Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 96 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • ШҚО әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

    ШҚО әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

  • Терроризм - адамзатқа қарсы қылмыс: басылымдар көрмесі

    22 маусым күні Абай атындағы кітапхананың оқу залы Семей медициналық университеттің студенттері мен кітапхана пайдаланушыларына арналған «Терроризм - адамзатқа қарсы қылмыс» тақырыбындағы басылымдар көрмесін ұйымдастырылды.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлының бай әдеби мұрасы

    Ағымдағы жылдың 20 маусым күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдау аясында Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған іс-шара «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де әлеуметтік қызметкерлер мен бөлімше меңгерушілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты, әріптестерді ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ТАРИХ.ТАНЫМ.ТАҒЫЛЫМ

ТАРИХ.ТАНЫМ.ТАҒЫЛЫМ

ТАРБАҒАТАЙДАҒЫ ТОРҚАЛЫ ТОЙ

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру, тарихымызды танып, қасиетті бабалар өнегесін насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дамыту бағытында Тарбағатай ауданында тағы бір игілікті істің туы желбіреді. Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі жарыс - Қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран - при турнирі - Ақсуат ауылындағы орталық стадионда биыл алтыншы рет өткізілді. Әлемнің жиырма екі елінен келген әйгілі балуандар Ақсуаттағы жаңа стадионда топ алдында белдесіп, күш сынасты. Аудан басшыларының ұйғаруымен, спорт жанкүйерлерінің қолдауымен жаңа стадионға қасиетті емші, дәстүрлі қазақ медицинасының көрнекті атасы Ырғызбай Досқанаұлының есімі берілген болатын. Жарыс басталмас бұрын, осы стадионның салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

Жарысқа ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Қуат Байходжаев төрелік етті. Бақылаушы ретінде бірнеше елдің өкілдері келген екен. Олардың арасында турнирдің бас бақылаушы-үйлестірушісі – «United Oil Wrestling» федерациясының төрешісі, Халықаралық күрес федерациясы төрешілерінің директоры, Израиль мемлекетінің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Петр Бен Розен болды.

Балуандар белдесуі салтанатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев құттықтау сөз сөйледі. Аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлы Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының вице - президенті Серік Түкеевке Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы атағы берілгенін мәлімдеп, төсбелгі тапсырды.

Халықаралық, әлемдік конкурс-тардың бірнеше мәрте жеңімпазы Медет Шотабаев топ алдына шығып, Бейбіт Сиқымбайдың сөзіне жазылған Серік Бабаханның «Ырғызбай баба» әнін орындап берді.

Қош. Тарбағатайдың боз кілемінде белдесіп, жеңімпаз атанған балуандарды облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкеев, Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының комитет төрағасы Гинтаутас Вилейта, Израиль мемлекетінің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Петр Бен Розен, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының вице - президенті, ҚР Құрметті спорт қызметкері Баделхан Камалханұлы, «ТАС КРЕДИТ» қаржы компаниясының президенті, Халықаралық Тарбағатай айтысының бас демеушісі Дулат Тастекеев, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев марапаттады.

Сонымен, Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-приде өгіз палуан атағын тарбағатайлық Қуаныш Мұратов жеңіп алды. Екінші орынды Ғабит Дәулетов, үшінші орынды өзбекстандық Камолиддин Расулов иеленді. Ал түйе балуан атағын Өзбекстанның атақты балуаны Мухсин Хассамудинов алса, екінші орынды ресейлік Руслан Арсланов, үшінші орынды грузиялық Бессарион Берулава еншіледі.

Балуандар белдесулері аяқталған соң, жарысты көруге келген сауыққұмар қауым «Тарландарды түлеткен Тарбағатай» деген атпен ұйымдастырылған ақындар айтысын, елімізге аты мәлім өнер жұлдыздарының концертін тамашалады. Ал ертеңінде Екпін ауылындағы ипподромда, Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-при бағдарламасына сәйкес, ат спорты ойындары ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен ат бапкерлері әкелген желден жүйрік тұлпарлар қатысты. 25 шақырымдық аламан бәйгеде бас жүлде мен оған тігілген автокөліктің кілті аты бәйгеден келген Күршім ауданының азаматы Н.Қасымхановқа тапсырылды. Топ бәйгеде бірінші орынды Орал қаласынан әкелінген тұлпар 35 аттың ішінен озып келіп, иесіне автокөлік мінгізді. Тай жарысында Көкпекті ауданының Айғаным атты тайы бірінші болып келді. Көкпаршылар сайысында көкпектіліктермен бақ сынасқан Ақжар ауылының жігіттері қарсыластарын ойсырта жеңіп, бәйгеге тігілген «Лада гранта» автокөлігінің кілтін иеленді.

