Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 90 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІНДЕ

СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІНДЕ

ӨРКЕНДІ ІСТЕР ӨРІСІ

26 маусым күні Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов жергілікті, облыстық және республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәжілісін өткізіп, қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы жайында жан – жақты ақпарат берді.

Алдымен журналистерді Ақпарат және байланыс қызметкерлері күнімен құттықтаған шаһар басшысы Ермак Сәлімов Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан шаруалар барысымен таныстырып, қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы айтып берді. Қаланы жарықтандыру, су, жылу мәселелері, тасқын зардаптарының өтелуі, жаңа жобалардың жүзеге асуы, тұрғын үй құрылысы және басқа да салаларды қамтыған өзекті мәселелер бойынша сауалдарын жолдаған журналистер шаһар басшысынан нақты жауаптар алды.

Ермак Бидахметұлының сөзіне сүйенсек, қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы соңғы жылдары жақсы көрсеткіштерге ие. Жыл басынан бері өндірісте 66,4 млрд. теңгеге өнім шығарылса, ауыл шаруашылығы бойынша 6,2 млрд. теңгенің тауары саудаланған. 30 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері кәсіптерін ашып, қала бюджетіне қомақты қаржы құйылуда.

Қаңтар айынан бері 3 мың 525 тұрғын жұмысқа орналасса, нәтижелі жұмыс және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 162 адам кеңес алып, 33 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 7 тұрғынға екінші деңгейлі банктер арқылы 81 миллион теңге несие берілген.

Қала бюджеті де жылдан - жылға артып келеді. Дамудың барлық көрсеткіштері бойынша облыстағы аудандар мен қалалар арасында Семей 2016 жылы оныншы, 2017 жылы сегізінші орыннан көрінсе, 2018 жылдың қаңтар - мамыр айлары аралығындағы статистика бойынша, 5-ші орынға табан тірепті. «Бұл мемлекеттік қызметкерлердің, кіші және орта бизнес өкілдерінің, ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жемісті еңбегінің нәтижесі»,- деді қала әкімі.

Күнделікті халық тұтынатын азық - түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін алты сауда нүктесінде азық - түлік жеңілдетілген бағамен ұсынылуда. «Солтүстік» сауда - логистикалық орталығынан елу сауда орны шаруа қожалықтарына тегін беріліп, олар ауылшаруашылық тауарларын халыққа арзан бағамен саудалап келеді. Жыл басынан бері 24 жәрмеңке ұйымдастырылып, 120 миллион теңгеден астам қаражатқа сауда-саттық жасалған. Сонымен қатар «Эмиль» ЖШС, «Багратион» ЖШС, «Восток Молоко» ЖШС, «Зайтенов» сияқты шаруа қожалықтарымен сүт және сүт өнімдеріне бағаны тұрақтандыру жөнінде келісімшартқа қол қойылған. Нәтижесінде аталған кәсіпорындардың сүт өнімдері 5-7 пайыз үстеме бағамен сатылуда. Мемлекеттік «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша осы жылы құны 143,9 млн. теңгені құрайтын 29 жобаға қолдау көрсетілген.

Қала әкімінің айтуынша, «Агропортал» ЖШС жобасы аясында Семейде ет өңдеуші комбинат салынады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, бұл мақсатта 2017 жылдың 29 желтоқсанында ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен келісімшартқа қол қойылып, қала әкімінің қаулысымен аумағы 55 гектарды қамтитын жер телімі бөлінген. Қазіргі уақытта «Jahan Mana» ирандық компаниясымен зауыттың жобалық–сметалық құжаттары рәсімделуде. Бұдан бөлек Семейде «Пожьбарьер», «Казэлектромаш» сынды инвестияциялық жобалар жұмыс істеуде.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған «Менің аулам» бағдарламасы қабылданған. Ол бойынша осы жылы көп қабатты тұрғын үйлердің 12 ауласын абаттандыруға қалалық бюджеттен 611 миллион теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Ал қала көшелері және аулаларды абаттандыруға қалалық бюджеттен 1 млрд. 196 миллион теңге қаралған.

Сондай-ақ Ермак Бидахметұлы салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын арттыру үшін қаланың әр ауданынан 11 спорт алаңын салу жоспарланып отырғанын да айтып өтті. Оған 90 миллион теңге қаражат бөлінген екен. Семейліктерді әсіресе Абай алаңын абаттандыруға 87 миллион теңге бөлінуі қуантып отыр. Туризмді дамыту бағытында да кешенді жұмыстар қолға алынған. Бүгінгі күні Семейде 22 туристік компания тіркелген.

