Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 100 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • ШҚО әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

    ШҚО әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

  • Терроризм - адамзатқа қарсы қылмыс: басылымдар көрмесі

    22 маусым күні Абай атындағы кітапхананың оқу залы Семей медициналық университеттің студенттері мен кітапхана пайдаланушыларына арналған «Терроризм - адамзатқа қарсы қылмыс» тақырыбындағы басылымдар көрмесін ұйымдастырылды.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлының бай әдеби мұрасы

    Ағымдағы жылдың 20 маусым күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдау аясында Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған іс-шара «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де әлеуметтік қызметкерлер мен бөлімше меңгерушілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты, әріптестерді ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, өңірдің аграрлық секторы өкілдерінің қатысуымен қала әкімдігінде салтанатты жиын өтіп, үздіктер марапатқа ие болды. Шараға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері мен ардагерлері, сала озаттары қатысты.

Ауыл шаруашылығы саласының ел экономикасындағы маңызы да айрықша екені мәлім. Сондықтан аталмыш салаға мемлекет үнемі қолдау танытып келеді. Биыл бұл салада Семей өңірінде оң өзгерістер бар, жетістіктер де көңілге қуаныш ұялатады.

- Биылғы жылды өңірдің аграрлық саласының қызмет-керлері жақсы нәтижемен аяқтауда. Соңғы үш жылда тамақ өнеркәсібінде өнімділік артып, өндіріс көлемі ұлғайды. 2017 жылы шаруалар 520 тонна дәнді дақылдар, 55,1 мың тонна картоп, 36,9 мың тонна көкөніс, 1 мың тонна бақша дақылдары мен 530 тонна майлы дақылдарды жинады. Мал өсіру ісімен айналысатындар да жаман нәтиже көрсеткен жоқ. Биыл 30 мың тонна ет, 35 мың тонна сүт, 3 млн. дана жұмыртқа және 140 тонна тері өндірілді. Жыл сайын мал басы саны артып барады. Тек соңғы жылдары ұсақ мал саны күрт төмендеп кетті. «Роза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі комбинатында байпақ-киіз бұйымдарын өндіруді жетілдіру ісі сәтті жүзеге асса, ұсақ мал саны артып, мәселенің шешімі түбегейлі шешілмек. Осы жылы Семей өңірінде мал тұқымын асылдандыруға, сүт қабылдау пункттері мен мал сою алаңдарын ұйымдастыруға бағытталған 24 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Келесі жылы тағы бірнеше кооператив ашу көзделіп отыр. Негізгі басымдық құрылған кооперативтерге берілетін болады, себебі олар дәл қазір ауыл шаруашылығы техникалары мен асыл тұқымды мал түрлерін сатып алуда мемлекет қолдауына мұқтаж. 2018 жылы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеңілдетілген шағын несие беру мақсатында 160 млн. теңге қарастырылып отыр,- деген қала әкімі Ермак Сәлімов ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала мамандарының бірқатарына алғыс хаттар табыс етті.

Мерекелік жиын барысында экономиканың басты механизміне айналған ауыл шаруашылығы саласының гүлденуіне сүбелі үлес қосқан қызметкерлер Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасымен де марапатталды. Сонымен бірге Семей қаласының ветеринарлық-фитосанитарлық қызметінің аға ветеринар дәрігері Советқан Төлебаев пен «Приречное» агрофирмасы ЖШС қызметкері Жұмағазы Құмаров ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталса, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық «Еңбек ардагері» медалі ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Талғат Нүрпейісовке табысталды.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

