Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 105 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Семей қалалық соты мен медиацияны дамыту орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Семей қалалық сотының төрағасы Н.Б.Әбдікәрімов пен Астана қаласының «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласының өкілі Б.Д.Кенжина жанжалдарды шешудің медиация және басқа да балама әдістерін дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

  • Жүлделі орынмен қайтып келді!

    Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығының оқушылар командасынан құралған 2 жас натуралистер Жунусова Ляззат Кайратовнаның жетекшілігімен №17 ЖОББМ оқушысы Киякпаева Дильназ, Вощакина Дарья Николаевнаның жектекшілігімен № 1 ЖОББМ оқушысы Жерздева Екатерина 2018 жылдың 17 қарашасы Өскемен қаласында өткен «Таза қоршаған орта - «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асыру негізінде» «Дарын» облыстық өңірлік ғылыми – практикалық орталығының бағыты бойынша облыстық байқауына қатыст

  • «Отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты пікірталас өткізілді

    Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жастардың құқықтық білім деңгейін арттыру, гендерлік мәдениетке тәрбиелеу мақсатында Радиотехника және байланыс колледжінің 1-2 курс студенттерімен «Отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты пікірталас өткізілді.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ӘДЕБИЕТ

ӘДЕБИЕТ

ҚАЙЫМДЫ ҚАСТЕРЛЕУ - БІЗДІҢ ПАРЫЗ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, абайтанушы, ақын, драматург һәм аудармашы Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойына арнал-ған «Қайым Мұхамедханов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Аталмыш іргелі шараға әдебиет зерттеушілері, тіл білімі саласының ғалымдары, жас зерттеушілер мен студенттер қауымы жиналды.     Халықаралық конференцияға алыс-жақын шетелдердің ғалымдары да жиналыпты. Атап айтсақ, АҚШ мемлекетінен жазушы, әдебиет зерттеушісі Реннер Памела құрметті қонақтар қатарынан орын алды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, саяси ғылымдар докторы Нәубат Қалиев бастаған қазақстандық ғалымдар да конференцияның меймандары атанды.

Айта кету керек, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының негізгі бағыттары «Қайым Мұхамедханов және абайтанудың даму бағыттары», «Қ.Мұхамедханұлы және әдебиеттану мәселелері», «ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі: дәстүр және инновация» тақырыптарына арналған еді. Бұл ретте конференцияның құрметті қонағы ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі, академик, жазушы Ғарифолла Есім тақырып аясында тұшымды пікір білдіріп өтті.

- Кешегі өткен Алаш зиялыларының көзін көрген, көпшілігімен жақсы араласқан жандардың бірегейі – Қайым Мұхамедханов. Солардың ішіндегі ең жақын болған адамы Мұхтар Әуезов еді. Сондықтан да, Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы туралы айтқанда, біз еліміздің өткен тарихын, Алашорда тарихын, егемендік тарихын да айтамыз. Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Оған Қайымның 100 жылдығын қоссақ, қазіргі жастарға осы арқылы тарихымызды, өткенімізді жеткізіп қана қоймай, көркемсөзді қадірлеуді үйретеміз. Бүгінгі шараның маңыздылығы да сонда,- деді  Ғарифолла Есім.

Сонымен қатар оқу орнының ректоры Мейір Ескендіровтің алғы сөзімен ашылған конференцияда Қайым Мұхамедхановтың шәкірт-тері қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов те баяндама жасады.

Кезінде Қайым Мұхамедхановтың өзі де қомақты үлес қосқан қазақ әдебиеттану ғылымы аталмыш конференцияда жасалған баяндамалар негізінде тағы бір мәрте тың пікірлермен толыға түсті. Олай дейтін себебіміз - ғылыми конференцияға орай әзірленген ғылыми баяндамалар арнайы жинақ ретінде жарық көреді деп жоспарлануда.

Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналып Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде бастау ал-ған іс-шараның жалғасы түстен кейін Абай атындағы театрда әдеби-сазды кешпен өрілді. Ғалымның ғасыр тойына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы қатысты.

