Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 88 гостей и 1 пользователь онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home МӘДЕНИЕТ

МӘДЕНИЕТ

БАС ХАТШЫ СЕМЕЙ САХНАСЫНДА СКРИПКАДА ОЙНАДЫ

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ертіс концерт» камералық оркестрі өнерсүйер көрерменге концерт берді. Классикалық, халықтық музыкамен халық құлағының құрышын қандырған концерт өнер ұжымының құрылғанына 20 жыл толуына арналды. Мерейтойлық шараға түркі халықтарының өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі скрипкашы Дүйсен Қасейінов Анкарадан арнайы келді.

1997 жылы құрылған камералық оркестрдің құрамында 15 өнерпаз қызмет етеді. Жиырма жыл бойы өз көрермендерін Бах, Штраус, Чайковский, Даргомыжский, Пабло Сарасате, Латиф Хамиди және тағы басқа әлемдік музыка өнері мэтрлерінің шығармаларымен қуантып, халықтың ыстық ілтипатына бөленіп келеді. Осы уақыт аралығында кәсіби музыкант Ольга Штрауб жетекшілік ететін, Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, республикаға еңбегі сіңген қайраткер Анвар Ақбаров дирижерлік ететін камералық оркестр жер-жерде концерт берді, халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды. Айта кетейік, жуырда «Ертіс концерт» Алматыда ҚР-ның халық әртісі Мұрат Серкебаевтың құрылтайшылығымен, «Таңдау» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Әуен fest» республикалық камералық оркестрі фестиваліне қатысып, «Қазақстан композиторларының қазіргі заманға сай өнерін насихаттау» номинациясының иегері атанды.

Концерттік бағдарлама италиялық композитор Антонио Вивальдидің композициясымен ашылып, республикамыздың еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткачтың орындауындағы орыс халқының жазушысы Алексей Толстойдың сөзіне жазылған ұлы композитор Петр Чайковскийдің «Среди шумного бала» романсымен жалғасты. Музыкалық мәдениет тарихында қазақтың халықтық музыкасын жинаушы этнограф, композитор Латиф Хамидидің «Жайлауым бақша жайнаған» әнін шырқаған Айжан Мазкенова тыңдармандардың өн бойын шымырлатты десек, артық айтқандық емес. Сондай-ақ фортепиано, гитара аспаптарында шығармалар ойналып, танымал күйлерден поппури орындалды.

«Ертіс концерт» камералық оркестрінің концертіне сонау Түркия елінен ат арытып келген «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов сахнаға көтерілгенде, бүкіл көрермен орнынан тұрып қол соқты. Бұл еліміздің мәдениетін өркендетуге елеулі үлес қосқан скрипкашыға деген семейліктердің ерекше құрметі болса керек. Өнер адамы үшін көрерменнің ыстық ықыласынан асқан бақыт жоқ шығар, сірә. Бір кездері Қазақстанның мәдениет министрі болған, кейін ректорлық қызмет атқарған Дүйсен Құрабайұлы өз кезегінде сөз сөйлеп, оркестр ұжымын құттықтады.

- Құрметті өнерсүйер қауым,- деп бастады сөзін,– «ТҮРКСОЙ» ұйымы мен оркестр ұжымы арасындағы шығармашылық әрі достық байланыс нығайып келеді. Осыдан бір жыл бұрын ұйымның ұйытқы болуымен Анкара қаласында «Бар байлығым - достарым» атты концерт-фестиваль өтіп, оған «Ертіс концерт» өнерпаздары шақырылды. Сөйтіп, концерттің жоғары деңгейде өтуіне оркестрдің де ықпалы зор болды. Мен Семейге жас кезімде музыкант ретінде келуші едім. Одан кейін жұмыс бабымен ректор, министр болғанымда келдім. «Ертіс концерт» оркестрінің құрамында Құрманғазы атындағы консерваторияны тамамдаған Ольга Штрауб, Вячеслав Ткач, Альмира Нұртазина сынды шәкірттерім бар. Осы шәкірттеріммен кездескеніме, олармен бір сахнада өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Сахнаға шығуды біржола қоюыма болатын еді, бірақ өнер әрқашан менің жүрегімде,- деген Дүйсен Қасейінов шәкірті, Қырғызстанның скрипкашысы Талантбек Молдақановпен бірге Клод Франсуаның әлемге әйгілі «My way» («Менің жолым») композициясын скрипкада ойнап, жиналған қауымды тәнті етті.

