Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 92 гостей и 1 пользователь онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home МӘДЕНИЕТ

МӘДЕНИЕТ

ӨНЕРДЕ ЖОҚ ШЕКАРА

22 ақпан күні Семейге америкалық «Humming house» тобы келіп, Абай атындағы театрда ақысыз концерт өткізді.

Рок жанрында ән орындаудың шебері «Humming house» фолк-бэнді Семейге Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің шақыртуымен келген. «Шетелдегі америкалық музыка» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кеш алдағы уақытта Алматы және Астана қалаларында жалғасын таппақ. Әншілер Қазақстанға алғаш рет табан тірепті.

- Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен Сіздердің елдеріңізге алғаш рет келіп отырмыз. Қазақ еліне, оның ішінде Семей қаласына ат басын бұрғанымызға қуаныштымыз. Біз рок жанрының бірнеше түрін біріктіріп өнер көрсетеміз. Бүгін соның ішінде өзімізге ұнайтын бірнеше әуендерді Сіздерге ұсынып отырмыз және семейлік достарымызды бірге ән айтуға шақырамыз,- деді «Humming house» тобының әншілері концерт барысында.

Әсіресе студент жастардың көңіл кілтін тапқан америкалық әншілер семейлік көрермендерге Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін тарту етті. Өз кезегінде  М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенттері де аталмыш топтың «Companion» әнін олармен бірге сәтті орындап шықты. Аталған кештің өтуіне мұрындық болған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина алдағы уақытта да осындай ауқымды шараларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді:

- Астана қаласының 20 жылдығына орай, қаламызда кең көлемді шаралар жоспары бекітілген. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада «Астана құрдастары» атты қалалық байқау өтті. Алдағы жаз маусымында республикалық айтыс ұйымдастыру жоспарымызда бар. Біріккен Араб Әмірліктерінде сәуір айында өтетін ұлттық этнографиялық фольклорлық фестивальға қатысу туралы да ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан бізге ұсыныс түсіп отыр. Мүмкіндік туып, жолымыз түсіп жатса, бұл біз үшін үлкен абырой болатын еді,- деді Назерке Мәулітқызы.

- Бүгінгі кеш АҚШ Елшілігі мен Семей қаласы арасындағы тығыз қарым-қатынасты көрсетеді. Біздің бастамаға қолдау көрсеткен Семей қалалық әкімдігіне алғыс айтамыз. Былтырғы жылы Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің 25 жылдығы аталып өткен еді. Екі ел арасындағы қарым-қатынас жылдан-жылға нығая түсуде. Достықтың жалғасын табуына біз де өз септігімізді тигізгіміз келеді,- деді Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің өкілі Мэтт Вилсон мырза.

«Humming house» вокалды-инструменталды тобы келесі күні жергілікті әншілерге жанды дауыста аспапта ойнаудан шеберлік сыныптарын өткізді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

«ӘРҚАШАН ҰМЫТЫЛМАСҚА»

17 қаңтарда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде, Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай, «Әрқашан ұмытылмасқа» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараны құттықтау сөзімен ашқан музей директоры Болат Жүнісбеков «Ақшың» корпорациясының президенті, «Шәкәрімтану мәселелері» атты бес томдық ғылыми жинақты қаржыландырған белгілі меценат Марат Құрманбайға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының және «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашевтың алғыс хатын, сонымен бірге «Абай» медалін табыс етті.

Ғылыми деректерге негізделген көрме Шәкәрім ақынның өз сөзімен «Әрқашан ұмытылмасқа» деп аталды. Бұл сөз ғұлама ғалымның қолтаңбаларында кездеседі. Мәселен, сақталып келген екі суреттің бірінде көне қадым ғарпімен: «Халелұлы Мұхамедин мырзаға, жас білгіштен әрқашан ұмытылмасқа Шәкәрім Құдайбердіұлынан. 1912 жыл 11 ғиянуар»,– деп жазылған.

Көрме «Білімділерге бес сауал», «Әрқашан ұмытылмасқа», «Үш анық», «Шәкәрім және өнер», «Шәкәрім кітапханасы», «Шәкәрім және дін», «Шәкәрімнің ұрпақтары», «Шәкәрім – Алашорда сотының төрағасы», «Шәкәрім музыкасы» атты бөлімдерден тұрады. Сондай-ақ көрмеге Шәкәрімнің қолы тиген шоқпар, саптыаяқ сынды құнды жәдігерлер қойылды.

Шара барысында Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әншісі Берік Омаров Шәкәрімнің «Анадан алғаш туғанда» әнін орындаса, музей жанынан ашылған «Абай» өнер мектебінің шәкірттері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Көрмеге Шәкәрімнің шөбересі Қайыртай қажы Мұхам-медшайыққызы, қаламыздың зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Ойшыл ақынның 160 жылдығына арналған «Әрқашан ұмытылмасқа» көрмесі жыл бойы жұмыс істейді.

Біржан АХМЕР, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері.

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ӘКІМ ШЫРШАСЫ

Кеше, 28 желтоқсан күні, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Қала әкімінің шыршасына ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары қатысты.