Гран-при турнирі өтетін күні Ақсуатта есте қаларлықтай жаңалықтар көп болды. Атап айтар болсақ, ауылдағы ең сәулетті демалыс орындарының біріне айналар Мұрын ана саябағы ашылды. Одан соң зиялы қауым, той қонақтары К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебіне бет алды. Осы мектепте ұзақ жыл ұстаздық еткен Дина Әбілмәжінқызы Аманқұлованың атына бастауыш сынып кабинеті ашылды. Бұл шараны жүзеге асырған Тыныбаевтар әулеті игілікті істерімен көптің көңілінен шықты. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ашылып отырған бұл сыныпты Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, осы мектепті 1975 жылы үздік бағамен бітірген түлегі, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы Шырын Құрманбаева, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Ерлан Сыдықов пен ұрпақтары заман талабына сай жабдықтады. Кабинеттің ашылу рәсіміне, Алматыдан, Астанадан келген профессор, ғалымдармен қатар, мектептің ұстаздары, Дина Әбілмәжінқызының әріптестері, ауыл тұрғындары қатысты.

Айта кету керек, бұл - К.Нұрбаев атындағы мектепте осы әулет ұрпақтары ашып отырған үшінші кабинет. Бұған дейін, 2014 жылы, Шырын Асылханқызы, мектеп бітіргеніне 40 жыл толуына орай, өзі білім нәрімен сусындаған мектебіне демеушілік көрсетіп, 2015 жылы анасы Өжікен Тыныбаева атындағы қазақ тілі кабинетін соңғы үлгімен жабдықтап, ашқан болатын. Міне, бұл үрдіс жалғасын тауып келеді. Сыныптың ашылу салтанатында аудан әкімі Ділдабек Оразбаев, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім құттықтау сөз сөйлесе, Аян Задан жырдан шашу шашып, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай әсем ән шырқады. Ашылып отырған сыныптың лентасын Елтаңбамыздың авторларының бірі Жандарбек Мәлібекұлы, Ғарифолла Есім, Ерлан Арын, Дихан Қамзабекұлы қиды.

Жаңа кабинетке жиналған бастауыш сынып ұстаздарына арнап Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің оқытушылары, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен, «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында конференция ұйымдастырды.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»

 

 

ҰРПАҒЫ МӘҢГІ ҰМЫТПАС

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде семейліктер Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші алдына жиналып, ұлт зиялылары рухына тағзым етті. Атаулы күнге орай, Семейге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова да арнайы келіп, Алаш көсемінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

1937 жылы қазақ халқының тұлғалы ұлдарына «халық жауы» деген жалған айдар тағылып, олар қасіретті қудалаудың құрбаны болды. Есімдерін ұрпақ жадында мәңгілікке қалдыру мақсатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылы 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде бекіту туралы Жарлыққа қол қойған еді. Содан бері елімізде бұл күн жазықсыз жапа шегіп, қудалауға түскен ұлт зиялыларының есімін жаңғырту күні болып аталып келеді.

- Бүгін біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу үшін жиналып отырмыз. Бұл қаралы оқиғадан бері 80 жыл уақыт өтсе де, сол бір зұлмат жылдар ұмытылған жоқ. Себебі оларды ардақтайтын ұрпағы бар. Өмірлерін ел тәуелсіздігі үшін, халқы үшін құрбан еткен азаматтардың есімдері ұрпақтың, біздің жадымызда мәңгілік сақталады,- деді Әсем Бекқызы. - 1921-1954 жылдар аралығында Кеңес Одағында 3 млн. 777 мың адам сотталса, оның ішінде 642 мың адамға қатаң жаза шығарылды. Осы жылдар аралығында қазақ даласында Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин сияқты ұлт зиялылары өмір сүрді. Республика территориясында ел аумағындағы ең ірі лагерьлердің бірі Карлаг жұмыс істеді. Оның құрамында «халық жауларының» әйелдеріне арналған АЛЖИР лагері де болды. Жалпы, республика көлемінде тоталитарлық режімдегі 953 лагерь жұмыс істеді. 1937-1938 жылдары ғана 100 000-нан астам адам заңсыз сотталса, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді.

