Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 71 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Полицейлер Елбасының Жолдауын талқылады

    Семей қ. ІІБ жеке құрамы әскери-қызметтік даярлық аясында «Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдиновамен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» кезекті Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, зе

  • Президенттің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру бойынша кездесу

    Білім бөлімінің қызметкерлері ақпараттық–насихаттық жұмыс шеңберінде ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша мектеп ұжымдарымен кездесу өткізді.

  • Қайырымдылық іс шарасы

    «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 400 –ден астам мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, олардың ішінде 70-ке жуығы аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленеді.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home СПОРТ

СПОРТ

ЖҮЛДЕ АЛҒАН ЖЕРЛЕСТЕР

Индонезия астанасы Джакарта мен Сумарта қаласында жалауы желбіреген XVIII Жазғы Азия ойындары өз мәресіне жетті. Биылғы Азия ойындарына 440 спортшы апарған Қазақстан құрамасы 76 медаль иеленіп, 9-шы орынға тұрақтады. Бұл бәсі жоғары һәм байрақты бәсекеге Семей қаласынан 7 спортшы қатысып, 6 медальға ие болды. Елге оралған саңлақтар өткен аптада БАҚ өкілдерімен жүздесіп, ел намысы сынға түскен бәсекедегі әсерлерімен, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Баспасөз мәслихатына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, Азия ойындарының жүлдегерлері мен бапкерлері қатысты. Байрақты бәсекеге Шығыс Қазақстан облысынан 17 спортшы қатысса, оның ішінде Семей қаласынан 7 спортшы спорттың 5 түрінен сынға түскен. Жарыс қорытындысы бойынша, ел қоржынындағы 76 медальдың алтауын семейліктер сыйлады. Оның төртеуі - күміс және екеуі - қола медаль.

Алғашқы күміс жүлдені еркін күрестен жекелей жарыста Данияр Қайсанов иеленді. Бұдан кейін тағы 2 күміс жүлдені дэюдошылар Ерасыл Қажыбаев пен Зере Бектасқызы қанжығаларына байлады. Ал Гүлжан Исанова болса дзюдодан жеке жарыста қола, командалық есепте күмістен алқа тақты. Бұл оның қатысқан үшінші Азия ойындары.

- Азия ойындары - төрт жылда бір өтетін жарыс. Бұл үлкен дода болғандықтан, тек мықтылар ғана қатысады. Менің қарсыластарым Жапония, Моңғолия, Тайпей елдерінің спортшылары болды. Жапон елі спорттың бұл түрінен мықты екені баршаға аян. Боз кілемде аталмыш елдің спортшысы менен басым түсті. Ескертумен есе жіберіп алдым. Кейін Моңғолия елінің спортшысын ұтып, қола медальға ие болдым,- деді Гүлжан Исанова.

Ал биіктікке секіруден 20 жастағы Надежа Дубовицкая ел үмітін ақтап, жекелей есепте қола жүлдені еншіленді.

- Надежда қатысушылар арасында ең жас спортшы болды. Жарыста өзбекстандықтар - бірінші орынды Светлана Радзивил, ал күміс жүлдені Надия Дусанова жеңіп алды. Бұл атлетшілер өте тәжірибелі, Азия ойындары мен әлем чемпионаттарының жүлдегерлері. Сондықтан олар жеңімпаз болатынына ешбір күмән болмады. Жарыс барысында үшінші орынды кім алады деген сұрақ болды. Біздің басты қарсыластарымыз Қытай, Корея, Гонконгтың спортшылары болды. Себебі олардың нәтижелері Надеждадан жоғары еді. Қарсыластарымыздың көрсеткіштерінен жоғары болуымыз керек деген міндет қойылды және бұл біздің қолымыздан келді. Бірінші рет қатысып, осындай үлкен жарыста топ жарып, жүлдегер атануы жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Сондықтан бұл қола медаль алтынмен тең,- дейді Надежда Дубовицкаяның бапкері Иван Хижняков.

Сонымен қатар самбошы Назгүл Елмұратова мен семсерлесуші Тамерлан Қалиев Азия ойындарында 7-ші және 19-орыннан көрінді.