"АГРОСЕМЕЙ" ТЫҢ ӘДІСТЕРМЕН БӨЛІСТІ

Семей қаласында ауылшаруашылық өнімдерін шығарушылардың «АгроСемей-2016» халықаралық көрмесі өтті. Көрмені ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ұйымдастырды. Көрме ветеринария, мал шаруашылығы, экология сынды бірқатар тақырыптарды қамтыды.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған көрмеге, елімізден бөлек, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Франция, АҚШ пен Қытайдан келген мәртебелі меймандар қатысты. Делегаттар алдымен дәріс залында бас қосып, аталған саланың бүгінгі жетістіктерімен бөлісті. Нарықтағы қарым-қатынасты екшелеп, әріптестік жөнінде әңгіме өрбітті. Бұдан кейін қонақтар ашық аспан аясындағы көрме мен павильонды аралады. Көрме жұмысына төрт түліктің төлін баққан өңір шаруалары қатысты. Оқу орынның аграрлық факультеті базасында өткен көрме алыс-жақын шетелдермен байланыс орнатып, тәжірибемен бөлісуге бағытталған. Сонымен қатар бұл шара Семей өңірінің экономикасын қуаттандырып, жаңа инвестиция тартуға жол ашады және экологиялық таза өнім өндіру жұмыстарына тың серпін беретінін айтады отандық ғалымдар.

Көрмеде келушілер назарына өңірімізде мекендейтін асыл тұқымды жылқылар, қазақтың ақбас сиыры, түйе мен ұсақ малдардың түрлері ұсынылды. Сан түрлі құстар, оның ішінде «Пекин үйрегі» мен үй қояндары көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұған қоса көрмеге сүт пен нан өнімдері, көкөніс пен бал да қойылған. Мұндай шара өндірушілер арасында бәсекелестік қалыптастырады. Нәтижесінде сапаның артуына да жол ашылады. «Бастысы - бір-бірімізден үйренеріміз көп»,- дейді шетелдік мамандар.

- Бүгінгі шара ауыл шаруашылығы саласындағы белді ғалымдардың басын қосып отыр. Баршаға мәлім, Беларусь елі сүт өндірісінде өзінің экологиялық таза өнімдерімен мақтана алады. Тауарларымыздың құрамында химиялық қоспалар жоқ. Сондықтан осы салада қазақ ғалымдарымен тығыз байланыс орнатып, бірігіп жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырмыз,- дейді беларусьтық ғалым Артем Финогенов.

Шара аясында әртүрлі тұқымдас иттердің көрмесі де ұйымдастырылды. Кинологтер олардың көмегімен жарылғыш заттарды іздеудегі іс-тәжірибелерін көрсетіп, жұмыстарындағы тың әдістермен бөлісті.

«СТ - ақпарат»

 

АТҚАРЫЛҒАН ІС АЗ ЕМЕС

Биылғы жылдың алғашқы бес айының көрсеткіші бойынша, Семей өңірінде мал басының өскені байқалуда. Мәселен, барлық шаруашылық нысандарында мүйізді ірі қараның басы 61, 2 мыңға, қой мен ешкі 180, 5 мыңға, жылқының басы 34, 8 мыңға жетіпті. Бұл туралы Семей қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаевпен өрбіген арнайы сұхбат барысында белгілі болды.

- Нұрлан Нұрғалиұлы, бүгінде Семей өңірінде қанша ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген? Олардың неше пайызы белсенді жұмыс істеп келеді? Әуелі осы сауалдан бастасақ.

-  Рақмет. Қаланың аграрлық секторында қазіргі уақытта 628  шаруа қожалығы,  2 өндірістік кооператив, 17 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 11 саяжай кооперативі  және тұрғындардың 32,0 мыңнан астам жеке ауласы бар. Бізге қарасты шаруашылық құрылымдарының басым бөлігі белсенді жұмыс атқаруда.

- Ағымдағы жылы мал өнімдерінің көлемі былтырғы кезеңмен салыс-тырғанда қанша есеге артты?

- 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында 10,2 мың тонна ет, 10,4 мың тонна сүт және 0,9 млн. дана жұмыртқа  өндірілді. Өткен жылы ет 10,0%, сүт 0,8 % деңгейінде ғана болатын. Биыл айтарлықтай өсім бар. Үстіміздегі жылдың 5 айында  ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 5085,3 млн. теңгені құрады.

- Нұрлан Нұрғалиұлы, асыл тұқымды мал өсіру жағы қалай дамып келеді. Бұл ретте қандай жұмыстар қолға алынған?