Жаппай қуғын-сүргін кеңестік республикалардың ешқайсысын айналып өткен жоқ. Ұлты мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, кез келген адам қудалау құрбанына айналды. 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың кәріс ұлттары өкілдері, 507 мың солтүстіккавказдық, сондай-ақ Қырым татарлары, гректер, қалмақтар және басқа да халықтар Қазақстанға жер аударылды. Қиындықтарға қарамастан, қазақ халқы оларды құшақ жая қарсы алды. Тәуелсіздік алғаннан кейін, заңсыз сотталған 340 мыңнан астам адам ақталса,  оның 3700-і шығысқазақстандық болды. Біз ұлт зиялыларының қанымен келген егемендіктің бағасын біліп, ардақтап, әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауды, достықты, толеранттылықты алдыңғы кезекке қоюымыз қажет. Біздің жастарымыз өткен тарихымызды бүгінгідей патриоттық сезіммен, сеніммен айта білуі шарт,- деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Әсем Бекқзызы сондай-ақ осы кеште республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен Ленин көшесінің «Мәңгілік ел», Полковничий аралының «Бейбітшілік аралы» атауларына ауысатыны жайлы сүйінші хабарды көпшілікке жеткізді.

- Патшалық Ресейдің қарамағында 2 жарым ғасырдан астам уақыт бодан болып келген қазақ елі, төңкеріс болып, жаңа кеңестік үкімет орнаған кезде, бұғаудан босадық, енді жақсылыққа бет бұрамыз деген үлкен үмітте болып еді. Бірақ олай болмады. Кеңестік режім, коммунистік режім бұрынғы патша үкіметінің қитұрқы саясатын асқан шеберлікпен пайдаланып, әрі қарай мұрагер бола білді, соны жалғастырды. Барлық зұлматтың басты себепкері болды. Осы кезеңдегі кеңестік республикалар арасындағы зобалаң «саяси қуғын-сүргін жасау» деген тазалаумен байланысты еді. Сондықтан Елбасының 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні етіп жариялауы - асқан көрегендігі әрі тарихқа, келер ұрпаққа жасаған үлкен жемісті ісі деп айтқым келеді.

Бүгін Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші алдында тұрып айтпағымыз - ендігі ұрпақ бұл зобалаңды ұмытпауы керек. Есті ұрпақ мұндай зорлық-зомбылыққа келешекте жол бермеу керектігін жүрегінде түйсе, содан қорытынды шығарса дейміз. Жастарға осыны ұғындыру, түсіндіру - аға ұрпақтың парызы,- деді осы кеште сөз алған Арап Сіләмұлы.

Тоталитарлық режімнің солақай саясаты нәтижесінде құрбан болғандар жайлы кең мағлұмат Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінде өткен «Жазықсыз жапа шеккендер» атты дөңгелек үстелде айтылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы

РАМАЗАН – РАҚЫМ АЙЫ!

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Қадірлі бауырлар!

Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын!

Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін. Баршаңызға Жаратқан Ием жар болсын!

Рамазан – рақым айы! Алла Елшісі: «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауабын бір Алладан үміт етіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі»,– деген. Қасиетті айдың құрметі үшін сауабын бір Алладан үміт етіп, бір-бірін кешіріп, мейірімділік танытқан пенделер зор табысқа жетеді. Өзгеге мейірім көрсеткен адамды Алла Тағала мейіріміне бөлейді. Кешіргенге кешірім жасалады.

Рамазан – жақсылық айы. Оразада әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады. Ауыз аштыру, садақа беру, науқас адамға қарайласу, қамкөңіл жанға қамқор болу, жетім мен жесірді, қария мен мүгедек кісіні қуанышқа бөлеу, т.б. – сауабы мол іс. Хадис-шарифте айтылғандай, «адам баласының барлық игі істерінің сауабы еселенеді. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады».

