Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 84 гостей и 1 пользователь онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home МӘДЕНИЕТ

МӘДЕНИЕТ

ҚАЛА КҮНІН ҚАЛАЙ ӨТКЕРДІК?

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Семей жұртшылығы қала күнін кең көлемде атап өтті. Күннің суықтығына қарамастан, айтулы мерекені бір кісідей өткеруге Ертістің оң жақ жағалауы бойына келген семейліктердің көңіл-күйі көтеріңкі. Қар мен жаңбыр аралас жауған бұршақты жауынды бәз біреулер өздерінше жақсылыққа жорып жатты.

Салтанатқа жиналған жұртшылықты қала күнімен құттықтауға шаһар басшысы Ермак Сәлімов келіп, ізгі тілегін жеткізді.

- Ерке Ертістің бойындағы асқан рухтың, тарлан тарихтың, ынтымақ пен достықтың киелі мекені – қарт Семейдің мерекесі құтты болсын! Биылғы жыл бәріміз үшін ерекше. Ел рухани жаңғыруға қадам басты. Алаштың дәстүр тойын тойлап, Әлиханды тұғырына қондырдық. Тарихты түгендеп, болашаққа бағдар жасадық. Мұның барлығы уақыт өлшемі, заман талабына сай қабылданған игі шаралар. Биылғы жыл Семей үшін табысты болды. Қаланың көркі кірді, рухы оянды. Экономикасы да жақсарып келеді. Семей – ірі транспорттық-логистикалық орталық. Ертістің флорасы мен фаунасы біздің ортақ дәулетіміз. Қаланың басты байлығы – бұл қала тұрғындары. Семей өлкесі тау тұлғаларға бай екенін бүкіл ел біледі. Киелі Семей топырағы Абайдай дананы, Мұхтар мен Шәкәрімді сыйлады бізге. Біздің қалада Алашорда үкіметінің негізі қаланды. Семейліктер адамзат тарихындағы жойқын жарылыс – ядролық сынақ палигонының ащы дәмін татып, оның ауыр зардабын тартты. Міне, бүгінде Ұлт Көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Ел президентінің, Үкіметтің және облыстық әкімдіктің қолдауымен сүйікті қаламыздың келбеті заман талабына сай ажарланып келеді. Көздің жауын алатын тұрғын үйлер бой көтеріп, жаңа технологиямен көше жолдары жөнделуде, коммуникация жүйесі де ретке келтіріліп жатыр, саябақтар абаттандырылуда. Қала дамуы-                                                                                      ның даңғыл жолында аз жұмыс істелген жоқ. Дегенмен, алдағы уақытта атқарылатын шаруалар да аз емес. Алдымызда құт қонған қасиетті өлкені одан әрі дамыту міндеті тұр. Бұған бәріміз бір кісідей жауаптымыз. Жауапкершілік, сыйластық, қолдау көрсету және мақсатқа жету қасиеттері бойында бар семейліктер азаматтық позициясын нық ұстап, Семейдің өсіп-өркендеуіне белсенді түрде ат салысады деп риясыз сенемін. Қала күні құтты болсын, қымбатты жерлестер! Ісіміз оңға басып, табысты болайық. Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, мағыналы ғұмыр тілеймін, - деді өз сөзінде Ермак Бидахметұлы.

Семей қаласының тұрғыны Ришат Нұриахметов еліміздегі броньды техникаларды күрделі жөндеуден өткізетін, конверсиялық дөңгелекті техниканы дайындайтын бірден бір мекеме «Семей Инжиниринг» АҚ-да 1987 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның қос баласы Ельдар және Рифхат Нұриахметовтер де осы жерде еңбек етеді. Осы орайда қала әкімі Ермак Сәлімов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан Нұриахметовтер отбасына сый-сияпатын тарту етті. Сол сияқты қаладағы «Қазполиграф» ЖШС-нде 97 жыл еңбек етіп келе жатқан Надежда Слухайға да құрмет көрсетілді.

