Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 78 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home СПОРТ

СПОРТ

ЕЛ МЕРЕЙІН АСЫРҒАН ҚОС САҢЛАҚ

Семейдің спортшылары Бельгияда каратэ шинкиокушинкайдан өткен халықаралық чемпионатта гауһар тасты Кубоктың иегері атанды. Елдің абыройын аспандатып келген каратэшілер туған елге оралған бетте өз жанкүйерлерімен баспасөз конференциясында кездесті. Кездесуге қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімнің бас маманы Бақытжан Егізбаев, облыс бойынша Каратэ шинкиокушинкай федерациясының басшысы Жанболат Тоқсанбаев, федерацияның бас бапкері Айбол Ысқақов қатысты.

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанның намысын қорғап келген талдықорғандықтардан кейін, биыл «Diamond Cup» халықаралық турниріне қазақ елі атынан тек Семейдің үш спортшысы ғана аттанды. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын спорттық додадан Айдын Нұрбосынов пен Еламан Мұқашев жүлделі бірінші орынмен қанжығаларын майлап қайтты.

Айта кетейік, чемпионат 24-26 ақпан аралығында Бельгияның Антверпен қаласында өткен еді. Жарысқа 27 мемлекеттен 250-ден астам каратэші қатысқан екен.

- Бүкіл елдің намысын қорғайтын болған соң турнирге тыңғылықты, ұзақ дайындалды бүгінгі жеңімпаздар. Төккен тер мен еңбегіміз ақталып, бірінші орынның төрінен көріндік. Кіл мықтылар анықталған сайыста тек Әлішер Мұқанов атты шәкіртім 85 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті. Бірақ қарсыласына есе жіберіп алды. Алдағы жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінетініне сенім мол,- дейді ШҚО бойынша Каратэ шинкиокушинкай федерациясының бас бапкері Айбол Ысқақов.

Гауһар тасты Кубок сарапқа салынған халықаралық жарыстың ақтық мәресінде Айдын Нұрбосынов Франция елінің спорт саңлағымен сынға түссе, Еламан Мұқашев даниялық каратэшімен жекпе-жекке шыққан. Семейлік екі спортшы да каратэге тән амал-тәсілдерді тиімді пайдаланып, үздік өнер көрсетті, ел мерейін асырды. Халықаралық дәрежедегі чемпион атанып келген қос каратэші 24-25 маусым аралығында каратэнің отаны саналатын Жапонияның астанасында өтетін әлем чемпионатында бақ сынамақ.

Кездесу соңында жеңімпаздар мен олардың бапкеріне, сондай-ақ аймақтағы каратэ шинкиокушинкайдың дамуына елеулі үлес қосып жүрген ШҚО бойынша Каратэ шинкиокушинкай федерациясының басшысы Жанболат Тоқсанбаевқа Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі Мұрат Құржықаевтың алғыс хаттары табысталды.

Жібек СЕРҒАЗЫ,«Семей таңы»

«АЛТАЙ» БІРІНШІ ЛИГАДА ДОП ТЕБЕДІ

«Алтай» командасы биылғы маусымда бірінші лигада доп тебеді. Өткен жылы түрлі кедергілерге тап болған команда екінші лигада ойнаған. Деңгейі мен кәсіби шеберлігі әлдеқайда қуатты команда екінші лигадан бірінші лигаға жолдама алған-ды.   Футболшылар қазір Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Қазақстан Кубогы Шымкентте сарапқа салынады. Команда биылғы маусымды ел Кубогына таласудан бастайды. Айтпақшы, «Алтайда» легионер жоқ. Бас бапкер – білікті бапкер Сергей Тимофеев.

Жалпы, команданың дайын-дығы, «Спартак» стадионының жөнделуі және қалалық футбол орталығы жұмысыныңқайта жандануы сынды бірқатар мәселелер сейсенбі күні Семей қалалық ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Баспасөз мәслихатына Семей қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, «Алтай» футбол командасының баспасөз хатшысы Думан Балықбаев, қалалық футбол орталығының басшысы Ефим Германович қатысты.

- Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен биыл «Спартак» стадионының алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жа-сыл алаңҚазақстан футбол федерациясының талаптарына сәйкес болуы керек. Заманауи технологияға сай жылытылатын, автоматты суару мүмкіндігіне ие жаңа көгал (газон) төсеп, жарықтандыру жұмыстарын жарақтау көзделіп отыр. Оның жобалық-сметалыққұжатын жасау үшін қаржы бөлініп, қазіргі таңда конкурс жарияланған. Межелі жұмыстар ағымдағы жылы басталады деп жоспарлануда,- дейді Мұрат Мұрсаханұлы.

Мұрат Мұрсаханұлының айтуынша, «Спартак» стадионына Қазақстан футболының 100 жылдығы қарсаңында, яғни 2013 жылы жөндеу жүргізілгенімен, жасыл алаңөткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері жаңартылмапты. Құрылыс жұмыстарын күз кезінде қолға алу жоспарланып отыр.

- «Алтайдың» жаттықтыру-шылар құрамында өзгеріс жоқ. Бас бапкер - Сергей Тимофеев, көмекшілері - Павел Евтеев, Игорь Востриков, Марат Есмұратов. 15 қаңтар мен 3 ақпан аралығында команда Шымкент қаласында жаттықты, қазір Түркияның Анталия қаласында. Біздіңғана аяқдопшылар емес, ол қалада еліміздіңөзге де командалары бар. Биыл біздің басты қарсыласымыз Жамбыл облысының «Тараз» командасы деп ойлаймын,- деген Думан Балықбаев команда құрамына да тоқталды. - Өткен жылғы құрамнан 8 ойыншы бар, жалпы, 20 қазақстандық футболшы бар. Үш легионер алуға рұқсат берілген. Әлі де команда құрамы толыға түсуі мүмкін.

Қазақстан Футбол федера-циясының талабына сәйкес, бірінші лигада ойнайтын командада екінші лигада ойнайтын қосалқы құрамы және жасөспірімдер футбол орталығы болуы керек. Сондықтан биыл жұмысы тоқтап қалған қалалық футбол орталығы қайта жанданады.

- Орталықта 11 жас ерекшелігі бойынша 2000-2010 жылы туған 300-ден астам жеткіншек спортпен шұғылдануда. Мұнда бір медицина маманы, 13 жаттықтырушы бар. Бапкерлер UEFA «А» және «В» санаты бойынша біліктіліктерін арттырған,- деген Ефим Германович ағымдағы жылы жасөспірім аяқдопшылар арасында шығыстың мерейі үстем болатынына сенім білдірді.

Жасөспірімдермен бірге жас-тар құрамасы да жасақталған. Спорт академияларының, футбол орталықтарының түлектері, аймағымыздағы үздік жас футболшылардан құралған команда екінші лигада ойнайды.

Айта кетейік, баспсөз мәслихатында мәлім болғандай, семейлік футболсүйер қауым мамыр айынан бастап «Спартак» стадионында әртүрлі кездесулерді тамашалай алады.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

 

БАБАДАН ҚАЛҒАН БЕКЗАТ ӨНЕР

Ел ордасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған түрлі мерекелік іс-шаралар легі республиканың түкпір-түкпірінде өткізілуде. 3 ақпан күні Үржар ауданында мереке шеңберінде ересектер арасындағы Бүркітшілердің XII республикалық турнирі бастау алды. Ел біріншілігінде бақ сынау үшін республиканың 10 облысынан 39 бүркітші қатысты.