- Дзюдо, самбо балуандары кіл мықты, тәжірибелі спортшылармен белдесті. Биылғы жарыста бірінші рет командалық белдесу өтті.  Соның ішінде семейлік қос бұрымды ұлттық құрама қатарын толықтырса, ерлер арасында ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынға ие болды. Басты қарсыласымыз жапондықтарға есе беріп қойдық. Бүгінде сараптама жүргізіп, жіберген қателіктермен жұмыс істеп жатырмыз. Спортшыларымызға алда әлі еңбек ету керек. Ендігі Азия ойындарына ұпай жинайтын Әлем чемпионаты бар. Болашақта еліміздің сенімін ақтап, бұдан да жақсы көрсеткіш көрсетеміз деген үміттеміз,- деді дзюдо күресі бойынша бапкер Біржан Имаханов.

Айта кетейік, әлем елдерінің назарын аударған XVIII Жазғы Азия ойындары тамыз айының 18-нен 2-ші қыркүйекке дейін өтті. Байрақты бәсекеге 45 елдің ең мықты деген он мыңға жуық спорт-шысы қатысып, жарыстың көрігін қыздырды. Ендігі Азия ойындары 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді.

Құралай ОМАШ, Семей қаласы.

ТҰРЛЫХАНОВ ТУРНИРІ ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ЖІГЕР БЕРДІ

Қалбада ел намысын абыроймен арқалап келе жатқан біртуар ұлдары, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, Әлем чемпионы, даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың құрметіне жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өтіп, даңқты жаттықтырушы Болат Тұрлыхановтың ескерткіші ашылды.

Боз кілемде атой салып, қазақтың намысын жыртқан Дәулет Тұрлыхановты жерлестері ерекше ықыласпен қарсы алып, құрмет көрсетті. Ақ жаулықты аналарымыз қазақы салтпен шашу шашып, арнаумен ықыластарын білдірді.

2014 жылы даңқты палуан жерлесіміздің қолдауымен бой көтерген Болат Тұрлыханов атындағы заманауи спорт кешеніне жиылған қауымда сан жоқ. Мұнда Болат Тұрлыханұлының көзін көрген аға буын өкілдері мен тәлімін алған шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінен көптеп жиылды. Болат Тұрлыхановтың үзеңгілес достары КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ром Ильматов пен ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Мелентьев салтанатты түрде ескеркішті ашты. Ескерткіш жас мүсінші Нұрбол Қалиевтың ұшқыр ойынан шыққан.

Ізгілі мен игілігі мол шарадан кейін Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін Астана қаласының 20 жылдығына және Жарма ауданының 90 жылдығына арналған грек-рим күресінен 2006-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы ашық облыстық турнир басталды.

- Биыл құрылғанына 90 жыл толып отырған ауданымыздың тарихында спорт саласында қалыптасқан тамаша дәстүрлер бар. Бұл орайда Тұрлыхановтар әулетінің Жарма спортындағы орны айрықша. Спорттағы жетістіктер бастауында Болат Тұрлыхановтай өмірін спортқа арнаған қажырлы азаматтар жүрді. Сондықтан жерлестері әйгілі спорт бапкерінің есімін әрдайым құрмет тұтады. Осындай парасатты тұлғаның ізін жалғаған, арманын іске асырған Дәулет Болатұлы грек-рим күресі тарихында ерекше жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда ол өзінің спорттағы қадамын тәлімгерлікпен жалғастырып, Азия Күрес кеңесінің президенті ретінде күрес өнерінің дамуына зор үлес қосып келеді. Елдің даңқын шығаратын басты бір көрсеткіш спорт болса, бұл ретте Дәулет Болатұлының тәуелсіз еліміздің спортын алға сүйреп келе жатқан қайраткерлік еңбегі ерекше,- деді игілікті шараның бастамашысы аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.