Қала көшелерін күрделі және ағымдағы жөндеуге биыл 2 млрд. 235 миллион теңге қарастырылыпты. Ал Мичурин көшесіндегі күрделі жөндеу 1 қазанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Көптеген жылдар бойы жөндеу көрмеген Найманбев көшесі, сондай-ақ автокөлік көп жүретін Тәңірбергенов, Титов, Орманды, Қабанбай батыр, Аймауытов көшелері жөнделуде. Жалпы, осы уақытқа дейін 36 көше ағымдағы жөндеуден өткен. Семейліктердің сүйікті демалыс орындарының бірі Озеркиге баратын жолды қалыпқа келтіру жұмыстары да жоспарда бар көрінеді.

– «Қазақтелеком» АҚ кабелі Мичурин көшесі арқылы өтеді. Кезінде мұның бәрі ескерілмегендіктен, жобаны қайта қарауға тура келді. Жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы сондықтан. Көшедегі жол жиектері мен жарық шамдары да жаңартылуда. Ал Дәстенов көшесіндегі жол қиылысында орын алған келеңсіздіктерді реттеу жайлы тапсырма бердім. Бәрі қайта жасалынатын болады,- деді Ермак Сәлімов.

Семейде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қолға алынған бірқатар жобалар бар. Соның нәтижесінде Затон, Шүлбі, Новошүлбі кенттерін сумен қамту мәселелері бір жолға қойылды. Алайда Қайнар кентін сумен қамту көптеген жылдар бойы шешілмей келе жатқан түйінді мәселе болып отыр.

- «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өткен жылы Қайнарды сумен қамту жобасы қолға алынған болатын. Бірақ мердігер мекеменің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан көптеген олқылықтар орын алды. Бұл орайдағы Қайнар ауылы тұрғындарының реніші де орынды. Бағдарлама мен қаржыландыру бар. Тек мердігерлердің жұмысы алға баспай отыр. Қазір бұл мекеменің ісі сотта қаралуда. Жуырда жаңа конкурс жарияланады. Жыл аяғына дейін жобаны жүзеге асыруға мүдделіміз,- деді әкім.

Журналистер сауалына жауап бере отырып, Ермак Бидахметұлы кейбір мәселелердің жауабын БАҚ өкілдерімен бірге қарастыратынын жеткізді.

- Жарықтандырылмаған көшелердің желілері жергілікті әкімдікке қарамайды. Ал оған жауапты кәсіпкерлік қазір банкротқа ұшырап отыр. Кезінде олар желілерді сатып алу жайлы ұсыныс жасағанымен, біз басқа жолды таңдадық. Себебі онда түсініксіз жайттар көп болды. Жарық шамдарын ауыстыру жайлы Еуропалық қайта құру және даму банкімен келісімшартымыз бар. Жарықтандырылмаған көшелермен сол келісімшарт аясында жұмыс істейтін боламыз. Бірақ банкпен жұмыс өте баяу және ұзақ жүріп жатқанын айта кету керек. Сондықтан бұл - уақыттың еншісіндегі жұмыстар. Бұл сала әсіресе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінен қарқынды және шапшаң жұмысты талап етеді. Ал жер асты жолдарын жарықтандыру жөнделген көшелердегі шамдар есебінен жүзеге асады,- деді Е.Сәлімов.

Семейдегі қоғамдық көлік мәселесі де тілшілер қауымы назарынан тыс қалмады. Естеріңізде болса, тамыз айында Семейдегі қоғамдық көлік тасымалына жаңа конкурс жарияланатыны туралы айтылған еді. Алайда кездесу барысында Ермак Бидахметұлы конкурстың жарты немесе бір жылға шегерілгенін жеткізді. Себебі, шарт бойынша, тасымалдаушы мекеме жаңа көліктерін ұсынуы керек және электрондық билет жүйесі болуы міндетті. Сонымен қатар көліктердің отандық өнім болуына да басымдық беріледі.

