Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 88 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Полицейлер Елбасының Жолдауын талқылады

    Семей қ. ІІБ жеке құрамы әскери-қызметтік даярлық аясында «Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдиновамен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» кезекті Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, зе

  • Президенттің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру бойынша кездесу

    Білім бөлімінің қызметкерлері ақпараттық–насихаттық жұмыс шеңберінде ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша мектеп ұжымдарымен кездесу өткізді.

  • Қайырымдылық іс шарасы

    «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 400 –ден астам мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, олардың ішінде 70-ке жуығы аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленеді.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ӘЛЕУМЕТ

ӘЛЕУМЕТ

«БАҚЫРШЫҚТЫҢ» БАСТАМАСЫ талайға үлгі болды

«Полиметалл» – таза аула үшін». Жарма ауданына қарасты Әуезов кентінде осындай тақырыппен биыл екінші мәрте ұйымдастырылған экологиялық сенбілік ерекше өтті. Театрландырылған шерумен басталған күзгі сенбілік шағын мерекеге айналды. Сенбілікті өзгеше етіп өткізуге «Полиметалл» компаниясына тиесілі «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорны мұрындық болды.

- Бізде бүгін экологиялық сенбілік, бұл - еңбек мерекесі. Ауылдың тазалығына атсалысуға жиналған барша қауымға компания атынан алғыс білдіремін. «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорны Қазақстанның тау-кен металлургиялық өнеркәсібінде үздік деп танылуға әбден лайық. Әуезов кенті де таза, көрікті, дамыған елді мекендер қатарынан көрінуге тиіс. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бәріміз бір кісідей ұйымдасып, кенттің абаттандырылуына, көркейіп, гүлденуіне үлес қосуымыз керек. Иә, сенбілікке жиналғандардың арасында біздің қызметкерлер ғана емес, сонымен бірге олардың отбасы мүшелері, балалары да бар. Бұл көңіл қуантады. Еңбек мерекесі құтты болсын!- деп сенбіліктің шымылдығын ашқан «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорнының бас директоры Юрий Овчинников ауыл тұрғындарымен бірге ағаш көшеттерін отырғызуға кірісіп кетті.

Осы жылдың сәуір айында Әуезов кентінің тұрғындары жаппай көктемгі сенбілікке Өскемен драма театрының әртістерімен бірге шыққан-ды. Кеңес заманымен байланыстырылған сенбілікте Ленин образындағы театр актері жұртшылықпен бірге тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысқан еді. Кеңес Одағы тұсында дүниеге келген аға буын өкілдері сол шаққа қайта оралғандай күй кешсе, бұл жолғы сенбілікте қазақилықтың иісі аңқып тұрды. Семейдегі Абай атындағы музыкалы-драмалық театрының актерлері қазақтың бас ақыны Абай, ойшыл Шәкәрім, заңғар жазушы Мұхтар болып, халықпен бірге жұмылып, Әуезов кентінде ағаш отырғызды. Туған ауылдың тазалығына тамшыдай болса да үлес қосуға асыққан тұрғындар бір сәт Абай өмір сүрген сонау 19-шы ғасырға сапар шеккендей ерекше әсерде. Қолдарына бір-бір күрек пен шелек ұстап жүгірген мектеп оқушылары дара тұлғалардың бейнесін сомдаған театр актерлерімен суретке түсіп әлек. Бәрі мәз-мейрам.

