Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 88 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Семей қалалық соты мен медиацияны дамыту орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Семей қалалық сотының төрағасы Н.Б.Әбдікәрімов пен Астана қаласының «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласының өкілі Б.Д.Кенжина жанжалдарды шешудің медиация және басқа да балама әдістерін дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

  • Жүлделі орынмен қайтып келді!

    Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығының оқушылар командасынан құралған 2 жас натуралистер Жунусова Ляззат Кайратовнаның жетекшілігімен №17 ЖОББМ оқушысы Киякпаева Дильназ, Вощакина Дарья Николаевнаның жектекшілігімен № 1 ЖОББМ оқушысы Жерздева Екатерина 2018 жылдың 17 қарашасы Өскемен қаласында өткен «Таза қоршаған орта - «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асыру негізінде» «Дарын» облыстық өңірлік ғылыми – практикалық орталығының бағыты бойынша облыстық байқауына қатыст

  • «Отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты пікірталас өткізілді

    Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жастардың құқықтық білім деңгейін арттыру, гендерлік мәдениетке тәрбиелеу мақсатында Радиотехника және байланыс колледжінің 1-2 курс студенттерімен «Отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты пікірталас өткізілді.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home СПОРТ

СПОРТ

СЕМЕЙЛІКТЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жуырда Көкшетау қаласында пауэрлифтинг спортынан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ел біріншілігі өтті. Бұл сайыста семейлік спортшылар да өнер көрсетуге мүмкіндік алып, нәтижесінде екі алтын, бір күміс және бір қола медаль еншіледі. Ал апта басында жарыс жеңімпаздарын туған-туыстары мен жаттықтырушылар темір жол вокзалында арнайы қарсы алды.

Семейдің құрама командасын баптайтын Андрей Алтайбаевтың айтуынша, биылғы Қазақстан чемпионатына 100-ден аса кілең мықтылар жиналыпты. Мәселен, қатысушылардың арасында әлемдік додаларда алдарына жан салмай, топ жарып жүрген бірқатар саңлақ спортшылар да болған. Осындай тегеурінді бәсекелестікте семейліктердің үздіктер қатарынан көріне білгендігін айтады жерлестеріміздің жаттықтырушысы.

- Көкшетау қаласында ұйымдастырылған ел біріншілігі жоғары дәрежеде өтті. Барлық облыстар оған жақсы дайындықпен келді. Шәкірттеріміз зілтемірді жатып көтеруден сынға түсті. Олардың арасында Андрей Москалев пен Ольга Близнец 1-орынды иеленді. Жаттығулардың қорытындысы бойынша, Андрей 85 келіні еңсерсе, Оля 27, 5 келіні оңай бағындыра білді. Оляның осындай жарысқа алғаш рет қатысып отырғанын ескерсек, оның көрсеткен нәтижесін жаман емес деп бағалауға әбден болады. Дегенмен де ол мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ал қалған саңлақтарымыздың арасынан Серік Айсаулин күміс, Сергей Струков қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, шәкірттеріміз екі алтын, бір күміс және бір қола медальді қанжығаларына байлады. Жетістік жаман емес. Алайда алдағы уақытта бұл көрсеткішті еселей түсу үшін бар күш-жігерімізді салатын боламыз. Келер 2017 жылы мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты Семейде өтуі мүмкін. Бұл - қуантарлық жаңалық. Себебі өз қаламызда өткізілетін аламанда спортшыларымыз мүдіріп қалмайтынына еш шүбә келтірмейміз. Тағы да бір айта кетерлігі, осы жоғарыда есімдері аталған спортшылар, біздің залда тегін дайындалады. Олардың жаттығып жүргендеріне жарты жылдай ғана уақыт болды. Өткен жылы Талдықорған қаласында ұйымдастырылған республикалық жарыста да Андрей Москалев пен Серік Айсаулин тұғырдың биігінен көрінген еді. Саңлақтарымыз өздері қатысқан бірде-бір жарыстан жүлдесіз қайтқан емес. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау көрсетіп, олардың спортпен шұғылданып,  салауатты өмір салтын ұстануларына мейілінше жағдай жасауымыз қажет. Сонда ғана бұл санаттағы адамдарды қоғамға бейімдей аламыз деп есептеймін. Бұл жайында Елбасы өз Жолдауында баса айтқан болатын,- дейді Андрей Алтайбаев.