Соңынан Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов камералық оркестр ұжымын 20 жылдығымен құттықтап, ықылас гүлдерін тарту етіп, Дүйсен Қасейіновке естелік сыйлығын тапсырды.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІККЕ ТОЛЫ 10 ЖЫЛ

«Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық бірлестігі - бұрынғы Семей облысына қараған аудандардан шаһарымызға көшіп келген қазыналы қарияларымыздың басын қосып отырған іргелі қоғамдық ұйым. Осы қарияларымыз - өздерінің бүкіл саналы ғұмырын ауыл шаруашылығын өркендетуге, ауылдағы жас ұрпақты білім мен кәсіпке баулуға, ауыл мәдениетін көтеруге арнаған жандар. Ауылдағы тұрмыстың қиын да қилы тірлігіне шыдап, ыстығына күйіп, суығына тоңған, аянбай тер төккен нағыз еңбектің адамдары.

Аталған ұйым 19 сәуір күні Семей қалалық Достық үйінде, 10 жылдық мерейтойларына орай, «Рухани жаңғыру: Жас ұрпақ елдің ұлттық - рухани тамырынан нәр алса, адаспайды» атты қалалық форум өткізбекші. Сағындық Бекқалиұлы Бейсенбаев басқаратын қоғамдық бірлестік бүгінде өрелі істерімен танылуда. Қоғамдық ұйым алғашында, 2008 жылдың 28 наурызында, Семей қалалық ардагерлер кеңесінің құрамындағы 17-ші бастауыш ұйым болып тіркелген екен.

- Кейін өз алдымызға дербес қоғамдық ұйым болып тіркелуді мақсат еттік. Сөйтіп, 2008 жылдың 15-ші тамызында Шығыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасында қоғамдық бірлестік ретінде тіркелдік. Бұрынғы ойда жүрген іс-шараларымызды жүзеге асыру жолында бел шеше іске кірісіп кеттік,- дейді сол кездер туралы сөз еткен бірлестік басшысы.

Бәріміз білеміз, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасы еліміз үшін аса ауыр болды. Ауыл халқы қалаға ағылды. Міне, бұл үрдіс Семей өңірін де айналып өтпеді. Ауылдан қалаға келген қарияларымыз жаңа өмірге бейімделді. Осы орайда ауыл – аймағына, өз ортасына сыйлы ақсақалдар шаһарымызда орын алып жатқан қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өмірден тысқары қалғаны жасырын емес.

- Қалалық ардагерлер кеңесінің құрамындағы 17-ші бастауыш ұйым болу үшін көкпектілік Абайхан Сүлейменов екеуіміз ақыл қосып, бұрынғы Семей облысына қараған Абай, Ақсуат, Көкпекті, Жарма, Шар, Жаңасемей, Аягөз, Шұбартау, Таскескен, Үржар, Мақаншы, Бесқарағай, Жаңа Шүлбі және Бородулиха аудандарынан Семей қаласына көшіп келген 30-дан аса ақсақалдың басын қосып, заңды тіркеуге алындық. Ісіміз алға басып, ойымызда жүрген қоғамдық бірлестігімізді құруға қол жеткіздік,- дейді бірлестік төрағасы.

«Ақылдастар» қалалықтарға арнаған алғашқы іс-шарасын сол жылы 8 мамырда «Ер есімі ел есінде» тақырыбында Жеңіс саябағында өткізді. Көкпектілік Кеңес Одағының Батыры Қойгелді Аухадиевтің ұрпақтарымен өткен кездесуде жұртшылық батыр бабалар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиналған қариялар мен батырдың ұрпақтары ІІ жаһан соғысында қаза болғандар рухына бір минуттық үнсіздікпен тағзым етті. Еңбек ардагері Кәрібай Сұлтанов батырдың өмірдерегі бойынша баяндама жасаса, белгілі қаламгер Мауітқазы Зүкенов «Әке туралы толғау» поэмасынан үзінді оқыды.

Аталған шараға алғашында қаланың 8 мектебі қатысса, енді бүгіндері қала мектептері түгелдей қамтылып, дәстүрлі түрде өткізілуі жолға қойылды. Бұл өнегелі ақсақалдарымыздың ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамайтындарын көрсетеді. Осы ретте №37 гимназия директоры Жұмағазы Стамбеков, №16 орта мектеп директоры Бақытгүл Құрманғалиева патриоттық тәрбие беруде сүбелі үлес қосып жүргенін айтпай кетуге болмас. Сонымен қатар алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің шеруі қаланың 22 мектебін қамтып, бірлестік тарапынан тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Қоғамдық бірлестік Қарттар күнінде өзара бас қосып, араларынан өткен қарияларды еске алып, Құран бағыштауды дағдыға айналдырған. Өйткені «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді халық даналығы. Осы арқылы бабалар дәстүрін құрметтеуді өз немере - шөберелерінің бойына сіңіріп жүр десек, әсте артық айтпаймыз.