Жарма жерінің ғана емес, бүкіл қазақ елінің мақтанышына айналған Дәулет Тұрлыханов сынды төл перзентіне жармалықтар «Жарма ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тағып, ат мінгізіп, иығына шапан жапты. Туған өлке мен ұрпақтар арасындағы байланыстың жалғасуына дәнекер болып, аналық пейілмен жанашырлық танытып келе жатқан ұлағатты ұстаз, үлкен жүректі ел анасына айналған Мәрзия Айтбайқызын аудан басшысы Жарма ауданының «Асыл ана» төсбелгісімен марапаттады. Киелі өлкенің мәртебелі атағын абзал анаға жеткізу Дәулет Болатұлына аманат етілді.

Ұлдарын ұлықтап жатқан жерлестеріне риясыз алғысын білдірген Дәулет Тұрлыханов:

- Құрметті жерлестерім, жарысқа жиылған барша қауым! Сіздерді бүгінгі бірінші облыстық жарыстың ашылуымен құттықтаймын! Бұл шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді. Мен осы өңірдің тумасы екенімді әрдайым мақтан тұтамын. Туған өлкемнің шын патриотымын. Ал бүгінгі жарысқа келген жас спортшыларға жеңіс тілеймін. Тек осы кілемде ғана емес, өмірде де жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспін. Бізден де танымал әрі мықты азаматтар шыға берсін,- деген ақжарма тілегін жеткізді.

Турнирдің алғаш рет өтіп отырғанына қарамастан, Алматы қаласы мен Алматы облысының, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Семей қалаларының және Аягөз, Үржар, Жарма аудандарының командалары қатысып, 10 салмақ дәрежесі бойынша 200-дей жас палуан өзара мықтыларды анықтады.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ, «Семей таңы»

 

 

СЕМЕЙ СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ ҚАЛАЙ?

Осы аптаның басында қалалық әкімдікте өңірдегі спорт саласының дамуы, бүгінгі жай –күйі, өзекті мәселелеріне арналған алқалы жиын өтті. Оған Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, спорт ардагерлері, спорттық мекемелердің басшылары қатысты. Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаевтың баяндамасы тыңдалды.

Аталмыш бөлім басшысы баяндамасында бұқаралық спорттың дамуы жақсы жолға қойылғанын айтып, бұл ретте Семейде салауатты өмір салтын ұстанатындардың саны жыл сайын артып келе жатқанына тоқталды. Спортты серік еткендер үшін қалаған спорттың түрімен айналысуына бөлім тарапынан барша жағдай жасалып отырғанын жеткізді. Осы саланы дамытуға жыл сайын бөлінетін қаражат көлемі де ұлғайып келеді екен. Мәселен, өткен жылы осы мақсатқа 52 млн. теңге бөлінсе, биыл 4 млн. теңгеге артып отыр. Қазір Семей қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда 380-нен астам спорттық мекемелер қызмет көрсетеді. Семейде жекеменшік спорттық нысандардың да жұмысы жақсы жолға қойылған. Оған қаладағы кәсіпкерлер де үлес қосып келеді. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Омаров, Ғаббас Ибраевтар қарауындағы кәсіпорын жұмысшыларына салып берген спорттық нысандарын айрықша айтуға болады.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасымен ашылған Спорт академиясының шәкірттері бұл күнде қоржынға жүлде салып жүр. Сонымен қатар Мұрат Құржықаев ауылдарға волейбол, баскетбол, футбол, күрес және бокс жаттықтырушылары бөлініп, қазір ауылдың қара домалақтары, қаладағы құрдастарымен қатар, түрлі спорттық жарысқа қатысуға мүмкіндік алғанын атап өтті.

Айтпақшы, 12 мамыр күні Семейде «Қазақстан Барысына» іріктеу өтеді. Шығыстағы Шалқар, Айбек, Мұхиттың ізін жалғайтын апайтөс, атан жілік балуандардың барлығы бақ сынайды деп күтілуде. Бөлім басшысы сонымен қатар биылғы жылы семейлік спорт саңлақтары қатысатын қалалық, облыстық және республикалық деңгейде қандай жарыстар өтетінін толық айтып шықты.