Сайыста өзінен әлдеқайда күшті спортшылармен бәсекеге түсіп, қарсыластарын шаң қаптырып, алтыннан алқа таққан жерлесіміздің бірі - Андрей Москалев. Андреймен сайысқа түскен зілтеміршілердің басым бөлігі халықаралық додаларда шыңдалғандар екен. Бірақ намысты жігіт жеңісті жұлып әкетті. Енді Андрейдің бар арманы - байрақты бәсекеде  тәуелсіз еліміздің көк Туын көкте желбірету.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

ЖАРЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР

23 маусым - Мемлекеттік қызметші-лердің кәсіби мерекесіне орай, шаһардағы «Спартак» стадионында мемлекеттік қызметкерлер арасында қалалық спартакиада ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау әрі бұқаралық спортты дамыту болып табылды.

Сайысқа қалалық әкімдіктің дербес бөлімдері, ішкі істер басқармасы және өзге де мемлекеттік мекемелердің құрама командалары қатысуға ниет танытыпты. Кәсіби мерекенің құрметіне ұйымдастырылған спартакиадаға қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болғанын атап өткен жөн. Жарыс барысында қатысушылар спорттың жеті түрінен – шағын футбол, волейбол, жеңіл атлетика, армрестлинг, арқан тарту, тоғыз құмалақ және дойбыдан - өзара кіл мықтыларды анықтады. Семей қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, бұл доданың жылма-жыл аясы кеңейіп келе жатқандығын тілге тиек етіп, республикалық турнирлерде жерлестеріміз айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп жүргендерін атап өтті.

- Ең алдымен, осы сәтті пайдалана отырып, барша мемлекеттік қызметкерлерді, яғни өз әріптестерімді, кәсіби төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Өздеріңіз білетіндей, аталмыш мерекеге орай, қалалық әкімдікте жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады. Біз де өз тарапымыздан осы кәсіби мейрамды шет қалдырмай, қалалық спартакиада өткізуді ұйғардық. Бүгінде Семей қаласы бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері спорттан да осал емес екендіктерін нақты дәлелдеп келеді. Олардың қатарында спортты жандарына кәсіби тұрғыда серік еткендері де жоқ емес. Кейбірі әлі де байрақты сайыстарда өз өнерлерін көрсетуді жалғастыру үстінде. Енді бұл жолғы жарыс мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне арналғандықтан, сайыскерлер жан алысып, жан беріспейді. Дегенмен де оқ бойы озып шыққандар міндетті түрде марапатталатын болады. Арнайы әзірлеп қойған жүлделеріміз де бар. Спартакиаданың қорытындысына сәйкес, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар және медальдар табысталатын болады,- деді Мұрат Мұрсаханұлы.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

ЖАҢА ТЕННИС КОРТЫ - ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

Өткен сенбі, 18 маусым күні Семейде спорт саласы бойынша игілікті іс орын алды.  Дәлірек айтқанда, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жеке кәсіпкер Сергей Агапкиннің қолдауымен шаһардың оң жақ жағалауында заманауи жаңа теннис корты қолданысқа берілді. Спорттық кешеннің ашылу салтанатына Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов арнайы қатысып, теннис ракеткасымен алғашқы болып соққы жасады.

Теннис кортында барлық халықаралық талаптар ескеріліпті. Мәселен, ойын алаңына жасанды газон төселген. Оның өзге газондардан айырмашылығы бар - ол ауа райының түрлі жағдайларына шыдас береді. Бұл ретте дәл осы кәсіпкердің мұрындық болуымен 2013 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қалада жасанды футбол алаңы да пайдалануға берілгенін айта кеткен ләзім. Бүгінде аталмыш алаңда шыңдалып жүрген балалар түрлі қалалық, облыстық  және республикалық жарыстарда топ жарып келеді екен.

- Бүгін әсем шаһарымызда игілікті істің куәсі болып отырмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, заманауи спорт кешені ашылмақ. Оны салуға атсалысқан кәсіпкер Сергей Агапкинге зор алғысымызды білдіреміз. Енді бұл жерде балғындарымыз теннис спортының қыр - сырын меңгеретін болады. Бұл өз кезегінде салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың көбеюіне септігін тигізетіні даусыз. Семейде спорттың жақсы жолға қойылғанын баршаларыңыз білесіздер. Қаламыздан қаншама Азия және Әлем чемпиондары шықты. Келешекте осы нысанда дайындалып жүрген балалардан да мықты спортшылар шығатынына біз сенімдіміз. Бізде қаламыздың болашағына бейжай қарамайтын азаматтар жетерлік. Олар өз қаржыларын аямастан, спорттық, әлеуметтік және өзге де қажетті нысандарды салып, халық игілігіне беріп келеді. Бұл - қуантарлық жағдай. Сондықтан да мұндай бастамаларды жергілікті атқарушы билік әрдайым қолдауға әзір. Баршаларыңызды осы спорттық кешеннің ашылуымен құттықтаймын,- деп Ермак Бидахметұлы өз сөзін түйіндеген соң, грек-рим күресінің ардагері Марат Смағұлұлы салтанатты жағдайда теннис кортының ашылу лентасын қиды.

