Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 110 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Семей қалалық соты мен медиацияны дамыту орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Семей қалалық сотының төрағасы Н.Б.Әбдікәрімов пен Астана қаласының «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласының өкілі Б.Д.Кенжина жанжалдарды шешудің медиация және басқа да балама әдістерін дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

  • Жүлделі орынмен қайтып келді!

    Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығының оқушылар командасынан құралған 2 жас натуралистер Жунусова Ляззат Кайратовнаның жетекшілігімен №17 ЖОББМ оқушысы Киякпаева Дильназ, Вощакина Дарья Николаевнаның жектекшілігімен № 1 ЖОББМ оқушысы Жерздева Екатерина 2018 жылдың 17 қарашасы Өскемен қаласында өткен «Таза қоршаған орта - «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асыру негізінде» «Дарын» облыстық өңірлік ғылыми – практикалық орталығының бағыты бойынша облыстық байқауына қатыст

  • «Отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты пікірталас өткізілді

    Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жастардың құқықтық білім деңгейін арттыру, гендерлік мәдениетке тәрбиелеу мақсатында Радиотехника және байланыс колледжінің 1-2 курс студенттерімен «Отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты пікірталас өткізілді.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home СПОРТ

СПОРТ

ЖАСЫЛ АЛАҢДА ЖАС АЯҚДОПШЫЛАР

Республикалық «Coca-cola Былғары доп» турнирінің жабылу салтанаты өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жарысқа биыл еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан он алты команда қатысты. Жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Жыл сайын өткізілетін Республикалық «Coca-cola Былғары доп» турнирінің мақсаты – футболды халық арасында кеңінен насихаттау, жас аяқдопшыларды даярлау. Биыл аталмыш турнирге еліміздің 5000 мектебінен жиыны 350 000 мыңдай оқушы қатысқан көрінеді. Жарыстың байырғы серіктесі әрі басты демеушісі доп додасының финалдық бөлігіне қатысушылардың барлық шығынын өз мойнына алумен қатар, жыл сайын жеңімпаздарға арнап тосын сый жасап отырады. Мәселен, биылғы жылғы үлкен жастағы футболшылар тобында өткен турнирдің жеңімпаздарына Бразилияда өтіп жатқан әлем біріншілігінің ашылу салтанатына жолдамаларды тарту еткен көрінеді. Оның үстіне, биылғы «Coca-cola  Былғары доп» жарысы осы мундиальге арналып отыр.

 

РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ

Төртінші маусым – ел тарихындағы ерекше күн. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.

Рәміздер күніне орай қаламызда велошеру ұйымдастырылды. Шеруді «Жас Отан» жастар қанаты мен Семей қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.  Шараға 80-нен астам велосипедшілер қатысты.

Мерекеге арналған шара Әуезов алаңынан бастау алды. Алғаш сөз алған дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев атаулы күннің тарихына тоқталып өтті.

 

«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫНА» ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Алыптар аламаны  «Қазақстан барысы» атты ел Президентінің жүлдесіне арналған республикалық турниріне жуырда қалалық іріктеу жарысы өтті. Іріктеу жарысында кіл мықты деген 16 балуан бақтарын сынады.

Жарыстың ашылу салтанатында қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, ШҚО қазақ күресі федерациясының вице-президенті Амантай Хазымұлы және аталмыш жарыстың бас төрешісі, халық-аралық дәрежедегі төреші, қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Шыңғыс Тұрсыновтар сөз алып, барлық балуанға сәттілік тіледі. Жарыс басталмас бұрын «Қазақстан барысы» және «Еуразия» барысы турнирлерінің қатысушысы, биылғы турнирдің үміткері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және әлем кубогінің иегері Мұхит Тұрсыновпен сұхбаттасқан едік.

- Қазір қызу жаттығу үстіндеміз. Мақсатымыз  «Қазақстан барысына» және ел чемпионатына қатысу. Одан кейін Азия чемпионаты мен әлем чемпионаты күтіп тұр. Алайда, әзірге бабындамыз деп айтуға да болмас. Дайындығымыздың қаншалықты деңгейде екенін алдағы ел чемпионаты көрсетер. Дамылсыз дайындық қана  биік белесті бағындырудың кепілі, - деген Мұхит, - Семейдің балуандарының қай-қайсысы болмасын, осал емес. Мысалы, Ерлан Конкеев, Ерлан Сапарғалиев, Мереке Тұрашев сынды балуандарды ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар, Әділ Оразбаев сияқты бауырларымыздың да бозкілемде өрісі кеңейіп келеді, - дейді.

 

БАПКЕР БИІГІ ШӘКІРТІМЕН БАҒАЛАЫ

Биылғы жылы әлем елдері спортпен тыныстайды десек, артық болмас. Алда төрткүл дүние көз тіккен екі дүбірлі дода тұр. Алдымен Ресейде қысқы спорт түрлерінің төрт жылдықтағы ең басты аламаны - Сочи олимпиадасының алауы тұтанса, жазда жанкүйер қауым Бразилиядағы ала доптың додасына бәс тігеді.

 

Бразилияға біздің елдің аяқ допшылары бармайды. Бара қалған күннің өзінде жанкүйер қауым қатарында. Ал, Сочиден қазақстандықтардың күтері көп. Әсіресе, семейліктердің. Биылғы жылдың байрақты бәсекесіне біздің қаладан үш бірдей спортшы аттанады. Әлбетте, мақтанарлық мәртебе емес пе? Ақ олимпиадада Қазақстанның намысын қорғайтын биатлоншы қыз Галина Вишневская болса, шаңғымен «шаң қаптыратын» Виктория Ланчакова мен Ердос Ахмадиев.