Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 77 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home МӘДЕНИЕТ

МӘДЕНИЕТ

БАТЫР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Исабаева бастаған семейліктер Қайрат Рысқұлбековті еске алу мақсатында Халық қаһарманы ескерткіші жанына жиналды. Жиналған қауым Желтоқсан оқиғасының батырын бір минут үнсіздікпен еске алғаннан кейін ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.

Иә, Тәуелсіздік күні мерекесі дегенде, ең алдымен ел есіне 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен егемендік жолында құрбан болған қыршын жастар түседі. Сол қыршын кеткен қазақ жастарының алдыңғы легінде Қайрат Рысқұлбеков те бар. Батырды еске алу шарасына келгендердің қатарынан табылған Желтоқсан оқиғасының куәгері Анар Жакупова митингіде сөз сөйлеп, ызғарлы күндері басынан кешкен оқиғалары туралы әңгімелеп берді. Өз сөзінде ол Алматыда болған қанды оқиғаның маңызы жыл санап артып отырғанын жеткізді.

- Санамда әрқашан жаңғырып тұратын, ешқашан өшпейтін сол бір күн бәрімізге ауыр тиді. Алматының алаңында таңғы тоғыздан түскі үшке дейін суыққа бой бермей, әділеттілік іздеп көп тұрдық. Желтоқсан оқиғасы Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылып қалды. Келер ұрпақ та бүгінгі қазақ елін одан әрі гүлдендіріп, көркейтеді деген сенімдемін,- деді Анар Жакупова.

Сексен алтының сергелдеңінде жаза арқалап, ғұмырын қиған Қайрат Рысқұлбековті бүгінде Халық қаһарманы ретінде еске алып, ұрпаққа үлгі ету игі дәстүрге айналған.

Айкерім ҚИЫҚБАЙ, Семей қаласы.

ТӘУЕЛСІЗДІК – БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҚ

Абай театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтіп, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Семей қаласының Құрметті азаматы атағына ие болған азаматтарды марапаттады.

- Ардақты ағайын, қымбатты жерлестер! Егемендікке қол жеткізіп, ту тіккен тұғырлы Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Біз үшін азаттықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Бұл - бабалар арманы орындалған ұлы күн. Сол күн – бүгінгі тарих. Жасампаз елдің жаңа тарихы Елбасымен бірге жазылып келеді. Ынтымақ пен бірліктің арқасында Қазақстанды әлем таныды. Сөз жоқ, бұл - қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесі, егемендік пен ерліктің, елдіктің арқасы, татулық пен тұрақтылықтың, теңдіктің табысы. Қазақстанда әрбір азамат жарқын болашағының негізін қалай алады. Елмен бірге Семей де көркейіп келеді. Шаһарымызда 80-нен астам ұлт пен ұлыс өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Қоғамдық келісім кеңесі, Достық үйі, 21 этномәдени орталық халыққа қызмет көрсетеді. Қаланың бюджеті артып, жаңа тұрғын үйлер бой көтерді. 1800 орынға арналған екі мектеп пайдалануға берілді. Қала жолдары жаңартылды. Орталық алаң мен саябақтарды абаттандыру жұмыстары әлі жалғасуда. Ертіс жағалауы қайта жөндеуден өтіп, каскадты субұрқақ іске қосылды. Заманауи үлгіде Қарағайлы ықшам ауданы салынуда. Осы уақытқа дейін аз жұмыс жасалған жоқ. Құрметті жерлестер, мұның бәрі Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі. Тағдыр бізге Тәуелсіздікке қол жеткізу бақытын сыйлады. Тарихи міндетті абыроймен атқару – бізге жүктелген қасиетті парыз. Осы жолда Сіздерге толайым табыстар, ынтымақ пен береке тілеймін. Мемлекет тұғыры берік, ел рухы биік, ғұмыры    баянды болсын. Егемен ел мерекесі құтты болсын!- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Қала тұрғындарын мерекемен құттықтаған ша-һар басшысы Семей қалалық мәслихатының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы шешімімен ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының    докторы, профессор Арап Сіләмұлы Еспенбетовке, философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімге және медицина ғылымының     докторы, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, еңбек ардагері, Семей қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қайноллан Мусинге «Семей қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісін табыстады.