- Генофондты сақтау және жоғары сапалы мал тұқымын асылдандыруға байланысты біршама жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, жыл басынан бері асыл тұқымды ірі қара малдың басы 9, 9 пайызды, асыл тұқымды қойдың саны 12,0 пайызды және жылқы малының көлемі 10,8 пайызды құрап отыр. 19 шаруашылықтың асыл тұқымды қожалық мәртебесі бар. Бұл ретте асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың зор септігі тиіп келе жатқандығын айта кету керек. Нақтырақ келтіргенде,  «Сыбаға» бағдарламасының көмегімен 2 шаруашылық  98 бас аналық ірі қара және 5 бас бұқа сатып алды. Сонымен қатар «Құлан» бағдарламасы бойынша 1 шаруашылық  97 Қамбар ата тұқымын түлетуде.

- Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы барлық деңгейдегі әкімдер мен басшыларға өңірде сүт-тауарлы фермасын дамытуды мықтап тапсырған болатын. Осы ретте Семей өңірінде сүт белдеуін арттыру бағытында қандай жұмыстар жүзеге асырылды?

- Өңірде сүт шаруашылығымен айналысатын үлкен шаруашылықтар жоқтың қасы. Бізде сүт өндірумен тек шаруа қожалықтары мен жеке аулалар ғана  айналысады. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында, аймақ басшысының сүт-тауарлы фермаларды дамыту бастамасына сәйкес, Семейде екі жоба іріктелініп алынды. Олар «Нұр» және «Көпежан» шаруа қожалықтары. Соңғысы 200 бас сиырға арналған СТФ-ны қайта жабдықтау бойынша бизнес-жобаны іске асыру үстінде. Осы мақсатта «Көпежан» ферма қожалығы «Ауыл   шаруашылығын қаржылай  қолдау» АҚ арқылы 102,3 млн. теңге несиеге қол жеткізді. Үстіміздегі жылы қожалық Достық ауылдық округінен берілген 100 гектар суармалы жерге күнбағыс дақылын екті.

Бұған қоса олар «АШҚҚ» қорынан бөлінген  жалпы соманың 47,8 млн. теңгесіне құрал жабдықтар және 30,0 млн. теңгеге сүт-тауарлы фермасына қажетті құрылғылар алды. Сондай-ақ Зырян ауданындағы «Средигорненский» ЖШС-нен  94 бас  асыл тұқымды   симментал құнажындары әкелінді. Бүгінде СТФ-ны қайта жабдықтау жұмыстарының 70 пайызы аяқталды. Қазір сүт сауатын жабдықтарды тексеру мақсатында  60 бас сиыр сауылып жатқанын жеткізді бізге ферма өкілдері. Қожалық «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 50,6 млн. теңгеге техника бірлігін алуды жоспарлауда. Осы жылдың ішінде аталмыш сүт тауарлы фермасы іске қосылады деп көзделіп отыр. Ал «Нұр» шаруа қожалығы Өскемен қаласындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалының есебінен 228,9 млн. теңгеге, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде 79,2 млн. теңгеге бизнес-жоба әзірлеуде. Ағымдағы жылы шаруа қожалық 26,2  млн. теңге көлеміндегі қаражатқа сүт сауатын арнайы жабдықты сатып алуды, көң шығару тетіктері мен  гидранттар дайындауды және құбыр тарту құрылғыларының жұмыстарына бағыттауды жоспарлап отыр. Қожалық өз жұмысын ағымдағы жылдың қазан айында бастайды.

- Шаһардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қандай жұмыстар атқарылып келеді? Семейліктерге ауыл шаруашылығы өнімдерін кімдер ұсынуда   әрі олардың сапасы жөнінде не айтасыз?

- Инфляциялық процестерді тежеу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін әр сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп келеді. 2016 жылдың 5 айында Семей өңірі қожалықтарының күшімен және жақын көрші аудандардың қатысуымен барлығы 22 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, 259,3 млн. теңге көлемінде өнім сатылды. Олардың бағасы базар бағасынан 15- 20 пайызға төмен болды. Бұдан басқа, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бекіткен кестеге сәйкес, сенбі күндері Бородулиха, Бесқарағай, Абай, Аягөз, Көкпекті  аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін ұсынып,  жәрмеңкелер өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар әрмен қарай да жалғасын табатын болады. Біздің басты міндетіміз - шаһар халқын арзан әрі сапалы табиғи ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету. Осы арқылы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі белдеуі қалыптасады.

