Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 123 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Семей қалалық соты мен медиацияны дамыту орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Семей қалалық сотының төрағасы Н.Б.Әбдікәрімов пен Астана қаласының «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласының өкілі Б.Д.Кенжина жанжалдарды шешудің медиация және басқа да балама әдістерін дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

  • Жүлделі орынмен қайтып келді!

    Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығының оқушылар командасынан құралған 2 жас натуралистер Жунусова Ляззат Кайратовнаның жетекшілігімен №17 ЖОББМ оқушысы Киякпаева Дильназ, Вощакина Дарья Николаевнаның жектекшілігімен № 1 ЖОББМ оқушысы Жерздева Екатерина 2018 жылдың 17 қарашасы Өскемен қаласында өткен «Таза қоршаған орта - «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асыру негізінде» «Дарын» облыстық өңірлік ғылыми – практикалық орталығының бағыты бойынша облыстық байқауына қатыст

  • «Отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты пікірталас өткізілді

    Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жастардың құқықтық білім деңгейін арттыру, гендерлік мәдениетке тәрбиелеу мақсатында Радиотехника және байланыс колледжінің 1-2 курс студенттерімен «Отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты пікірталас өткізілді.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home СПОРТ

СПОРТ

ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Семей қаласында жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатының солтүстік-шығыс аймақтық жарысына Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов бастаған бірқатар қазақ боксының майталмандары келген еді. Күні кеше шаршы алаңда жасындай жарқылдаған Болат Жұмаділов пен Серік Елеуов Семей жеріне келіп, балғын боксшылардың аяқ алысын тамашалаған еді. Ал 17 қараша күні аталған былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, еліміздегі жасөспірімдер боксының дамуы жайы жан – жақты айтылды.

Баспасөз мәслихатында сонымен қатар  ШҚО Бокс федерациясының атқарушы директоры Бекболат Жамангаринов, бокстан ҚР жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов, бокстан жасөспірімдер арасындағы ҚР солтүстік-шығыс аймақтық чемпионаты бас төрешісінің орынбасары Қуат Құдайбергенов, Семей қалалық Бокс федерациясының президенті Құрманғали Рақышев қатысты. Республикалық олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ермахан Ыбрайымовтың айтуынша, бокспен айналыстан жастардың саны артып отырғандықтан, ел чемпионатын  2 аймақтық кезеңге бөлуге тура келген. Биыл оның солтүстік-шығыс өңірлік бөлігін өткізу мәртебесі Семей қаласына бұйырған екен. Оған Астана қаласы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар,   Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысы командаларынан 200-ге жуық спортшы қатысуға ниет білдіріпті. Ал оңтүстік-батыс кезеңі Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

 

БАЛҒЫН БОКСШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

Қарашаның 16 - 20 күндері Семейдің дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінде бокстан ел жасөспірімдер арасында чемпионатының солтүстік - шығыс аймақтық жарысы өтті. Сайыста 2000 - 2001 жылы туған жасөспірімдер өзара бақ сынасып, шаршы алаңда кіл мықтыларды анықтады. Жарыстың ашылу салтанатына Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов, Атланта және Сиднейдегі Олимпида ойындарының күміс жүлдегері Болат Жұмаділов, Афина Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Елеуов және ШҚО Бокс федерациясының президиенті Ерболат Әпсәләмов қатысты.

Бұл біріншілікте 8 облыстан 200-ге жуық жас өрен 13 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. «Бүгінде еліміз бойынша 80 мыңға тарта жасөспірім бокспен тұрақты түрде шұғылданады екен. Сондықтан ел чемпионатын аймақтық кезеңдерге бөлуге тура келді»,- дейді Республикалық олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ермахан Ыбрайымов. Балғын былғары қолғап шеберлерінің біріншілігі ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ШҚО Бокс федерациясының қолдауымен өткізіліп отыр. Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз алған қала әкімінің орынбасары Н. Шарова мәртебелі қонақтардың Ұлылар мекеніне келгендеріне ризашылығын білдіріп,       сайыскерлерге ақ жол тіледі.

 

"ДИНАМО" ЕРІКТІ СПОРТ ҚОҒАМЫНА 90 ЖЫЛ

14 қараша күні, Семей қалалық ІІБда ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты «Динамо» ерікті спорт қоғамының құрылғанына 90 жыл толуына орай, салтанатты жиын өтті. Оған Семей қаласы ІІБ-ның басшысы Жұмабек Исадилов, Семей қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік - құқық бөлімінің басшысы Сержан Әзбергенов, спорт ардагерлері және ішкі істер қызметкерлері қатысты.

Құрылғанына 90 жыл болған «Динамо» ерікті спорт қоғамының бағындырған белестері аз емес. Ел спортының өркендеуіне өзіндік үлес қосып келе жатқанына ерікті спорт қоғамының саңлақтарының тәуелсіздік алған жылдардан бастап 46 олимпиада медалін иеленгенін дәлел ретінде айтуға болады. Бүгінде ҚР Ұлттық құрамасының 75 пайызын осы динамолық спортшылар құрап отыр. Аталмыш қоғамдастықтың Семейдегі филиалы да қарқынды жұмыс істеуде. Түрлі қалалық, облыстық, республикалық сайыстарда семейлік «Динамо» ерікті спорт қоғамының спортшылары үздіктер қатарынан көрініп жүр. Бұл туралы салтанатты жиында сөз алған Семей қаласы ІІБ-ның басшысы, «Динамо» ерікті спорт қоғамының Семей қаласы филиалының төрағасы Жұмабек Исадилов мәлім етті.