Сән-салтанатымен өткен мерекелік шара барысында қаламыздың мәдени дамуы мен көркеюіне ерекше үлес қосып келе жатқан әр сала қызметкерлерінің жеткен жетістіктері айтылып, олар Ертіс жағалауындағы алаңда шерулетіп жүріп өтті. Қолөнер шеберлерінің, шаруа қожалықтары мен жергілікті тауар өндірушілердің, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітаптар көрмелері шараның көрігін одан әрі қыздыра түсті. «Семей шежіресі» деп аталған кітап көрмесіне қаланың тарихынан сыр шертетін, Алаш тақырыбында 100-ден астам кітап қойылған. Олардың дені Несіпбек Айтов, Тұрсын Жұртбай, Төкен Ибрагимов, Мұратбек Оспанов, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Мұрат Сұлтанбеков сынды бала мінезін туған жердің бал-бұлағына қандырған өзіміздің жерлес ақын-жазушылардың қаламынан туындаған шығармалар.

- Қала тұрғындары мен қонақтарын бүгінгі айтулы мерекемен құттықтағым келеді. Күздің қара суығы білінсе де, мерейлі мезет жүрегімізге жылу ұялатты. Береке - бірліктің негізінде өткізіліп жатқан шара біздің ұлт ретінде ұйысуымызға өзіндік ықпалын тигізді. Семейіміз күн санап көз алдымызда өсіп, ілгері қарай жылжып келетіні қуантады. Әрбір жанұяға бақыт, толағай табыс тілеймін, - деген ізгі лебізін арнады қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Назгүл Дәулетказина.

Назарбаев зияткерлік мектебінде білім нәрімен сусындап жүрген білімпаз оқушылардың қолөнер бұйымдары да менмұндалап тұрғандай. Он саусағынан өнер тамған жас шеберлердің ағаштан, қыштан, моншақтардан жасаған тундылары мен батик тәсілімен А1 форматында салынған суреттері алыстан көз тартады.

Қала күні мерекесінде Семейдің кішкентай тұрғындары да назардан тыс қалмады. Орталық демалыс саябағында бүлдіршіндер үшін «Балалық шақ қаласы» атты шара ұйымдастырылып, олар ертегі әлеміндегі таңғажайып ке-йіпкерлермен жүздесті. Мәз-мейрам болған балалар түрлі-түсті борлармен асфальт бетін суреттермен көмкерді. Сонымен қатар мұнда Семей қалалық Достық үйінің тұңғыш ұйымдастыруымен «Бауырсақ battle», яғни «Бауырсақ шайқасы» өтті. Бауырсақ пісіру және оны жылдам жеу жарысына қаладағы Бизнес және сервис колледжі, Шығыс Қазақстан технологиялық колледждерінде аспаз мамандығында оқитын студент жас-тар қатысты. Дәмі тіл үйіретін ең дәмді бауырсақты шараны тамашалауға келген меймандар таңдап, жас мамандарға тиісті бағасын берді. Шара қатысушыларына естелік сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, бұл күні «Қазақстан теміржолы» бекеті алдындағы Қабанбай батыр ескерткіші алаңында, 72-ші шағын аудандағы Революция, азаматтық соғыс батырларының ескерткіші маңында, «Көктем» сауда үйі алдында, қалалық Офицерлер үйінде де  концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Сон-дай-ақ, арбатта «Менің қалам» атты фотосуреттер көрмесі, мәдениет сарайында «Семейім – Алаштың астанасы» ақындар айтысы өтті. Семей тұрғындарының басын біріктірген шара өнер ұжымдарының қатысуымен гала-концертпен жалғасып, соңы мерекелік отшашумен аяқталды.

Жібек СЕРҒАЗЫ,

Айкерім ҚИЫҚБАЙ

«Семей таңы»

«АТЫРАУДАН МАХАББАТПЕН»

Семейге «Атыраудан махаббатпен» көрмесі жетті. Жұма,15 қыркүйек күні Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейіне Атыраудағы Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейінің қызметкерлері арнайы келіп, көркемөнер музейінің 25 жылдығына арнап «Атыраудан махаббатпен» атты жылжымалы көрме жұмысын ашты.

Көрменің ашылу салтанатына Атыраудағы Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлы, қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қала прокуроры Марат Турубаев қатысты. Жақсыны көрмекке дегендей, бұл көрмеден қала тұрғындары мен мектеп оқушылары, студенттер де қалыс қалмады.

