Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 63 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home МӘДЕНИЕТ

МӘДЕНИЕТ

ҰСТАЗ БОЛУ - ЖҮРЕКТІҢ ҰЛЫЛЫҒЫ

Қазанның алғашқы жексенбісінде елімізде Ұстаздар күні аталып өтіледі. Мұғалімдердің мерейін асқақтататын мерекенің түп мәні ұстаздарды ұлықтау болып табылады. Семейдің Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Мерекеге қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко және білім саласының ардагерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, қала мектептерінің алдыңғы қатарлы ұстаздары, халықаралық, республикалық және облыстық сайыстардың жеңімпаздары қатысты. Салтанатты мерекеге шақырылған қонақтарды Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.                                                                                              - Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді қала әкімінің атынан төл мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл мереке ұстаздардың әр буын өкілдерінің басын қосып отыр. Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы. Сіздер шәкірттеріңізге білім беріп қана қоймай, сол білімді өмірде пайдалануға үйретесіздер. Жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, қиындықтан шығуға үйретесіздер. Ең бастысы, мемлекетіміздің нағыз ұлтжанды ұрпағын тәрбиелейсіздер. Сондықтан да Сіздердің асыл бейнелеріңіз шәкірттеріңіздің жүрегінде мәңгі сақталады. Сондықтан да Сіздерге басымызды иеміз, құрметті ұстаздар қауымы! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!- деді қала әкімінің орынбасары.Салтанатты жиынға қатысқан бірқатар білім саласының қызметкерлері Ғылым және білім министрлігінің, ШҚО білім басқармасының, білім бөлімінің грамоталарымен, сонымен қатар қала әкімі мен қалалық мәслихаттың және Семей қаласы білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды. Жиында сондай-ақ білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко «Үздік жыл мұғалімі - 2016» сайысының «Үздік мұғалім», «Мектепке дейінгі мекеменің үздік тәрбиешісі», «Қосымша білім берудің үздік мұғалімі» аталымдары бойынша жүлдегерлерге грамоталар табыстады. Ұстаздардың  кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын балалардың шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концертке  ұласты.                                                           Айта кетуіміз керек, бүгінгі күні Семей өңірінде төрт мыңға жуық мұғалім еңбек етеді.  Ал олардың жүзден астамы жас мұғалімдер. Ағымдағы жылы екі мыңға жуық мұғалім әртүрлі деңгейдегі курстардан өткен. Бұл жаңартылған форматтағы, робот техникасы бойынша және Кембридж бағдарламасының курстары. Қаланың 1100 мұғалімі «Биоинформатика және Синергетика» технологиясы бойынша біліктіліктерін арттыру курстарынан өтіп, аталған технологияны өздерінің жұмыс тәжірибелерінде белсенді түрде қолдануда. Өткен оқу жылы ішінде 760 педагогикалық қызметкер қалалық, облыстық және республикалық кәсіби сайыстарға қатысқан. Келешек ұрпақтың білімді де саналы болып өсуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарды біз де төл мерекелерімен құттықтаймыз!

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

БОЛАШАҒЫЗОР БАСТАМА

Түйемойнақ аралында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қолдауымен «Қазақстан және тізбекті серпіліс - 2016 – ядролық сынақсыз, қарусыз әлемде өмір сүру» атты акция өтті. Бейбіт митинг форматында өткен шараға белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Мейір Ескендіров, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов, сондай-ақ шет мемлекеттердің  ғалымдары мен оқу ордасының студент жастары жиналды.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған акцияның ашылуында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері антиядролық қозғалыстың әнұранына айналған Төлеген Мұхамеджановтың «Заман-ай» әнін орындап, шағын театрландырылған көрініс ұсынды. Өз кезегінде аталмыш әннің авторы жастардың бұл бастамасын жоғары бағалап, осы акция Қазақстанның өзге де қалаларында жалғасын табатындығына сенім білдірді.