- Еліміздің әрбір ауылында осындай ауқымды шаралар өткізіліп, оған шақырып жатса, қуана-қуана келеміз. Өйткені табиғат – біздің анамыз. Оны күтіп-баптау, аялау, осы дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру аға буын алдындағы үлкен міндет деп санаймын. Мұндай шараға қатысқаныма қуаныштымын. Абай, Шәкәрім, Мұхтар - Шығыс Қазақстанға, Семейге ғана емес, бүкіл әлемге танымал тұлғалар. Адамзаттың Абайы деп тегін айтылмаған, сондықтан да сенбілікті театрландырылған көрініспен өткізудің жастарға, әсіресе мектеп оқушыларына тәрбиелік мәні зор. Өздеріңіз байқап тұрғандай, балалар сәлемін беріп, Абай атамыз деп танып, ұлы тұлғалардың өзін көргендей болып, бізбен бірге суретке түсіп жатыр. Мұның өзі балаларға жақсы тәрбие берері сөзсіз,- дейді Абайдың образын сомдаған Абай атындағы облыстық музыкалы-драма театрының актері Айтбек Тәшімбетов.

- Бүгінгі күн - біз үшін үлкен мереке. Бәріміз ұлт мақтаныштарымен бірге жүргендей сезімдеміз, бұл ерекше әсер қалдырады. Жас балалар да, еңкейген қариялар да сенбіліктің басы-қасында жүр. Жолдасым екеуіміз кішкентай ұлымызды ерте келдік. Себебі осындай игі істер жас ұрпаққа үлгі-өнеге боларына сенімдімін. Орталық алаңға тал егіп жатырмыз. Енді үнемі осы жерге келіп, отырғызған ағашымызды суарып тұратын боламыз. Қайта жаңғыртылып жатқан мұндай қазақтың асар жасау дәстүрі жалғасын тауып, жиі-жиі болса деген ниеттемін,- дейді Әуезов кентінің тұрғыны Сандуғаш Баймурзина.

- Біз әрдайым осындай сенбіліктерге қуана шығамыз,- дейді Бақыршық орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрбол Сәрсекеев. – «Тәрбие тал бесіктен» дейді ғой. Бұл, ең біріншіден, оңы мен солын енді танып келе жатқан жас жеткіншектерге тәрбие берудің бір әдісі. Мұндай игілікті істердің қаншалықты маңызды екенін ұғынған әрбір жас қоршаған ортаны ластамай, қайта, керісінше, табиғат-ананы аялау керектігін үнемі жадында ұстайтын болады. Осындай мүмкіндікті беріп отырған «Полиметалл» компаниясына, соның ішінде «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорнына ризашылығымды білдіремін. Міне, шағын мерекеге ұлымды алып келдім. Екеуіміз ағаш отырғыздық, көңіл-күйіміз тамаша. Сенбілік аяқталған соң көкпар ойыны өтеді, соны тамашалауға асықпыз.

Алтын күздің мамыражай күнінде Әуезов кентінің әр аумағында сенбілік жүрді. Мәдени шараларды өткізуге арналып салынған ашық алаң мен «Бақыршық» тау-кен кәсіпорны» ЖШС өңдеу фабрикасының аумағында төрт жүзден астам қайың, жұпаргүл, акация, бөріқарақат, дала құрмасы, шетен отырғызылды. Ал жазда мұнда гортензия гүлдері егіліп, алаң іші тіптен ажарлана түспек.

- Кентімізде «Полиметалл» компаниясы құрылғалы бері ауылымыздың ажары кірді, қарапайым жұртшылықтың тұрмысы қайта жандана түскендей. Аталған кәсіпорын ауыл тұрғындарының басым көпшілігін жұмыспен қамтып отыр, компанияның қаржылай демеушілігімен жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылуда,- деген «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорнының электр жабдықтарының маманы Жандос Әскерханов өзі еңбек етіп жүрген мекеме басшылығына алғыс сезімін жеткізді.

«Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорнының өңдеу фабрикасы аумағында «Полиметалл» компаниясының қызметкерлері мен республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің аллеясы пайда болды. Аллеяға отырғызылған әр талдың өз иесі бар. Әрбір ағаштың жанына орнатылған бағаналы тақтайшаларда тал иесінің аты-жөні жазылған. Біз де киелі қара шаңырақ «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттері редакциясының атынан журналистер аллеясына тал ектік. Енді оны суару, күтіп-баптау жұмыстары өз мойнымызда.