- 2013 жылы жарияланған конкурс келісімшарты тамыз айында аяқталады. Ал жаңа мердігер мекеме бұрынғы қателіктерді қайталамайтындай сапалы қызмет ұсынуы керек. Биыл тасымалдаушылар билет құнын көтеру туралы шарт қойған кезде, біз олардың жол шығыстары мен кірістері туралы ақпараттарды білмедік. Сондықтан электрондық билет жүйесін енгізген дұрыс. Біздің мамандарымыз Минскіге, Барнауылға, Бирскіге барып, олардың бұл саладағы тәжірибелерін байқап қайтты. Қазір беларустық және астаналық компаниялардың ұсыныстарын қарап жатырмыз. Алдағы екі ай ішінде кіммен жұмыс істейтінімізді айқындайтын боламыз. Көліктердің отандық өнім болуына да басымдық беріледі. Себебі отандық тауарға қазір мемлекеттен жақсы қолдау болып отыр және біз соны ұтымды пайдалануымыз керек. Оны Қазақстандық даму банкі «Лизинг» қаржы институты арқылы қаржыландырады,- деді Ермак Бидахметұлы. - Қоғамдық көліктерді жаңарту бастамасы жақсы жүзеге асып жатыр. Дегенмен электрондық билет жүйесі мен қоғамдық көліктерді толық жаңартуға әлі дайын емеспіз. Алдымызда жаңа парк жасақтау және үлкен, орта және кіші кластағы 170 автобусқа қол жеткізу міндеті тұр. Сондықтан тасымалдаушылармен сөйлесіп, келісімшартты жарты жылға немесе бір жылға созуға тура келіп тұр.

Семейде су басқан үйлерді қалпына келтіру қарқынды жүзеге асуда. Бүгінгі күні Пристань аумағында және Мирный кентінде тасқыннан зардап шеккен 205 үйдің 160-ы мердігерлермен келісімшартқа отырыпты. Оның 135-і тіркеуден өтіп, бұл бағытта бастапқы 51 млн. теңге игерілген.

- Республикалық бюджеттен 138 миллион теңге қолымызға тиді. Тұрғындар арасында жөндеу жұмыстарымен кімнің айналысатыны туралы біраз дау-дамайлардың болғаны рас. Бұған түсіністікпен қарап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Мердігері анықталмаған 54 үйдің құжаттарын жөндеу үшін тиісті мамандар жұмылдырылды. Мақсатымыз - 1 қыркүйекке дейін бөлінген қаржыны игеріп, баспаналарды қалыпқа келтіру. Бұл бағытта Бобровкада жұмыс аяқталды деуге болады. Мердігер мекемелер – «Сәт-Транс» ЖШС мен «Гордорстрой» - өз жұмыстарын сәтті аяқтады. Аталған аудандағы апатты деп танылған бір үйді «Сәт-Транс» ЖШС өз қаржысына тұрғызып беретін болды,- деді шаһар басшысы.

Ал тұрғындардың мүлік шығыны 22 млн. теңгені құрайды. Шаһар басшысы бұл шығындардың қалалық бюджеттегі төтенше жағдайлар қорынан келесі аптаның соңына дейін өтелетінін айтты. «Нормативтік-құқықтық актіде айқындалған, яғни тұрмысқа ең қажетті заттар ғана өтеледі. Жатын орынның, ас үйдің жиһаздары мен техникалық мүліктер ғана сатылып алынады»,- деді қала әкімі.

Су тасқынына себепкер болған деген «Ертіс» бассейндік инспекциясына қатысты сот жұмыстары әлі жалғасуда. Бассейн қызметкерлері су жіберетінін екі күн бұрын ескерткенімен, бөгет қойып үлгермедік дейді қала әкімі.

- Әдетте, «Ертіс» бассейндік инспекциясы мұз еріген кезде суды жіберетін. Олар секундына 1600 текше метр су жібереміз деп айтқанымен, су мөлшері 1800 текше метрге жетті. Екі күн ішінде халықты көшіріп үлгердік, бірақ бөгет қойып үлгермедік. Жұмыла жұмыс ісегеніміздің арқасында, орталық су құбырын қорғап қалдық. Егер олай істей алмағанымызда, орталық су құбыры аман қалмайтын еді. Қазір осы мәселеге қатысты сот процесі әлі жүріп жатыр. Біз де зардап шегуші тарап ретінде сотта өз жауабымызды айттық. Бұл жердегі ең маңызды мәселе – суды жіберумен дұрыс айналысу керек,- деді Е.Сәлімов.