- Осы ретте, Нұрлан Нұрғалиұлы, тамақ өнеркәсібі мен құс етін өндіруде қандай ілкімді істер барын айтып өтсеңіз. Бүгінде қала халқы құс еті тапшылығын сезініп отырған жоқ па?

- Биыл бес айдағы нәтиже бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 8475 млн. теңгені құрады. Өңірде құс етін өндірумен айналысатын бірегей кәсіпорындардың бірі - «Шығыс Бройлер» ЖШС. 2012 жылдан бастап кәсіпорын жұмыртқа бағытынан  бройлерлік, яғни құс етін өндіру бағытына толығымен ауысты. Бүгінгі күні «Шығыс Бройлер» ЖШС-де сою цехы мен жаңа инкубатордың құрылысы  аяқталу алдында тұр. Олар соңғы үлгідегі голландиялық «Pas Reform» фирмасының инкубациялау жабдығы мен «EMF» неміс фирмасының бройлерді сою қондырғыларын орнатып, өндіру үрдісін оңтайландырды. Бұл өз кезегінде құс етін өндіру көлемін біршама арттыруға және өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Мәселен, бес айдағы жағдайға сәйкес, 2,9 мың тонна ет өндіріліпті. Сондай-ақ бұл бағытта жұмыс істейтін тағы бір кәсіпорын - «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС. Бірінші тоқсандағы жағдай бойынша, аталмыш кәсіпорын 3,6 мың тонна құс етін өндірген. Бұл жаман нәтиже емес. Бұдан бөлек Семейде кондитерлік және кулинарлық өнімдерді шығару жақсы жолға қойылған. Осы орайда «Кондиз» ЖШС-нің жұмысын атап өтпеске болмас. Жаңа заманауи кәсіпорын әлемдік стандарттарға сай құрылған. Фабрика өндірістік мүмкіндіктері бойынша қаланың ірі фабрикалары арасында лайықты орын алады. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 14 400 тоннаны құрайды. Кәсіпорынның күшімен бірінші тоқсанда 0,6 мың тонна крекерлі печенье өнімі өндіріліп шығарылды. Сонымен қатар тоқаш және кондитерлік өнімдерді шығаруда «Семнан» ЖШС-нің айтарлықтай жетістіктері бар. Биыл кәсіпорын өндірісті кеңейту мақсатында және өнімнің сапасын арттыру мен көлемін ұлғайту үшін тәулігіне 60 тонна өнім өндіретін Түркиядан әкелінген заманауи диірмен қондырғысын орнатты. Кәсіпорынның бидай өсіретін 2500 гектар егістік алқабы бар. Бұл өз кезегінде өндіріс орнын толықтай қажетті ұнмен қамтамасыз етеді. Мұнда 5 айда 1,3 мың тонна өнім өндірілді. Ет өнімдерін дайындау бойынша МПК «Технология» ЖШС 2014 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке Ресейде шығарылған 17 дана қондырғыны сатып алды. Қазіргі таңда комбинат 48 түрлі кулинарлық-шұжық, деликатес өнімдерін әзірлейді. Барлық өнім түрлері мемлекеттік талаптарға сай. Биыл мұнда 5 айлық көрсеткіші бойынша 50,05 тонна шұжық өнімдері шығарылды.

- Нұрлан Нұрғалиұлы, сізге мазмұнды сұхбатыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Сұхбаттасқан Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ.

СЕМЕЙЛІК ДИҚАНДАР МОЛШЫЛЫҚҚА КЕНЕЛМЕК

Семей өңірі бойынша ағымдағы жылға жоспарланған көктемгі егістік жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл ауылшаруашылық алқаптарына салынған егіннің көлемі 12668, 4 гектарды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 972, 4 гектарға, немесе 8, 3 пайызға артық. Мұндай жағымды жаңалықты Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ержан Сүлеймен арнайы сұхбат барысында мәлім етті.