Өшпес мұра қалдырған ғалымның ғасыр тойына танымал әдебиеттанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері, шаһардағы зиялы қауым өкілдері мен жоғары оқу орындарының студенттері жиналды. Салтанатты шара театрландырылған қойылыммен ашылып, Қайымның балалық шағынан көрініс көрсетілді. Бірнеше минуттық сахналық туындыда әйгілі ғалымның балғын шағындағы кешегі ұлт зиялыларының көшбасшысы, Алашорда көсемі Ахмет Байтұрсыновпен кездесу сәті мағыналы түрде сомдалды.

Осыдан соң сахна төріне көтерілген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар көпшілік алдында жылы лебізін білдірді.

- Бүгін біз Алаштың астанасы, әдебиет пен мәдениеттің ордасы Семей қаласында айрықша шараның куәгері болып отырмыз. Кешегі Алаш қайраткерлерінің көзіндей болған, олар өмірден өтіп кеткен соң, өзіндей болған Қайым Мұхамедханов ұлт мирасының бүгінгі күнге дейін жетуіне де себепкер болған еді. Ширек ғасырлық уақытта Тәуелсіздігіміздің арқасында өткенімізге көз салып, бүгінімізді қадірлеп жатқан қазіргі шақта өмір сүріп жатқан бүгінгі ұрпақты Қазақстанның алтын ғасырындағы ең бақытты ұрпақ деп есептеймін. Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы - қазақ әдебиетіндегі үлкен қазына қалдырған ұлт қайраткерінің мерейтойы. Себебі Алаш қайраткерлерінің арманын бүгінгі ұрпаққа табыстап, жеткізіп кеткен арысымыз – Қайым Мұхамадханов. Сондықтан да біз ғалымның құрметіне арнап бірқатар шараларды тек     Семей қаласында ғана емес, Өскемен қаласы мен ШҚО–ның барлық аудандарында, білім ордаларында кең көлемде атап өтуді жоспарладық,- деді Жақсылық Мұқашұлы өз құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары, аймақ басшысы Даниал Ахметовтің арнайы тапсырмасы аясында, ғалымның жүз жылдық мерейтойы жыл көлемінде өткізілетінін тілге тиек ете келе,  Семей қаласынан бір көшені және орталық кітапхананы көрнекті ұлт қайраткері Қайым Мұхамедхановтың атына беру ісін қарастырып жатқанын жеткізді.

Әдеби-сазды кеште Қайым Мұхамедхановтың шығармашылық әлемі сан қырынан ашылды. Атап айтсақ, ұлт қайраткерінің драмалық шығармаларынан көріністер қойылып, ән мен жырға да кезек берілді.

Қ.ӘЛІМБЕК,

«Семей таңы»

 

ЗАМАНЫНЫҢ ЗЕРГЕРІ

«... Жақсы шығарма – жан серігің. Сәтті сомдалған кейіпкерімен қоса қуантады, ойландырады, мұңайтады. Жаңа шығармаларды әр кез оқуға уақыт табамын. «ЖЗЛ» сериясымен шыққан Медеу Сәрсекенің Қаныш Сәтбаев пен Ебіней Бөкетов жайлы терең зерттеуден туған кітабын сүйсіне оқыдым. Соңғы екі шығарма кәнігі металлург ретінде маған жаныма ерекше жақын».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті.

«Қазақ әдебиеті», 24 наурыз, 2006 жыл

Медеу Сәрсеке. Исі қазаққа таныс, таныс дейміз - ау, мәшһүр есім. Бүгінгі қазақ әдебиетінің қадірменді ақсақалы, аға буын өкілі биыл сексеннің сеңгіріне шықты. Сөздің құнын көздің нұрындай қастерлеген қазақ үшін Медеу Сәрсекенің тұғыры биік. Қазақ әдебиетіне тыңнан түрен салып, өткен ғасырдың сонау елуінші жылдарының соңында соны леп әкелген жазушы бұл күнде заманының  заңғар сөз зергері абыз қарияға айналды. Арап Еспенбетовтің сөзіне салып, «Қиял қанатынан деректер әлеміне» дейінгі шығармашылығын түгендесеңіз, шөліркегенде тұнық тұмадан шөл қандырғандай күй кешетініңіз кәміл.