Жуырда облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен, Түйемойнақ аралынан Мирный кентіне дейін, ұзындығы 25 шақырымды қамтитын Ертіс жағалауын бекіту туралы жобаға қол қойылған болатын. Қаржы қалалық бюджеттен қарастырылыпты.

Былтыр Бейбітшілік аралында жағажайдың ашылуы тұрғындар үшін қуанышты жаңалық болған еді. Алайда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жоспары негізінде жасалынған жобаның шикілігінен көп ұзамай жағажайды су шайып кеткен. Ермак Бидахметұлының айтуынша, осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында биыл мердігерлер арасында тағы байқау ұйымдастырылмақ. Әзірге ниет білдіруші екі мердігер тіркеліпті.

- Жағажай жұмыстары үшін техникалық - экономикалық дәлелдемелері толық мердігерлерді іздестірудеміз. Алда тағы конкурс болады. Әзірге екі өтініш беруші бар. Олар екі түрлі аумақты ұсынып отыр. Жағажай салудың өзіндік шарттары бар. Ең алдымен тұрғындар қауіпсіздігі ескерілуі керек, - деді қала басшысы.

Дренажды кәріз жүйесіне қатысты да біраз қиындықтар туындаған еді. Қала әкімінің сөзіне сүйенсек, бұл бағытта Абай, Қабанбай батыр, Найманбаев көшелері бойында жұмыстар атқарылған. Бұл орайда шаһар басшысы ертеден келе жатқан кәріз жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғаса беретінін атап өтті.

№3 ЖЭО іске қосу үшін инвесторлардан оңтайлы жоба қажет. Ниет білдіруші шетелдіктер көп болғанымен, олардың ұсынысы тұрғындар қалтасына салмақ салып отыр. Кездесуде қала басшысы осылай деді.

- Көптеген түйінді мәселелер бар. Қытай, Түрік, Ресей инвесторлары жоба ұсынғанымен, ақырғы шешім қабылданған жоқ. Себебі кейбір жобалардың тарифтері өте қымбат немесе жылумен қамту жүйелері дұрыс ойластырылмаған. Алдағы күндері республикалық комиссияның отырысында Семей қаласын жылумен қамтудың схемасы қарастырылады. Инвесторлар, жер берсеңіздер, қалғанын өзіміз шешеміз деп қолқа салуда. Алайда бұл жерде барлығын бүге – шүгесіне дейін қарастыру қажет. Инвестор шетелдік болғандықтан, мәселелер көп,- дейді Е.Бидахметұлы.

Кездесуде көтерілген тағы бір сұрақ аспалы көпірге қатысты болды. Семейдің ең көрікті нысандарының біріне айналған аспалы көпір қазіргі күні ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарайды. Сондықтан көпірге қажетті қаржы бөлу, жөндеу, қызмет көрсету облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылып келеді.

- Жол жөндеудің қарапайым ережесі аспалы көпірді қалыпқа келтіру үшін жарамайды. Оның арнайы құрамы бар. Жөндейтін уақыты, битумы өзгеше. Сондықтан көпірді қыста және жазда бізге ұстауға беру үшін облыстық басқармамен сөйлесіп жатырмыз. Жапондықтардың аспалы көпір күтіміне қатысты өз ұсыныстары бар. Биыл жаңа технологиямен экспериментті жөндеу жұмыстары болады. Аймақ басшысы көпірді жарықтандыруды жақсарту туралы да айтып өтті. Жақын арада қалалық сессияда бұл мәселелер көтерілетін болады,- деді қала әкімі.

Сонымен қатар жыл сайын «Жансая» мен «Мереке» базары аралығындағы аумақтың жөндеуден тыс қалып қоюы көпшілік көңілін күпті еткен мәселе екені рас. Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Серікқали Жұмановтың айтуынша, биыл аталған аумақты тазалау және құм себу жұмыстары жүргізілсе, асфальттау келесі жылға жоспарланып отырған көрінеді.

Кездесуде айтылғандай, жуық арада Семейде 200 орынға арналған балалар ауруханасы салынады. ШҚО Денсаулық басқармасымен Өскемен және Семей қалаларына аурухана салатын инвестор анықталыпты. Сондай-ақ қала әкімі «Бакиев» ЖШС Семейде хоккей алаңын салу жобасын әзірлеу туралы қуанышты жаңалықпен де бөлісті.