- Бүгін отырғызылған көшеттер жылдар өткен соң жайқалып өсіп, үлкен баққа айналатынына сенімдімін. Бүгін біз Әуезов ауылын көріктендіруге үлес қостық деп білемін. Бір жағынан, журналистер аллеясының ашылуы - бізге, төртінші билік өкілдеріне көрсетілген құрмет әрі жауапкершілік. Медиааллеяға «Семей таңы» газеті» және «Вести Семей» газеті» деген белгі орнаттық. Осы кентке алдағы күндері жол түсіп жатса, аллеядан ойып тұрып орын алған ағашымызды міндетті түрде суарып кетемін,- деп ағынан жарылды «Вести Семей» газетінің аға тілшісі Жандос Қасенов.

Осылайша, біз «Полиметалл – таза аула үшін» экологиялық сенбілікке қатысып, кент тұрғындарының ауызбіршілігіне, ауылдың жыл өткен сайын жаңарып, көркейіп келе жатқанына куә болдық. Әрі осында орналасқан кен өндіру кәсіпорнының тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік алдық.

Әуезов кентінің әкімі Ержан Сәсеновтің сөзіне қарағанда, ауылдың инфрақұрылы-мын  дамытуда  «Полиметалл» компаниясы мен «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айтарлықтай септігін тигізіп келеді екен. Биыл кент көшелерін абаттандыру мақсатында ауыл әкімдігі мен аталған кәсіпорын басшылығы арасында меморандумға қол қойылған. Нәтижесінде жекеменшік компания абаттандыру ісіне 106 млн. теңге бөліп отыр. Айтуынша, тау-кен өндіру мекемесі тек өз еңбеккерлерінің жағдайын жасаумен ғана айналыспайды, бұған қоса халықтың әл-ауқатын көтеретін әлеуметтік жобаларға да белсенді түрде атсалысуда. Сөзіміз дәлелді болу үшін бірер мысал келтіре кетейік. Мәселен, 1984 жылы пайдалануға берілген ашық су жинаушы, су таратқыш толықтай ауыстырылыпты. Кент тұрғындарын жылумен қамту мақсатында жеке қазандық салынған. Сондай-ақ электр желісі қазіргі заманға лайықты етіп жаңартылып, жаңа электр бекеті іске қосылыпты. Айналма жол да осы компанияның күшімен жасалып, халық игілігіне берілген.

Иә, «Бақыршық» кен орны тек бағалы металдарды игеруде ғана емес, аймақтың, әсіресе Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі үлесін қосып жатқанын айту керек. Бұл ретте тағы бір мысал келтіре кетейік, 2014-2017 жылдар аралығында қол қойылған келісімшарттар аясында әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға 1 млрд. 890 млн. теңге инвестиция құйылған екен. Соның ішінде 35 млн. теңге демеушілік көрсетуге және материалдық қолдау білдіруге, қалғаны инфрақұрылымды дамытуға, білім және денсаулық салаларына, мәдени-бұқаралық шараларға жұмсалған. Жарма ауданына қарасты бірқатар елді мекендердің дамуына қомақты қаражат салып, инфрақұрылымын ретке келтіруде «Полиметалл» компаниясының ықпалы зор. Бұл кәсіпорын тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың бір көрінісі ғана. Ең бастысы, ел дән риза.

Бүгінде «Бақыршық» тау-кен өндіру фабрикасында 800-ге жуық адам еңбек етеді. Олардың дені жергілікті тұрғындар. Кәсіпорынның тұрақты түрде жұмыс істеуіне байланысты Әуезов ауылы тұрғындарының саны да артып келеді.