Көрмеге қойылған туындылардың тең жартысы - Шаймардан Сариевке тиесілі. Оның суреттерінің дені отбасы мүшелері мен достарының, таныстарының портреттерінен құралған. Сонымен қатар Қали Айтқалиев, Қамбарбек Аманов, Абай Айтмағамбетов, Жоламан Аралбаев, Айсы Отаралиев, Нұрсұлтан Қалиев, Аманат Назарқұл, Перизат Есназарова сынды басқа да атыраулық суретшілердің кескіндемелік жұмыстары мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары көрмеге қойылды.

Атыраудағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейі 1992 жылы ашылған. 1999 жылы Қазақстанда мұнайдың 100 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында облыс әкімі музейге «ҚазақОйл» Ұлттық мұнай компаниясының қаржысына қайта жөндеуден өткен ғимаратты ұсынады. ҚР Үкімет басшысының қаулысына сәйкес, музейге 2005 жылы ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Шаймардан Сариевтің есімі берілген екен. Содан бері музей өз жұмысын жандандырып, аймақтағы мәдени ағарту орталығы міндетін сәтті атқарып келеді. Мұнда өткен дәуір мен қазіргі дәуір шеберлерінің жарқын туындылары қамтылған. Музей қорындағы жалпы экспонаттардың саны 2000-нан асатын көрінеді.

- Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейі биыл өзінің 25 жылдығын және Шаймардан Сариевтің 80 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Осы қуанышты әріптестерімізбен бөлісу мақсатында батыстан ат арытып Семей қаласына арнайы келіп отырмыз. Себебі Семей қаласы - өнер мен мәдениет тұнған тарихи шаһар. Қазақтың кең байтақ жері - бәрімізге ортақ. Сондықтан әркім өз қазанында қайнай бермей, мүмкіндік болса жер көрген, ел көрген, әрине, жақсы. Невзоровтар атындағы өнер музейі туралы жақсы пікірлерді осы уақытқа дейін көп естіп келген едік. Шынында да, музей құнды ескерт-кіштерімен, тамаша туындыларымен, көне ғимаратымен ерекше екен. Ұсынысымызды бірауыздан құп алып, жылы шыраймен қарсы алған музей директоры Татьяна Стромскаяға алғысым зор. Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейімен  әріптестік және шығармашылық байланысымызды алдағы уақытта нығайта түспекпіз, - дейді Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлы.

Осы орайда Шаймардан Сариев жайлы аз-кем айтып өтсек. Шаймардан Сариев (1937-1988 жж.) – Атырау облысы Махамбет ауданы Забурунье ауылының тумасы. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін, Харьков көркемөнер институтын тамамдаған ол алпысыншы жылдары таныла бастаған С.Айтбаев, А.Садыханов, Т.Тоғызбаев, О.Нұржұмаев, М.Қисаметдинов, Б.Тәбиев, Т.Досмағанбетов сынды суретшілермен үзеңгілес. Олардың шығармашылық ізденістері батыс және шығыстағы кескіндеме дәстүрлерін зерттеуге және синтездеуге бағытталған.

«Атыраудан махаббатпен» көрмесі наурыз айында Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы музейінде және Атырау облысының мәдениет күндері шеңберінде «ЭКСПО-2017» көрмесінде көрсетілген екен. Бүгінде Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейі тың идеялардың бастамасы болып отыр. Музей облыс суретшілерінің және Қазақстан шеберлері туындыларының жылжымалы көрмесін жиі ұйымдастырып тұрады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, Семей таңы

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ

20 сәуір күні қалалық Достық үйінде «Кешегі Алаш – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан, болашаққа бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қалалық Достық үйі, «Ахау-Семей» қазақ құндылықтарын қолдау орталығы мен қалалық Аналар кеңесінің мүшелері ұйымдастырған шараға тарихи зерттеу орталығының мамандары, аға буын өкілдері, Достық үйінің этноорталықтары мен қаладағы колледждердің студенттері қатысты.

- Бүгін біз, Алашорданың 100 жылдығына орай, кешегі Алаш тарихы мен бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанды, Елбасы Үндеуі мен мақаласын қамтып, болашаққа бағдарымызды саралап, мақсатымызды айқындамақпыз. Алаш арыстары жайлы әңгімелеп, олардың армандарына қол жеткізгенімізді, бүгінгі таңда ел еңсесі тіктеліп, 130-дан астам  ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандығын айтқымыз келеді. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, әрбір қазақтың жүрегінде «Мен қазақстандықпын» деген код болу керек. Бұл идеяны аға буын арқылы жастардың санасына жеткізбекпіз, дөңгелек үстелдің мақсаты да осы,- деді «Ахау-Семей» орталығының төрайымы Нағима Мойынбаева.