Ақсай ауданында тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Алғашқы үйдің құрылысы аяқталды. Жыл аяғына дейін аталған аумақта 60 баспана тұрғындар игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

- Қазіргі күні Семейде 24 мыңнан астам адам жер алуға кезекте тұр. Демек, Ақсайда салынып жатқан үйлер сұранысқа ие болады деген сөз. Елбасы айтып кеткендей, ешкімге тегін үй берілмейді. Сондықтан Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында бастапқы жарна 30 пайыздан 20 пайызға төмендеді. Қазіргі күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да 10 500 семейлік пәтер алу үшін кезекте тұр. Оның тең жартысы - мемлекеттік қызметкерлер. Келешекте Ақсайда балабақша мен мектеп салынады. Су тартудың жобасын жасап жатырмыз,- деді әкім.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, қала әкімі Ермак Сәлімов сала мамандарын құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

- Құрметті әріптестер, сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Жоғары жауапкершілікті, кәсіби білім мен біліктілікті, адалдық пен белсенділікті талап ететін мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі жоғары екені өздеріңізге аян. Себебі ол өз қызметінің барлық салалары мен маңыздылығын білуі қажет. Осы орайда мен сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен деңгейлеріңізді жоғары бағалайтынымды айтқым келеді. Бүгінгі статистика да соны дәлелдеп отыр. Осы уақытқа дейінгі қызмет жолымда көптеген өңірлерде жұмыс істегендіктен, Семей қаласының мемлекеттік қызмет саласында білікті мамандар шоғырланған деп сенімді түрде айта аламын.

Семейге келген бірінші вице -министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Даниал Ахметов атқарылып жатқан шаруалар барысына жоғары бағасын берді. Бұл арадағы сіздердің де еңбектеріңізді жоққа шығаруға болмайды. Бүгінде, облысымызбен бірге, Семей қаласы да жаңарып, жасарып келеді. Жолдар жөндеуден өтуде, қалаға бірнеше жылдан бері алғаш рет ыстық су берілді, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жандануда. Сіздердің де жақсы және жайлы жерде қызмет етулеріңіз үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Құрметті әріптестер, төл мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс пен жеңіс тілеймін,- деген Ермак Сәлімов көпшілік алдында ант қабылдаған жас мемлекеттік қызметшілерге куәліктер табыстады.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі жемісті еңбегі, жоғары кәсіпқойлығы және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін қала әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторының жұмыс бөлімінің бас маманы Ербол Саркүшіков, Знаменка ауылдық округі аппаратының бас маманы Мақпал Айдарханова, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Анар Буртаева, Айнабұлақ ауылдық округінің бас маманы Әйгерім Омарова, Новобаженово ауылдық округінің бас маманы Айжан Шоманова, Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас мамандары Анар Қуанғалиева, Анаргүл Бүркітбаева, Толқын Берікбекова, Озерки ауылдық округі аппаратының бас маманы Бақытгүл Тұрғанбаева және басқалары марапатталды. Сонымен қатар бір топ мемлекеттік қызметшілер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы Жанна Қабдолдақызының алғыс хатымен марапатталса, Астана қаласының 20 жылдығына арналған мемлекеттік қызметшілердің XVI облыстық спартакиадасында І орын алғаны үшін Семей қаласының командасына арнайы кубок табыс етілді.

Мереке кешкісін Абай театрында өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

СЕМЕЙГЕ ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 25 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, Семей қаласының жаңа прокуроры тағайындалды. Құзырлы органның тізгіні бұған дейін Қызылорда қаласында қызмет еткен Мұрат Досмағанбетовке тапсырылды. Қала активіне жаңа басшыны қала әкімі Ермак Сәлімов пен ШҚО прокуроры Құсаин Игембаев таныстырды.

Досмағанбетов Мұрат Досмағанбет-ұлы 1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Осы салада қызмет атқарып жүргеніне 18 жыл болды. Осы уақыт ішінде аудан және қала прокуратураларында еңбек еткен.

- Соңғы жылдары Семей өңірінде азаматтардың құқығын қорғауда атқарылған жұмыстар оң нәтиже беріп келеді. Мұрат Досмағанбетовтің алдында басталған жұмысты абыроймен атқару міндеті тұр. Бұл ретте жаңа прокурор қала әкіміне, қала активіне иек артады. Жаңа қызметте халық игілігі жолында еңбек етуіңіз керек,- деді өз сөзінде ШҚО прокуроры Құсаин Игембаев.