- Тәуелсіздік халықтың ғасырлар бойғы аңсары еді. Қаншама жыл бодандықта болса да, қаншама жыл қиян-кескі соғысты көрсе де, қазақ дейтін рухы биік халық өзінің елдігін сақтап қалды. Жігері жасыған жоқ, алдыға қойған мақсаты биіктей берді. Бірақ тәуелсіздікке бастар жол алыс болатын. ХХ ғасырдың басында дәл біздің Семей қаласында «Алаш» партиясы құрылды. Алаш үкіметі де алдына үлкен мақсат қойды. Ол елдің өз алдына жеке мемлекет болуы, ел болуы еді. Бірақ Алашорда үкіметі мен «Алаш» партиясы өз мақсаттарына жете алған жоқ. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі жетістігі – Елбасының жанқиярлық еңбегінің нәтижесі. Тәуелсіздік – әдемі сөз ғана емес, әрқайсымыз түсінуге, ұғынуға, жүрегімізбен сезінуге тиісті қасиетті ұғым. Тәуелсіздікті қастерлеу, ел бірлігіне іріткі салмау – әр азаматтың, әрбір қазақстандықтың басты міндеті. Соңғы екі-үш жылды алып қарасақ, Семейде жаңа өзгерістер орын алды. Көшеміз жарқырады, жолға асфальттар төселді. Бір айдың ішінде екі мектептің іске қосылуы жас ұрпаққа  жасалып отырған қамқорлықтың нәтижесі деп ойлаймын. Алайда біз осымен тоқтап қалмауымыз керек. Осы кеште ең алдымен өз ұжымыма, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіне және оны қолдаған қала әкімі Ермак Бидахметұлына, қалалық мәслихаттың депутаттарына зор алғысымды білдіремін. Табыстан табысқа жете берейік,- деді Семей қаласының Құрметті азаматы Арап Еспенбетов.

Марапаттау кеші мерекелік концертке ұласты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

ШВЕЙЦАРИЯ ЕЛШІСІ СЕМЕЙДЕ

Жуырда Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайына Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Криста Фельдер Раймонд келіп, «Четвертая стена» жастар театры сахналаған  спектакльді тамашалады.

Қарашаның алғашқы аптасында Павлодар қаласында «Жаңа территория-2017» атты жастар театрларының ІІІ халықаралық    фестивалі өткен еді. 9 күнге созылған фестивальға қатысқан он екі театр ішінен  семейлік «Четвертая стена» театры бас жүлдені жеңіп алды.

Жас әртістер сахналаған спектакльдің ерекшелігі – әртістердің сахнаға көрермен-дердің ішінен суырылып шығуы. Әрі қарай оқиғаның өзара еркін әңгіме, диалог және монолог түрінде өрбуі балалардың қызығушылығын оята түсті. Жас театрға қолдау көрсету үшін арнайы келген Криста Фельдер ханым оларға шығармашылық табыс тіледі:

-Өмірдің қиындықтарын шынайы қалпында көрсете білген жас театр ұжымына алғысым шексіз. Сіздер шынымен де көрермен жүрегіне жол таба алдыңыздар. Көрермен болып отырған өзге де балалар мен жасөспірімдерді осындай шараларға белсене қатысуға шақырамын. Швейцарияның Семеймен әріптестік қарым-қатынас орнатқанына келесі жылы 20 жылдың жүзі болады. Семей қаласына әлі де жолымыз түсетініне сенімдімін. Ол кезде бұдан да жоғары жетістікке қол жеткізесіздер деген ойдамын, - деді ол.

Жадыра Төлегенқызы, "Семей таңы"

ПОЛЯК ЕЛШІСІ СЕМЕЙДЕ

3 қараша күні Семейге Польша мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич келіп, поляк елінің Семей кәсіпкерлерімен әріптестік қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін жеткізді. Кездесуге қала кәсіпкерлерімен бірге, қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров қатысты.

Келесі жылы Польша мемлекеті ел тәуелсіздігінің ғасырлық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай поляк елі ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Оның бірі Семей қаласымен байланысты. Атап айтсақ, Польша билігі Семей қаласында дүниеге келген поляк қайраткерлеріне ескерткіш тақтатас орнатпақ ниетте.

- Келесі жылы Польша мемлекетінің азаттық алғанына 100 жыл толады. Осы мерейтой қарсаңында ел азаттығы жолында тер төккен қайраткерлердің табаны тиген өңірлерді аралап жүрміз. ХХ ғасырдың басында  Семейде де Алашорда үкіметі құрылып, ел бостандығы үшін қызмет етті. Сіздер де биыл Алашорда үкіметінің жүз жылдығын ел көлемінде атап өттіңіздер. Дегенмен сол кездегі саяси жағдайларға байланысты Қазақстанға тәуелсіздікті тағы біраз уақыт күтуге тура келді,- дейді елші.

