуналдық меншікті басқару механизмін қолдануға үйретеді.

Атап өтсек, барлық тренерлер, яғни басқарма басшылары, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында арнайы тренингтен өтті.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

ЖАҢАРУҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ҚҰЖАТ

25 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысының активі Президенттің халыққа арнаған биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген он бағытты талқылады. Онлайн режімдегі селекторлық жиын аймақ басшысы Даниал Ахметовтің жетекшілігімен, облыстағы қалалар мен аудан әкімдерінің қатысуымен өтті.

Облыс әкімі Елбасы жүктеген басты міндеттерді тізбектеп, осы бағытта алда атқарылар қыруар шаруаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

- Елбасының жыл сайынғы Жолдауы - қазақстандық қоғам асыға күтетін аса маңызды саяси құжат,- деп бастады өз сөзін ШҚО әкімі. – Бұл - экономика және әлеуметтік даму бағыттары айқындалатын басты бағдарлама. Биылғы Жолдау - «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау жолындағы жасампаз істердің тағы бір кезеңі.

Жолдау әлемдік бәсекеге қабілетті болудың кезекті баспалдағы екенін айтқан Даниал Кенжетайұлы Мемлекет басшысының уақыт талабынан туындайтын өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап бергенін, дүние жүзін қамтып отырған төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына бейімделу және еліміздің одан әрі өркендеуіне тың серпін беретін он негізгі міндетті атап көрсеткенін тілге тиек етті.

Аймақ басшысының айтуынша, Президенттің экономиканы индустрияландыруға және цифрландыруға қатысты тапсырмасының маңызы ерекше. Бұл ретте инновацияның, соның ішінде IT саласының және инжинирингтік қызметтерін жетілдірмей, әлемдік стандартқа сай өнімдер шығару мүмкін емес.

- Алдымызда «жасыл» экономика арқылы, экология жағынан таза, тиімді энергия өндіру орындарын ашу жұмыстары тұр. Ақылды технологиялар арқылы агроөнеркәсіптік экспорттық әлеуетті күшейту біздің облыс үшін басымды шаруалардың бірі екені анық. Жолдауда әлеуметтік мәселелерге айрықша сипат берілді. Адам капиталын жаңа деңгейге көтеру мәні зор стратегиялық мақсат болып қала беретіні айтылды. Жүктелетін міндеттердің барлығы экономиканы цифрлық технологияға негіздеп дамытуға және ең алдымен ел азаматтарының тұрмысын одан әрі жақсартуға, өмір сапасын арттыруға бағытталған,- деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың нақты бағдарламасы қазақ елінің жаңа бет-бейнесін жасауға, заманауи мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіруге, экономиканы ілгерілетуге, цифрлық технологияны дамытуға, интеллектуалды көлік инфрақұрылымын жетілдіруге, жастарға сапалы білім беруге, денсаулық сақтау саласын бәсекеге қабілетті етуге, халықты жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құруға бағытталғанын ерекше атап өтті.

Қазіргі таңда өндірісті цифрландыру оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ең негізгі алғышарты болып отыр. Осы орайда облыстың «Казцинк» ЖШС, «Восток-Цемент» серіктестігі, «KAZ Minerals Ақтоғай» сынды жетекші мекемелер индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жалпы құны 15 млрд. теңгені құрайтын 13 жобаны қолға алған. Бұдан бөлек Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті аймақтың ең ірі кәсіпорындарымен бірлесе отырып, 7,9 млрд. теңгені қамтитын он шақты ғылыми-техникалық жобаларды өткен жылдан бастап жүзеге асыруда. Мәселен, облыстағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жобасы шеңберінде травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтымен бірге танталдан имплантат жасап шығару ісі жолға қойылмақ. Бұл үшін Қазақстанның, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының мүмкіндігі мол.

Төрткүл дүние көз тіккен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің біздің елде өтуі республикада энергия үнемдеу технологиясы мен «жасыл» экономиканы дамытуға серпін бергені анық. Жолдаудың екінші бағытында көрсетілген ресурстық әлеуетті одан әрі дамытуға қатысты 26 жоба қаралу үстінде. Солардың ең бірегейі саналатын Өскемен қаласында салынатын қоқыс өңдеуші зауыттың жобасы Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп іске асырылатын болады. Зауыт 20 мың тонна қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуге қауқарлы. Қазіргі сәтте маңызды жобаның қаржылық моделін құру жұмысы жүргізілуде. Даниал Ахметов өзінің орынбасары Серік Ақтанов пен ТҮКШ басқармасы басшысына, сондай-ақ қала және аудан әкімдеріне энергия үнемдеудің кешенді жоспарын құруға, инфрақұрылымды модернизациялау бойынша жол картасының тиімділігін жоғарылату жөнінде тапсырмалар берді.

Жолдаудың үшінші бағытында айқындалған аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруда және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуда біздің облыс шет қалып қойған жоқ. Бұл ретте ет өңдеу кешенін Семейде салу жоспарланып отыр. Ауқымды жоба ирандық инвесторлардың күшімен жүзеге асатын болады. Аталмыш компания 1,5 млрд. теңгеге қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыс беріп қойған. Жуырда ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен инвестициялық келісімшартқа да қол қойылды.

Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға да тоқталған Даниал Ахметов жергілікті маңызға ие жолдарды жөндеу және қайта қалпына келтіру ісіне баса мән беру керектігін айтты. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 83,60 млрд. теңге қарастыры-лып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Президенттің тікелей тапсырмасына сәйкес, биыл Алматы-Өскемен, Семей-Қалбатау-Майқапшағай сияқты маңызды бағыттағы тас жолдар жөнделмек. Сонымен бірге Өскемен және Семей қалаларындағы әуежайлардың ұшып-қону алаңын қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

- Ал құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу бойынша облыс аумағында 37 жоба назарға алынған. Жолдауда басымдық берілген бұл бағыт бойынша әсіресе Жарма, Ұлан, Көкпекті аудандарының әкімдері тыңғылықты жұмыс атқаруы тиіс. Себебі аты аталған осы үш аудан халықты таза ауыз сумен қамтудан кенже қалып отырған жайы бар,- деген Даниал Ахметов сонымен бірге үйлердің құрылысы, аудандарды газдандыру, жеке құрылыстарды салу ісіне де көңіл бөлу қажеттігін жеткізді.

Ел Президенті биылғы Жолдауында «барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет» екенін айтқан болатын. Осы бағытта облыс көлемінде үштілділікті енгізу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыру шеңберінде мұғалімдерді дайындық курсынан өткізу міндеті тұр.

- Біз ағылшын тілін жетік меңгерген химия, физика, биология, информатика пәндерін оқытатын 200 педагог маманды даярлауымыз керек. Үштілділік бағдарламасын енгізу латын қарпіне тез көшуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру да басты назарда. Мақсатты міндеттерге жету үшін грант санын көбейтіп, ЖОО бәсекелестігін жақсарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуіміз керек. Президент қойған міндеттер бүкіл қоғамға, әрбір азаматқа зор жауапкершілік жүктейді. ШҚО бұл тапсырмаларды абыроймен орындайды,- деп сенім білдірді аймақ басшы.

Жібек СЕРҒАЗЫ,

«Семей таңы»

Даниал АХМЕТОВ: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ҚАЖЕТ

ЕліміздіңҰлы мерекесі - Тәуелсіздік күні қарсаңында Даниал Кенжетайұлы Ахметовпен аймақтың бүгінгі даму қарқыны мен болашаққа межеленген жоспарлар жайлы сұхбаттасқан болатынбыз. Сұхбат баспаға дайындалып жатқанда, Астанадан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің Мемлекет басшысының Жарлығымен  «Отан» орденімен марапатталғаны жайлы жағымды жаңалық келіп жетті. Оқырмандарға түсінікті болу үшін айта кетейік, 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленген «Отан» ордені - экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға ерекше еңбегі сіңген азаматтарға берілетін еліміздегі жоғары марапат. «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерініңұжымы Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫН осы үлкен марапатымен  құттықтап, тәуелсіз қазақ елініңөркендеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарына табыс тілейді!