Хош. Сауын айтылып, жазушының сексен жылдық мерейтойы Семейдің төрінде қаңтар айының соңғы күндеріне жоспарланған еді. Қара шаңырақ  Абай атындағы театрда Медеу Сапаұлының саналы ғұмырынан сыр шертер кеште «ине шаншар орын болмады» деген тұрақты сөз тіркесін еріксіз айтуға тура келгендей. Әлбетте, бұл жазылмаған заңдылық. Алпыс жыл бел жазбай еңбек етіп, қолынан қаламы түспеген қаламгердің шығармашылығы кімді болса да бей жай қалдырмасы анық. Қазаққа «керек» үш тұлға: Қанышты қайта тірілтіп, қауыштырған, Ермұхан Бекмаханов пен Ебіней Бөкетовтердің біз білмейтін қырларын, өміріндегі өзек өртейтін өкініштерін, ғылым көкжиегіндегі ғұмырнамасын топтап, жарыққа шығару Медеу Сәрсекенің ғана қолынан келген іс екеніне ешкім дау айтпас, сірә. Әлбетте, жазушының Қаныш тақырыбына деген деген қызығушылығы өзі игерген инженер – металлург мамандығынан туындаған болар деп топшылаймыз. Бірақ бізге бір нәрсе ақиқат. Негізгі мамандығы инженер болса да, Медеу Сапаұлын қолына қалам ұстатуға иіп әкелген - жүрек қалауы, туған жердің киесі, қиял қанатындағы әдебиетке деген құштарлық дер едік. Тағы бір ақиқаты - жазушы әдебиет әлеміне қиял қанатындағы шығармаларымен енді. Сөйтті де, елді елең еткізді. Өйткені бұл жанр біздің әдебиетте тың. Әлі күнге дейін солай. Талайлардың жүрегі дауаламаған, өзгеше өрнегі бар жанр жазушының оң жамбасына келді, кең тыныстауына жол ашып, алғашқы шығармасы - «Ғажайып сәуле» атты ғылыми – фантастикалық хикаяты оқырманға жол тартты. Қойнына кітап құшақтай жүретін сол кездің оқырмандары сол шақта қазақ әдебиетіне тағы бір қаламгердің қосылғанын қуанышпен қарсы алған еді. Міне, сол жылдардан бері, жуырда жарыққа шыққан, сиясы кеппеген, қырық жыл қырғын әкелген Семей полигоны жайында жа- зылған «Семей қасіреті» шығармасын қосқанда, алпыстан астам сүбелі шығарма оқырманмен қауышыпты.

Енді салтанатты жиынға қайтып оралайық. Жазушы мерейтойына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, қазақ әдебиетінің орта буынының екі тізгін, бір шылбырын тарта ұстаған жерлестеріміз Ұлықбек Есдәулет, Бауыржан Жақып, ел газеті «Егемен Қазақстанның» бас редакторы Жанболат Аупбаев, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, ҚР Мемлекеттік тарих институтының ғылыми қызметкері Құндызай Ерімбетова, Қаныш Сәтбаевтың кіндік қаны тамған Баянауыл ауданынан мәслихат хатшысы  Темірболат Хасен, осы аудандағы Қаныш Сәтбаев атындағы мұражай директоры Үміт Сағымбекова, семейлік жерлестері атынан Арап Еспенбетовтер сахна төрінде жазушы жайында бір-бір үзік сыр ақтарды, өлең-жырлар оқыды, сый-сияпат тарту етті.

Алдымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов сахна төріне көтеріліп, облыс әкімі Даниал    Ахметовтің жүрекжарды лебізін жеткізді. Осы ретте Медеу Сапа-ұлының «Семей қасіреті» шығармасының жарыққа шығуына демеушілік жасаған Даниал Кенжетайұлы екенін айтып өту орынды.

- Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап өткен ел егемендігіне биыл 25 жыл. Көздің қарашығындай болған Тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді сақтап қанай қоймай, оны нығайту үшін экономикалық дамуымыз, әлеуметтік тұрақтылығымызбен қатар, халықтың рухани тұрғыдан дамуы да мемлекет үшін айрықша маңызға ие. Осы ретте төл әдебиетіміздің қосар үлесі ерекше екенін жақсы білеміз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары кәсіби мемлекеттік аппарат құруды міндеттеп отыр. Ал осы жолда жан – жақты, ұлтжанды, ұлттық мүдде жолында қызмет ете алатын маман тәрбиелеуде төл әдебиеттің алар орны ерекше деп білемін. Бұл ретте Медеу Сәрсеке сынды ағалардың ортамызда жүруі - біз үшін үлкен қуаныш. Сізге облыс әкімі Даниал Ахметовтің құттықтауын жеткізе отырып, шығармаларыңыз халқыңызға қалтқысыз қызмет ете берсін деген тілектестік білдіремін, - деді Нұрымбет    Аманұлы сахна төрінде.

Шынымен де, жазушы шығармашылығы қазаққа қызмет ету миссиясынан жаңылған емес. «Шыңғыс хикаясы», «Жарылыс», «Заңды неке», «Тендерге түскен келіншек» шығармалары қаламгердің драматургиядағы қарым – қабілетін айшықтап тұрғандай. Бұл туындылар еліміздің талай театрларында сахналанып келеді. Қаныш Сәтбаевтың тұлғалық тұғырын биіктете түсетін шығармалары Медеу Сәрсеке өмірінің өзегіне айналғандай. «Қазақтың Қанышы» романының тыстығына жазған аңдатпа сөзінде Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтаудың тамаша үлгісі осындай –ақ болар...» дегенін Медеу Сапаұлының Сәтбаев тұлғасын әспеттеуіне берілген әділ баға ретінде бағалаймыз. Ал Е.Бекмаханов пен Е. Бөкетев туралы кітаптары қаламгер абыройын тіптен биіктете түскені хақ. Ал сексен жылдық мерейтойы қарсаңында жарыққа шыққан «Семей қасіреті» еңбегінің оқырманға жол тартуының да өзіндік себебі бар. Ол жайында сахна төріне көтерілген Серік Негимов нақтылай түсті.

- Медеу Сапаұлы сексен жылдық мерейтойын «Семей қасіреті» аталған көлемі 60 баспа табақтан астам, неше түрлі жантүршігерлік суреттермен безендірілген сүбелі еңбекпен қарсы алып отыр. Айтуынша, соңғы кітапты Алматының Онкология институтында бұдан үш жыл бұрын жасалған ауыр отадан соң, ядролық сынақтың зардабын тартқан, Семей жұртын жаппай жусатқан қасіреттің бет – пердесін сыпыру үшін жазған. Бұл да нағыз азаматтық ерлік, - дейді ғалым Серік Негимов.

Қара шаңырақтың төрінде төгіліп жазушы жайында жыр оқылды, тілек айтылды. Күллі  қазақияның әр қиырынан жолданған құттықтаулар да оқылды. Мұның барлығы қаламгердің кісілік келбетін, шығармашылығының жауһарлығын аша түскендей...

 

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

САХНА ТӨРІНДЕ - «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»

Жуырда қаламыздағы Мәдениет сарайында мүгедектер күніне орай «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен және қалалық әкімдіктің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Екі жұлдыз» шығармашылық фестивалінің гала-концерті өтті.

Айта кету керек, аталмыш шара Елбасы Н.Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, қоғамға бейімдеу саясатын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ, олардың  арасынан дарындыларды анықтау, шығармашылық қабілеттерін ашу және жетілдіруге жағдай жасау, мүгедек балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған болатын. Ал бұл мәдени шараның басты ерекшелігі - мүмкіндігі шектеулі жандар сахна төріне шығып, әртүрлі сайыстардың лауреаттары мен дипломанттары атанған қалалық Мәдениет үйінің әртістерімен, кәсіпқой әншілермен жұптасып өнер көрсетеді. Бұл сөз жоқ қамкөңіл жандарды қанаттандыратыны анық.