Жаңа кешенде тенниспен кәсіби түрде шұғылдануды мақсат етіп отырған жандардың бірі - Аяулым Ахметжанқызы. Жас бүлдіршін үлкен теннис ойындарын теледидардан сүйіп тамашалайды екен. Өзінің үлгі тұтатын теннисшілері де жоқ емес.

- Үлкен теннис - жылдамдық пен шапшаңдықты қажет ететін спорт. Мұнда сондай-ақ ой күші де қажет. Бір орында дамылдап қалсаң, қарсыласың допты басқа бұрышқа лезде соғып жіберуі ықтимал. Бұл спортты жаныма серік еткеніме көп бола қойған жоқ. Дегенмен қатты ұнатамын. Өзіме Зарина Диастың ойын өрнегі жақын. Мен үшін ол - бірінші ракетка. Сонымен қатар Рафаэль Надаль, Роджер Федерер және Новак Джокович сынды әлемдік теннис майталмандарының кездесулерін қызығып көремін. Алдағы уақытта мен де, осы саңлақтар сияқты, өз мемлекетімнің айбарын танытатын боламын,- дейді А.Ахметжанқызы.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

 

 

МӘРЕДЕ ЖАС ВЕЛОШАБАНДОЗДАР

Семейде веложарыстан жасөспірімдер арасында қаланың ашық біріншілігі ұйымдастырылды. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған сайысқа биыл 60-қа жуық спортшы қатысуға ниет білдіріпті.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен қолға алынған аталмыш аламан Түйемойнақ аралында өткізілді. Оның мақсаты Қарағанды облысында жалауы желбірейтін «Олимпиада үміті» турнирінде Семейдің намысын қорғайтын үздік спортшыларды іріктеу әрі өскелең ұрпақты бұқаралық спортқа тарту болып табылды. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты 3 топқа бөлініпті. Олар топтық сайыс бойынша 15 шақырымдық кезеңде өзара кіл мықтыларды анықтады.

- Жекелей жарыстар бізде үнемі өткізіліп келеді. Ал топтық сайыстарда тәжірибеміз аз. Қарағанды облысында ұйымдастырылатын республикалық додада біздің шәкірттерімізге 5 топтық кезеңде өз күштерін дәлелдеуге тура келеді. Сондықтан бүгінгі біріншіліктің форматы өзгеше. 15 шақырым балалар үшін аса қиындық тудырмайды. Кәсіпқой велошабандоздардың өзі 200 шақырым қашықтықта өз мықтылықтарын анықтайды. Чемпионат екі күнге жалғасады. Оның нәтижесінде қала құрамасы жасақталатын болады. Айтарлықтай нәтижелеріміз жоқ болса да, қоржынымызға қомақты жүлделерді түсіретін дарынды шәкірттеріміз бар. Алдағы сындарда олардың намысты қолдан бермейтініне кәміл сенімдіміз,- дейді Семей қаласы құрамасының велоспорттан аға жаттықтырушысы Валерий Бакунькин.

Дәл сондай келешегінен зор үміт күттіретін спортшылардың бірі - Ислам Қабкенов. Жас өреннің спорттың осы түрімен айналысып жүргеніне көп уақыт өте қоймапты. Соған қарамастан, болашақта кәсіби тұрғыда айналысуды мақсат етіп отыр. Өзінің үлгі тұтатын велошабандозы да жоқ емес екен.

- Төрт айдың көлемі болды осы велоспортқа келгеніме. Өзімнің жаныма жақын. Жылдамдықты ұнатамын. Алдағы уақытта жекелей жарыста уақыт көрсеткішімді жақсартқым келеді. Биік жетістіктерім әзірге жоқ. Жетістіктерге жету үшін табжылмай жаттығып, тер төгіп еңбек ету керек. Оған мен дайынмын. Әрбір жас қазақстандық велоспортшылар Александр Винокуров сияқты Олимпиадада жеңіске жетіп, көк байрақты асқақтатуды армандайтыны рас. Мен де сол дарынды спортшы секілді елімнің мәртебесін асырғым келеді. Бұл мақсатыма жету үшін мен аянып қалмаспын,- дейді И.Қабкенов.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

 

 

ТАРБАҒАТАЙ ТӨРІНДЕГІ ДҮБІР

Өткен сенбі, 28 мамыр күні Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуатта есте   қалатын екі үлкен қуанышты жаңалық орын алды. Ақсуаттың орталығында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа орнатылған ескерткіштің ашылу салтанаты өтіп, сәлден соң «Мәңгілік Ел» дамалыс саябағының алдындағы алаңда Ырғызбай Досханаұлы атындағы жүлде үшін қазақ күресінен ІV халықаралық Гран – При жарысы өтті. Тарбағатайдың төсінде өткен дүбірлі додаға елең етпеген ел қалмаған болар.