- Даниал Кенжетайұлы, жыл аяқталуға да санаулы уақыт қалды. Әңгімені өтіп бара жатқан жыл қорытындысына аймақ басшысының көңілі тола ма деген сауалдан бастағым келіп тұр.

- Өтіп бара жатқан жылға көңіл тола ма деген сауалға жауап бергенде, аймақтағы жетістіктермен шектелген дұрыс болмас. 2017 жыл еліміз үшін айтулы оқиғаларға толы  болды. Биылғы жылы Қазақстан бүкіл әлем назарын өзіне аударды. Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі болып өтті. Бұл шараны өткізуге ынталы елдер көп болатын. «ЭКСПО – 2017» көрмесінің бізде өтуі еліміздің тағдырына бұйырған бақыт, жас мемлекеттің абыройын барша әлемге паш еткен оқиға деп есептеймін. Сондай-ақ биыл мемлекеттік рәміздерге 25 жыл, тәуелсіз қазақ елінің жаңа Астанасына 20 жыл, Алашорда үкіметініңқұрылғанына 100 жыл толды. Биылғы жылы Қазақстан аймақтық және халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың бел ортасында болды. Еліміз БҰҰҚауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері құрамына енді.

Ал енді аймағымызға келер болсақ, ағымдағы жылы әлеуметтік тұрғыда да, экономикалық  салада да алға  жылжу көп. Бұл орайда өнеркәсіп өнімдерін өндіруде, ауыл шаруашылығы, тауар айналымында жақсы динамика байқалды. Облысымызда 102%-дықөсіммен 270 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа берілді.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі, мыс кенін өндіру, тас көмір өндірісі ұлғайды. «Азия Авто» АҚ-ның автокөліктерін өндіру көлемі 4 есе өсті.

Негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі ақшалай есептегенде көбейді. Нақты сектордың тұрақты өсімі мемлекетке түсетін кірістіңұлғаюына септігін тигізді. Жағымды үрдіс кәсіпкерлік саласында да сақталды. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты.

Экономиканың нақты секторының оң динамикасы әлеуметтік салаға да жағымды әсер етті. Тұрғындардың ақшалай табысы, орташа айлық еңбекақы көбейді. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан жоғарылаған жоқ.

Әлемдегі геосаяси ахуал көптеген мемлекеттерге салқынын тигізіп жатқанын байқап отырсыздар. Ал біздің еліміздегі ең басты құндылық тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы деп білемін.

- Шығыс Қазақстан облысында Сіздің басшылығыңызбен атқарылып жатқан Мәңгілік Ел болу жолындағы мақсатты істер жетерлік. Әсіресе шалғайдағы елді мекендердің жағдайына көп көңіл бөлетініңізді байқаймыз. Тауарлы-сүт фермаларын көбейту арқылы халықты табиғи азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыз су мәселесін шешу сияқты игілікті істер өзіңіз басшылыққа келгелі белсенді жүргізіліп жатыр. Сол істердің арасында ең дұрыс жолға қойылғаны деп өзіңіз нені ерекше атар едіңіз?

- Қандай істі қолға алсақ та, ол ең бірінші халықтың, аймақ тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, экономикамызды дамытуға бағытталып отыр. Бұл ретте экономикалықөсімнің драйвері ретінде ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтқан жөн болар.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында отбасылық кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін айтып, атқарушы билікке нақты тапсырма бергені естеріңізде болар. Біз осы тапсырманы орындау барысында аймағымыздағы табиғаттың ерекшеліктері мен жергілікті халықтың бейімделген кәсіп түрін ескере отырып, тұтынуға қажетті тауарды өндіруге баса мән бере бастадық. ШҚО-да ірі қара шаруашылығын жекеніңқолындағы мал есебінен дамытуға басымдық беріп келеміз. Кооперативтендіру жұмыстары да белсенді жүргізіле бастады. Нәтижесінде жоспарланған 15700 құрылымның орнына 16 040 шаруашылық нысан біріктірілді. Олардың негізінде 44 қанатқақты кооперативтер құрылып, олардың 32-сі сүт бағытындағы, 12-сі ет бағытындағы жұмысқа жұмылдырылды. Қажетті құралдармен жабдықтауға 3,1 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Оның басым бөлігі «Аграрлық несиелік корпорация» мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы бөлінді.

Облыстағы 54 тауарлы-сүт фермасында 17400 бас сиыр сауылады да, шикізат өңдеуші кәсіпорындарға өткізіледі (жылдық жоспар - 68 мың тонна). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сүт өндіру көлемі артты. Қабылдау бекеттерінде халықтан  жиналған сүт көлемі де өткен жылдағыдан 2,5 есе көп болды. Сүт өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесі де көбейді. Жалпы, Шығыс Қазақстан республика бойынша сүт өндірісінен үздіктер сапында тұр.

Агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестицияның жалпы көлемі 30 млрд. теңгені құрап, өткен жылдан 600 млн. теңгеге артық орындалды. Оның 12,2 млрд. теңгесі - негізгі капитал, ал қалғаны - субсидиялар.

Салада 9,4 млрд. теңгенің 56 инвестициялық жобасы жүзеге асуда. Экспорттық әлеуетті көтеру бағытында екі бірдей ет комбинатын салу жобасын қолға алу жоспарланып отыр, оның ішінде Аягөз ауданында - «Евразия Холдингі» ЖШС, Семей қаласында - «Агропортал» ЖШС.

Семей өңірінде екі сүт-тауарлы фермасы - «Көпежан» ФҚ пен «Нұр» ШҚ-да «200 бас сиырға арналған СТФ реконструкциялау» жобалары іске асырылуда. «Көпежан» фермерлік қожалығы дайындаған жоба нәтижесінде 2016 жылдың 14 қазанында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы қаражаты есебінен 49,0 млн. теңге көлемінде, 200  мүйізді ірі қара басына арналған СТФ пайдалануға беріліп, сүт жабдығы мен техникасы сатылып алынды, Зырян ауданының «Средигорненский» шаруашылығы тарапынан 94 бас асыл тұқымды симментал құнажындары сатылып алынды.

«Нұр» ШҚ «КазАгроҚаржы» АҚ филиалыныңқаражаты есебінен 228,9 млн. теңге көлеміндегі жобаны іске асыруда. Қожалық бірнеше жыл бұрын лизинг әдісімен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған техникалар сатып алған болатын. Ал өткен жылы  өз қаражаты есебінен 9,5 млн. теңге сомасына алғашқы 100 бас сиырға арналған СТФ үй-жайын жабдықтау жұмысын аяқтады. «КазАгроҚаржы» АҚ филиалы тарапынан аталған қожалыққа 20 млн. теңге көлемінде несие беру жобасы мақұлданды. Ресейдің Новосібір облысының «Партнер» ЖШБ қаржылай қаражат түскеннен кейін, шартқа сәйкес, таяу уақытта жабдықты жеткізу жұмысы басталады. Ал «Нұр» ШҚ бойынша 100 бас сиырға арналған сүт-тауарлы фермасын пайдалануға беру мерзімі 2018 жылдың 1-ші тоқсанына  жоспарланған. Жобаны іске асыруды аяқтау алдағы жылдың 4-ші тоқсанына белгіленіп отыр. Сүт-тауарлы фермалары тарапынан қыстамаға шөп, сүрлем жеткілікті дайындалды.