- Биылғы егістік науқанында 465, 5 гектарға дәнді дақылдар, 3400 гектарға картоп, 1370 гектарға көкөніс және 65 гектарға бақша дақылдары отырғызылды. Сонымен қатар майлы дақылдар, азықтық дақылдар, көпжылдық шөптер және күздік дақылдар егілді,- дейді Ержан Әшімұлы.

Бөлім басшысының орынбасарының мәліметіне сүйенсек, көктемгі дала жұмыстары кезінде Озерки ауылдық округіндегі «Қайырхан» шаруа қожалығы бұрын пайдаланылмаған 13 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісін қолданып жатқандарын жеткізді. Бұдан өзге өңір шаруашылықтарындағы  9 930 тонна картоп тұқымы 3 400 гектар жерді толықтай қамтыған екен.

- Семей өңірінде тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі таңда өңірде картоптың жоғары өнімді тұқымдарын өндіретін 2 шаруашылық құрылымы бар. Олар «Агрофирма Приречное»  ЖШС мен «Мұздыбай» шаруа қожалығы. 2016 жылы картоптың 2348 тоннасы ( I, II және III репродукциялы тұқымдары) сатуға шығарылған еді. Аймақтағы отыздан аса шаруашылық картоптың осы тұқымдарын пайдаланып, егіс материалдарының сапасын жоғарылатуға мүмкіндік алды. Тұқымдық материалдар сұрыптық және себуге жарамдылығын тексеру мақсатында кестеге сәйкес «Казагрэкс» АҚ-ның зертханасынан өткізілді. Жалпы, көкөніс дақылдарының элиталық сұрыптарының тұқымдары қапталған түрде Голландия және Ресейден әкелінді. Осы жылы егілген барлық тұқымдар 1-2-ші класты және III репродукциядан төмен емес екендігін айта кету керек,- деді Е.Сүлеймен.

Сұхбат кезінде жердің құнарлығын жоғалтып алмау үшін бірқатар көлемді істер қолға алынғаны да айтылды. Мәселен, 2015 және 2016 жыл-дың  күз  пен қыс айларынан бастап шаруашылықтар, 15, 5 мың тонна көлеміндегі органикалық тыңайт-қыштардың көмегімен егістік жерлерді өңдеп шығыпты. Мұнымен қоса үстіміздегі жылы өңірдегі ауылшаруашылық құры-лымдары Үкіметтен субсидия түрінде                 1 860 тонна минералдық тыңайтқышқа қол жеткізген екен.

- Биылғы көктемгі дала жұмыстарына 325 тонна дизель отыны бөлінді. Оның 130 тоннасы сәуір айына, тағы 130 тоннасы мамыр және 65 тоннасы маусым айына жұмсалды. Оператор болып «ҚазМұнайГазӨнімдері» АҚ белгіленді. Жанар-жағармай материалдарын жеткізуші компаниямен келісімшарт жасалып, тиісті қаржы толықтай төленді. Бүгінгі уақытта қожалықтар қажетті отындарын алып жатыр. Оларға дизельді босату құны литріне 94 теңге болып бекіді,- деп атап өтті Ержан Әшімұлы.

Ағымдағы көктемгі егістік жұмыстарына техника да толықтай жеткілікті болған екен. Қазіргі күнде ауылшаруашылық құрылымдарының иелігінде тракторлардың барлық түрі – 712 дана, оның ішінде 631 дөңгелекті, 65 шынжыр табанды трактор бар. Бұдан басқа 73 соқа, 52 культиватор, 32 тұқым сепкіш (сеялка) және 235 жүк машинасы шаруалардың ісін оңтайландыруда. Соңғы бес жылда қожалық өкілдері өз қаражаты есебінен «Қаз АгроҚаржы» АҚ арқылы 300-ге тарта жаңа техника сатып алыпты. Атап айтқанда, өткен жылы 25 шаруашылық 369, 7 млн. теңгеге 85 бірлік ауыл шаруашылығына арналған техника мен қажетті құрал-жабдықтарға ие болған. Бүгінде техника паркінің жаңартылуы 4,7 пайызды құрауда. Тапсырыс беру науқаны әлі де жалғасу үстінде екенін айтады Ержан Әшімұлы. Сондай–ақ өңірде жаңа технологияларды  енгізу бойынша жұмыстар да жақсы жолға қойылыпты. 2015 жылы тамшылатып суару әдісімен суарылып, бапталған жер көлемі 18 гектарды құраса, ағымдағы жылы бұл меже тағы 13 гектарға ұлғайғаны анықталды. Мұндай әдіспен өңделген алқаптың жалпы ауданы 240, 2 гектар.