Қала прокуроры лауазымына тағайындалған Мұрат Досмағанбетов көпшілікке таныстырылғаннан кейін Ермак Бидахметұлы құттықтау тілегін жеткізді.

- Жаңа қызметіңіз құтты болсын! Бәрімізге мәлім, Семей – тарихқа, шежіреге бай ерекше қала. Бүгінгі күні өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы ауыз толтырып айтарлықтай. Мұнда көптеген мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатыр. Алдағы ісіңіз оң болып, елдің дамуы жолында адал еңбек ете беруіңізге тілекшімін,- деген жылы лебізін білдірген қала басшысы, жиынды қорытындылады.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

ҚАЛАНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, абайтанушы Ғарифолла Есімге Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілді. Салтанатты рәсім бейсенбі, 19 сәуір күні қалалық әкімдікте өтті.

Семей қаласы мәслихатының шешімімен Ғарифолла Есім Семей қаласының Құрметті азаматы атанды. Салтанатты жиынға қала әкімі Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, қалалық мәслихат депутаттары, бөлім қызметкерлері мен Ғарифолла  Есімнің жолдастары, жерлестері, әріптестері және қала тұрғындары қатысты.

- Қадірлі ағайын, бүгін сіздермен жақсы шараға, алдыңғы толқын ағаларға құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. Ғарифолла Есім - адал еңбегінің арқасында халықтың алғысын алған асыл азамат. Семей қаласы мәслихатының шешімімен, Сіз Семей қаласының Құрметті азаматы болдыңыз. Сіздің ғылым үшін еткен еңбегінің ұшан - теңіз. Біз Сізді мақтамаймыз, біз Сізді мақтан етеміз, еңбегіңіз жемісті болсын,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

- Барлығыңыз жақсы білесіздер, Ғарифолла Есім - Семей өңіріне, Қазақстанға еңбегі сіңген азамат. Мәскеуге оқуға кетпей, Семей жеріне келдіңіз. «Мен сондықтан абайтанушы болған шығармын. Егер Мәскеуге оқуға кетіп қалсам, Пушкинді, Лермонтовты зерттеп жүрер ме едім?!» деген сөзіңіз есімде. Қазақта «Жақсы адамнан қол үзбе, шөлдегенде сусының» деген даналық сөз бар. Сіз ұтымды ойларыңызбен, терең біліміңізбен көпке үлгі болып жүрген жандардың бірісіз. Семей - қасиетті жер, ұлы Абайдың елі. Осы киелі топырақтың Құрметті азаматы атануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!- деді Семей қалалық Көлік колледжінің директоры Шаған Жұмақсанов.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Мейір Ескендіров те оқу орны атынан ғалымды құттықтап, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын халыққа алғаш ұсынған Ғарифолла Есім екенін сөзіне тиек етті.

Семей туралы, ұстаздары туралы жылы естеліктерімен бөліскен ғалым жиын соңында барлық жиналған қауымға, қала әкімі Ермак Сәлімовке алғысын білдірді.

- Мен Семейдің пединститутына оқуға 1966 жылы келдім. Студенттік жылдарым мен жастық шағым осы қалада өтті. Семейдің әрбір көшесі менің есімде. Семей - маған өте ыстық қала. Мұндағы студенттік жылдарым есімнен кетпейтін қызықты кездерім еді. Осы қаладан өзіме тамаша жолдастар, ұстаз, шәкірт таптым. Семейде менің үлкен ұстаздарым бар. «Хакім Абай», «Данышпан Шәкәрім», «Кемеңгер Мұхтар» деген кітаптарым жарық көрді. «Хакім Абай» дүние жүзіндегі негізгі тілдерге аударылды. Егер осы тұлғаларға шәкірт болуға жарасам, мен оларды ұстазым деп санаймын. Алғашқы курстан бастап төрт жыл тәлімін алған Қайым Мұхамедханұлы да менің ұстазым. Ол кісі мені жанынан екі елі қалдырмай алып жүрді, білгенін үйретті. Шындығында, әр адам ұстаз бола алмайды. Ұстаз болу үшін, ар тазалығымен қоса, адалдық керек. Ұстаз ешқашан өтірік айтпауы қажет. Қайым Мұхамедханұлы сондай адам болды,- деді Ғарифолла Есімұлы. - Бүгінгі марапат мен үшін орденнен, барлық марапаттан биік. Өйткені мен Семей қаласының Құрметті азаматы атағын алып отырмын. Павлодар облысының Құрметті азаматы атағын алғанда бұлай толқыған жоқ едім. Семей деген Қазақстанда бір ғана қала бар. Оны Қазақстанның Санкт - Петербургі деп айтады. Өйткені елдегі барлық рухани жағдай осы қалада өтті. Бұл шаһар - барлық қазақ зиялыларының табаны тиген жер. Сондықтан Семейдің халқы да ерекше. Менің қуанышым сіздермен бірге, семейліктер. Қошеметтеріңіз үшін үлкен рақмет!- деген Ғарифолла Есім қалалық мәслихат депутаттарына да ризашылығын білдіріп, қолтаңбасы қалдырылған кітаптарын табыс етті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