- Даниал Кенжетайұлы, облысымызға әкім болып тағайындалған алғашқы күні-ақ «Семейге айына бір рет келіп тұрамын» дегеніңіз есімізде. Семейге ай сайын емес, апта сайын келіп, қалаға ерекше көңіл бөлетініңізді байқап жүрміз. 2014 жылдары Семей қаласының жеке табыс салығының 13 пайыз кірісі облыстық бюджетке алынып, біраз қиындықтар тудырғаны да есімізде. Сіз басшылыққа келгелі, жергілікті салық толығымен қаланыңөзінде қалдырылатын болды... Семейде биыл ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген көшелер жөнделді. Жаңа ғимараттар салынып, облыс пен республикадан бөлінетін қаржы көлемі көбейтілді. Бүгін қаланың екінші тынысы ашылды деп  айтуға болады. Алдағы жылы семейліктерді немен қуантасыз?

- Семей - ұлылар мекені. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды халқымыздың текті ұлдары  өсіп-өнген топырақ. Ендеше, қазақтың рухани - мәдени астанасына біз жай ғана құрметпен қарап қоймаймыз, өсіп-өркендеуіне, уақыт көшінен қалмай дамуына қолдан келген барлық жағдайды жасаймыз.

Семейдің даму жоспарын жасау кезінде таяу үш жыл ішінде қаржыландырудың барлық көздерінен 113 млрд. теңге жұмсау межеленсе, бұл орайда ағымдағы жылдыңөзінде бірқатар жұмыстар атқарылды да.

Әсіресе білім саласында жақсы жаңалықтар көп. Бобровка кентінде 600 оқушыға арналған, Ұшақтар шағын ауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілсе, Степной кентінде 300 орындық мектеп құрылысын салуға арналған жобалау-сметалыққұжаттама әзірленіп жатыр.

Биылғы жылы қала жолдарын жөндеу үшін 1,2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Семейдің 8 орталық көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 929 млн. теңге; күрделі жөндеуге 65 млн. теңге; ағымдағы жөндеуге 206 млн. теңге бағытталды. Жалпы алғанда, қала көшелерінің 23 шақырым жолдары жөнделді.

Сондай-ақ Семейдің орталық бөлігін, Ертіс өзені жағалауын көркейту және каскадты субұрқақты реконструкциялау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Вокзал маңындағы алаң, М.Әуезов атындағы алаң, «Семей қаласына 250 жыл» деп аталатын стелла, Невзоровтар атындағы музей алдындағы саябақ, Революция және азамат соғысы қаһармандары құрметіне арналған мемориалды (Еске алу саябағын) көркейту жұмыстары жүргізілуде. Балаларға арналған ойын алаңдары орнатылуда. Бұл мақсатқа 1 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталған, немесе 2015 жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Жалпы құны 10 млрд. 197 млн. теңгені құрайтын Семей қаласыныңұшу-қону жолағын, жермен жүру жолдарын және әуежай вокзалын жөндеу, қауіпсіздік жанама жолақтарын және жарық белгілері құрылғыларын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында Комсомол, Ақсай және Ұшақтар тұрғын аудандарында 33 млн. 150 мың теңге көлемінде су және электрмен қамтудың магистралды және кварталішілік желілерін құруға жобалау-сметалыққұжаттамалар әзірленуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жоғары тұрған бюджеттерден жыл сайын қаражаттардың бөлінуі мүмкін болған жағдайда, жобаларды 2018-2021 жылдар аралығында іске асыру қарастырылады.

Ағымдағы жылы қалада барлыққаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйлер іске қосылды. Атап айтқанда, 120 орынға арналған Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатын корпусы, Мелькомбинат, 1 г көшесіндегі, Жас Алаш көшесіндегі, Иртышская - Победа көшесіндегі тұрғын үйлер, Мұздыбай ауылындағы 10 жер  бар. Пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылысы 14,2 мың шаршы метр көлемінде болды.

Жаңа Қарағайлы шағын ауданында жалпы аумағы 36,4 мың шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалпы көлемі 37,7 мың шаршы метр 8 көп қабатты тұрғын үй құрылысын бастау үшін облигациялыққарыздардыңқаражаты есебінен 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Семейдегі бұл жаңа аудан инженерлік желілермен (жылу, су құбыры, электр, телекоммуникация желілері) толыққамтамасыз етілген. Қарағайлы шағын ауданының жолдарын салу үшін жобалау-сметалыққұжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялау жұмысы жоспарлануда.

Бюджеттік қаражаттар есебінен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік коммуникацияларды тарту  жұмыстары жүргізіліп жатыр. Комсомол кентінде 77 тұрғын үйге электр желілері тартылды.

Степной, Жас Алаш кенттерінде 180 тұрғын үйге және Ақсай кентінде магистралдық электрлік желілерді салу жұмыстары аяқталуға таяу. Контрольный кентінің халқы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жұмысқа 2,6 млрд.теңге қаражат қарастырылып отыр. Затонның су тоғанын, Қайнар ауылындағы су құбыры желілерін, Шүлбі кентінің су тарту жүйесін жөндеу, Новобаженово ауылында су құбырын және Ұшақтар кентінде кәріздік коллекторды құру жұмыстары басталды.

ЖЭО-1, АҚ-1 кеңейту және жөндеу жобаларын қаржыландыру ісі бойынша қолға алынған мәселе де өз шешімін тапты. Келесі жылы жоғары тұрған бюджеттерден 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жұмысы да қарастырылып отыр.

Ертіс өзені арқылы кәріздік дюкерді және су құбыры желілерін реконструкциялау бойынша 4 жобаны іске асыру республикалық бюджеттік комиссия тарапынан қолдау тапты.

ЕҚҚБ-мен серіктестік шеңберінде ағымдағы жылы «Көшені жарықтандыру жүйелерін жаңарту» жобасы бойынша 1 млрд. 900 млн. теңге көлемінде несиелік келісім жасалынды. Бұл 7 296 көше шамдарын энергия үнемдеуші жарықтарға ауыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ағымдағы жылдыңқазан айында «Қоғамдық көлікті жаңарту» жобасы бойынша 4,5 млрд. теңге көлемінде несиелік келісімге қол қою жоспарлануда. Жоба 85 жаңа автобус сатып алуға мүмкіндік береді.

Семейде келер жылы 5000 орындық «Абай - Арена» атты қазіргі заман талабына сай мәдени-спорттық кешен салу жұмысы жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен бастапқы қаражат бөлінді. Бүгінгі күні ТЭН және жобалау-сметалыққұжаттама әзірленіп, қараша айында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігерлерге арналған конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесі таяу уақытта белгілі болады.

Байқап отырған боларсыздар, атқарылған іс аз емес. Ал алдағы жоспар тіпті ауқымды. Семейдің заман талабына сай болуы қашанда назарымызда. Бұл орайдағы жұмыс тоқтамайды. Таяу үш жылдағы Семей көшелері жөнделген, әлеуметтік нысандары талапқа сай, білім беру және денсаулық сақтау жүйесі халыққа ғылымның жаңа жетістіктерімен қызмет көрсете алатын қала болады деп ойлаймын. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру жұмысы алдағы жылдары жалғаса береді.

- Өзіңіз басшылыққа келгелі Қазақстанның шығысы индустриялы-инновациялық жобалар орталығына, жаңалықтардың жанды қозғалысы мекеніне айналып кеткендей...

- Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан - қоғам дамуының барлық саласында оңөзгерістерге бағыт алып, экономикасы, білім мен мәдениеті күн өткен сайын нығайып келе жатқан еңселі ел.