- Өңірдегі мал басын өсіру үшін ең алдымен мал азығы базасын қамту керек екені белгілі. Осы ретте биыл азықтық дақылдар, бұрынғы егілген көпжылдық шөптермен бірге есептегенде, 5063, 2 гектар алқапты алып жатқандығын айта кету керек. Бұл жалпы егістік жерлердің 40 пайызын құрайды. Қорытындылай келгенде, өңірдің ауылшаруашылық құрылымдары көктемгі дала жұмыстарын ұтымды әрі дәл мерзімінде аяқтауды қамтамасыз ете білді,- деп түйіндеді өз сөзін Семей қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Е.Сүлеймен.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

АТА КӘСІПТІ ДАМЫТУ ҒЫЛЫМҒА НЕГІЗДЕЛУДЕ

Аграрлық ғылымды дамытпайынша, ауыл шаруашылығы саласы алға баспайтынына анық көз жеткен. Әлбетте, өнімділікті арттыруға өндіріс пен ғылымды ұштастыру арқылы қол жеткізуге болады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамында» инвестиция мен трансұлттық компаниялар арқылы аграрлық сектордың зор мүмкіндіктерін ашу керектігін мықтап тапсырды.

Міне, өндіріс пен ғылымды ұштастыру, осы салаға мейлінше инновацияны кіріктіру бағытында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде канадалық «Alta Genetics Inc.» халықаралық компаниясы  Ветеринария және мал шаруашылығының ғылыми – инновациалық орталығының қолдауыменен «Қазақстанның мал шаруашылығындағы өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты семинар өткізілді.

Аграрлық сектордың сүт өнімдерімен айналысатын кәсіпорындарының дамуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған семинарға Канаданың «Alta Genetics Inc.» компаниясы мен Голландияның «Альта Дженетикс Инк.» мамандарының және «Aльта Дженетикс Инк.» сарапшылары қатысты. Сондай–ақ семинар жұмысына Республикалық сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы палатасының атқарушы директоры К.Елемесов,  Ветеринария және мал шаруашылығының ғылыми-инновациялық орталығының  директоры А.Сагимбаев, «Alta Azia» дистрибьютты орталығының директоры Б.Жакупов және Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары қатысты.

Семинар барысында сүтті мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы үшін маңызды бірқатар сұрақтар қарастырылды. Атап айтар болсақ, сүтті мал шаруашылығындағы селекциялық - тұқымдық жұмысының маңызды мәселелері, ауыл шаруашылығын қаржыландыру, ірі қараларды     жасанды ұрықтандыру, кездесетін ауруларды анықтау, оның белгілері мен емдеу әдістері сөз болды. Сондай-ақ жемшөп базасы және сүтті ірі қараларды азықтандыру мәселелері де сала мамандарының талқысына салынды.

Семинар соңы жасанды ұрықтандыру мамандарын дайындайтын орталықтың ашылуымен жалғасты. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнопарк» базасы аясындағы орталық болашақта шаруа қожалығында асыл тұқымды ірі қараларды жасанды түрде ұрықтандыратын мамандарды әзірлейді.

Айта кету керек, «Агротехнопарк» ғылыми орталығы базасы аясында ауылшаруашылық малдарын жеделдетіп өсіру орталығы жұмыс жасайды. Орталық жасанды ұрықтандыру және буаз малды анықтауға, өгіздердің ұрықтарын сақтауға және тасымалдауға арналған заманауи құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар аталмыш орталықта әрбір шаруашылық өз біліктілігін арттырып, селекциялық – тұқымдық жұмыстарын жүзеге асыра алады.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Еще статьи...