Бүгінгі ұрпақ төл тарихына сусындап өсуі керек. Осы бағытта қоғамдық бірлестік қыруар жұмыс атқарып отыр. Мәселен, 2009 жылы, Мамай батыр Жұмағұлұлының 300 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қайрат Бегалиннің «Мамлюки» кітабының тұсаукесерін өткізуге мұрындық болды. Мамай батырды ел арасында дәріптеу мұнымен тоқырап қалмай, Семей – Орда - Архат батырлар ауылына саяхатқа жалғасты. Кеңес Одағының Батыры Серікқазы Бекбосынов, Зәкария Белібаев пен Даңқ ордені иегері Баян Байғожинаның ерлік жолы туралы Архат ауылында келелі кеңес өткізіп, ел мен жер тарихын паш ете білді.

Молдабек Жанболатов құрастырған «Тобықты Мамай батыр, би» атты кітаптың жарық көруіне атсалысты. Әрі өздері ұтып алған грантқа Семей қаласындағы белгілі ғалым Мұрат Иманжаппар басқарып отырған «Үш биік» баспасынан үш бірдей тарихи танымдық кітап шығарды. Соның бірі – Мұхаметжан Имашевтың «Батыр – Серікқазы Бекбосынов» кітабы.

Шәкәрімнің 150 жылдығына арнап «Шәкәрім әлемі» атты кездесу өткізді. «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» акциясы аясындағы 1931-1933 жылғы нәубет пен 1937 - 1938 жылғы қуғын - сүргінге арналған іс-шаралар бірлестік назарынан тыс қалған емес. Бір айта кетерлігі, қоғамдық бірлестік құрамындағы ардагерлердің демалуларына да қажетті жағдай жасап келеді. 2014 - 2016 жыл аралығында марқұм Исағали Омаралиновтің демеушілігімен 145 қария «Әйгерім» демалыс үйінде тынығып һәм денсаулығын түзеп қайтты.

Сондай-ақ қоғамдық бірлестік ақсақалдар арасындағы шығармашылық кештерін де өткізіп тұрады. 2011 жылы қоғамдық ұйымның белсенді мүшесі Мәуітқазы Зүкенов шығармашылығының 60 жылдығы Достық үйінде кеңінен аталып өтіп, аймағымыздың зиялы қауым өкілдері бас қосты. Бірлестіктің бұл жұмыстары ескерусіз қалмай, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен «Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық бірлестігінің Кәрібай Сұлтанов, Сағындық Бейсенбаев, Абайхан Сүлейменов,  Сарқыт Ақылғазин, Венера Сейсенбаева, Ермек Шәріпханұлы, Клим Төлемісов, Қайырхан Алтынбеков, Әбдеш Имаханов, Мерғазы Жұмағұлов, Тілеубай Құсайынов, Сәбет Тоғызбаев сынды мүшелері марапатталды.

Ұрпақтар сабақтастығын жалғап, аймағымыздағы рухани жаңғыруға үлес қосып жүрген бірлестік төрағасы туралы бір ауыз сөз ететін болсақ, Сағындық Бекқалиұлы - Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 1963 жылы сырттай оқып бітірген соң, өзінің саналы ғұмырын Жарма өңірінде білім беру саласына арнаған жан. Оның 34 жылында Жарма ауданындағы мектептерде ұстаздық етсе, оның 15 жылында Жарма санаторийлік мектеп-интернатында 1995 жылға дейін директор болып, зейнетке шыққанша басшылық жасады. 1988 жылы Жарма ауданында «Қазақ тілі» қоғамын құруға атсалысты.

Ауыл ардагерлерін ескерусіз қалдырмай, 6 аудандық бөлімшелері арқылы жұртқа үлгі болып отырған «Ақылдастар» қоғамдық бірлестігінің 10 жыл ішінде атқарған өнегелі істерінің бәрін емес, кейбірін ғана баяндадық. Алдағы уақытта да бірлестіктің жарқын істерінің куәсі болатынымызға сенімдіміз.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

АЙРЫҚША МЕРЕКЕ

Кеше, 1 наурыз күні, қалалық орталық кітапханада этномәдени орталықтардың және студенттердің қатысуымен «Алғыста шек болмайды» атты кездесу кеші өтті. Көктемнің алғашқы күні ұйымдастырылған шара Алғыс айту күніне орайластырылды.