Біздің Шығыс Қазақстан бүгінгі таңда интеграциялық, инновациялық жобаларды жүйелі түрде іске асыру арқылы дамудың даңғылына қарышты қадам басуда. Елбасы өз Жолдауында: «Біздің мақсатымыз – жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу»,- дей келе, Үкіметке болашағы зор ұлттық кластерлер қалыптастыруды тапсырды. Осы тапсырмаға орай аймағымызда индустриалды-инновациялық бағдарламалар бойынша көптеген жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Жолдау аясында инфрақұрылымды дамыту мен әлеуметтік салаға жеке және бюджеттен тыс инвестициялар тарту жұмыстарыныңқарқыны белсенді. Еуропа қайта құру және даму банкінің пакетінде 229,5 млрд. теңгенің 93 жобасы жатыр.

Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша жалпы құны 381,4 млрд. теңге болатын, 1,8 мың жұмыс орнымен 6 жоба іске асырылды. Оның ішінде әлемдік деңгейдегі ірі тау-кен байыту комбинаттарының бірі саналатын Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты құрылысы, «Өскемен арматура зауыты» АҚ-ныңөндірісін жаңғырту, «Қазэлектромаш» ЖШС-ніңқондырғылар паркін жаңалау, Зайсан ауданындағы «Нұр» шаруа қожалығындағы шағын ет комбинаты, Өскеменде «ТАГ-ТИН» ЖШС (тәулігіне 200 тонна өнімділігімен жаңа жабдықтарды енгізе отырып майлы дақылдарды (қабыл, күнбағыс) қайта өңдеу  зауытыныңқұрылысы) және Глубокое ауданында «Алтай Кен-Байыту» ЖШС кенді қайта өңдеу көлемін және алтын шығару фабрикасында өнім шығару көлемін ұлғайту жұмысына бағытталған.

Облыстық кәсіпкерлікті қолдау картасында тіркелген жалпы құны 932,6 млрд. теңге тұратын, 16,8 мың тұрақты жұмыс орны бар 71 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. 2010 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта және ағымдағы жылдың  11 айында жалпы құны 589,2 млрд. тг. құрайтын 7,5 мың тұрақты жұмыс орнымен 43 жоба іске қосылды.

Аталған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Семей қаласы бойынша 2010-2017 жылдар аралығында Өңірлік карта аясында жалпы құны 9 млрд. теңге тұратын 7 жоба іске асырылды (бұл облыс бойынша  атқарылған  43 жобаның жалпы көлемінің 16,3%), 600-ден астам қосымша жұмыс орындары ашылды.

Бағдарламаның бірінші бесжылдығында жалпы көлемі 4,9 млрд. теңгені құрайтын  5 жоба іске қосылды. 2015-2019 жылдарға  жалпы көлемі  4,6 млрд. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба енгізілді, бұл жобалар есебінен қосымша 265 жұмыс орны ашылмақ.

2018-2019 жылдарға арналған инвестициялық жобалардыңқатарында «ет өнімін қайта өңдейтін  комбинат құрылысын» іске асыру жоспарланып отыр.

Инвестиция игілігі деген осындай жобалардың сәтті жүзеге асуы деп ойлаймын.

- Даниал Кенжетайұлы, облысымыздың шалғайдағы аудандарында инвесторлар тарту ісі қандай деңгейде? Бұл бағытта жергілікті билік органдары тарапынан қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

- Өзіңіз де білесіз, Елбасы Жолдауында инфрақұрылымдарды дамыту мен әлеуметтік салаға бюджеттен тыс инвестициялар тарту жұмысына басымдық берілген. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда бұл бағыттағы істіңқарқыны ауыз толтырып айтарлықтай дей аламыз.

Инвестициялар тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі Өңірлік кеңес құрылды. Облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталығында инвесторларға қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Инвестициялар тарту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық порталы ашылып, онда 560,2 млрд. теңгенің 85 жобасы орналастырылды және шетелдік инвесторларды тарту мақсатында индустриялық аймақтар жайлы ақпараттар берілді. Инвесторлардыңқұқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін инвестициялық омбудсмен институты құрылды. Шығыс Қазақстан аумағында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов  омбудсмен болып табылады. Инвесторлар мен мемлекеттіңөзара іс-қимыл мәселелері, осы орайдағы ағымдағы проблемалардың шешілуі Нұрымбет Аманұлының бақылауында.

Ағымдағы жылдың маусым айында облыста «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының аймақтықөкілдігі ашылды. Шығыс Қазақстан облысынан «Kazakh Invest» ҰК АҚ-да шамамен 226 млрд. теңгеге 26 жоба қаралды. Оның ішінде одан әрі мәселені пысықтау, инвесторларды іздеу үшін жалпы құны 45 млрд. теңгеге 12 жоба іріктелген. Жыл соңына дейін «Kazakh Invest» ҰК АҚ CRM (ЦРМ) ақпараттық-мониторингтік жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр, ол online режімінде әр жобаның іске асырылу барысының мониторингісін қамтамасыз етеді. Облыстағы инвестициялық белсенділікті арттыру жөнінде үйлестірілген және тиімді жұмысты арттыру мақсатында қазіргі уақытта (қалалар мен аудандар әкімдіктерініңқатысуымен) әлеуетті инвестициялық жобалар базасы құрылды (www.spkertis.kz), оныңқұрамына жалпы құны 188,3 млрд. теңгеге 130 жоба және бизнес-идеялар кірді.

Қазақстан - Қытай өзара іс-қимыл шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен ынтымақтастық бойынша Жол картасы жүзеге асырылады. 1,5 млрд. АҚШ долларына  8 инвестициялық жобаны қамтитын ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп және орман өнімдерін өңдеу, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, туризм, мәдениет және спорт салаларында бірлескен ынтымақтастық жоспарлары негізгі сегіз бағыт бойынша  жүргізіледі.

Сонымен қатар халықаралыққаржы институттарынан қаражат тарту мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану жолымен де белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл орайда 40,5 млрд. теңгеге 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар ЕҚДБ есебінен қаржыландыру үшін 16,4 млрд. теңгеге 2 жоба қосымша пысықталуда.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы 168 млрд. теңгенің 168 жобасы дайындалу үстінде. Биылдыңөзінде жекеменшік балабақшалардың жұмысына қатысты 64 келісімшартқа қол қойылды. Мұндағы мемлекеттік тапсырыстың көлемі – 7,8 млрд. теңге.

Дәл бүгінге дейін екі ірі концессиялық жобаға конкурс жарияланды. Аталмыш жобаның бірі – «Өскемен қаласында 300 орындық көпсалалы аурухана салу». Құны – 21 млрд. теңге. (Конкурс нәтижесі 12 желтоқсанда жарияланды. «Сарыдаглар Иншаат Ве Тиджарет Ананим Ширкети» АҚ-мен ғана конкурстықөтінім ұсынылды). Екінші жоба – «Зырян қаласының орталық жылу қазандығын реконструкциялау». Құны – 2,6 млрд. теңге. (Конкурс нәтижесі 11 желтоқсанда жарияланды. «Перспективная технология» ЖШС-мен ғана конкурстықөтінім ұсынылды).

Жақын арада «Семей қаласындағы 200 орындық балалар ауруханасын салу және пайдалану» жобасына конкурс жарияланбақ. Қазіргі таңда құны 16,2 млрд. теңге тұратын бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Семей қаласы бойынша Знаменка орта мектебінің түлектері материалдық базаны нығайтуға 3, 677 млн. теңге, Ертіс ауылдық орта мектебінің түлектері 1 млн. теңге көлемінде жәрдем көрсеткен. Бүгінгі күні 6 мектепте «Мәңгілік Ел» кабинеттері ашылған. «Менің мектебім» акциясы аясында 6 жалпы білім беретін мектепті (Шүлбі, Озерки, Приречный, Шақаман, сондай-ақ Бегалин және Ибраев атындағы орта мектептер) жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықтау жоспарланған.