Айта кетейік, «Полиметалл» - бағалы металдар өндіру бойынша көш бастап тұрған бірегей компания. Іргелі кәсіпорынның активтері, Қазақстаннан бөлек, Ресей және Армения елдерінде жұмыс істеуде. Осыдан төрт жылдай бұрын кәсіпорын жалпы құны 618,5 млн. доллар тұратын әлемдік деңгейдегі өндіру активі - «Қызыл» жобасын қабылдаған-ды. Нәтижесінде «Бақыршық» және «Большевик» кен орындары игеріле бастады. Бақыршық карьерінде кен өндіру жұмыстары 2017 жылдың екінші жарты жылдығында басталған. Алғашқы он жылда кен орны ашық түрде игеріледі. Содан кейін жер асты өңдеуге көшеді. 2018 жылға дейін кен өндірісінің күрделі жұмыстарына 70 млн-ға жуық АҚШ доллары салынған. Фабрика келер жылы толықтай іске қосылады деп күтілуде.

Естеріңізде болар, өткен жылы еліміздің Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарихшы ғалым Амангелді Қашқымбаев сенбілікті тек күл-қоқыс жинау шарасы ретінде емес, қазақтың ұлттық дәстүрі асар үлгісінде кеңінен өткізуді ұсынған еді. Өткен сенбіде Әуезов кентінде ұйымдастырылған шара ғалымның ұсынысына сай келетін сияқты. «Көп түкірсе - көл» дейді. Осы бір нақыл сөзді әркім назарға алатын болса, әр тұрғын асарлатып туған жердің гүлденуіне атсалысса, ұлттық санамыз өсіп, жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні бар шаралар қатары көбейе түсер еді.

Біздің ұлттық болмысымызға сай сенбілік, міне, осындай болса керек.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

ФАКТОРЛЫ-БАЛДЫҚ ШКАЛА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Биылғы жылдан бастап облыстың мемлекеттік органдарына еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Семейге жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу барысында мәлім етті. Тілшілер қауымымен жүздесуге сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин, аталған агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев, ШҚО бойынша Ұлттық бюро департаментінің Семей өңірі бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Ғалымжан Қошқарбаев қатысты.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы жаңа жүйе Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, Әділет министрлігінде, Астана қаласы мен Маңғыстау облысының әкімдігінде пилоттық негізде қолға алынды. Жоба бойынша мемлекеттік қызметкерлердің айлық табысы мен сыйақы (бонус) мөлшері теңеседі, басшылық қызметтегі лауазымды тұлға мен қарапайым қызметкердің еңбекақысында ешқандай айырмашылық болмайды. Осы мақсатта факторлы-балдық шкала жүйесі енгізіліп отыр. Сол арқылы мемлекеттік қызметшілерге білімі мен біліктілігіне, еңбек өтілі мен жауапкершілігіне және жұмыс ауыртпалығына қарай ақы төленетін болады. Бонус қызметкердің бір жыл ішінде атқарған жұмысы нәтижесінде, яғни жыл соңында беріледі. Мұндай тәсіл бұған дейін Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия елдерінде қолданылып, тиімді нәтиже берген екен.

- Мемлекеттік қызметкерлердің табысы олардың жұмысына тікелей байланысты болады. Тың жүйе қызметкерлердің жұмысқа деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін жоғарылата түсумен қатар, мемлекеттік қызметтің имиджіне, аппараттың одан әрі кәсібиленуіне оң ықпалын тигізеді, жергілікті атқарушы орган мен министрліктегілердің жалақы айырмашылығын жояды. Облысымызда факторлы-балдық шкала жүйесін енгізу бойынша жұмыс тобы құрылды. Оған аймақтағы барлық мемлекеттік басқарма қызметкерлері мүше болды. Біздің агенттік те атсалысады,- деді Жанна Қабдолдақызы.

Осы жылы енгізілетін тағы бір жаңашылдық - Семейде мемлекеттік қызметкерлерге арналып ашылатын тестілеу залы. Мұндай тестілеу залы бұған дейін облыс орталығында бой көтерген-ді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ашылғалы отырған орталық 23 компьютермен жабдықталған. Мемлекеттік немесе құқық қорғау органдары қызметіне үміткер азамат орталыққа egov.kz порталы арқылы жазылып, тест тапсыра алады.