Сондай-ақ С.Хазбиевич поляк кәсіпкерлерінің Қазақстан-мен, соның ішінде семейлік кәсіпкерлермен Польша экономикасының маңызды тетігі саналатын ауыл шаруашылығы техникасы саласында сауда және әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

- Елші болғандықтан Қазақстанның әр қаласын аралау - менің қызметім. Қазақстанға елші ретінде келерден бұрын әріптестік төңірегінде көп сұрақтар туындады. Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ бизнесмендері Польшадан өз серіктестерін тапты. Сондықтан семейлік кәсіпкерлерді де Польша мемлекетімен, поляк кәсіпкерлерімен бірігіп жұмыс істеуге шақырамын. Бұл қарым-қатынас екі ел арасын жақындатып, екі жақ үшін де тиімді болатынына сенімдімін. Бүгінде Польшадағы көптеген кәсіпкерлер Қазақстан туралы, әріптестік туралы сұрайды. Бізде ауыл шаруашылығы техникасы өте жақсы дамыған, мамандарды тек ауыл шаруашылығы саласына дайындайтын 2-3 жоғары оқу орны бар. Бұл салада бәсекеге қабілеттілігіміз жоғары. Есесіне біздегі бағалар Германия, Франция мемлекеттерімен салыстырғанда арзан-дау. Сондықтан алдағы уақытта ауыл шаруашылығы техникасы саласында Қазақстан мен Польша арасында әріптестік қарым-қатынас жандана түсетініне сенемін,- деді ол.

Польша мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне келместен бұрын саясаттанушы қызметін атқарған С.Хазбиевич  тарихтың мемлекетаралық мәдени байланыстардың дәнекері екенін айтады.

- Мен Қазақстанға тамыз айының ортасында келдім. Саясаттанушы ретінде қазір Қазақстанда қазақ халқының бірігуі жолында үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын байқадым. Мен, жалпы, саясатты тарих саясаты және әр мемлекеттің ішкі саясаты деп екіге бөлер едім. Тарих саясаты да елдің ішкі саясатының бір бөлшегі. Әсіресе бұл мемлекеттердің жақындасуы жолында үлкен рөл атқарады. Қазақстан Азия мен Еуропа мемлекеттерінің ортасында жатыр. Ал Польша Еуроодақпен байланыста. Кейде Еуроодақпен көзқарастарымыз да келісе бермейді. Еуроодақ - нағыз демократиялық ұйым,- дейді С.Хазбиевич.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Марат Нүгеров  Қазақстанның қазіргі күні Польшамен жеміс-жидек тасымалы, тұрмыстық техника және тоқыма өнеркәсібі саласында сауда байланысын орнатқанын тиек етіп, поляк тауарларының сапасына көңілі толатынын жеткізді.

- Польша мемлекетінен әкелінетін жеміс-жидектердің сапасына көңіліміз толады. Ал тұрмыстық химияның сапасы әлемдік брендтермен тең деп айтуға болады. Бұл салада Қазақстанның Польшамен әріптестік қарым-қатынас орнатқанына 15 жылдың жүзі болды. Тоқыма өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіп саласындағы сауда байланысын әлі де кеңейтеміз деген үміттемін. Қазақ елі Польшамен шекаралас болмаса да екі елді тарих байланыстырады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында және соғыстан ке-йін Балтық жағалауынан, Поволжьеден көптеген поляк қайраткерлері Қазақстанға жер аударылды. Қазақ елі поляк азаматтарын шетке қақпай, өз бауырындай көрді. Нәтижесінде жүз мыңдаған поляк азаматтары соғыс аяқталып, шекара ашылғанда аман-есен өз жұртымен қауышты. Поляк елі мен қазақ елі арасындағы байланыстың нығаюына біз де өз тарапымыздан мүдделіміз,- деді М.Нүгеров.

Қала кәсіпкерлері кездесу барысында сауда байланысына қатысты сауалдарын қойып, елшіден тұшымды жауаптар алды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы».

ТАТАР ӨНЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

26-28 қазан аралығында Семейде татар өнер мектебінің «Көзге Иртыш Моңнары» халықаралық ХVIII фестивалі өтті. Фестиваль аясында ғылыми конференциялар мен көрмелер, мерекелік концерттер ұйымдастырылып, Қазан қаласынан арнайы келген қонақтарға сый-сияпат көрсетілді.

Фестиваль аясында белгілі татар аспазы, татар ұлттық асханасының шебері Юнус Ахметзяновтің құрметіне арналған аспаздар сайысы ұйымдастырылды. Семейліктермен қоса, Қазан қаласынан келген қонақтар да сайысқа өз өнімдерін ұсынды. Қазылар 15 ұлттық тағамның ішінен Юнус Ахметзяновтің рецебімен дайындалған бәлішті ең дәмді тағам ретінде бағалады.