- Құрметті Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ұстаздары мен студенттері! Бұл бастама Ұлы Даланың рухани ордасына баланған қасиетті Семей жерінен басталып отырғанына мен ризашылығымды білдіремін. Сіздердің қолға алып отырған істеріңіз еліміздің басқа да қалаларына үлгі болары анық. Ең бастысы,  дәл осы акция Қазақстанның атом қаруы мен ядролық соғысқа қарсы екенін нақтылай түседі. Себебі біздің халқымыз атом қаруының зардабы қаншалықты ауыр екенін жақсы түсінеді. Тәуелсіз мемлекетіміз өзінің ядролық қаруға қарсы ұстанған саясатын ары қарай да жалғастыра беретіні даусыз,- деп өзінің ақжарма тілегін білдірді Төлеген Мұхамеджанұлы.

Сонымен қатар «Қазақстан және серпінді серпіліс 2016 – ядролық сынақсыз, қарусыз әлемде өмір сүру» акциясын тамашалауға жиналғандар арасында шетелдік меймандардың болғанын да атап өту керек. Солардың бірі - Швейцариядан келген мәртебелі қонақ, профессор Доминик Джордан Гай.

- Бұл менің Семей қаласына алғаш рет келуім. Осы өңірде жүргізілген ядролық сынақтар туралы бұрын-соңды естігенім жоқ. Десе де сіздердің Президенттеріңіз көтеріп жүрген бастамалармен жақсы таныспын, әрі олардың маңыздылығы жоғары екенін атап өткім келеді. Бүгінгі акцияны көру арқылы  қазақ жастарының өз отандарына қаншалықты адал екендеріне көз жеткіздім,- деп түйіндеді өз сөзін профессор Джордан Гай.

Сондай-ақ акция аясында оқу орнының бас ғимараты алдында оқушылар арасында бейбітшілік тақырыбына асфальтқа сурет салудан  сайыс ұйымдастырылды. Балалар қарусыз әлем, тәуелсіз Қазақстан тақырыптары бойынша қиялдарына ерік беріп, тыныш өмірді қалайтындықтарын білдірді. Үздіктері дипломдармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

"ДӘУІР" ТЕАТРЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Өскемен қаласында Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, кино және театр актері, ақын, режиссер Рүстем Есдәулетов атындағы І Республикалық жастар және студенттер фестивалі өз мәресіне жетті. 23-25 қыркүйек күндері өткен фестивальға Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Семей қалаларынан дарынды жастар театрлары қатысты. Жастар театрлары арасында бақ сынаған Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің «Дәуір» студенттік театры «Ең үздік поэтикалық спектакль» аталымын қанжығаларына байлап қайтты.

Сейсенбі күні Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев оқу орнында арнайы болып, фестивальдан оралған студенттер мен ұстаздар қауымын құттықтады. Берік Көпбайұлы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп отырған шараның мән-маңызына тоқталып, семейлік дарынды жастарға шығармашылық табыстар тіледі.

«Дәуір» студенттер театры фестивальда  М.Шахановтың «Танагөз» поэмасы бойынша қойылған драмасын ұсынды. Ал олардың өнерін театр сыншысы ретінде Алматы, Астана, Семей қалаларынан барған мықты театр майталмандары бағалады. «Танагөз» поэмасында мәңгілік махаббат пен достық сынды ұлы сезімдер суреттеледі. Поэтикалық, көсемсөз жанрындағы шығарма Танакөз, Мұрат және Мұхтардың арасындағы достыққа негізделген. Қойылым желісі бойынша ақын Мұхтар албырттықпен Танагөзге сезімін білдіреді. Оны көріп қалған Мұрат қате түсініп, басқа қызға үйленіп кетеді. Алайда отбасы бақыты ұзаққа бармайды. Өкініштісі, Мұрат ауылда жұмыс істеп жүрген кезде трактор басып кетіп, екі  аяғынан бірдей айырылып,  жалғыз қалады. Қойылым соңында Мұрат пен Танакөздің қайта қауышып, отбасын құруы суреттеледі. Бастысы, шығармаға достыққа деген адалдық арқау болған. М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің актер өнері мамандығы курсының жетекшісі Мейрамгүл Ақшабекқызының айтуынша, осындай ауқымды шаралар жастарға тәжірибе алмасып, өз өнерлерін шыңдауға үлкен мүмкіндік бермек.