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында өткен биылғы мерекеге 150 оқушы қатысса, оның 30-ы қала маңындағы ауылдық мектептерден келіпті.

«Қымбатты балалар! Баршамыз асыға күтетін жарқын мереке Жаңа жылға санаулы күндер ғана қалды. Мен сендерді алда келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Осынау шырша тойы естеріңде қалатын ерекше кеш болады деп сенемін. Сендер берекелі, бейбіт елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Халқымыз «Өсер елді өскелең ұрпағынан таниды» деген сөзді бекер айтпаған.

Ата-ананың үкілі үмітін ақтайтын да, туған еліміздің асқақ рухын сақтайтын да сендер. Сондықтан біз сендердің ақылды да алғыр, зерделі де зерек болғандарыңды қалаймыз.

Айналайын, балалар! Мен бәріңе мол игілік, жарқын болашақ тілеймін. Балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы болсын. Жаңа жылда армандарың орындалып, тәуелсіз елімізбен бірге өсіп-өркендей беріңдер! Мерекелеріңмен!»-деген Президенттің қазақстандық барша балаларға арналған құттықтауынан соң оқушылар жаңа жылдық қойылымдарды тамашалады.

Қойылым барысында жас жеткіншектер ертегілер әлеміне сапар шегіп, Аяз атамен және Ақшақармен кездесті. Түрлі тосқауылдарға төтеп беріп, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған олардың сиқырлы қоржыны да бос болған жоқ. Көңілдері шат-шадыман балғындар Аяз атамен және Ақшақармен естелік суретке де түсті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ӘКІМ ШЫРШАСЫ

Кеше, 28 желтоқсан күні, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Қала әкімінің шыршасына ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары қатысты.

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында өткен биылғы мерекеге 150 оқушы қатысса, оның 30-ы қала маңындағы ауылдық мектептерден келіпті.

«Қымбатты балалар! Баршамыз асыға күтетін жарқын мереке Жаңа жылға санаулы күндер ғана қалды. Мен сендерді алда келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Осынау шырша тойы естеріңде қалатын ерекше кеш болады деп сенемін. Сендер берекелі, бейбіт елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Халқымыз «Өсер елді өскелең ұрпағынан таниды» деген сөзді бекер айтпаған.

Ата-ананың үкілі үмітін ақтайтын да, туған еліміздің асқақ рухын сақтайтын да сендер. Сондықтан біз сендердің ақылды да алғыр, зерделі де зерек болғандарыңды қалаймыз.

Айналайын, балалар! Мен бәріңе мол игілік, жарқын болашақ тілеймін. Балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы болсын. Жаңа жылда армандарың орындалып, тәуелсіз елімізбен бірге өсіп-өркендей беріңдер! Мерекелеріңмен!»-деген Президенттің қазақстандық барша балаларға арналған құттықтауынан соң оқушылар жаңа жылдық қойылымдарды тамашалады.

Қойылым барысында жас жеткіншектер ертегілер әлеміне сапар шегіп, Аяз атамен және Ақшақармен кездесті. Түрлі тосқауылдарға төтеп беріп, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған олардың сиқырлы қоржыны да бос болған жоқ. Көңілдері шат-шадыман балғындар Аяз атамен және Ақшақармен естелік суретке де түсті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМДАРЫ ЖАҒЫЛДЫ

22 желтоқсан күні Семейдің Орталық алаңында бас шыршаның шамдары жағылды. Мереке алды шарада биыл қалалықтар мен шаһар қонақтары назарына лазерлік және файер-шоу мен Аяз ата және Ақшақарлар шеруі ұсынылды. Шырша шамдарын қала әкімі Ермак Сәлімов жақты. Айта кетерлігі, биіктігі 15 метрлік шыршаны безендіру үшін 200-ден астам жаңа жылдық шарлар мен 65 жарық диодты қарлар жұмсалған. Бұл бағыттағы шараларды, мемлекеттік тапсырыс бойынша, жеңімпаз атанған «Корифей» серіктестігі жүзеге асырыпты. Бас шыршаны құру, безендіру мен бұзуға қала қазынасынан 4 млн. теңге қаржы қарастырылған. Жиналғандар назарына ұсынылған шараны мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Орталық алаңдағы мерекеге ертегі кейіпкерлері мен ескі және Жаңа жылдың символдары да қатысты. Салтанатты шара қала өнерпаздарыныңконцерттік бағдарламасына ұласты. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Орталық алаңға жиналған қауымды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

- Құрметті жерлестер! Ардақты ағайын! Шын жүректен алдымызда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл барлығымызға тек қана жақсылық әкелсін! Ешқашан жамандық көрмейік. 2017 жыл біз үшін өте табысты жыл болды. Осы жылы жеткен барша жетістіктеріміз бен табыстарымыз ескі жылдың еншісінде естелік болып қала бермей, келе жатқан 2018 жылы жалғасын тапсын деген тілектемін. Биіктерге бірге жетейік,- деді қала әкімі өз құттықтауында.

А.ҚИЫҚБАЙ, Семей қаласы.

 

Еще статьи...