Бүгінгі күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» атты ауқымды акция іске асырылуда. Акция мақсаты – мектептерді жаңа үлгідегі кабинеттермен - химия, физика және биология кабинеттерімен, сондай-ақ робот техникасымен қамтамасыз ету. Аталған іс-шара барысында қала мектептері бойынша 83 кабинетті қамту жоспарланған.

- Иә, облыс халқы өзіңіздің «Менің мектебім» атты бастамаңызды жас ұрпақтың болашағына жол ашатын ерекше жоба деп бағалады. Осы игілікті іс алдағы жылдары жалғасын таба ма?

- Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Патриотизм кiндiк қаның тамған жерiңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңiрiңе, яғни туған жерiңе деген сүйiспеншiлiктен басталады. Сол себептi мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы iзiнше оп-оңай кеңейiп, «Туған елге» ұласады»,- дедi. Бұл жай ғана айтыла салған науқандық мәселе емес, тамыры тереңде жатқан, ел болашағына алаңдаушылықтан туған, жүректен шыққан сөздер дер едім. «Туған жер» деген ұғым ешқашан ескірмейді десек, соны жүрегіне тұмар етіп ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгінің парызы. Ұлт Көшбасшысының бұл бастамасы парасат-пайымы жоғары әр азаматтың кіндік қаны тамған ауылының гүлденуіне, оған іңкәр сезіммен қарауына жол ашып, серпін беретін бағдарлама боларына сенімім мол.

Біздің аймағымызда қолға алынған «Менің мектебім» жобасы - Елбасының игі бастамасын қолдау мақсатында дүниеге келген бастама. Еліміздің болашағы жастарды мектеп қабырғасынан бастап ғылымның жаңа жетістіктерін үйренуге баулу қажет. Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер форумы аймағымызда ел болашағына алаңдайтын азаматтардың аз еместігін байқатты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында дүниеге келген «Менің мектебім» жобасы шеңберінде кәсіпкерлерді игілікті іске тарта отырып, бюджеттен тыс қаржы есебінен Назарбаев Зияткерлік мектебініңүлгісі бойынша облыстың толыққамтылған 277 орта мектебін 425 жаңа модификация және роботты техника кабинеттерімен қамту жоспарланып отыр.

Аталған жобаның келесі кезеңінде облыстағы толыққамтылған орта мектептердің 587 химия, физика және биология кабинеттерінің жиһазы жаңартылатын болады. Жиһазды облысымыздың жергілікті тауар өндірушілерінің колдауы аясында жаңарту жоспарланған. «Менің мектебім» жобасын жүзеге асыру алдағы жылдары да жалғасын табады.

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы елімізде қоғамдық сананы жаңғыртудың идеологиялық тұғырнамасы болып отырғаны белгілі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аймағымызда бірнеше бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын білеміз.

- Рухани жаңғыру - ел болашағының кепілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазақ халқыныңұмытылып бара жатқан ұлттыққұндылықтарын түгендеу мақсатын көздеген, қажет уақытта, қажет жерде шыққан құнды еңбек, маңызды құжат деп есептеймін. Аймағымызда бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да сан ал-уан. Өңірде «Рухани жаңғыру» бес жылдық кешенді бағдарламасы әзірленді. Оған 28 млрд. теңгеге 61 жоба кіріп отыр. Атап айтар болсақ, тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауға, мұражайлар ашуға, «Абай әлемі» кітабының сериясын шығаруға, классикалық музыка фестивальдарын өткізуге, театрлар мен шығармашылықұжымдардың гас-трольдерін ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Тәуелсіздік күніне орай, қазақстандық суретшілер картиналарының ауқымды көрмесі ұйымдастырылды, көрмеге қылқалам шеберлерінің шығармаларымен қатар, облыстық мұражай қол жеткізген таптырмас мұра М.Аманжолов пен Б.Табиевтің туындыларының түпнұсқасы қойылды. Келесі жылдың жазында Суретшілердің халықаралық пленэрі өтеді.

Археология және заманауи өнер мұражайының концепциясы мен құрылымы жасалып, сәулетші  А.Шадьяров музей құрылысының жобасымен халықты таныстырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен, табысқа жету тарихының мысалы арқылы тәрбиелеуді мақсат еткен  «100 жаңа есім» арнайы жобасы қолға алынды. Өнегелі өмірлері ерлік пен табыстың, шығармашылық жетістіктердіңүлгісіне айналған  жерлестерімізді ұсыну жұмыстарының нәтижесінде 11 шығысқазақстандық «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарына енді. Олардыңқатарында 5 ғалым, 2 ауылшаруашылыққызметкері, кәсіпкер, ұстаз, ақын, ұста бар. Атап айтқанда, Семей қаласынан  төрт, Шемонайха ауданынан екі, Өскемен қаласынан екі, Курчатов қаласынан бір, Жарма ауданынан екі адам республика бойынша 100 адамныңқатарына кірді .

- Елбасы мақаласындағы ерекше тапсырмалардың бірі – Қазақстанның киелі жерлерінің картасын жасау. Ата-бабамыз найзаныңұшымен, білектің күшімен қорғап қалған қазақ даласының әр өңірі киелі. Әсіресе біздің Шығыс Қазақстанда олардың саны аз емес. Қазақстанның киелі жерлерінің картасы жасалғанда нені ескеру керек деп ойлайсыз?

- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған тағы бір маңызды мәселе - еліміздегі киелі жерлерді анықтап, олардың тізбесі мен картасын жасау. Қазақстан аумағында орналасқан тарихи ескерткіштер мен киелі орындар халыққа біршама танымал. Біздің жеріміздегі елді мекендер мен жер-су атауларына байланысты  сонау көне заманнан бүгінге жеткен аңыз-әңгімелер көп. Халық көп барып, мінәжат ететін сол киелі жерлер жайлы аңыздардың бірқатарының негізінде тарихи шындық жатыр деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, тарихи жерлер бұрыннан зерттеліп келе жатса да, бірізділікке түспеген. Елбасының тапсырмасынан кейін еліміздегі киелі жерлердің географиясы анықталып, картасын жасау жұмысы қолға алына бастады.

Біздің Шығыс Қазақстан облысы да тарихы тереңде жатқан киелі жерлерге бай өңір. Бұл жобаларды жүзеге асыруда аймақтық жетекші университеттердің атқаратын жұмысы үлкен екенін атап өткен орынды. Олар барлық бағыттар бойынша кешенді жұмыстар жүргізу мақсатындағы ғылыми негіздемені дайындап қана қоймай, серіктес ретінде бірлескен жобалар бойынша шығындардың бір бөлігін де өздері көтеріп отыр.

Ғалымдармен бірлесіп «Шығыс Қазақстанныңөркениеттер құбылысы» ғылыми тұғырнамасы жасалады. Аталған тұғырнама аясында Қазақстанның шығыс бөлігінің бірегей тарихи-мәдени мұрасын кешенді зерттеу жұмысы қолға алынбақ және ол іс «Шығыс Қазақстанның көне қазыналары» және «Шығыс Қазақстанның маржандары» атты негізгі екі бағытта жүргізіледі.

«Көне қазыналар» жобасының шеңберінде аймақтағы 5 археологиялық нысан зерттелді (Катонқарағай ауданындағы Берел, Зайсан ауданындағы Шілікті қорғандары, Ұлан ауданындағы Абылайкит қорған-монастырі, Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы, Абай ауданындағы Қырықүңгір ескерткіші).

Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысында архео-логия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жоспарын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінеді. Бұл қадам өзінің оң нәтижелерін беріп келеді. Тек 2016 жылы ғана 5500-ге тарта, ал 2017 жылы 1500 жоғары ғылыми-танымдық және көркемдік құндылықтарға ие облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жинақтамасын толтырған артефакт табылған. Аталған жетістіктердің барлығы да әлемнің жетекші ғалымдары мен археологтерініңқатысуымен өңірде жыл сайын өткізілетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралықғылыми-тәжірибелік конференциясына ұсынылып жүр. Аймақтың тарихи-мәдени мұрасын әйгілеуге және танымдық туризмді дамытуға бағытталған «Шығыс Қазақстанның маржандары» аймақтық жобасы да дайындалуда. Аталмыш жобаны жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстанның киелі орындарының картасы жасалды. ШҚО-дағы 10 нысан республикалық Сараптау комиссиясыныңқарауынан кейін «Қазақстанның киелі жерлері» тізімін толықтырды.

Облысымыздағы мектеп оқушыларының киелі орындарға баруы үшін 23 бағыттағы тақырыптық тур және оқу ұйымдастыру бағдарламасы дайындалды. Киелі нысандардағы туристік инфрақұрылымдарды дамыту мақсатындағы шаралар да кезең-кезеңімен қабылдануда. Атап айтқанда, ағымдағы жылы 20 млн. теңгеге Абай ауданындағы Қоңыр Әулие үңгірінің туристік инфрақұрылымы жақсартылды, Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай Әулие кесенесінің аумағы 50 млн. теңгеге абаттандырылып, электр желісін тарту жұмысы жүргізілді. Қазір аймағымыздағы басқа да киелі нысандарда туристік инфрақұрылымды дамыту жұмысы бойынша ұсыныстар қабылдануда. Бұл бағыттағы игілікті істер алдағы уақытта жалғасын табады. Жалпы, аталған жобаның бес жылға жоспарланып отырғанын көпшілік біледі. Әр өңірдегі киелі жерлердің тізімі анықталып, республикалық картаға кірмей қалған нысандар облыстық картаға енеді. Киелі орындардың тізімі жасалған соң, арнайы альбомдар шығарылып, фильмдер де түсірілмекші. Бұл - өзінің туған жерін қадірлеп, ардақ тұтатын әр азаматтыңқатысуын қажет ететін шара.

- Мемлекет басшысы аса маңыз беріп, өркендетуді тапсырып отырған бағыттардың бірі - отандық туризм. Шығыс Қазақстан - туризм саласында әлеуеті өте зор аймақтардың бірі.  Осы бағыттағы атқарылған істер мен алдағы жоспарларға тоқтала кетсеңіз...

- Президент кенді Алтайға келген бір сапарында: «Шығыс Қазақстан – еліміздің інжу-маржаны. Тек қана табиғатымен емес. Мұнда өз өлкелерін мақтан тұтатын, оның гүлденуі үшін бар күш-жігерін жұмсайтын тамаша, еңбекқор және дарынды адамдар өмір сүреді»,- деген болатын. Шынында да, Қазақстанның шығысы - Абай, Шәкәрім, Мұхтар дүниеге келген ұлылар мекені. Руханият пен өнердің бесігі. Қазақ халқының елінің болашағын ойлаған ардақты ұлдарының озық ойлары қанат қаққан киелі жер. Бұл өңірде өндіріс те, ауыл шаруашылығы да, туризм саласы да ежелден өркен жайған.

Қазақстан Республикасында туризм саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, аймағымызда «Алтай інжуі» кластерін құру бағытында жұмыс жүргізілуде. Туристер көп келетін бағыттарға көліктіңқолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында соңғы 2 жылда жалпы көлемі 4,3 млрд. теңгеге автомобиль жолдары жөнделді (Алакөл, Сібе, Марқакөл көлдеріне, «Нұртау», «Алтай Альпісі» тау-шаңғы базаларына). Жағажай туризмін дамыту аясында Алакөл, Сібе көлдерінің жағалауларын абаттандыруға 550 млн. теңге қаржы жұмсалды.

Келер жылы облыстық бюджет есебінен 1,3 млрд. теңгеге Жалаңашкөл станциясы – Қабанбай ауылы автожолының жөндеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар келесі  маусымда турис-терді қабылдау жұмысын жақсарту үшін Алакөлдің жағалауына Өскемен қаласы – Жалаңашкөл станциясы, Семей қаласы - Жалаңашкөл станциясы бағында темір жол қатынастары ретке келтіріледі деген жоспар бар.

Рекреациялық аймақтарды дамыту бойынша қосымша резервтерді анықтау мен ары қарай инвесторларды тарту үшін облыстағы көлдер мен Бұқтырма су қоймасының жағалауында жер телімдерін ауқымды инвентаризациялау жұмыстары жүргізілді. Пайдаланылмай жатқан жер телімдері инвесторларды тарту арқылы туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатына жұмсалады.

Ағымдағы жылы облыстағы  8 көл мен 2 бұлақтың су құрамына (химиялық, бактериологиялық, радондық) ғылыми зерттеу жүргізіліп, балнеологиялыққорытынды алынады. Жалпы, 2015-2017 жылдары облыста туризм саласында 925 млн. теңгеге 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Шекара маңындағы Катонқарағай ауданы мен Марқакөлге шетелдік туристерді тарту үшін көші-қон полициясы органдарының келісімінсіз барып-келу туралы бастамамызды Үкімет қолдады. Осы уақытқа дейін міндетті болған арнайы рұқсат талабы туристердің емін-еркін келіп-кетуі үшін елеулі қиындықтар туғызып келген еді. Сол шектеулердің алынуы нәтижесінде Катонқарағай ұлттық паркі мен Марқакөл табиғи қорығының базасында экологиялық туризмніңқарқынды өсуіне мүмкіндік молаяды деген үміттеміз.

Сондай-ақ Алакөлдің жағалауында ҚХP-мен арада шекаралық туристік серіктестіктік құру жұмысы да көші-қон визалық режімі арқылы қолға алынып, қажетті жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен, шетелдік тиісті орындармен бірлесе әзірлену үстінде.

Жалпы алғанда, облыстың туризм бағытындағы бүгінгі дамуын экономикалық тұрғыдан оңды нәтижелермен сипаттауға болады. Елбасының стратегиялық жоспарларын, мемлекеттік бағдарламаларды табысты орындау үшін мүмкіндіктер жеткілікті. Қазақстандық және шетелдік туристер үшін, әсіресе Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Батыс Алтай қорығы, Мұзтау, Бұқтырма су қоймасы, Алакөл, Марқакөл, Сібе, Тайынты көлдері, Қызыл керіш шатқалы, Ақбауыр табиғи-тарихи ескерткіші, «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы, Қоңыр әулие үңгірі, Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ырғызбай ата кесенелері сияқты жерлерге сапар шегу аса қызықты болатыны анық. Бұл нысандардыңөңірге келетін турис-тер санын арттыруға ықпалы аз болмасы анық.

- Даниал Кенжетайұлы, қымбат уақытыңызды бөліп «Семей таңы» газетіне арнайы сұхбат бергеніңізге рақмет!

Келе жатқан 2018 жыл, Шығыс күнтізбесіне сәйкес, ит жылы. Жұлдызшылар  бұл жыл қол қусырып қарап отырмай, еңбек еткендер үшін қаржылық тұрғыдан тұрақты жыл болады, ал Егіздер белгісінде туғандарға сәттілік серік болады деген жорамал айтады. Табалдырықты аттауға аз ғана уақыт қалған Жаңа жыл өзіңізден, жанұяңыздан жақсылығын аямасын, еліңіз үшін атқарып жатқан жұмыстарыңыз табысты болсын деген тілек білдіргім келеді.

Сұхбатты жүргізген Риза МОЛДАШЕВА.

Тәртіп сақшыларына тарту

Қазақстан полициясының 25 жылдығы қарсаңында семейлік тәртіп сақшылары үлкен сыйға ие болды. Қалалық ІІБ-на қарасты Затон полиция бөліміне жаңа әкімшілік ғимарат беріліп, 50–ден астам су жаңа автокөліктің кілті табысталды. Кәсіби мереке қарсаңындағы салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, ШҚО ІІД бастығы, полиция генерал–майоры Жанарбек Бақтыбаев қатысты.