Фестивальге «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нен, «Асыл» қоғамдық ұйымдарынан және көмекші мектеп-интернаттардан мүмкіндігі шектеулі балалар мен аймағымызға әйгілі өнерпаздар қатысты.

Байқау бағдарламасына вокал бойынша үш кезеңнен тұратын шығармашылық сайыс кіреді екен. Сайысқа қатысу үшін 25 тапсырыс беріліпті, соның ішінен екінші кезеңге 16 жұп өткен-ді. Олар жас ерекшелігіне байланысты үш санатқа бөлініпті. Ал сайыскерлерді қалалық Мәдениет үйінің директоры, Балалар және жастар шығармашылық сарайының вокалдық студиясының жетекшісі, музыкалық колледждің хор дирижері кәсіби түрде бағалады. Міне, осылайша, екінші кезеңнен кейін санат бойынша 12 жеңімпаз анықталып, олар аталмыш гала-концертке жолдама алған болатын.

 

ҰЛЫ АҚЫНЫН АРДАҚТАЙДЫ ҚАЛЫҢ ЕЛ

Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай, Шығыс Қазақстанда бірнеше мерекелік шаралар өтеді деп жоспарлануда. Әрбір шара қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ақынның келбеті мен шығармашылығын жаңа қырынан аша түспек. Бұл жайлы ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлім етті.

Қазіргі заманғы қазақстандық қоғам үшін халық ағартушысының рухани мұрасын зерттеп, зерделей білудің маңызы зор. Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған мерекелік шаралар легі  «Абай және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясынан бастау алады. Конференцияға шетелдік жетекші әдебиеттанушылар, философтар, тарихшылар, тіл мамандары мен Абай шығармаларын әлем тілдеріне тәржімалаған шетелдік аудармашылар қатысады.

Биылғы мерейтойдың тағы бір жаңалығы - Елбасының қолдауымен, Мемлекеттік тілді дамыту қорының тапсырысымен «Абай әлемі» атты тұңғыш энциклопедиялық порталының ашылуы. Жоба аясында «Абайдың ұлы жұмбағы» атты деректі фильмнің тұсауы кесіледі. Игі бастама Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бейбітшілікті сақтауда және дамытуда қос-қан елеулі үлесі үшін табысталған әлемдік «Жібек Жолы» сыйлығының қаражатына жүзеге асырылған. Деректі фильмді түсірген - «Серпер» жастар сыйлығының, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Ақберен Елгезек пен «Tengri Films» кинокомпаниясы. Жаңа туындыда көрермен қауым Абайды жаңа қырынан тани отырып, алған білімі, шығыс тәрбиесі жайлы құнды деректермен таныса алады.

Семей қаласының Абай атындағы театрында «Адамзаттың Абайы» атты салтанатты шара өтеді. Артынша дәл осы театрда көрнекті өнер майталмандарының қатысуымен концерттік бағдарлама жалғасын табады.

Мерекелік шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар, түркітанушылар, ғалымдар және Абай шығармасын аударған шетелдік жазушылар келеді деп жоспарлануда.

Ұлы ақынның 170 жылдығына арналған шаралар 7-ші тамызда Абай ауданында жалғасады. Сол жерде орналасқан  этноауыл, мұражай-үйі, «Абай - Шәкәрім» мемориалдық кешені, «Еңлік - Кебек» ескерткішінде болған шара қонақтары Мамай батыр ескерткішінің ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ бұл күні Қарауылда қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты, «Жорға жарыс», «Аламан бәйге», «Абай тойының бас палуаны» сынды сайыстар өтетін болады. Жоспарланған іс-шаралар «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты республикалық ақындар айтысына ұласады. Аламан айтыста еліміздің әр аумағынан келген  12 үздік айтыскер қатысады. Олардың арасында Серікзат Дүйсенғазин, Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева, Айбек Қалиев сынды танымал айтыскерлер бақ сынасады.