Жасыратыны жоқ, елімізде сыбайлас жемқорлыққа көбінесе мемлекеттік органдарда жол беріліп жатады. Мұны агенттік өкілдері мемлекеттік қызметкер жалақысының жеткіліксіздігімен байланыстырады. Жемқорлық демекші, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин соңғы сегіз айда республика бойынша жемқорлыққа қатысты 1393 іс тіркелкенін айтады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға кем. Елімізде пара алу фактілері құрылыс, білім және жер қатынастары салаларында белең алса, Семейде құқық қорғау органдары көш бастап тұр.

Осыдан кейін қалаға іссапармен келген делегаттар Абай атындағы театрда шаһар басшысы Ермак Сәлімовтің төрағалығымен өткен жиынға қатысты. Мұнда барлық мемлекеттік орган қызметкерлерімен кездесіп, мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту, кәсіби мемлекеттік аппаратты құру, сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы іс-шаралар туралы аз-кем мағлұмат берді. Ең бірінші болып сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев елімізде қолға алынған реформалардың іске асырылуы жолында кәсіби мемлекеттік аппараттың рөлі жоғары екенін тілге тиек етті. Оның сөзінше, қазіргі уақытта адами капиталды жетілдіру мәселесі өткір болып тұр. Ол үшін әр мемлекеттік қызметшінің әдептілік бейнесін қалыптастыра білу керек. Олардың бойындағы шынайылық, адалдық, сыпайылық, адамгершілік дағдыларын дәріптеу маңызды.

- «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында біршама істер атқарылды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мен мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі қабылданды. Әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға және сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған жаңа Әдеп жөніндегі кеңес және әдеп жөніндегі уәкіл институттары енгізілді. Бұрынғы тәртіптік кеңестерге қарағанда, әдеп жөніндегі кеңестің қызметінде басымдық тәртіптік істерді қарауға, оларды болдырмауға берілді. Кеңестің құрамында елеулі өзгерістер болды. Енді олардың құрамының үштен екі бөлігін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ редакторлары, ғылыми педагогикалық қауымдастық, мәслихат депутаттары және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының басшылары құрайды. Биылғы жылдан бастап Әдеп жөніндегі кеңес дербес негізде жұмыс істей бастады, профилактикалық шараларға белсене қатысуда. Кеңес мүшелері бастамалар көтеріп, әртүрлі сұрақтарды енгізуге құқылы. Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, адамдардың 74 пайызы Әдеп жөніндегі кеңестің әділ шешім шығаратынына сенеді. ШҚО бойынша алатын болсақ, бұл көрсеткіш 89 пайызға жетіп отыр,- деді өз сөзінде Равиль Қуанышбайұлы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин: «Елбасы кәсіби мемлекеттік аппарат құруды тапсырып, алдымызға зор міндеттер қойды. Ал оны құратын - біздер мен сіздер. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің әдебі мәселесі өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Ауылдың түкпірінен сұрағын, мәселесін арқалап келіп отырған немесе ойбаймен келген адамды мемлекеттік қызметкер айқаймен қарсы алса, әкесіндей адамға әкіреңдеп сөйлесе, мұндай адамға мемлекеттік қызметте орын жоқ. Біз халықпен кездесу барысында әріптестерімізді адамдарды барынша сыйластықпен қарсы алып, бейәдептілік танытпай, жылы-жұмсақ сөйлесіп, мәселесін шешуге қолдау білдіруге шақырудамыз. Егер бір мемлекеттік қызметші сөзінен немесе ісінен сүрініп кететіндей болса, ертең мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның басшысына кір келетін болады. Қанша мықты болсаң да халықтан жоғары емессің. Біздің міндет халыққа қызмет болғандықтан, осы тараптағы жұмысты күшейту керек,- дей келе Арман Бердалин агенттіктің қоғаммен байланысқа, жемқорлықпен күреске үлкен мән беретінін айтты.

