НҰР ОТАН

Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 208 гостей и 2 пользователей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Халықты жұмыспен қамту туралы

    «Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ Жұмыс іздеушілер, жұмыс берушілерді қолдау және ӘЖО, ЖТ, ҚЖ ұйымдастыру жұмыстары бойынша бөлімі 2017 жылдың 4 шілдедегі № 190 Қазақстан Республикасының Денсаулықты сақтау және әлеуметтік дамыту Министлігінің бұйрығына сәйкес, «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу», «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға тұлғаларға жолдама беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

  • «Радиация. Экология. Денсаулық» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді

    Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жастарға экологиялық тәрбие беру мақсатында кітапхананың тұрақты оқырмандарымен «Радиация. Экология. Денсаулық» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Кітапханашы кітап көрмесін аша отыра, 29 тамыз - еліміздің тарихындағы ерекше символдық даталы күн екенін атап өтті

  • «Сағындырған әндер–ай» атты ретро концерт өткізілді

    2018 жылдың 15 тамызы күні сағат 15:00 де Орталық мәдениет және демалыс саябағы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Сағындырған әндер–ай» атты ретро концерт өткізді. Концертте Л. Хамиди, Б. Байқадамов, Т. Рахимов, Т. Базарбаев, Ә. Еспаев, Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, Е. Хасенғалиев, К. Дүйсекеев, С. Бәйтереков сынды Қазақстандағы ән-романс жол салған композиторлардың әндері шырқалды.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home НҰР ОТАН

НҰР ОТАН

«БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ЖИНАЙЫҚ!»

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында «Баланы мектепке жинайық!» атты қайырымдылық акциясы бастау алды. Жыл сайын партия бастамасымен өтетін шара нұротандықтар үшін игі дәстүрдің біріне айналды.

Партиялық жобаның мақсаты – аз қамтылған отбасыларға, жетім балалар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға қол ұшын созу.

Баспасөз конференциясында сөз алған төраға орынбасары Олег Чугунков атап өткендей,

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өңір меценаттарының қолдауымен жаңа оқу жылына 1000-ға тарта баланы дайындауды міндет етіп отыр. Мәселен, өткен жылы аталған акция аясында Шығыс Қазақстанда 80-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, мыңдаған бала нақты атаулы көмек алған еді.

- Партия бизнес қауымдастығы өкілдерін «Баланы мектепке жинайық!» акциясына белсенді қатысуға шақырады. Айта кету керек, атаулы көмек алғысы келетін отбасылар жергілікті жерлердегі партияның қоғамдық қабылдауына барып, өтініш білдіре алады. Сонымен қатар мемлекеттік өкілетті органдарға жүгінулеріне болады. Бұдан бөлек, арнайы аулаішілік жүргізілген рейд барысында анықталған, оқуға бармай, қалып қалған балалар да партия назарынан тыс қалмақ емес,- деді Олег Чугунков.

Айта кету керек, демеушілермен бірге, шараға мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымы өкілдері мен партия белсенділері де бір кісідей атсалысады. Солардың бірі Олимпиада чемпионы, депутат Ольга Рыпакова да жерлестерін белсенділік танытып, мұқтаж балаларға қол ұшын созуға шақырады.

- Бұл игілікке бастайтын риясыз іс оқушы балаға қажетті заттарды толық көлемде ала алмайтын жанұяларға көмек беруге мүмкіндік туғызады. Мен де анамын және баланы мектепке жинаудың оңай іс емес екенін білемін. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен өтіп отырған «Баланы мектепке жинайық!» акциясын қолдаймын. Себебі бұл - біздің болашағымыз балалар үшін атқарылатын адал іс, – деп атап өтті Ольга Рыпакова.

Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясы «Баланы мектепке жинайық!» акциясы аясында республикалық «Мектепке жол» шарасын да қолдайды.

«Нұр Отан» партиясының ШҚОФ баспасөз қызметі.

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ЖАРИЯЛАДЫ

Шығыс Қазақстанда «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының аймақтық кезеңі қорытындыланды. Бағын сынап, бағытын бағдарлауға жүрексінбеген азаматтардан түскен 32 жоба қазылар таразысына салынды. Облыстың үздік әлеуметтік жобасы 1 миллион теңгенің сертификатын иеленді.