 

ШАРШЫ АЛАҢДА БАЛҒЫН БОКСШЫЛАР

Семейдің «Тарлан» спорт кешенінде бокстан Малдыбай қажы атындағы дәстүрлі турнир басталды. Биыл 16 – шы мәрте ұйымдастырылған турнирге 2000 және 2001 жылы туған болғын боксшылар  13 салмақ дәрежесінде бақ сынасып, шаршы алаңда кіл мықтыларды анықтады. Республикалық мәртебеге ие болған сайысқа биыл Ресейдің Новосібір қаласының саңлақтары да қатысуға ниет білдіріпті.

Жарысқа Семей қаласынан бөлек,    Астана, Өскемен қалаларымен қатар, Аягөз, Шемонайха, Үржар, Көкпекті, Тарбағатай және Жарма аудандарынан 100-ге тарта жас боксшылар бағын сынай келіпті. Сайыстың республикалық дәрежеде ұйымдастырылғанына биыл 12-ші жыл. Айта кету керек, әр жылдары осы Малдыбай қажы атындағы турнирден қазақтың абыройын әлемдік додаларда асқақтат-қан бірқатар спортшылар шыңдалып шыққан екен. Олардың қатарында жастар арасындағы Әлем чемпионы Қанат Ильясов, 2013 жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы Мерей Ақшалов, жастар арасындағы Азия чемпионы Әділет Егізеков сынды боксшылар бар. Алдағы жылдары аталмыш турнирді халықаралық деңгейде өткізу жоспары бар.

- Турнир қатарынан 16 жыл балғын боксшылар басын қосып келеді. Республикалық дәрежеде ұйымдастырылғанымен, оған көршілес Ресейдің де жас былғары қолғап шеберлері қатысуда. Әлі есімде, осы турнирді алғаш рет өткізгенде оған Әлем чемпионы Мерей Ақшалов қатыс-қан еді. Одан басқа өзге де өңірімізге танымал боксшылар осы додада бақтарын сынаған болатын. Осындай жарыстар дарынды балалардың шыңдалып шығуына септігін тигізеді деп ойлаймын, - дейді жарысты ұйымдастырушы Талап                Малдыбайұлы.

Сайыстан жүлде алсам деген жас боксшылардың бірі - Дидар Қадырбеков. Семейлік өреннің бокспен шұғылданып келе жатқанына үш жыл болған. Жетістіктері де жетерлік. Облыстық, республикалық жарыстарда олжа салып, спорт шеберлігіне үміткер болды. 42 келіде сынға түсіп жүрген жерлесіміз әр қарсыласына әртүрлі әдіс - айланы қолданады екен.

- Осал қарсылас болмайды. Бұл турнирге келген  балалардың көбін танимын. Бірнешеуімен шаршы алаңда кездескенмін. Әр жекпе-жекке шығар алдында қарсыластарымды егжей-тегжей зерттеп алуға тырысамын. Бапкерлерім Талғат Жақыпбеков пен Руслан Исатаевқа алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта олардың сенімін ақтауға бар күш-жігерімді саламын, - деді Д. Қадырбеков.

Ж. СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР -ОБЛЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

Бүгінде Семей қаласында спорт және дене шынықтыру ісіне зор мән берілуде. Әсіресе аталмыш салаға жаны құмар жаңашыл әкім Ермак Сәлімовтің бастамасымен өскелең буынның денін сау, бойын шымыр ететін түрлі спорттық шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Одан бөлек биылғы жылы қалалық спартакиада да ерекше тартымды өтті. Сонымен қатар шаһарымыздағы әр сала бойынша еңбек ететін мамандардың да спорттық іс-шараларға қатысудағы белсенділігі жоғарылауда.

Мұндай жетістікті үрдістен Семей қаласы әкімдігінің қызметкерлері де шет қалмауда. Атап айтсақ, жуырда, қазан айының 30 – 31 күндері аралығында, облыс орталығы Өскемен қаласында жыл сайынғы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадада өнер көрсеткен семейліктер командасы жеңіс тұғырынан табылды.

Аталмыш біріншілік аясында шағын футболдан турнир өткізілген болатын. Осынау бәсекеге облысымыздың аудандары мен қалаларынан жоғары даярлықпен келген командалар қатысып, өзара қарымта байқасты. Тартысты өрбіген кездесулер барысында  Семей қаласының мемлекеттік қызметкерлері қарсыластарын жоғары ұпай санымен жеңіп, айқын басымдылықпен бірінші орынды еншіледі. Осылайша, шағын футболдан қарсылас шақ келтірмеген семейлік құрама команда жеңіс туын желбіретіп оралды.

- Біз өткізген ойын барысы аса қиындық тудырды дей алмаймын. Қарсылас командаларды жоғары даярлықпен барғандықтан басымдылықпен жеңіп отырдық. Бұл, шамасы, осыған дейін де өз қаламызда түрлі спорттық шараларға белсене қатысып жүргендіктен болар. Командамыздың капитаны қаламызда бұқаралық спорт түрлерін дамытуда белсенді бастамалар иесі атанып жүрген Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлының өзі болатын. Тас қамал қорғанысымыз да мықты болды. Шабуылшы жігіттер де ерледі. Нәтижесінде облыс бойынша алдыңғы орынға шықтық. Аймақтың әр ауданынан келген командаларға қазақ футболының отаны - Семей аяқдобының қарқынын көрсетіп қайттық,- дейді пікір білдірген команда шабуылшысы, ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-насихат секторының меңгерушісі Айбек Самат.

Осылайша, мейлінше шиеленісті өрбіген ойындардың нәтижесінде Семей қаласының мемлекеттік қызметшілері бірінші орынды иеленсе, Зырян қаласының футболшылары екінші орын, Риддер командасы үшінші орын алыпты. Ал жасыл алаң қожайындары - Өскемен қаласының құрама командасы - төртінші орынды місе тұтыпты.

«СТ – ақпарат»

Еще статьи...