Айта кетуіміз керек, бұл М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің «Дәуір» студенттік театрының алғашқы фестивалі емес. Айталық, дарынды жастар театры өткен жылы Бәйтен Омаров атындағы ІІІ Республикалық фестивальда Ш.Аймановтың «Бетпе-бет» қойылымын ұсынып, лауреат атанған. Сол сияқты Ақтөбе қаласындағы студенттер фестивалінде де «Ең үздік актерлік ансамбль» номинациясын жеңіп алып, жүлделі оралған болатын.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

ТІЛЕГІ БІРДІҢ - ЖҮРЕГІ БІР

Өткен аптада қаладағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Отанымыз ортақ, тіліміз түрлі, тілегіміз бір» атты облыстық Тілдер мерекесі өткізілді. Айтулы шара Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Тілдер мерекесін өткізудегі негізгі мақсат - аймақта тұратын барлық этностардың тілі мен мәдениетін сақтау әрі қолдау таныту. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараның ашылу салтанатына Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, облыстағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты. Тілдер мерекесінде семейліктер қолөнер туындыларын көруге мүмкіндік алды, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қалың көпшілікке, салт-дәстүрлерімен қатар, өз өнерлерін де паш етті.

- Осыдан жиырма бес жыл бұрын еліміз өзінің Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, дербес мемлекет ретінде жаһанға таныла бастаған болатын. Алайда Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. Осы аралықта мемлекеттік тіліміз талай сындарлы кезеңді басынан өткерді. Дегенмен де Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей ықпалымен Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң қабылданып, қазақ тілінің мәртебесі айқындалды. Мұны да мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерінің бірі ретінде бағалауға болады. Сондықтан да Тілдер мерекесінің маңызы мен мәні айрықша сипатқа ие. Баршаларыңызды Тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын,- деген лебізін жеткізді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Шығыс Қазақстан және Солтүстік өңір бойынша вице-президенті Орал Шәріпбаев.

Ал неміс ұлтының ШҚО-дағы «Возрождение» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лилия Гончарук Тілдер мерекесінің Қазақстанды мекендейтін этностар мен ұлттарды жақындатуға септігін тигізетін ерекше шара екенін тілге тиек етіп, қазақ халқына дарқандығы мен жомарттығы үшін алғысын білдірді.

- Бүкіл ТМД мемлекеттері аумағы бойынша тек Қазақстанда ғана Тілдер мерекесі аталады екен. Мұны Қазақстанда тұратын ұлттар мен этностар ескеруі қажет. Бүгінде ортақ шаңырағымыз болып табылатын қазақ елінде барша халықтарға өз тілі мен мәдениетін дамытуға барлық жағдай қарастырылған. Мемлекетімізде тек қана тыныштық пен тұрақтылық болсын, - деп түйіндеді өз ақжарма тілегін Л.Гончарук.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

ӨНЕРДЕ ЖОҚ ШЕКАРА

Семей қаласының мәдениет саласында маңызды оқиға орын алды деуге негіз бар. Дәлірек айтқанда, қаладағы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайының директоры Татьяна Автушко Ресейде өнер мен мәдениет саласында үздік атанған қайраткерлерге тағайындалатын Пушкин медалімен марапатталды. Медальді тапсыру үшін Семей қаласына Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников арнайы келді. Жоғары деңгейдегі марапатқа қол жеткізген мұражай директорын Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов құттықтады.