Облыс басшысы орынбасарының айтуы бойынша, мерейтой ағымдағы жылы өзінің ауқымдылығымен ғана емес, танымдылығымен де ерекшеленеді. Яғни, әрбір қонақ Абайдың рухани және шығармашылық дүниесіне сапар шеге алады.

– Абай – біздің дәулетіміз ғана емес. Абайды танумен ондаған жылдар бойы әлем ғалымдары, әдебиеттанушылары мен тіл мамандары айналысып келеді. Еліміздің рухани және мәдени орталығы Семей қаласына әр елдің, діннің, тілдің және ғылым саласының өкілдері жиналады. Олардың әрбіреуі осы қалаға келе отырып, мәдени ескерткіштерімен, тарихымен танысу мүмкіндігіне ие болып, рухани дүниелерін байыта алады. Оның ішінде Жидебай - Бөрілі жерінде өтетін шараны айтып өтуге болады, – деді Жақсылық Мұқашұлы.

ШҚО Ақпараттық орталығы.

БІРТУАР ТАРИХШЫ ТУРАЛЫ ҚОС ТУЫНДЫ

Өткен айда республикамыздың зиялы қауымы елінің тарихын түгендеу жолында, әсіресе Кенесары Қасымұлы бастаған халықтық қозғалыстың қаһармандық сипатын түре ашқан монографиясы үшін 25 жылға сотталып, азап шегуден денсаулығын құртып, елу жасында, 1966 жылы шейіт болған біртуар тарихшымыз Ермұхан Бекмахановтың туғанына 100 жыл толуын кең түрде атап өтті.

Республикалық басылымдар арнайы материалдар жариялап, "Қазақстан" арнасы ғалым туралы телефильм көрсетті. Ал "Қазақфильм" киностудиясы түсірген  "Аманат" фильмі (сценарий авторы және режиссері белгілі суреткер Сатыпбалды Нарымбетов) жуықта экранға шықпақ.

Осы іске біздің жерлесіміз Медеу Сәрсеке де айтарлықтай үлес қосты. Оның 2010 жылы Астана мен Мәскеуде "Нартұлға" және  "ЖЗЛ" топтамаларында қазақ  және орыс тілдерінде жариялан-ған "Бекмаханов" кітабын "Қазақ университеті"  баспасы "Ноқталанған тарихшы"  және "Необузданный историк" деген тың атаулармен екі тілде бірдей басып шығарды. Екі кітап та, автордың  айтуынша, қайыра редакцияланып, 48 бетке 150-ден астам суреттермен безендіріліп, ерекше көркемделіп, арнайы  тыстықпен және үлкен форматпен қардай ақ қағазға басылған. Баспаның ынтасымен әрқайсысы 550 бет болған көркем    басылымға осы туындының алғашқы басылымдары туралы мерзімді баспасөз бетінде жарияланған ғылыми, әдеби рецензиялар берілген. Қос кітаптың тұсаукесер рәсімі атақты ғалымның 100 жылдық мерейтойына арналған ғылыми мереке күндері Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің бас ғимаратында өтіп, Ермахан Бекмаханұлының ғасырлық тойын қызықтаушы зиялыларға шашу ретінде таратылған.

- Екі кітапты да мен еліміздің бас университетінің ректоры, академик Ғалым Мүтановтың өтініші бойынша әзірлеп, өз қолымдағы алуан деректермен байыттым, суреттерді қажетінше пайдаландым. Бұған дейін ешқандай той да, құрмет те көрмеген біртуар тарихшының мерейтойына өз тарапымнан сыйлық болсын деп, бір тиын қаламақы сұрамай, 12 жылдық еңбегімді тегін бердім. Университет ұжымы, әсіресе алматылық тарихшылар сол сыйымды қуанышпен қабылдады,- дейді Медеу аға,- сол кітаптың бірқанша даналарын облыс кітапханаларына да тегін бермекпін.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

"Семей таңы"

Еще статьи...