Жиналғандар бүгінгі спорттың жай-күйіне, дамуына байланысты пікір білдіріп, өздерінің ұсыныс – тілектерін ортаға салды. Жиын соңында қала әкімі Ермак Сәлімов: «Спортқа қатысты қандай да бір сауалдарыңыз болса, кез келген уақытта пікір алмасуға, ой бөлісуге әзірмін. Бәріміз бірлесе отырып шаһардың спорт саласын дамытуға үлес қосуымыз керек. Келісіп пішкен тон келте болмайды,- деп жиынды қорытындылады.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, Семей қаласы.

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өткен аптада қала әкімі Ермак Сәлімовтің төрағалығымен қалалық Жеңіл атлетика федерациясының отырысы өтті. Отырысқа дербес бөлім басшылары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, жаттықтырушылар, спортсүйер қауым қатысты. Күн тәртібінде жеңіл атлетика саласын дамыту мәселесі қаралды.

Ең алдымен қала әкімі Ермак Сәлімов республикалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті, облыс әкімі Даниал Ахметов салаға серпін беру қажеттігі жөнінде бірқатар тапсырма жүктегенін тілге тиек етті.

- Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, жеңіл атлетикаға арналған жаттығу залын кіріктіру үшін «Абай Арена» кешенінің жобасына өзгеріс енгізіп жатырмыз,- деген Ермак Бидахметұлы спорттың бұл түрін дамыту үшін проблемаларды анықтап, шешу жолдарын қарастыру керектігін айтты.

Салада атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев баяндап, мән-жайға тоқталды.

- Жеңіл атлетиканы дамыту үшін «Спартак» стадионында 400 метрлік 6 жолақты жүгіру жолы, ұзындық пен биіктікке секіруге, спорттық ядроларды лақтыруға арналған алаңдар, қысқы уақытта пайдалану үшін шығыс трибунада жеңіл атлетикалық манеж бар. Онда оқушылар мен білім ордаларының тәрбиеленушілері, ұйымдар мен мекемелердің, күш құрылымдарының қызметкерлері, қала тұрғындары келіп дайындалады. Семей қаласындағы №2 мамандандырылған облыстық балалар мен жастар спорт мектебінің базасында мамандандырылған жеңіл атлетика залы бар. Сонымен бірге «Ертіс», «Локоматив», «Цементник» және оқу орындарының спорт кешендері мен залдарында жаттығулар өтеді,- деген Мұрат Мұрсаханұлы биыл «Спартак» стадионының және манежінің жүгіру жолағына жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, жүгіруге арналған алаңдармен қатар, жаттықтырушылар жайына да тоқталды. Жалпы, №2 облыстық спорт мектебінде 223 спортшы шынықса, оларға бағыт-бағдар беретін 11 жаттықтырушы бар. Олардың төртеуі жоғары санатты болса, үшеуі зейнет жасында екен. Спортшылардың 2-еуі - спорт шебері, 12-сі - спорт шеберлігіне үміткер, 22 спортшы - бірінші разрядты. Мықты жаттықтырушылар қатарында Рахымтай Абаков, Борис Дягилев, Игорь Хижняковтардың есімдері аталды.

Жиында, атқарылып жатқан істермен бірге, саланы дамытуға тұсау болған проблемалар да мәлім болды. Жеңіл атлетиканы дамытуды тежеп тұрған 4 себепті Мұрат Құржықаев жіктеп берді.

- Ең алдымен, материалдық - техникалық базаның ескі, спорттық манеждердің жеткіліксіз болуы және сыйымдылығының аздығы жеңіл атлетика саласын дамытуға қолбайлау болып тұр. Мысалы, №2 мамандандырылған облыстық балар мен жастар спорт мектебінің іргетасы өткен ғасырдың 60-шы жылдарында қаланған. Қай жағынан алсақ та ғимарат ескірген, сын көтермейді, жөндеуді талап етеді.