Татар, өзбек, шешен-ұйғыр орталықтары мен «Возрождение» неміс орталығының жастар клубы және «Авиценна» колледжінің студенттері кездескен кеште ұйымдастырушылар тарапынан сөз алған орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Гүлфира Төлеуқанова бұл күннің ерекшелігіне тоқталды.

- Соңғы екі жылда еліміз бойынша Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Әрбір адам алғыс айта білуі керек деп ойлаймын. Мысалы, мен Сізге алғыс айтып, көңіл-күйіңіздің көтерілуіне септігімді тигізсем, Сіз өзге       жанға ризашылық білдіріп, шаттандыруыңыз мүмкін. Сондықтан әрдайым алғыс айтып жүретін жандар болуымыз керек. Өзге ұлт өкілдері қазақстандықтарға ғана емес, біз де өз кезегімізде олардың елімізді көркейту жолындағы еңбектері, Отанымызға деген сүйіспеншіліктері үшін  алғыс айтуымыз керек,- деп атап өткен Гүлфира Қаңтарбайқызы тарихқа көз жүгірте отырып, ХХ ғасырдан бастап Қазақстанға 5,5 миллион адам қоныстанғаны жайында дерек келтірді.

Бүгінде татулық пен тұрақтылықты ту еткен кең қолтық қазақ елін мекендеген ұлттар мен ұлыстардың да алғыстан басқа айтары жоқ.

- Ең басты айтпағым - біз бақытты адамдармыз, әсіресе өзім. Мен Семейде тудым, осында өсіп-өндім. Қазір немерелерім, әулетіміздің алтыншы ұрпағы осы шаһарда тұрады. Башқұртстаннан ағам қонаққа келіп, қаланы ұнатқан соң, отбасымен Семейге көшіп келді. Атам, әкем, ағам, балаларым және немерелерім – отбасым осы мемлекетті мекен етіп отырмыз. Сондықтан туған топырағымызға, өзіміз тұратын елге, өзіміз достасқан әртүрлі ұлт өкілдеріне алғыс айта білуіміз керек. Аспанымыз ашық болсын, бейбіт әлемде ғұмыр кешейік!- дейді «Татар өнері» мектебінің директоры  Ғабдулхақ Ахунджанов.

Бұл ойды қуаттаған «Возрождение» неміс орталығы  жастар клубының мүшесі София Тедор:

- Ең алдымен, неміс хал-қының атынан қазақ халқына алғыс айтамын. Қазақстандағы  неміс халқының барлығы дерлік өз еркімен емес, жер аударылып келген. Оларды қазақ отбасылары құшағын ашып, мейірім төгіп, бауырына басқан,- деп атап өтті.

Иә, расында да, ата-бабаларымыз қай заманда болмасын қонақжайлық танытып, тектілігін көрсеткен. Қазір де қазақтар әлем халықтары арасында дарқандығымен дараланатынын мақтанып та, марқайып та айтамыз.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

БОТА БЕРГЕНШЕ, БАТА БЕР

Семей қаласы және қалаға қарасты ауылдық округтерден келген батагөй ақсақалдарымыз Достық үйінде өзара сайысқа түсті. Тілегі елі мен жерінің амандығына арналған қарияларға арнайы құрылған әділ қазылар алқасы қара қылды қақ жарып, төрелік етті.

«Ақ бата – асыл мұра» атты сайысты Семей қалалық ардагерлер кеңесі, қалалық Достық үйі, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық Мәдениет сарайының ұжымдары бірлесе ұйымдастырды.

Ескіден қалған небір асылдарымыз тарихтың қойнауына кетпей, ұлтымызбен бірге жасасып келеді. Соның ішіндегі ең құндысы, ең бәтуалысы – бата. Алаш қолы жақсылыққа ғана жайылған. Міне, осындай, алақанын тек жақсылыққа ғана жайған Семей өңірінің қариялары «Ақ бата – асыл мұра» атты Достық үйінде өткен байқауда бас қосты. Әр ауылдан келген аузы дуалы қариялар үш кезеңнен тұратын сайыста өздерінің бата беру өнегесін жиналған қауымға паш етті.