- Қазір жемқорлардың жолына бөгет қойылып, қолдарына кісен салынып жатыр десек те, біздің басты мақсатымыз - жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу. Сондықтан тәрбие жұмыстарын мектептерден бастап жатырмыз. Агенттіктің бастамасымен Қазақстанның барлық дерлік мектептерінде «Адал ұрпақ» деп аталатын еріктілер клубы жұмыс жүргізуде. Біздің тарапымыз-дан жұмыстар атқарылып жатыр. Бірақ мемлекетке ортақ қазынаның қаржысы талан-таражға түсіп кетпеуі үшін бақылауды күшейтуіміз керек. Сондықтан, берекелі де мерекелі өмір сүргіміз келетін болса, бәріміз жұрт болып жұмылып, белді буып, білекті түріп, жемқорлықтың тамырына балта шабуымыз керек. Кешегі қол бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер, Өр Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан кең-байтақ даламызды аманаттап кеткен бабаларымыздың есімі тарихта жемқорлықпен емес, елге деген қамқорлықпен қалды,- деп сөзін түйді Арман Тілектесұлы.

Жиын барысында агенттік өкілдеріне сан сауалдар жолданып, ұсыныстар айтылды.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы».

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ!

2 қазан, сейсенбі күні Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің және дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары бірлесіп, қаладағы цемент зауытының еңбеккерлері үшін діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу проблемасына арналған жиын өткізді. Басты мақсат – халыққа діни ағымдар туралы және жат ұйымдарға қарсы тұру, олардың жетегіне ілесіп кетуден сақтану жайлы мол мағлұмат беру.

- Соңғы жылдары дін төңірегіндегі тақырыптар елімізде кеңінен айтылып жүр,- деді ең бірінші болып сөз алған ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жанна Қасымжанова. - Адам өмірінде діннің алар орны қашанда ерекше және солай болып қала береді. Бірақ әлемдік және дәстүрлі діндердің дамуымен қатар, шіркеулер, миссиялар, дәстүрлі емес діни ұйымдар да пайда болуда. Қазақстан кеңестік кезеңде көп ұлтты мемлекет болса, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін көп конфессиялық елге айналды. Сондықтан қазіргі заманда дін мәселесі өзекті тақырыптардың бірі болып отыр, әрі діни бірлестіктер мұқият зерттеуді қажет етеді,- деді.

Діни проблема туралы сөз қозғалса, исламдық экстремизм мәселесі қатар жүреді. Бұл мәселе Қазақстанда өзекті тақырыптардың қатарында. Себебі мемлекетіміз Батыс пен Шығыстың қиылысында орналасқан. Сондықтан халықаралық экстремизмді еліміз үшін аса қауіпті қатер деп қарастыру керек екенін айтады мамандар.

Иә, экстремизм мен терроризмге қарсы тұру тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның жұмылуын қажет етеді. Осы орайда қалалық ішкі саясат бөлімі мен дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары қоғамдық институттардың конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтаудағы маңызын ашып, жат ағымдардың алдын алуда әлеуметтік желілердің мәні зор екеніне тоқталды.

- Кез келген дәстүрлі емес діни ағым, терроризм мәселелерінің астарында үлкен әлеуметтік-қоғамдық, отбасылық проблемалар жатады. Террористер, жат ағым өкілдері көбінесе қиын жағдайға тап болып, жігері жасыған әлсіз адамдарды таңдайды. Арбауына түсіру үшін олар әлеуметтік желілерді қолданады. Сондықтан әлеуметтік желіні пайдалануда өте сақ болған жөн. Әсіресе ата-аналар балаларын бақылап, назардан тыс қалдырмауы керек. Жат ағымның жетегінде кету оңай, одан шығу қиынның қиыны,- деген Жанна Қасымжанова жиналған жұртшылықты қоғам арасына іріткі салып, теріс жолға түсіретін топтардан, бірлестіктерден сақ болу жөнінде кеңес берді.