Белгілі меценат Қанат Сүлейменовтің демеушілігімен өткен шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Серік Зайнулдин:

- Тәуелсіздіктің арқасында төл өнеріміз, ата кәсібіміз қайтадан жаңғырып, өз деңгейіне жетіп отыр. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Бұдан бұрын аталмыш жарыс түрі Мақаншының Жайтөбесінде өткен болатын. Бүгінде балаларды ұлттық спортқа тәрбиелеу мақсатында аудандық білім бөлімі арқылы бүркітшілердің арнайы сыныбын Көкөзек орта мектебінде аштық. Осыған мұрындық болған Тәттімбет Кәпұлын ерекше атап өткім келеді,- деді аудан басшысы.Ұлттық өнерді ұлықтап, құсбегілікті серік еткендердің басын Барқытбелдің баурайында біріктірген - Шығыс Қазақстан облысында бекзат өнердің дамуына зор үлес қосып келе жатқан Тәттімбет Кәпұлы. 

- Бүркітшілердің Үржар жерінде бас қосуы бұл мекеннің киелілігін айғақтайды. Ең бастысы, ұлттық спортқа деген ауданның жанашырлығы, қолдауы сезіледі. Бүркітшілердің 60-70 пайызы жастар,- деді «Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүфтекеқызы.

Жарыстың бірінші күнінде құсбегілер 400 метр қашықтықтан бүркітті қолға қондырудан сынға түсті. Жалпы, барлық облыстардың дайындығы мықты екен. Құсбегілердің киім үлгісі, бүркіт пен қыранның бабы секілді маңызды көрсеткіштер, сондай-ақ еркін ұшыру, шырғаға, қоянға салу сынды жарыстың кезеңдері 10 балдық жүйемен бағаланды.

- Бұл турнир жылына бір-ақ рет өтеді. Қазағымыздың салт-дәстүрін көзбен көргенге не жетсін! Көкте қалықтап жүрген қыранымызды қолға қондыру үлкен ғанибет деп ойлаймын. Өйткені бұл - ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр. Артық айтқандық болмас, қатысушылардың бүркіттері мен қырандарының басым көпшілігі Тарбағатайдікі. Бұл жеріміздің ерекшелігін, қасиетін танытады,- дейді тірнек бүркітін қолға қондырған белгілі құсбегі Тәттімбет Кәпұлы.

Жарыс қорытындысы бойынша, І орынды Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Нұрғали Әлиқұлов алып, 250 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Ал Қайдар Нұғым болса ІІ орынға табан тіреп, 150 мың теңгені еншіледі. Үздік үштікті Алматы облысынан ат артып келген Елтай Мүптеков қорытындылап, 100 мың теңгені қанжығасына байлады. Аудан әкімдігі тарапынан әрбір облысқа 40 мың теңге беріліп, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Е.Оспанов пен аудан басшысының алғыс хаты табыс етілді.

- Шығыстың шұрайлы жері Үржар ауданында ұйымдастырылған құсбегілердің бәйгесі өте жоғары деңгейде өтті. Аудан басшылығына, демеу білдірген азаматтарға алғысымыз зор. Жыл сайын сайысқа қатысушы бүркітшілердің саны артып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Бұл - елімізде құсбегілік өнердің кең қанат жайып келе жатқанының айқын дәлелі,- дейді ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт басқармасының саятшылықтан бас жаттықтырушысы Базарбек Күнтуғанұлы.

Нұрсұлтан ЕСЕМБАЕВ, «Семей таңы»

 

 

 

 

 