100 мыңнан астам тұрғын тұратын аумақтың қоғамдық қауіпсіздігіне жауапты Затон полиция бөлімінің жаңа қонысқа көшуі жайдан–жай емес. Бөлім орналасқан ескі ғимарат өткен ғасырдың 30-шы жылдарында салынған. Техникалық әрі санитарлық нормаларға сай келмейтіндігі көптен бері айтылып, бөлімнің жеке құрамын ІІМ Семей заң колледжінің ғимаратына орналастыру меселесі облыстық ІІД басшылығы тарапынан 2010 жылы көтерілген екен. Өңірдегі полиция қызметін жетілдіруді ескерген облыс басшылығы облыстық бюджеттен қаржы бөліп, ғимаратты барлық талаптарға сай етіп қайта жарақтап шықты. Ішкі істер органдарының жедел–қызметтік әрекеттерінің өзгешеліктері мен стандарттарына сай келетін ғимараттың ашылу сәтінде аймақ басшысы Даниал Ахметов сөз алды.

- Баршаңызды Қазақстан полициясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Зор денсаулық, қызықты, бақытты өмір тілеймін. Бүгін ашылатын жаңа ғимарат - азаматтардың қауіпсіздігін, конституциялық құқықтарын, қоғам тыныштығын сақтауды ең басты орынға қойып отырған Елбасы саясатының көрінісі. Заман талабына сай ғимарат аса жауапты ішкі істер органдары қызметін одан әрі жақсартуға ықпал етеді деп сенемін. Жыл сайын сіздердің қызметтеріңізді жаңа сатыға көтеру үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Бір ғана ағымдағы жылды алатын болсақ, ішкі істер органдары қызметін оңтайландыру үшін бөлінген қаражат былтырғы жылмен салыстырғанда 42 пайызға артты. Аймақ полицейлері үшін биыл 240 көлік сатылып алынады. Осылайша, Шығыс Қазақстан сақшылары көлікпен 100 пайыз қамтылған алғашқы облыстардың бірі болмақ. Бұл жолдағы қауіпсіздікті сақтап, қоғамдағы келеңсіз жағдайлар мен түрлі қылмыстың алдын алуға септігін тигізері сөзсіз,- деген Даниал Кенжетайұлы өз құттықтауынан кейін жергілікті полиция бөлімі, жол–патрульдік полиция батальоны басшыларына жаңа автокөлік кілттерін табыс етті.

Облыстағы қоғамдық тәртіпті қадағалауға қатысты атқарылып жатқан шаруалар жайлы тілшілерге берген сұхбатында облыс әкімі бұрын–соңды жетпеген жетістіктерге қол жеткізетінімізді атап өтті.

- Полиция қызметін жетілдіру назарымыздан тыс қалған емес. Оларға қажетті алғашқы көліктерді сатып алдық. Жақын күндері жеке құрам үшін 10 автобус сатылып алынады. Автобустар полицейлер үшін қажетті барлық жабдықтармен жарақталған. Бір атап өтерім – сатылып алынатын көліктердің барлығы облысымыздағы көлік құрастырумен айналысатын зауыт өнімдері. Бұдан бөлек Өскемен мен Семей қалаларының орталықтарын толық бақылауда ұстайтын 60 бейнебақылау камералары орнатылады. Егер біз ағымдағы жылы техника мәселелерін шешсек, келер жылы полицейлерді баспанамен қамтуды бір жақты етуді қарастырамыз,- деді Даниал Кенжетайұлы.

Бұдан әрі облыс әкімі ғимаратты аралап көріп, өзінің оң бағасын берді. Ғимаратта, Затон полиция бөлімінен бөлек, жергілікті полиция қызметі, арнайы жасақ қызметкерлері орналасады. Сонымен қатар бұған дейін Әуезов полиция бөлімінде орналасқан уақытша ұстау изоляторы да осында көшірілді.

- Қаладағы уақытша ұстау изоляторы 1976 жылы салынып, пайдалануға берілген. Ол бүгінгі күннің талабына жауап бере алмайды. Изолятор 20 адамға арналғанымен, күнделікті ұсталатын адамдардың саны 35–ке дейін жететін. Жаңа изолятор 48 орынға арналған. Ол жерде барлық жағдай қарастырылған. Изолятор халықаралық стандарттарға сай жабдықталған. Тіптен медбике бөлмесі, уақытша қамаудағылар үшін серуендеу алаңы да қарастырылған. Қажетті құрал–жабдықтар, көрпе – жастықтар, медициналық қондырғылар, дәрі - дәрмектер - барлығы жаңадан сатылып алынды. Жалпы, бұл полиция бөлімі қызмет көрсететін аумақта 13 мектеп, 13 жатақхана, 10 қонақ үйі, 19 ірі ұжымдар мен өндіріс кооперативтері, басқа маңызды нысандар орналасқан. Облыс әкімдігі тарапынан беріліп отырған қызметтік көліктер жеделдікті әрі техникалық жабдықталуды арттыру мақсатында жергілікті полиция, жол–патрульдік полициясы қызметкерлері мен қалаға қарасты 11 ауылдық округтегі учаскелік инспекторларға беріледі. Бұл семейлік тәртіп сақшыларына артылып отырған тың жауапкершілік деп білеміз. Сенімді ақтауға тырысамыз. Осы орайда облыс әкіміне, облыстық ІІД бастығына өз қызметтестерімнің атынан алғыс айтқым келеді,- дейді Семей қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Ақылхан Қасқабаев.

Жаңа ғимаратқа қоныстанып, жаңа көлікке ие болған семейлік тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда қырағылық танытатынына сенімдіміз.

Ермек ИСАБАЕВ,

«Семей таңы»

ДАНИАЛ АХМЕТОВ: АЛАКӨЛ ҚАЗАҚСТАН МАҚТАНАТЫН ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛАДЫ

Алакөл - Қазақстанның інжу-маржаны. Айдынды Алакөлге жыл сайын сан мыңдаған туристер келіп, тұмса сұлу табиғаттың байлығына тамсанып, дерттеріне дауа тауып жатады. Биыл Алакөлге келетіндер саны арта түседі. Себебі мұнда заман талабына сай туристік кластер қалыптасуда. Келбетті нысандар, кең әрі жарық көшелер, серуендеуге арналған заманауи талаптағы саябақ пен жағалаудың әдемі көрінісі... Мұның барлығы Алакөл жағалауында орын алады.

«Алакөл – Қазақстан мақтанатын демалыс орнына айналады», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов өткен аптада Үржар ауданына жасаған жұмыс сапарында. Алакөлдің жағасында жүргізіліп жатқан жұмыстарды арнайы көруге келген Даниал Кенжетайұлы алдымен  демалушылар келіп тоқтайтын автобекетке барды. Бұл жерде облыс әкімі автобекетті асфальттау жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Бұдан кейін аймақ басшысы «Мандарин» демалыс үйіне барып, асхана мен демалушылар тоқтайтын бөлмені көріп, заманауи талаптарға сай болуына назар аударды, күндік ақысымен танысып, қожайыны Тоқтыхан Хамитоваға демалыс үйінің аумағын абаттандыру жұмысын аяқтауға тапсырма берді.

Естеріңізде болса, облыс әкімі Даниал Ахметов Алакөл аумағын абаттандыруға 500 млн. теңге бөлген еді. Қосымша 1,5 млрд. теңге Достық - Алакөл бағытындағы жол жөндеу жұмыстарына қарастырылған. Жұмыс қарқын алған. Жағалау жаңа кейіпке еніп келеді.