ҚҰРМЕТТІ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Семей қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бағлан Салихұлы Шегедековті қала әкімі Ермак Сәлімов бастап, әріптестері мен жолдастары, қаладағы оқу орындары мен мекеме басшылары сый-құрметпен зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Салтанатты жиын сейсенбі, 10 сәуір күні қалалық әкімдікте өтті.

Мемлекеттік қызметте 40 жыл абыроймен қызмет етіп, оның отыз жылын қоғамдық денсаулық сақтау саласына арнаған Бағлан Шегедеков зейнеткерлікке шықты.

- Бүгін әріптесіміз Бағлан Салихұлын зейнеткерлік демалысқа шығарып салмақпыз. Бағлан Салихұлы - адал еңбегінің арқасында халықтың алғысын алған азамат. Ол кісімен әріптес болғанымызға да биыл үш жылдың жүзі болыпты. Осы уақыт аралығында Бағлан Салихұлын адал, еңбекқор, көпшіл, өз ісіне жауапты, білікті басшы ретінде таныдық. Қоғамдық денсаулық сақтау саласы – құрылымы мен қызметі күрделі сала. Осы салада табан аудармай отыз жыл еңбек ете  білген адамға оңай шаруа емес. Ол қаланың он алты әкімімен қызметтес болып, кәсіби түрде еңбек етті. Жан-жақтан келіп түскен ұсыныстарға қарамастан, туған қаласында, Семейде қалды. Енді, міне, Бағлан Салихұлына отбасымен, балалары, немерелерімен көп уақыт өткізуге жақсы мүмкіндік туып отыр. Біз Сізді зейнет жасына жетті деп есептемейміз. Сіздің әлі де қоғаммен бірлесе атқаратын жұмыстарыңыз көп деп білеміз,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Сол күні Бағлан Салихұлына ізгі тілегі мен ризашылығын білдіргендер қатары көп болды. Барлығы да қуаныш иесінің адал еңбегі мен адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдіріп, естелік    сыйлықтарын табыстап жатты. Оның ішінде халық қалаулылары, шаһардағы оқу орындары басшылары, бөлім қызметкерлері, медицина саласының мамандары да болды.

- 1973 жылданҚарағандықаласында бес жылбіргеоқып, студенттікжылдарымыздыөткердік. БағланСалихұлы, меніңСізбентаныстығыма 40 жылдан аса уақытөтіпті. Соданберіжұбымызжазылмайеңбекетіп, жанұямызбенараласыпкелеміз. Сіздіңұлынұяға, қызынқияғақондырғанардақтыәкеекеніңізді де жақсыбілеміз. Сіздіңеңбегіңіздібарлығыжоғарыбағалайды. Ақырынжүріпанықбасқан, еңбегідалағакетпегеназаматтардыңбірісізжәнесоладалеңбегіңіздіңнәтижесінбүгінкөріпотырсыз. Атыөзгерсе де затыөзгермегенжүйедеқырықжылеңбекеттіңіз. Сізананыңсүтімен, әкеніңқаныменкелгенадамгершілікқасиетіңіздісақтап,  лауазымыңыздыдұрысмақсатқапайдаландыңыз. Сіздіңтәжірибеңізденәлі де жастарүйренуікерекдепойлаймын. КөлікколледжініңатынанСіздізейнеткерлікжасыңызбенқұттықтап, денсаулық, ұзақ та баяндығұмыртілеймін,- дедіКөлікколледжінің директоры ШағанЖұмақсанов.

Салтанатты жиын соңында Бағлан Шегедеков барлы қәріптестеріне алғысын айтты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Еще статьи...