«АЛТАЙ» БІРІНШІ ЛИГАҒА ОРАЛДЫ

Өткен жылы бірінші лига командалары арасында жүлделі орынға ие болған облысымыздың «Алтай» командасы Премьер - лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алған. Клуб басшылығы шетелден маман шақыртып, команданы қайта жасақтап, алдағы маусымға тас түйін дайын еді. Алайда клуб мүшелері мен команда ойыншылары, жанкүйерлер ерте қуанған екен. Қазақстанның Футбол федерациясы командамызда орын алған кемшіліктерді жіпке тізіп, бекітілген ережеге сүйене отырып, жазаның ең ауыр түрін қолданды. Сөйтіп, еліміздегі аяқдоптың отаны саналған Семей футболын екінші лига командалары арасындағы ойындарда тамашалауға мәжбүр болдық. Бір ғана қаланың емес, дүйім бір өңірдің намысын қорғайтын команда жасыған жоқ. Білікті бапкер, мықты ойыншыларынан айырылса да, жастардан жасақталған «Алтай» аяқтан шалғандарға шын жүйрікке тұсау жоқ екенін көрсетті. Маусым басында команда тізгіні отандық бапкер Сергей Тимофеевке тапсырылды. Сенімге селкеу түсірмеген Сергей «жұлдыз ойыншыларсыз-ақ» чемпион болуға болатынын, шетелдік маманның үйреткенін жергілікті бапкерде білетінін дәлелдеді.

Хош, сонымен, «Алтай» командасы екінші лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасы біріншілігінің жеңімпазы атанды. Негізінен, жергілікті команда бұл атаққа футбол маусымының аяқталуына соңғы 3 кезең қалғанда қол жеткізген. Алайда, Федерация бекіткен ережеге сәйкес, қалған ойындар өтуі тиіс еді. Соңғы турда Солтүстік Қазақстан облысының «Рузаевка» командасын қабылдаған алтайлықтар қонақтардан айласын асырып, 1:0 есебімен басым түсті. Жүлделі орындардан үміті үзілсе де, ұпай санын еселеуді көздеген «Рузаевка» тәп–тәуір қарсылық көрсетті. Негізгі 90 минут түгесіліп, төреші қосымша 5 минут қосқан. Жергілікті жанкүйерлерге қуаныш сыйлаған жеңіс голы да осы қосымша уақытта соғылды. Гол авторы – Алексей Мальцев.

Төреші ысқырығы шалынысымен жанкүйерлер өз командасын чемпиондық атағымен құттықтауға алаңға лап қойды. Олардың арасында Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ирина Валиева, Қазақстанның кәсіби футбол лигасының спорттық директоры Павел Демьян, Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаевтар болды.

Команданы чемпиондық атақпен қала әкімі Ермак Сәлімовтің атынан құттықтаған Надежда Шарова «Алтайдың» биылғы маусымы жанкүйерлерге ерекше қуаныш сыйлағанын айта келіп, келер маусымда дәл осындай жеңімпаз межеден түспеуге тілеулестік білдірді. Ақжарма құттықтау тілектерінен кейін команданың әр мүшесіне алтын медаль үлестіріліп, команда капитаны Евгений Кострубқа чемпиондық тондо табысталды. Команда бапкері Сергей Тимофеев маусым барысында 3 мәрте айдың үздік бапкері атанса, Дәурен Қайқыбасов тамыз айының үздік ойыншысы атанды. Дәурен сонымен қоса сұрмергендер қатарында. Оның еншісінде 18 гол бар. 21 жасар команда қақпашысы Исламбек Асан да білікті мамандар назарына ілігіп отыр.

«Алтай» маусым барысында 30 кездесу өткізіп, 22 –інде жеңіске жеткен. Қалған 5 ойында тең есеп тіркелсе, 3 ойында ғана жеңіліс тапқан. Қарсыластар қақпасына 67 гол соғып, өздеріне 14 гол жіберген, 71 ұпайға қол жеткізді.

Осылайша, «Алтай» бірінші лигаға сеніммен аяқ басты. Енді тек тағы бір кедергі тап болмаса болғаны.

Ермек ИСАБАЕВ, «Семей таңы»

"АВТОДЫБЫС" ФЕСТИВАЛЬ - БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Семейде «Автодыбыс» фестиваль-байқауы өтті. Бірегей сайыста көліктердің дыбыс қысымдары сарапқа салынды. Жарысқа темір тұлпарларының сыртқы, ішкі пішіндерін өзгертіп қана қоймай, түрлі дыбыс зорайтқыштармен ерекшеленгісі келгендер қатысты. Техникалық және мұз спорт түрлері федерациясының бастамасымен қолға алынған шара алғаш рет қалалық әкімшіліктің қолдауымен кең ауқымда ұйымдастырылды. Мақсат - шаһарымызда авто-мотоспорт түрлерін дамыту.