Екінші мәселе, спорттық құрал - жабдықтардың аздығы. Қарапайым мектептер ғана емес, спорттық нысандардың да жабдықтармен толықтай қамтылмауы дайындық барысында өзіндік әсерін тигізбей қоймайды. Үшінші, оқытушылар құрамы сапасының деңгейі: заманауи талаптарға сәйкес келмейтін селекциялық жұмыстың нашарлығы. Төртінші, қаржыландыру жағы. Мысалы, облыстық жарыстарға команда құрамында 30 спортшы бару керек болса, бюджеттің аздығына орай, біз жартысын ғана апара аламыз,- деді Мұрат Мұрсаханұлы.

Аға буынның айтуынша, семейлік жеңіл атлетшілер республикалық, халықаралық жарыстарда жеңісті қолдан бермеген әрі әрдайым жеңімпаздардың тұғырынан табылған.

- Тарихқа көз жүгіртсек, 90-шы жылдардың басында біз республикалық жеңіл атлетиканың шыңына көтерілдік. Бізден Алматы және Шымкент құрамалары ара - тұра басым түсетін. Жүгіру жарыстарынан семейлік команда ешкімге есе жіберген емес. Бізде таланттар аз болған жоқ,- деген спорт ардагері, жаттықтырушы Рахымтай Абаков үздік спортшыларға тоқталып, жеңісті күндердің туын қайта желбірету басты міндет екенін тілге тиек етті.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

АЙБЫН ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРДЫ БІРІКТІРЕДІ

Экономикалық лицей ғимаратында ІІІ қалалық «Айбын» әскери-патриоттық жарысы өтіп, 13 команда өзара бақ сынады.

Семейде биыл осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Айбын» әскери-патриоттық сайысына қала мектептерінің оқушылары, сондай-ақ Электротехникалық колледж бен Көлік колледжінің студенттері қатысып, спорттың 10 түрінен  сынға түсті. Оның жетеуі автоматты жинау мен бөлшектеу, кермеге тартылу, кеудені жерден көтеру, қорғаныс костюмін кию, әскери эстафета тапсыру сынды ойын түрлері болса, өзгелері қатысушылардың зияткерлік қабілетін тексеруге арналған. Командаларға сәттілік тілей келген қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова осындай әскери-патриоттық шараларды ұйымдастырудың жастар үшін маңызы зор дейді.

- Елімізде әскери саланы дамытуға, оған жастарды тартуға жеткілікті көңіл бөлініп келеді. Соның бір дәлелі - өткен жылдан бастап халықаралық сипат алған «Айбын» әскери-патриоттық сайысы. Жыл сайын жарыстың ауқымы да, оған қатысушылардың саны да артып келеді. Жеткіншектерге отаншылдық тәрбие беруде, жігерлі жастарды тәрбиелеуде осы әскери-патриоттық клубтардың орны ерекше деуге болады. Сіздерге бүгінгі сайыста сәттілік тілеймін. Облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарда қаламыздың абыройын асқақтата беріңіздер,- деді қала әкімінің орынбасары.

Ойын шарттарынан сүрінбей өткен командалар келесі кезекте «Менің роботым», «Қазақстанның әскери тарихы» кезеңдеріне және альбомдар мен стендтер байқауына қатысып, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерінің деңгейін байқатты.

- Қала әкімдігі, қалалық дене шынықтыру және спорт, білім бөлімдері, сондай-ақ Әскери-спорттық клубтар федерациясы, гарнизондық Офицерлер үйі мекемесі бірлесе ұйымдас-тырған бүгінгі турнирдің мақсаты – жастарды өз Отанын, өз елін сүюге тәрбиелеп, жылдамдыққа үйрету. Осы жарыста жеңіске жеткен команда мамыр айында өтетін облыстық сайысқа жолдама алатын болады. Былтырғы жылы «Жас қыран» әскери-патриоттық клубы Семей қаласының намысын қорғап, халықаралық сайыста ІІ орынды еншілеп келген еді. Осы жолы да командаларымыз жүлделі орыннан көрінетініне сенімдіміз,- дейді «Жас қыран» әскери-патриоттық клубының жетекшісі, қаламыздағы Әскери-спорттық клубтар федерациясы төрағасы Серік Түсіпов.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Еще статьи...