Байқаудың бірінші кезеңі жеребе тарту арқылы түрлі тақырыптар бойынша бата беру болса, екінші кезеңде қазыналы қарттар тәуелсіз елге бата берді. Соңғы кезеңде әр қария өзі қалаған тақырыбы бойынша қол жайып, ізгі тілегін жұртқа арнады. Әр кезеңнен кейін шығысқа танымал Қайыртай Ақымышев, Данияр Ахмадиев сынды өнер иелері байқауды тамашалауға жиналғандарға дәстүрлі әннен шашу шашты.

Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина, қалалық Достық үйінің директоры Берік Көпбаев, қалалық Мәдениет сарайының директоры Нұриден Иманбаев, Халықтық ақындар орталығының жетекшісі Дәмеш Омарбаевалардан тұратын әділ қазылар алқасы өздерінің ортақ ұйғарымдағы шешімдерін шығарып, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.

Екі арнайы жүлдеге Бөкенші ауылының ел анасы ардагер ұстаз Ғайниса Хасенова мен қалалық Достық үйінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Райымбеков ие болды. Бірінші орынға әрі Семей қаласының намысын Өскеменде 1 наурыз күні өтетін облыстық байқауда да қорғау бақытына жарқындық Қаймақан Бейсенбаев ақсақал ие болды. Ал екінші орынды қайнарлық Талғатқажы Семейғазыұлы, үшінші орынды семейлік зейнеткер Төкіш Ғабдуллин еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен сертификат табыс етілді.

Бабалардан қалған асыл сөз бата беруден 10 ақсақал және бір әжеміз өз бақтарын сынаған бірінші байқау осылайша өз мәресіне жетті.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, Семей қаласы.

ӨНЕРДЕ ЖОҚ ШЕКАРА

Семейге америкалық «Humming house» тобы келіп, Абай атындағы театрда ақысыз концерт өткізді.

Рок жанрында ән орындаудың шебері «Humming house» фолк-бэнді Семейге Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің шақыртуымен келген. «Шетелдегі америкалық музыка» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кеш алдағы уақытта Алматы және Астана қалаларында жалғасын таппақ. Әншілер Қазақстанға алғаш рет табан тірепті.

- Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен Сіздердің елдеріңізге алғаш рет келіп отырмыз. Қазақ еліне, оның ішінде Семей қаласына ат басын бұрғанымызға қуаныштымыз. Біз рок жанрының бірнеше түрін біріктіріп өнер көрсетеміз. Бүгін соның ішінде өзімізге ұнайтын бірнеше әуендерді Сіздерге ұсынып отырмыз және семейлік достарымызды бірге ән айтуға шақырамыз,- деді «Humming house» тобының әншілері концерт барысында.

Әсіресе студент жастардың көңіл кілтін тапқан америкалық әншілер семейлік көрермендерге Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін тарту етті. Өз кезегінде  М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенттері де аталмыш топтың «Companion» әнін олармен бірге сәтті орындап шықты. Аталған кештің өтуіне мұрындық болған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина алдағы уақытта да осындай ауқымды шараларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді:

- Астана қаласының 20 жылдығына орай, қаламызда кең көлемді шаралар жоспары бекітілген. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада «Астана құрдастары» атты қалалық байқау өтті. Алдағы жаз маусымында республикалық айтыс ұйымдастыру жоспарымызда бар. Біріккен Араб Әмірліктерінде сәуір айында өтетін ұлттық этнографиялық фольклорлық фестивальға қатысу туралы да ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан бізге ұсыныс түсіп отыр. Мүмкіндік туып, жолымыз түсіп жатса, бұл біз үшін үлкен абырой болатын еді,- деді Назерке Мәулітқызы.

- Бүгінгі кеш АҚШ Елшілігі мен Семей қаласы арасындағы тығыз қарым-қатынасты көрсетеді. Біздің бастамаға қолдау көрсеткен Семей қалалық әкімдігіне алғыс айтамыз. Былтырғы жылы Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің 25 жылдығы аталып өткен еді. Екі ел арасындағы қарым-қатынас жылдан-жылға нығая түсуде. Достықтың жалғасын табуына біз де өз септігімізді тигізгіміз келеді,- деді Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің өкілі Мэтт Вилсон мырза.

«Humming house» вокалды-инструменталды тобы келесі күні жергілікті әншілерге жанды дауыста аспапта ойнаудан шеберлік сыныптарын өткізді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Еще статьи...