Омырауда баласы бар, денсаулығы жарамайтын, кәрілік жеткен қарттарымыз ауыз бекіткен кісілерге ауызашар берсе, ол да абзал амалдың бірі.

Рамазан – тәрбие айы! Ауыз бекіткен адам тілін жаман сөзден тежейді. Өйткені ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім болса да ораза ұстаған күні жаман сөз айтпасын әрі ешкімге дауыс көтермесін...» - деп өсиет еткен. Расында, Алла Тағала үшін тілін өтірік пен ғайбат сөзден тыймаған пенденің ұстаған оразасы қажет емес.

Рамазан – қасиетті Құран түскен ай! Бұл айда адам баласын    тура  жол  мен бақытқа   бастайтын, ақиқат пен жалғанның аражігін ажырататын Құран аяттары түсе бастады. Ораза кезінде Құранды кемінде бір рет толық оқудың, мән-мағынасын көңілге тоқудың сауабы айрықша.

Рамазан – сабыр айы! Аузы берік адам кейбір кісілердің дөрекі сөзі мен әдепсіз әрекетіне сабыр сақтап: «Мен оразамын»,– деген сөзбен нәпсісіне тоқтау салып, төзімділік танытады. Ал сабыр иесіне берілетін сый – жаннат.

Рамазан – өзгеру айы! Қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді»,– деп баяндалған.

Оразада адамның тұла бойы ізгілікке толып, сана-сезімі өзгереді. Бұл – қабыл болған оразаның көрінісі. Өзін өзгертуге тырысқан пенде Жаратқанның жарылқауына кенеледі.

Құрметті қауым!

Он екі айдың сұлтаны Рамазан құтты, берекелі болсын! Қасиетті айда жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта бергей! Тәуелсіздігіміз әрқашан баянды болғай! Әумин!

Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти.

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ЕЛ БІРЛІГІ

«Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: Жас ұрпақ елдің ұлттық - рухани тамырынан нәр алса,        адаспайды» атты қалалық форум Достық үйінде болып өтті. Форум басталмас бұрын, қатысушылар қоғамдық бірлестіктің он жыл бойы атқарған жұмыстарына арналған көрмені тамашалады. Аталған қалалық форумға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов және қазыналы қариялар, зиялы қауым өкілдері, мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов форумға жиналғандарды құттықтап, мұндай игі шаралардың жас ұрпаққа берері мол екенін атап өтті.

- Ардақты ақсақалдар, қадірлі жерлестер, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету - қанымызға сіңген асыл қасиет. Қариясын қазынаға балап, тектілікті сақтай білген Семей жерінде бүгін орны бөлек форум өтуде. Біз алдыңғы толқын ағаларға құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. Төрден орын алып, батасын берген, ақылын айтып, жол көрсеткен аға буынға алғысымыз шексіз. «Ақылдастар» қоғамдық бірлестігі тіл мен тарихты насихаттап, батыр бабаларға тағзым етіп, рухани жаңғыруға үлес қосып келеді. Жастарымыз осы жолды бағалап, аманатты сақтауға міндетті. Бізге дәстүрді жалғап, аталы сөзге тоқтап, баталы іске жұмылу керек. Бұл баршамызға ортақ. Ардақты ағайын, батамен көгерген ұлы Абай, мұхит ойлы Мұхтар, дана Шәкәрім туған жерде әрқашан бірлік болсын! Ел аман, жұрт тыныш, болашақ жарқын болсын,- деді өз құттықтауында қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Құттықтаудан кейін Семей қаласы әкімінің алғыс хаттары бірлестіктің Ахметкәрім Ахмадиев, Нұржамал Имашқызы, Әбдеш Имаханов бастаған 12 белсенді мүшесіне табыс етілді. Торқалы тоқсаннан асқан Әбдеш Имаханов ақ батасын беріп, қала басшысының ісіне табыс тіледі.

Өзіне сөз кезегі тиген бірлестік төрағасы Сағындық Бейсенбаев ұжымның қаламыздың рухани - мәдени, қоғамдық - саяси өміріне қосқан үлесін кеңінен баяндап беріп, сөз аяғында ақсақалдардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны мен рөліне жан – жақты тоқталды.