Өткен аптада салтанатты жиында ақтық мәреге жеткен 9 жоба арнайы көрмеде өз жетістіктерін көрсетті. Сайыста топ жарған жүлдегерлердің бірі - «Біз бірге мықтымыз!» жобасын ұсынған «Алтын-Ай» қоғамдық бірлестігі. Бұл ұйым бүгінде төсек жабдықтарын, сондай-ақ сәбилерге арналған киім-кешек пен сан алуан жиһаздар түрлерін де шығарады. Кембағал жандардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасап, ақпараттық-құқықтық тұрғыда көмек көрсетеді. Қазіргі таңда тек бірлестіктің өзі 27 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамтып отыр.

- Біз барлық байқауларға қатысуға тырысамыз. Атқаратын ісіміз, жобаларымыз туралы халық білсе екен дейміз. Себебі қоғамның белсенді мүшелері ретінде еліміздің дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Ал алған жүлдені өндірісті өркендетуге жұмсайтын шығармыз,- дейді «Алтын -Ай» ҚБ тігін өндірісінің жетекшісі Татьяна Веляева.

Айта кету керек, Өскемендегі «инватакси» қызметін  көрсететін де осы ұйым. Байқауға жіберілген бейнероликте бұл қызмет түрінің кембағал жандар үшін аса қажет екендігі көрсетілген. Көрмеге әкелінген тігін өнімдері де қазіргі таңда өскемендіктер арасында жоғары сұранысқа ие. Себебі өнім сапасы қайбір шетелдікінен кем түспейді. Айта кету керек, көрмеге ұсынылған қуыршаққа жоғары бағасын берген ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова да баласына арнап біреуін сатып алды.

Аймақтық байқауда ІІІ орынды, яғни 500 мың теңгенің сертификатын иеленген ұжым енді республикалық байқауда топ жаруды мақсат етіп отыр.

Жалпы, сәуірдің 20-да басталған байқау өңірде екі кезеңде өтті. Қатысушылар алдымен аумақтық сайыста, іріктелгендері аймақтық сайыста бақ сынады. Бас жүлдені, яғни 1 миллион теңгені қанжығаға байлаған - «Авангард плюс» жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы. Жоба авторы Елена Березинская-Абилова өңірдегі кәсіпкер әйелдер ұйымын басқарады. Оның айтуынша, кәсіп иелерімен тығыз жұмыс істей келе, қазіргі таңда өз ісін ашуға ниетті азаматтарға, әсіресе жастарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдаудың ауадай қажет екенін түсінген. Соның арқасында бүгінде 300-ден артық адамды оқытып, оның 20-дан астамына кәсібін ашуға қолдау көрсеткен екен.

- Менің «Нұр Отан» партиясына айтар алғысым шексіз. Биылғы байқаудың ақпараттық-насихаттық жұмысының арқасында ұйымдар тарапынан жоғары белсенділікті байқадым. Біздің жоба азаматтардың өз кәсібін ашуына, қоғамда өз орнын табуына қолдау көрсетуге, жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған. Үмітті ақтаймыз деген ойдамыз,- дейді Елена Березинская-Абилова.

Ал екінші орынды Ұлан ауданының «Қамқор» жобасы иеленді. Жиһаз цехы, қолөнершілер үйірмесі,  қызығушылықтарына қарай тағы бірқатар бағытты бірге алып отырған ұландық еріктілер ұйымы басты мақсат бір-бірімізге қамқор болу дейді.

- Биыл бұл байқау бірінші рет «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтіп отыр. Айта кету керек, өткен жылы тіркелген жобалар саны небәрі 5-еу ғана болса, биыл бұл көрсеткіш 32-ге жетті. Өте жақсы нәтиже деп есептейміз. Себебі ел ішінде көш бастап, үздік атандық,- дейді «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.

Ақтық мәреге өткен өзге жобалар да марапаттау рәсімінен құр қол қайтпады. Арнайы тағайындалған ынталандыру сыйлығына сай, оларға 400, 200 және 100 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Атап айтқанда: «Инклюзивті театр» зертханасы», «Шуақты қала», «Халықтың осал топтарын жұмыспен қамтуға арналған қосалқы шаруашылықты дамыту», «Үміт нұры», сондай-ақ «Өскемен қаласы халқының әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін ОКЖ кітапханаларында ақпараттық қызмет түрлерін дамыту» және «Өскемен қаласының әлеуметтік осал топтарына төмен бағамен көмір алуда және жеткізуде көмек көрсету және қолдау» жобалары. Айта кету керек, жүлде қоры өңір демеушілерінің қолдауымен құрылды.

«Нұр Отан» партиясының ШҚОФ баспасөз қызметі.

ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫ «НҰР ОТАННЫҢ» БАҚЫЛАУЫНДА

12 маусым, сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті ШҚО бойынша департаментінің басшысы Болат Сатеков азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Департамент басшысына жеке мәселесімен бес азамат келді. Олардың басым бөлігі мүгедектік топқа өтуге қатысты өтініш-тілектерін жеткізді. Біреуі мүгедектікке құжат рәсімдей алмай әлек, енді бірі мүгедектіктің үшінші тобынан екінші тобына өте алмай жүр.

Қабылдауға келгендер қатарында болған Александр Беляев пен Мейрамғазы Мұқажанов - біраз уақыттан бері мүгедектік топқа өте алмай жүрген жандар. Екеуінің де диагнозы бір-біріне ұқсас. Қаланың қос тұрғыны қант диабеті ауруына шалдыққан. Мысалы, А.Беляев емдеу мекемелерінің табалдырығын сан мәрте тоздырғанымен, еш нәтиже жоқ екенін айтып қынжылды.

- Тыныс алуым күннен-күнге қиындап барады. Бір адым бассам, ентігіп, жүре алмай қаламын. Отбасылық-дәрігерлік амбулаториядағы дәрігерлерлердің бақылау комиссиясында болдым. Ондағылар Өскемен қаласына жіберіп, кейін ауруханаға жатып емделдім. Міне, бес жыл болды мүгедектік топқа өте алмай жүргеніме,- дейді Александр Беляев.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Болат Сатеков азаматтың өтінішін тыңдағаннан кейін, оның барлық анализдерінің қорытындыларын Семей қалалық медициналық-әлеуметтік сараптама (ары қарай - МӘС) бөлімінің басшысы Райхан Өзбекова қарап, тиісті шешім шығарылатынын түсіндіріп берді.

Осыған ұқсас мәселемен келген Мейрамғазы Мұқажанов 62 жаста. 2005 жылдан бері қант диабеті ауруымен күресіп келеді. Бес уақыт инсулин алып жүрген оның ең болмағанда үшінші топтағы мүгедектік тағайындалса деген тілегі бар. Себебі жұмыс істеуге қауқары жоқ, дендеп бара жатқан сырқатынан көз көруі де нашарлап барады. Сөзіне қарағанда, учаскелік дәрігері мүгедектік құжатты рәсімдеуге еш құлық танытпай отырған көрінеді. Тіпті ол мүгедектік топқа өткізу, өткізбеу жөніндегі мәселені қарайтын дәрігерлік бақылау комиссиясы бар екенінен бейхабар. Өз кезегінде Департамент басшысы партияның қабылдау бөлімінің меңгерушісіне осы мәселені хаттамаға толтырып, денсаулық сақтау басқармасы арқылы шара қолдану жағын қарастыру керек екенін атап өтті.

Партия арқылы атқарушы органдардан көмек сұрап келгендердің ішінде семейлік Тілеубай Айсанов та бар еді. 80-ші жылдары аттан құлап, бір аяғын зақымдап алған азамат та мүгедектікке өту жөніндегі мәселемен келіпті мұнда.

- Аяғымды жарақаттап алғаннан кейін кезінде сүйек туберкулезі деп аталған ауруханада жаттым. Мүгедектік тағайындалды, бірақ өзім бас тарттым. Қазір, 4-5 жылдың жүзі болды, оң аяғым ауырып жүр. Кейде жүре алмай қаламын. Дәрігерлер квотамен эндопротездеу отасын жасау керек дейді, бірақ әлі күнге дейін порталға енгізген жоқ. Дәрігерлердің бақылау комиссиясына да жібермей отыр,- дейді Тілеубай Айсанов.

- Мүгедектік топқа өтудің арнайы қағидалары бар. Сол бойынша 4 ай бойы емделуіңіз керек. Осы уақыт ішінде дәрігердің қарауында боласыз. Стационарға жату керек болса, жатасыз, ота жасау керек болса, ол да жасалады квота арқылы. Ем қабылдағаннан кейін, денсаулығыңыз жақсармаса, Сізді медициналық сараптама бөліміне жібереді. Егер оң өзгерістер байқалып жатса, онда Сізге ешқандай сараптама жасалмайды. Демек, мүгедектік топқа жатқызуға еш негіз жоқ. Жылына бір рет қарала салу деген болмайды, үнемі учаскелік дәрігердің бақылауында болуыңыз керек,- деп түсіндірді МӘС бөлімінің басшысы Райхан Өзбекова.