Тәуелсіздік жайында ой қозғағанда, ең алдымен Алаш арыстарының ақ жолы туралы айтпай кету мүмкін емес. Шара барысында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің академик Қозыбаев атындағы тарихи зерттеу орталығының жетекшісі Асылбек Мұхамедбек «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» тақырыбын кеңінен тарқатты. Ол өз сөзінде Алаш арыстарының идеясына, мақсат-міндеттеріне тоқталды, ұлтжандылық жайлы ой өрбітті.

Бұл басқосуда студент жастар да өзіндік пікірлерін білдірді. Қайнар колледжінің 1 курс студенті Шырын Сәтбаеваның «Бүгінгі тәуелсіздік – кешегі Алаш қозғалысы» атты зерттеу жұмысы көпшіліктің көңілінен шықты.

- Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы, тарихи-саяси айрықша құбылыс ретінде, ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені бұл қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Алаш қозғалысының тарихы – отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын тарих. Алаш азаматтарының қазақ елінің азаттығы жолындағы күресі, ұрандары бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат,- деп атап өткен Шырын Сәтбаева тәуелсіздіктің тамыры Алаш қозғалысынан бастау алатынын атап өтіп, жақында жарияланған Елбасы мақаласына қатысты пікірін де білдірді.

- Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Елбасымыз латын әліпбиіне көшу тұрғысында межелі тапсырмалар жүктеді. Біз қазір үштілділікке бейімделіп жатырмыз. Латын әліпбиі арқылы тарихымызға қалай жақындай түссек, болашаққа деген сеніміміз де солай нығая түседі деп ойлаймын. Әр істің бастамасында қиыншылық болатындығы сөзсіз. Оқуға ынталы жастары бар қоғам жаңашылдықты жеңіспен еңсерді деген сенімдемін,- дейді Қайнар колледжінің студенті.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

"АЛАШ" ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуы қарсаңында Абай атындағы әмбебап кітапхана «Алаш» электронды кітапханасын жасап шығарды. Тұсаукесерге алаштанушылар, зиялы қауым өкілдері, тарихшы ғалымдар мен ЖОО, колледждер мен мектептердің тарих, әдебиет пәнінің ұстаздары және студенттер қатысты.

«Алаш» (http://alash.semeylib.kz) деп аталатын электронды кітапханада Алаш қайраткерлерінің мұраларына қатысты барлық мәліметтердің қазақ және орыс тілдеріндегі сандық нұсқасы берілген. Алаш қайраткерлерінің шығармашылығы туралы деректер қоры еліміздегі және шетелдердегі кітапханалар мен архивтерден, музейлер мен жеке авторлардың қорынан топтастырылып жинақталған. Еліміздегі республикалық және облыстық кітапханалар мен мұражайлардан, сондай-ақ Бішкек, Қазан қалаларындағы мемлекеттік архивтер қорынан алынған деректер құндылығымен ерекшеленеді.

- Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында цифрлық индустрияны дамыту қажеттігін айтып, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, соңғы жылдары кітапхана саласын ақпараттандыруға, мәдени мұраны цифрландыруға және оған қолжетімділікті арттыруға баса назар аударылуда. Біз, Абай атындағы әмбебап кітапхана, еліміздегі мемлекеттік бағдарламаны дамытуға атсалысу мақсатында Алашорданың 100 жылдығы қарсаңында Алаш қайраткерлерінің рухына тағзым ретінде халық игілігіне жарарлық  «Алаш» электрондық кітапханасы жобасын жасадық. Жобаны жүзеге асыруға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, облыстық кітапханалар мен мұражайлар, мұрағаттар, Бішкек және Қазан қалаларындағы мемлекеттік архивтер қолдау көрсетті. Барлығы 10 кітапхана, оның ішінде 3 жоғары оқу орнының кітапханалары, 17 мұражай, 8 мұрағат осы жобаны іске асыруға серіктес болды,- дейді Абай атындағы әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева.