Алайда өз аумағының заманауи талапқа сай болуына кейбір кәсіпкерлер салғырттық танытуда. Даниал Кенжетайұлы кімде–кім санитарлық талаптарға жүрдім – бардым қараса, жұмыс істеуге рұқсат ала алмайтынын тағы бір мәрте ескертті.

- Демалушылардың денсаулығына қауіп - қатер әкелетін бірде-бір нысан ашылмайды. Өйткені санитарлық тазалық болуы керек. Абаттандыру, көгалдандыру, сонымен бірге сәулет, құрылыс жұмыстары да өз деңгейінде орындалуы тиіс. Осы мәселе шешілмесе, ешкім де демалыс базасын аша алмайды. Мен маусым айында арнайы жұмыс комиссиясын жіберемін. Оның құрамына нысан жұмысы үшін рұқсаты керек барлық ведомство өкілдері кіреді. Мамандар бизнесмендерге нені түзету керектігін көрсетеді. Бұл осы жерге келетін 300 мың қонақтың денсаулығын қорғау үшін жасалып отыр, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Одан кейін облыс басшысы Алакөлдің жағалауынан ашылатын саябаққа барып, ондағы құрылыс жұмыстарын көрді. Бүгінде заманауи талапқа сай төселген тақта тастар, тамырланып үлгерген әр алуан талдар, газон төңіректі жасылдандырып, саябаққа ерекше көрік беріп тұрғанын атап өткен Даниал Кенжетайұлы алдағы уақытта саябақты тағы да  1,5 гектарға кеңейтуді тапсырды. Саябақтағы жұмыстар межеленген уақытта аяқталатынын жеткізген Серік Зинабекұлы аумақты көгалдандыру мақсатында тамшылатып суару әдісі қолданылатынын айтты.

«Келешекте бұл саябақ заманауи талапқа сай болатынына еш күнәнім жоқ»,- деп оң бағасын берген облыс әкіміне Серік Зинабекұлы бұл аймақта 1500 орынға арналған заманауи талаптағы «Керуен плаза» демалыс үйі салынатынын жеткізді. Сондай-ақ Даниал Ахметов Алакөлдің орталық көшесіне («Арбат») барып, жағалаудағы жұмыстарды да өз көзімен көрді. Осы ретте Даниал Кенжетайұлы жағалауды кеңейту жұмыстарына қосымша қаржы бөлінетінін атап өтті.

Бұдан кейін облыс әкімінің басшылығымен Алакөл аумағын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша арнайы жиын өтті. Жиын барысында Үржар ауданының әкімі Серік Зинабекұлы облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмаларын орындауда атқарылған жұмыстарды атап өтті.

- Өткен жылы 147 демалыс үйі арнайы меморандумға қол қойып, бүгінде олардың 19-ы ғана заманауи талапқа сай келіп отыр. 64 демалыс базасы аумақтарын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы, 83 нысан жазғы көл уақытына дейін демалушыларға қолайлы жағдай жасауға дайын болады. Ал қалған 64 демалыс үйі маусым айында алға қойылған міндеттерді орындайды. Дегенмен 10-нан бастап 50 демалушыға дейін қабылдайтын демалыс үйлері қойылған талаптарды орындамай отыр. Барлық нысан иелерімен жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Егер талаптар орындалмаса, демалыс базалары ашылмайды.

Бүгінде Алакөл аумағындағы саябақ құрылысы 70 пайызға толық орындалды. Сондай-ақ «Арбат» жобасы бойынша 3D форматындағы тақта тастарды төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінде ұзындығы 5 метрлік шойыннан жасалған жарық шамдар орналастырылды. Жағажайдағы темір құрылысының үстіне кез келген ауа райына төзімді террасалық тақтайды қою жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, автобекетке жарықтандыру жүйелері тартылып, автобустарға заманауи нақыштағы қалқан жасау жұмысы қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ аумағы 1 гектарды құрайтын автотұрақтың жұмысы бойынша қоршау, жоспарлау, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде 4,4 шақырымға жарық тартылып, 600 метр жаяу жүргінші жолы жобадағы жоспар бойынша орындалып, сондай-ақ 80 бейнебақылау жүйесін орнату қолға алынды. Аталған жұмыстардың барлығы маусым айында аяқталады,- деді Серік Зинабекұлы.

Әрі қарай сөз кезегін алған ШҚО ТЖД-нің басшысы Нұрлан Мадияров Алакөл аумағындағы демалыс үйлерінде 90-ға жуық өрт қауіпсіздік шаралары бұзылғанын  атап өтті. Оның айтуынша, барлық үй иелеріне ескерту беріліп, анықталған кемшіліктерді маусым айына дейін жою тапсырылды.

- Аталған демалыс үйлеріне әкімшілік жаза қолданылып, 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар меморандумға қол қойған демалыс үйлерінің 19-ы ғана өрт қауіпсіздігі талаптарына сай. Ал 128 нысанда автоматты өрт дабылы орнатылмаған. 120 демалыс базасында орнатылған электр желілері талапқа сай емес. Өткен жылы 2 нысан өртке оранып, оның себептері электр жабдықтарын орнатудан болған еді.

- Былтырғы тексеру жұмыстары бойынша 1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, тазалық жұмыстарына селқос қарайтын нысан иелеріне ескерту жасалды. Ал талаптарды орындамағандардың ісі сотқа беріледі. Яғни әрбір келген демалушы санитарлық талапқа сай дұрыс тамақтанып, денсаулығына нұқсан келтірмеуі тиіс. Бұл жұмыстар аясында заңнамалық негізде 20, 40, 120 айлық есептік көрсеткіштер бойынша үлкенді-кішілі демалыс үйлеріне айыппұлдар салынып, жұмыстар жалғасуда,- дейді ШҚО бойынша қоғамдық денсаулықты сақтау мекемесінің басшысы Ғазиз Сүлейменов.

Жиында Даниал Кенжетайұлы өткен жылы осы өңірдің 147 кәсіпкерімен кездескенде, барлығы да бір кісідей уәде бергенін еске салды. - Құрметті жерлестер, туған өлкемізді гүлдендіру мақсатында қаржы бөлініп, жұмыс қызу жүріп жатыр. Кәсіпкерлердің айтуы бойынша, Достық - Алакөл бағытындағы жолға да қаржы бөлінеді. Мұнымен қоса әуе бағыттарын көбейту туралы ұсыныстарыңызды да ескеріп, Астана, Алматы, Өскемен, Семей бағытындағы рейстер пайда болды. Алайда сіздер орындалуы тиіс талаптарды ұмытпаңыздар. Олай болмайтын жағдайда, бірде-бір демалыс үйінің жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Сондықтан туристерге дұрыс жағдай жасаңыздар. Десе де 83 нысан заманауи бағыттағы талаптарды орындады. Бірақ  қалғаны да осы үлгілі істен өнеге алуы тиіс. Бұл демалушылардың санын көбейтіп, олардың денсаулықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заманауи талаптағы жағдайда демалуға мүмкіндік береді. Ал рұқсатсыз демалыс үйлерін ашқан адамдар болса, олар заң алдында жауап береді. Жалпы, белгілі бір нысан салуға арналған жер жұмыс істеймін, заманауи талапты орындаймын деген еңбекқор азаматтарға беріледі. Енді алдымызда тұрған бұл жауапты істе барлығымыз бір ауыздан береке-бірлік танытып, алға қойған мақсаттарды белгіленген уақытта орындайық,- деген облыс әкімі интернеттің жылдамдығын арттыру, электр желілерін реттеуге қатысты мәселелерге тоқталып, жаңадан бизнес бастаймын деген кәсіпкерлердің бірқатар сауалдарына жауап берді.

Бауыржан ЖАҚЫП, «Семей таңы»

Еще статьи...