«Автодыбыс» байқауы қаламызда осымен үшінші жыл өткізілді. Бірақ  биыл алғаш рет кең ауқымда ұйымдастырылды. Тіпті бірегей сайысты қызықтауға шаһар басшысы Ермак Сәлімов те арнайы келді.

- Семей қаласы кез келген мәдени әрі спорттық шараларды өткізуге қауқарлы. Байқауға қатысушылардың барлығы ұйымдастырылған фестивальға шын ықыластарымен қатысып жатыр деп ойлаймын. Ниет болғаннан кейін байқау тартысты әрі қызықты өтеді деген сенімдемін,- деді қала әкімі өз сөзінде.

Байқауда автокөліктің жүк салғышы басты назарда болды. Дәлірек айтқанда, онда орналастырылған дыбыс зорайтқыштар мен жәшіктері сыналады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай дыбыс зорайтқыштар мен жәшіктері жасау үшін айлап уақыт кететін көрінеді. Тіпті жәшіктерді бірнеше қайтара жасауға тура келеді. Шара аясында темір тұлпардың сыртқы келбетінің ерекшелігі де бағаланды.

- Автокөліктердің сыртқы пішінін классикалық үлгіге ауыстыру шеберлігі де ескеріледі. Оны сыртқы тюнинг дейміз. Бұдан бөлек көлік ішіндегі дыбыстың қысымын өлшейміз. Қарапайым сөзбен айтқанда, дыбысы күшті көлік жеңіске жетеді,- дейді сайыс жайында пікір білдірген Техникалық және мұз спорт түрлері федерациясының мүшесі Александар Владимиров.

Айта кету керек, мұнда дыбыс децибелмен өлшенеді. Қуаттылықты анықтау үшін, арнайы құрылғы көліктің алдыңғы терезесінің ішкі жағына орналастырылады. Әуен қосылғанда, оны сыртта тұрған адамның естуі мүмкін емес. Тек дыбыс зорайтқыштан тараған толқынды сезінуге болады. Бұл темір тұлпарда орнатылған аппаратура сапасының деңгейін көрсетеді. Ішкі және сыртқы құрылымдары өзгеріске ұшыраған мұндай көліктер күнделікті қолданысқа жарамайтынын айтады   ұйымдастырушылар.

- Бұл – хобби. Қызығушылық танытқандар көліктерін көрсетіп мәре-сәре болып жатыр. Мен екінші рет қатысып отырмын. Көліктер аласа. Сондықтан асфальтқа өте жақын. Мұндай ерекшеліктерді жақсы көретіндер үшін шара қызықты өтуде,- дейді қала тұрғыны Виталий Колеков.

Байқауда 35 көліктің дыбыс қуаты сыналды. Олардың арасында Өскемен, Риддер, тіпті Новосібір қаласынан арнайы келгендер де бар. Бірегей шараның қорытындысына сәйкес, ең аласа көлік бойынша өскемендік темір тұлпар жеңіске жетті. Семейліктер 2, 3-орындарға ие болды. Автодыбыс байқауында жеңімпаздар мен жүлдегерлер екі аталым бойынша анықталды. «Кәсіпқойлар» арасында 150 децибел көрсеткішпен семейлік «Лада Приора» үздік деп танылды.  Екінші орынға «Лада» автокөлігі ие болса, үшінші орынға «Тойота» көлігі тұрақтады. Ал жарыста бақтарын енді сынап жүргендер арасында 1, 2-орындарды семейліктер жеңіп алса, үшінші орын Риддер қаласынан жеткізілген көлікке бұйырды.

 

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

Семей қаласы.

 

Еще статьи...