Бұдан кейін жастар тәрбиесіндегі тарихи тағылым мен ұрпақтар сабақтастығына арналған 4 баяндама оқылды. Тарихшы ғалым Мұхтарбек Кәрімов «Алаш қозғалысы кезіндегі Шығыс Қазақстанның саяси өмірі» тақырыбында жиналғандарға соны деректер ұсынып, таным көкжиектерін кеңейтті. Танымал этнограф, белгілі шежіреші қария Молдабек Жанболатов «Әдет-ғұрып, салт-дәстүр – тәрбие бастауы» атты баяндамасында қазақ қоғамындағы бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді қозғап, тыңдаған жанға ой салар орамды пікір айтты.

Қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, Р.Байсейітов атындағы қаржы – экономикалық колледжінің директоры Думанғазы Арғынғазиннің жасаған баяндамасында мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны сөз болды. Ал Семей қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Майра Қуандықова «Құқық қорғау бағытындағы жастар тәрбиесіндегі басты назар аударатын мәселелер» тақырыбында баяндама жасады.

Форум Семей қаласы өнерпаздарының концертімен аяқталды.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

«АЛАШ ҰЛАҒАТЫ» ЖАРЫҚ КӨРДІ

Қазақ ұлты барда, Алаш қайраткерлерінің есімі өлмейді. Сәрсенбі, 8 қараша күні Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Алматы қалалық әкімдігінің Ішкі саясат басқармасына қарасты Қайым Мұхамедханов атындағы қоғамдық қордың қолдауымен жарық көрген «Алаш ұлағаты» кітабының тұсаукесері өтті. Жинақты құрастырушы - Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарихшы Амантай Исин.

Жинақ екі тілде, 3000 данамен жарық көріпті. Алаш қайраткерле-рінің  ұрпағына қалдырған ұлағатты сөздері мен өсиеттері - кітаптың негізгі арқауы.

- Қайым Мұхамедханов атындағы білім және ғылым орталығы соңғы уақытта игілікті істердің бастамасы болып жүр. Өткен жылы, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы қарсаңында, биыл, Алашорда үкіметінің 100 жылдығы қарсаңында, көптеген алқалы жиындарды ұйымдастыруға мұрындық болды. Жақында осы орталықтың ұйымдастыруымен Алматы қала-сындағы Ұлттық кітапханада үлкен конференция өтіп, Алаш зиялыларының ұрпақтары бас қосты. Осындай игілікті істердің бастамасы бүгін Семейде жалғасын тауып отыр. Кітапта Алаш зиялылары айтқан ұлағатты сөздер бірнеше тақырыпқа бөлінген. Оқырман кітаптан өзіне керегін тез тауып алады деген ойдамыз. Жинақтың жастар үшін, ел үшін берері көп,- дейді А.Исин.

6 қазан күні Алматыдағы Ұлттық кітапханада ұйымдастырылған конференцияда жинақтың алғашқы тұсаукесері болып өткен. Алаш астанасы саналатын Семей қаласында да кітаптың тұсаукесерін өткізуді жөн көріпті ұйымдастырушылар.

-Осыдан он жыл бұрын құрылған Қайым Мұхамедханов атындағы қор ғалымның ғылыми еңбектерін сақтап, халыққа жеткізуді мақсат тұтады. Алашорда үкіметінің 100 жылдығы қарсаңында осы кітапты жарыққа шығардық. Бұл - Алаш қайраткерлері алдындағы біздің борышымыз. Қайым Мұхамедхановтың әкесі  Мұхамедхан Сейітқұлов та белгілі Алаш қайраткері болған. Семейде Алаш қайраткерлері үшін арнайы үй ашқан. Кезінде Ахмет Байтұрсынов Қайым Мұхамедхановты көргенде: «Бұл бала біздің есімімізді жаңғыртады»,- деп айтқан екен. Қайым Мұхамедханұлы Абайдың ақындық мектебін ашқаны үшін 1951 жылы 25 жылға жер аударылса да, алған бетінен бас тартқан жоқ. Әкелі-балалы Қайым Мұхамедханов пен Мұхамедхан Сейітқұлов өз елінің нағыз патриоттары болды,- дейді Дина Мұхамедханова.

Шара Қайым Мұхамедхановтың жеке архивінен алынған алаш-ордашылардың өмірі мен қызметінен сыр шертетін көрмемен жалғасты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы».

Еще статьи...