- Біз татар ұлттық асханасының байырғы дәстүрін, әжелеріміз әзірлейтін ұлттық тағамның құрамын сақтадық. Татар ұлттық тағамдарын дәмді әзірлеу үшін татар халқының салт-дәстүрін жақсы көру керек. Өз ұлттық болмысыңды қадірлемесең, ұлттық тағамды дәмді әзірлеу мүмкін емес,- дейді қазылар алқасының төрағасы Мадина Ахунжанова.

Фестиваль бұдан әрі татар өнер мектебінің 25 жылдығына арналған ғылыми конференциямен жалғасты. 1992 жылы Ғабдулхақ Ахунжановтың бастамасымен ашылған мектепте тек татар халқының емес, өзге ұлт өкілдерінің де мәдениеті мен салт-дәстүрлері дәріптелуде.

- Бүгін қаламызда үлкен мереке. Татар өнер мектебі өзінің ширек ғасырлық мерейтойын тойлауда. Құрметті қонақтар, Семей қаласына қош келдіңіздер! Сіздерді қала әкімі Ермак Сәлімовтің атынан құттықтаймын! Татар музыка мектебінде тәрбиеленген балалар музыка саласында жемісті еңбек етіп қана қоймай, қазіргі күні қаланың қоғамдық өміріне де белсене араласады. Татар өнер мектебіне ұзақ ғұмыр тілеймін. Халықтар достығы мен ынтымағын сақтауда жемісті еңбек ете беріңіздер,- деген Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина татар өнер мектебінің ұстаздарына алғыс хаттар табыстады.

- Құрметті қонақтар! Семейліктер сіздердің Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтардың қаласына келгендеріңізге қуанышты. Семей – тамаша шаһар. Мұнда 12 мыңнан астам татар ұлты бар. Саны жағынан аз болғанымен, олардың бойында талант көп. Татарлар алғаш Семейге келгенде ең алдымен медресе ашып, 14 мешіт тұрғызды. Өнеркәсіп орындарын салды, жиі-жиі жәрмеңкелер ұйымдастырып тұрды. Ғабдулхақ Ахунжановтың бастамасымен татар өнер мектебі ашылды. Өнер мектебінің шәкірттері бүгінде Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де танымал. Татар мен қазақ халқына ортақ Латиф Хамиди сынды композитор бар. Ол екі халықтың музыкасын біріктірді. Семейде музыкалық мектептердің біріне Латиф Хамидидің есімі берілген. Композитордың Абай ауданына барып, «Абай» операсын жазғаны да баршаңызға мәлім. Татар халқының бастамасымен Өскеменде татар халқының ұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұса Жалелге ескерткіш қойылды. Бізде Ғабдолла Тоқайға да ескерткіш қойылған. Мұның бәрін міндетті түрде көрулеріңіз керек,-деді еңбек ардагері, Татар қоғамдық қоры президиумының мүшесі Рашида Хасанова.

2000 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Көзге Иртыш Моңнары» байқауының қатысушылары 27 қазан күні Абай атындағы театрда болып өткен фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде бас қосты. Шараға арнайы қатысқан Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов құттықтау сөз сөйлеп, балаларға эстетикалық-көркемдік  білім беруге сүбелі үлес қосқан мәдениет саласының бірқатар өкілдеріне марапаттар табыс етті.

-  Әлемге ұлы Абайды, Шәкәрім мен Мұхтарды сыйлаған Семей жерінде бүгін қуанышты күн. Талай дарынға жол ашқан татар өнер мектебінің мерейлі тойы құтты болсын! Семейде түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығы ұлтаралық татулықты сақтауға өз үлестерін қосып келеді. Ғабдулхақ Ахунжановтың жетекшілігіндегі татар мектебі жас таланттардың өнерге деген құштарлығын, қабілетін оятып қана қоймай, салт-дәстүрді, қала мәдениетін дамытуға ерекше үлес қосуда, - деп ерекше атап өткен шаһар басшысы Ермак Сәлімов жиналған көпшілікке денсаулық, баянды бақыт, игі бастамаларына толағай табыстар тіледі.

Айта кетейік, биыл фестивальға Новосібір, Томск, Омбы қалалары мен облыстың әр аудандарынан 150-ге жуық өнерпаз қатысты. Вокал, би, хор, ансамбль, сөйлеу жанрлары бойынша өткен өнер фестивалінің гала-концертінде жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Жадыра Төлегенқызы,

Жібек Серғазы,

«Семей таңы»

 

Еще статьи...