Белгілі болғандай, Пушкин медалі - мәдениет пен өнердегі, гуманитарлық ғылым мен әдебиеттегі жетістігі үшін, сонымен қатар мәдени мұраны зерттеп, оны сақтауға қосқан үлесі үшін ресейлік азаматтар мен шетелдік тұлғаларға табысталатын Ресейдің жоғары мемлекеттік марапаты. Татьяна Какимовна Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайын 2002 жылдан бері басқарып келеді екен. Содан бастап мұражай ұжымы өзге елдермен мәдени байланысты нығайту мақсатында көптеген іс-шараларды өткізіп үлгерген. Мәселен, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетімен «Достоевский және әлем мәдениеті» тақырыбында бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылыпты. Оның барысында алыс - жақын шет мемлекеттердің ғалымдары мұражайдың жұмысын жоғары бағалаған. Мәдениет ордасының өзге де еңбектері жетерлік. Міне, Ресей Үкіметі  осындай игілікті бастамалардың ұйытқысы бола білген мұражай директоры Татьяна Автушкоға, мұражай құндылықтарының дәріптелуіне күш жұмсағаны үшін, Пушкин медалін тағайындауды ұйғарыпты.

- Құрметті Ермак Бидахметұлы! Қымбатты Татьяна Какимовна және қадірлі семейліктер! Семей мәдениеттің ордасы екені белгілі. Осы киелі шаһардан қаншама ұлы тұлғалар шыққаны баршаға аян. Жуырда РФ президенті Владимир Путин Федор Михайлович Достоевскийдің 200 жылдығын атап өтуге байланысты Жарлыққа қол қойған болатын. Біздің ел өзінің басқа мемлекеттердегі тарихи, мәдени құндылықтарына айрықша көңіл бөліп келеді. Солардың қатарына Семей қаласындағы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайын жатқызуға болады. Бұл айрықша мәдени ошақ екенін айтқым келеді. Себебі дәл осы мұражай екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту арқылы қос мемлекеттің ынтымақтастығын жақсартуға өзіндік үлесін қосуда. Сондықтан да, Татьяна Какимовна, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің және жеке өзімнің атымнан сізге орыс мәдениетінің жауһарына баланған Ф.М.Достоевский шығармашылығының қазақ жерінде насихатталуына сіңірген еңбегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл осындағы бүкіл ұжымның жемісті жетістігі деп білеміз. Мәдениет пен өнер саласындағы байланысымыз әрмен қарай да өз жалғасын таба береді деген үміттеміз, - дей келе, Михаил Бочарников мұражай директорының кеудесіне салтанатты түрде Пушкин медалін тақты.

Айтулы шара кезінде сөз алған шаһар басшысы Ермак Сәлімов Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайының тек Семейде ғана емес, сонымен қатар күллі республикамыз бойынша да алар орны ерекше екендігін тілге тиек етіп, ұжымға шығармашылық табыстар тіледі.

- Құрметті жерлестер! Бүгін тағы бір қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Мен тек Михаил Николаевичтің сөзін қуаттағым келеді. Расымен де, бұл мұражайдың атқарған жұмысы ұшан-теңіз. Осы жерден біз көрнекті жазушы Федор Михайлович Достоевскийдің өмірінде болған елеулі оқиғалармен таныс бола аламыз. Мұнда оның шығармашылығынан сыр шертетін қаншама құнды жәдігерлер қойылған. Семей еліміздің рухани әрі мәдени орталығы болып саналады. Бүгінгі шара соның айқын дәлелі іспеттес. ШҚО–ның әкімі Даниал Ахметов Семейге жасаған сапары аясында арнайы келіп, мұражайдың жұмысын оң бағалаған еді. Бұл - ұжым қызметкерлерінің ортақ жеңісі. Барлықтарыңызды осы қуанышпен құттықтаймын. Енді қос ел арасындағы әріптестік байланыстың өрісі одан ары кеңейе түседі деген сенімдеміз,- деп Ермак Бидахметұлы жылы лебізін білдірді.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

Еще статьи...