Аудан орталығы Ақсуат бұл күні құлпыра түскендей. Ұлы Абай ескерткішінің ашылуы мен атақты палуандардың халықаралық бәсекесін тамашалауға келгендердің қатары қалың. Кәрі құрлық пен сары құрлықтан келген апайтөстер алдымен ұлы ақынға арналған ескерткіштің ашылу салтанатына жиналды. Балуандар қаймағы бұзылмаған қазақы қонақжайлыққа таңдай қақты, таңырқасты. Ескерткіштің ашылу салтанатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин құттықтау сөз сөйледі. Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев, Абай ауданының ардагер спортшысы Майдан Мұқанов, Абай және Ақсуат аудандарының Құрметті азаматы Нәсен Сембаев пен Абай мүсінін жасаған суретші Әлібек Шоқанов жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ақын Дулат Шіденинұлы Абай ескерткішінің ашылу құрметіне арнаған өлеңін оқыды. Төлеуғазы Нұрғалиев ақсақал салтанатты сәтті тамашалап тұрған барша жұртқа ақ тілек айтып, батасын берді.

- Ұлы бабамыз Абайдың ескерткіші Тарбағатайдың төріне қойылып отыр. Мұның өзі өсіп- өркендеудің, еңбеккер елдің береке-бірлігінің нәтижесі. Ақсуаттың орталығы жайнап кетіпті. Аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлының еңбегін ерекше айтқым келіп тұр. Елге білімді, іскер, халыққа жаны ашитын басшы келсе, бұл жарты бақыт дейді. Сол ел сол басшыны түсініп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, тізе қосып еңбек ететін болса, бұл бүтін бақыт дейді. Міне, сіздер қазір бүтін бақытқа кенелгендей болып тұрсыздар,- деді Нәсен Сембаев.

Абай ескерткішін атақты спортшы Дәулет Тұрлыханов пен Абай ауданының ардагер спортшысы Майдан Мұқанов, атақты журналист Сайраш Әбішева мен еңбек ардагері Дүйсен Сұлтанов және қарт ұстаз Қанданиша Мырзатаева салтанатты түрде ашты.

Абай ескерткішін тамашалап, әсерлі сезімге бөленген қалың көпшілік енді күрес алаңына бет алды. Тарбағатайлықтардың спорт десе жанып түсетін жақсы қасиеті бар. Аудан спортшыларының облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілетін дәстүрлі спартакиадада биыл алтыншы жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп отырғаны соның айқын дәлелі болса керек. Қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлына арналған, биыл төртінші рет өткізіліп отырған, Дүниежүзілік күрес спорты одағының күнтізбелік кестесіне енгізілген халықаралық Гран - При  жарысының ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіндегі спорт комитеті төрағасының орынбасары Әбіл Дөңбаев, атақты спортшы Дәулет Тұрлыханов, ФИЛА Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының комитет төрағасы Гинтаутас Вилейта және «Нұр Отан» партиясы Төрағасы орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли құттықтау сөз сөйледі. Берік Уәли «Нұр Отан» партиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Құл - Мұхаммедтің турнирдің ашылуына байланысты жолдаған құттықтауын оқып берсе, аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлы облысымыздың бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаевтың аудан халқы мен спортшыларға арнаған құттықтау хатымен таныстырды. Салтанатты сәтте Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының президенті Серік Түкеев жұртшылықты дүбірлі жарыстың ашылуымен құттықтай отырып, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаевқа, Қаз ИГЗУ–дың ректоры, саяси ғылымдар докторы, ғалым Шырын Құрманбаеваға Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясы атынан «Қазақ күресіне қосқан ерен еңбек үлесі үшін» медалін тапсырды.

Балуандар бәйгесіне биыл да бірқатар ірі - ірі компаниялар, белгілі кәсіпорындар демеушілік жасаған екен. Жарысты ұйымдастыруға демеуші болған Бәделхан Кәмәлханұлы бастаған елімізге белгілі азаматтардың атына да алғыс, тілектер көп айтылды. Азия мен Еуропаның жиырма екі елінен келген атағы жер жарған ең мықты деген палуандардың белдесулері өте тартысты жағдайда, қызықты болды. Өз салмақ дәрежелері бойынша қазақстандық Ерсұлтан Мұзаппаров, ресейлік Владимир Золоев, украиналық  Станислав Бондаренко, беларусь Александр Ваховяк, қазақстандық Ғани Сейділдаев, ресейлік Эммерт Денис, грузиялық Давит Лориашвили жеңіс тұғырына көтерілді.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»

 

Еще статьи...