Интернет пайдаланушыларының назарына ұсынылып отырған электронды кітапхана қорының басым көпшілігін әдебиеттер мен мерзімді басылымдардың көшірмелері құрайды. Алаш қайраткерлері туралы барлығы отыз төрт құнды құжаттар әзірленген. Электронды кітапхана жобасын жүзеге асыру барысында  әуелі кітапхананың сирек қорында сақталып келген,  Алаш қайраткерлерінің көзі тірісінде Мәскеуде, Орынборда, Қызылордада жарық көрген мұралары мен Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жарық көрген мақалаларының тізімі жасалған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жарияланған еңбектері мен бүгінгі алаштанушы ғалымдардың зерттеулері де назардан тыс қалған жоқ. Кітапхана ұжымы тізімде жоқ кітаптар мен материалдарға еліміздегі және шетелдегі бірқатар кітапханалар мен мұражайларға, мұрағаттарға  хат жолдау арқылы қол жеткізген.  Нәтижесінде еліміздің 10 кітапханасынан 83 кітап пен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар, 18 мұражайдан 196 түрлі құжат пен басылымдардың көшірмесі, 6 мұрағаттан 66 құжаттың көшірмесі алынып, Қырғызстан, Татарстан Республикаларындағы мемлекеттік архивтер  де Алаш қайраткерлеріне байланысты құжаттар мен кітаптарды ұсынған.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, М.Қозыбаев атындағы тарих және саяси-әлеуметтік зерттеулер ғылыми орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарбек Кәрімов, «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрдықұл Шаңбай, тарихшы-журналист, алаштанушы Мұратбек Кенемолдиндер өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ  «Дариға-ай» жастар театрының  әртістері «Алаш» тақырыбына арналған сахналық қойылым қойды. Жиын соңында кітапхана қызметкерлері электронды кітапхананы  пайдалану тәртібін түсіндіріп, бөлімдерімен жан-жақты таныстырды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

"ДАЛА АҢЫЗЫ" - ӨНЕРСҮЙЕР ҚАУЫМҒА

Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде «Дала аңызы» атты көрме вернисажы өтті. Оның авторыҚазақстан Суретшілер, Дизайнерлер және Қолөнершілер одағының мүшесі, Фаберже орденінің иегері Аман Мұқажан.

Көрме вернисажына қойылған әрбір жәдігер мұражайға келген қалалықтар мен қала қонақтарын таңғалдырып, бұл өнерге деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Көрмеге қойылған 240-тан астам туындының әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Мысалы, бағалы тастармен әшекейленген күміс және алтыннан жасалған бұйымдар, инсталляциялар, көркем кескіндеме және графика туындылары  да бар. Яғни, сурет өнері мен қолөнердің көрінісі қатар өрнектелді. Бұл 35 жыл бойы шығармашылық жолында қажырлы еңбек еткен, өнерді сүйетін суретші дарынының жемісі десек болады. Аман Мұқажанның өнеріне қанық, туындыларымен таныс әрбір адам суретші, қолөнершінің талғамы мен пайымына ерекше баға берері хақ.

Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінің директоры Татьяна Стромская да өнерді ерекше бағалап, жылы лебізін білдірді.

- Көшпенді халықтың шеберлері ғасырлар бойы табиғи материал күмісті жоғары тұғырға шығарған. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар сиқырлы сырға толы. Түсіне білген адамға туындыларынан қуану, мұңаю аңғарылып, құпия жасырылғаны байқалады,- деді Т.Стромская.

Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері Ш.Тоқтабаева: «Аман Мұқажанның шығармашылығы – ғажайыптар әлемі. Өйткені ол бүкіл әлем сияқты жан-жақты, терең, кең көлемді. Оның өнерін сүйетіндер және қалаушылар ұзақ уақыт бойы таң қалуға, зерделеуге, қуануға дайын. Сонда да олар Аман Мұқажанның бұйымдарында жасырылған құпия белгілер мен таңбалардың сырына жете бермейді»,- деп пікір білдірді.

Көрмеге жиналғандар жерлесіміз Аман Мұқажан елі мен жерін өзінің дарынымен, еңбекқорлығымен, қарапайымдылығымен, жоғары мәдениеттілігімен танытып жүргендігін ерекше атап өтті.

Бір сөзбен айтсақ, ғажайыптар мен сырға толы көрме өнерсүйер қауымның көңілінен шықты.

Лаура ГАКАЕВА, Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінің қызметкері.

 

Еще статьи...