56 жастағы Талғат Ескалмасов - өмір бойы қоғамдық көлік жүргізушісі болып еңбек еткен атпалдай азамат. Қазіргі таңда жұмыс істеуге денсаулығы жарамайды. Он екі жылдан бері бел омыртқасы ауырады. Үш жыл бойы дәрігерден дәрігерге сабылған ол үшінші топтық мүгедектікке әрең қол жеткізіпті. Жүріп-тұруы қиындап бара жатқан азамат бұл жолы мүгедектіктің екінші тобына өту жағын айта келіпті.

«Нұр Отан» партиясының Семей филиалында өткен қабылдауға өтініштерін арқалап, тығырықтан шығудың жолын іздеп келген тұрғындардың мәселесі бақылауға алынып, қажетті шаралар қабылданатын болады. Осындай қабылдау ендігі кезекте Тарбағатай ауданында жүргізілмек.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

 

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының ғимаратында Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қоғамдық кеңес отырысы болып өтті. Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қоғамдық кеңес және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысында екі мәселе болды: «Семей қалалық Әділет басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүргізген жұмыстары» және «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы мен Семей қалалық Әділет басқармасы арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қою.

- Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде, оның саяси дамуына қарамастан, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Осы жолда күш құрылымдары да аянбай күрес жүргізіп келеді,- деді «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова.

Келесі кезекте сөз тізгінін ұстаған Семей қаласы Әділет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Жалмұратов жемқорлықпен күрес жүргізу жолында соңғы үш жылда атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеп, алдағы жоспарларға тоқталды.

Баяндамалар тыңдалғаннан кейін, қос тарап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

 

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕТКІЗДІ

Сейсенбі, 20 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалыныңқоғамдыққабылдау бөлімінде қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Қазір азаматтар өздерінің түйіні тарқатылмаған түрлі мәселелерін партияныңқоғамдыққабылдау бөліміне келіп қозғауына болады. Осы ретте «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалына күнделікті түсіп жататын «Өтінемін, көмектесіңіздерші!» деп басталатын немесе аяқталатын барлықөтініштердің сұрауы – біреу, оқиғасы – сан алуан. «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының орынбасары Зульфия Жамалтдинова үнемі БАҚөкілдерініңқатысуымен тұрғындардыңқоғамдыққабылдауын белгіленген кестеге сай тұрақты өткізіп келеді.

- Көбінесе семейліктер амалы таусылып, барар жер, басар тауы қалмаған кезде «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалыныңқоғамдыққабылдауына келеді. Сондықтан біздің міндетіміз – көмек сұрап келген әр азаматқа мейлінше қолдау көрсету,- дейді Зульфия Фазылжанқызы.

Осы жолғы қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтыңөткізген қоғамдыққабылдауына бес адам жазылды. Солардың ішіндегі ең бастыларына тоқталсақ, бірінші орында тұрғын үй мәселесі тұрды. Ауған соғысының ардагері Жанарбек Сүлейменұлы Айтқожинов пен Чернобыль апатын ауыздықтауға қатысушы Растанбек Абдрахмановтар тұрғын үй алуға қатысты өтініштерімен қабылдауда болып, заң аясында ақыл-кеңес алды. Сондай-ақ жалғыз ұлынан қапияда айырылып, жалғыз басты қызы және жиен немересімен 21 шаршы метр болатын апатты жағдайдағығы үйде тұрып жатқан зейнеткер Зиянда Әлмүлдинова да өз басындағы мұңын шақты. Барак типті үй 1937 жылы салыныпты. 1960 жылдан бері осы үйді Әлмүлдинов әулеті мекен етіп, жан-жаққа түлеп ұшқан екен. Зиянда апай жұбайы екеуі осы үйде ұрпақөсіріп, ақар-шақар болып тірлік кешіпті. «Егер отағасы мен ұлым тірі болғанда, жекеменшігімдегі аумақты жер теліміне жаңа үй салып алар едім»,- дейді зейнеткер қария. Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков Зиянда Қапесқызына, қолындағы қызы жалғыз басты ана болғандықтан, Үкімет ұсынатын жалға пәтер алу кезегіне тұра алатынын айтты.

Ал зейнеткер ұстаз Берікхан Қосанұлы Суық бастау кентіндегі су мәселесін алға тартса, Оборонная көшесінің тұрғыны Дина Серікқызы қаланың абаттануына қатысты орынды сауал көтерді. Шаһар басшысының орынбасары аталған мәселелердің шешілуіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, Семей қаласы.

Еще статьи...