Дін төңірегіндегі тақырыптар талқыланған жиында зауыт жұмысшылары тарапынан қойылған сан сауалдарға тұшымды жауаптар берілді.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы».

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ: БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ

Биыл еліміздің  жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 20 жыл. Осынау жылдар ішінде жинақтаушы жүйе талай өзгерістерді еңсеріп, бүгінде ең үздік әлемдік тәжірибелердің стандарттарына сәйкес халыққа қызмет көрсетіп келеді.

1997-1998 жылдары елімізде бастау алған зейнетақы реформасы ортақ жүйеден жинақтаушы жүйеге біртіндеп көшуді мақсат етті. Бұған экономикалық, әлеуметтік, демографиялық себептер негіз болды. Тарихтан мәлім, тоқсаныншы жылдардың соңында қазақ елі өндірістің тоқтап қалуы, көптеген компаниялардың шығынға ұшырауы, бюджет төлемдерінің кешігуі мен қысқартылуы сынды жағдайларды бастан өткерді, салдарынан зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар дер кезінде төленбеді.

Статистика агенттігінің деректеріне сүйенсек, 1997 жылы салық төлеуші  қызметкерлер мен зейнеткерлердің ара салмағы бір жарым және бір бірлікті құрады. Зейнетақы жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін, бұл көрсеткіш кем дегенде төрт және бір бірлік болуы керек, яғни бір зейнеткерге 4 жұмыс істеуші адамнан келуі тиіс. Бұл - әлемдік тәжірибеде дәлелденген жайт. Олай болмаған жағдайда, теңсіздіктің салдарынан туындаған шығындарды мемлекет бюджет есебінен жабуға және тиісінше бюджет тапшылығын жою үшін салықтарды көбейтуге мәжбүр болады. Сондықтан көптеген елдер зейнетақы жүйесін жинақтау немесе оның аралас үлгісіне көшуді жүзеге асыра бастады. Ал кеңестік кезеңдегі мемлекеттер арасында Қазақстан бұл жолға бірінші болып түсті.

Иә, қазақстандық зейнетақы жүйесі түрлі қиын-қыстау кезеңдерді, дағдарыстарды бастан кешірді. Соған қарамастан дамуын тоқтатқан емес. Жалпы зейнетақы жүйесін бірнеше деңгейге бөліп қарастыруға болады. Мәселен, 2013 жылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ құрылып, оған барлық жекеменшік зейнетақы  қорларының жинақтары берілді. Бұл ретте зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып саналады, ал оның сақталуына мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, кепілдік береді деген ең басты қағидат сақталды. Қазір мемлекет 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар азаматтарға  базалық зейнетақы төлеуді жалғастыруда. Алайда биыл шілде айынан бастап базалық зейнетақы тағайындаудың тәртібі өзгерді. Енді базалық зейнетақының көлемі еңбек өтілінің мерзімі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатынасу өтіліне байланысты болады. Екінші деңгейге сәйкес, 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыскердің табысынан аударылған міндетті зейнетақы жарнасының он пайызынан және 2014 жылдың басында енгізілген - қауіпті өндірісте еңбек ететіндерге жұмыс беруші тарапынан төленетін бес пайыздық зейнетақы жарнасынан тұрады. Бұл жинақтар салымшының меншігі және мұраға беріледі. Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналары. Осы салым арқылы салымшы өзінің зейнетақы капиталын өсіре алады. Осылайша, қазір республикамызда зейнетақымен қамтамасыз ету жолында мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы байланыс күшейтіліп, дифференциалды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі қалыптасып үлгерді.

- Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің іске қосылғанына жиырма жыл болса да, халық оның қалай жұмыс істейтінін жете түсіне бермейді. Ал мұндай түсінбеушілік зейнетақы жүйесіне деген сенімсіздікті тудырады. Әрі бұрын болған келеңсіз жайттар да қоғам арасында жағымсыз пікір қалыптастырып, Қордың беделі мен абыройына біршама кері ықпалын тигізгені жасырын емес. Қазіргі күні Қор тарапынан тұрақты кездесулер ұйымдастырылып, халық игілігі үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Ашық есік күндері өткізілуде. Бұл қарапайым тұрғындарға жинақтаушы зейнетақы жүйесі жайында мол мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Әрине, ел-жұртты қарттыққа жинақталған қаражатының болашағы, қандай зейнетақы алатыны, оның қалай сақталатыны сияқты мәселелердің толғандыратыны заңды құбылыс. Сондай-ақ зейнетақы туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістердің әсері, жеткілікті зейнетақыға қол жеткізу үшін не істеу керек екендігі – мұның бәрі салымшыларды алаңдатады. БЖЗҚ қызметін пайдаланушылар үшін Қор кеңселеріне бармай-ақ қызмет алуға мүмкіндік беретін электронды сервистер енгізілуде. Бұл бізді, яғни салымшыларды қуантады. Себебі, әр салымшы Қор сайтындағы жеке кабинетіне кіріп, электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦП) арқылы төлемдерінің көлемі туралы ақпарат алып, зейнетақы есепшотының жағдайын қадағалай алады. Бұл өте тиімді,- дейді қаржы саласының ардагері Кайникамал Нұрғалиева.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында «БЖЗҚ» АҚ директорлары Кеңесінің шешімімен Қордың 2017-2021 жылдарға арналған корпоративті даму стратегиясы қабылданған болатын. Ол зейнетақы жинақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін арттырып, қамтамасыз етуге бағытталған. Ағымдағы жылы әйел адамдардың зейнеткерлікке шығу жасын біртіндеп ұлғайтуға, Қордан алынатын төлем тәртібіне қатысты бірқатар өзгерістер орын алса, екі жылдан кейін шартты-жинақтаушы компоненті енгізілмек. Мамандардың сөзіне қарағанда, бұл жүйенің артықшылығы сол – шартты зейнетақы шотындағы қаражат бітсе де, төлем өмір бойы жасалады. Ол үшін жүйеге аз дегенде бес жыл қатысу керек. Алайда бұл жинақ мұраға қалдырылмайды.

Бүгінде Қор ерікті зейнетақы жинақтарын дамыту саласындағы әлемдік тәжірибені зерттеуде.  Келер жылы зейнетақы жүйесіне енгізілетін тағы бір жаңалық – бірыңғай жиынтық төлем. Бұл төлем зейнетақы жүйесінен шет қалған миллиондаған адамды зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, медициналық сақтандыру жүйесіне тарту үшін енгізілмек.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы».

 

WORKOUT АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ

Қалалық әкімдіктің қолдауымен Семейде тоғыз Workout спорт алаңы ашылды. Оған қалалық бюджеттен 90 миллион теңге бөлінген.

Осындай алаңның бірі қаланың орталығындағы «Мәңгілік Ел» көшесінен орын теуіп отыр. Алаңның ашылу салтанатына қала әкімі Ермак Сәлімов қатысып, балалармен бірге лентасын қиды. Айта кетейік, workout алаңдарын салумен «Металлист» ЖШС компаниясы айналысқан.

- Халық денсаулығын жақсартып, жастарды спортқа тарту мақсатында қалалық әкімдіктің қолдауымен қалада тоғыз уоркаут спорт алаңы ашылды. Мәслихат қолдау көрсетсе, шет аудандардағы көшелерден де ашуға болады. Біздің компанияда қаланы сүйетін  нағыз патриоттар жұмыс істейді. Сондықтан қаланы көркейту жолында  аянбай еңбек етуге дайынбыз, - дейді «Металлист» ЖШС компаниясының бас инженері Бауыржан Іргебаев.

Workout спорт алаңдары шаһардағы Өзбек, Экспресс, Гарнизон, Дальняя сияқты халық көп шоғырланған аудандарға орнатылған.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Еще статьи...