Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 85 гостей и 1 пользователь онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЗАҢ МЕН ЗАМАН

ЗАҢ МЕН ЗАМАН

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ - БАРШАҒА ОРТАҚ ІС

17 маусым күні Семей қаласындағы Көлік колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алуда азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың жұмысын нығайту және күшейту» тақырыбында өңірлік семинар-практикум өтті. Семинар – практикумның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған тиімді жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік оқу орындарының қызметін бақылау және жариялылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауда лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру болып табылды.

Семинар-практикумға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алла Нұрсеитова, Семей қаласының прокуроры Тәжиден Найманов, Семей қаласы ІІБ басшысының орынбасары Мақсат Зекенов, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледж басшылары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Алқалы басқосу Көлік колледжінің директоры Шаған Жұмақсановтың төрағалығымен өткізілді. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілерді әшкерелеуде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бірлесіп әрекет етуі мен осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру сынды бірқатар өзекті мәселелер талқыға түсті. Ең алдымен шаһар басшысы Ермак Сәлімов сөз алып, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы стратегия әзірленгенін тілге тиек етіп, оның тиімділігін арттыруда мемлекеттік органдар, білім мекемелері және үкіметтік емес ұйымдар белсенділіктерін үдете түсуі керектігін атап өтті.

- Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты берік ұстанатыны баршамызға белгілі. Бұл мақсатта арнайы бағдарлама да дайындалды. Осы ретте жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру қажет. Бүгінгі басқосу осы XXI ғасырдың індетіне айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда септігін тигізетініне мен сенімдімін. Тек бүкіл қоғам болып бірлесіп жұмыс атқарсақ қана, оның деңгейін төмендетуге жол ашылады. Бұл орайда семинар-практикумды ұйымдастыруға атсалысқан Көлік колледжінің басшылығына және оған қатысуға ниет танытқан мәртебелі меймандарға алғысымды білдіремін. Осы жиынның жұмысы жемісті болар деген ойдамын,- деп түйіндеді өз сөзін қала әкімі.

Сондай-ақ алқалы жиында қала әкімінің сөзін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Алла Нұрсеитова да толық қуаттап, бүгінде аймақтағы білім ордаларында студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілігін қалыптастыру мақсатында біршама келелі істер атқарылып жатқандығын атап өтті.

- Өздеріңізге мәлім, Елбасы Қазақстанды дамыған отыз елдің қатарына қосуды мақсат етіп отыр. Оны жүзеге асыру үшін ел халқы барлығы бірдей  жұмыла атсалысуы керек. Бұл ауқымды жоспардың сәтті іске асуын қаласақ, сыбайлас жемқорлық сынды келеңсіз әрекеттердің тамырына балта шауып, оны түбегейлі жоюымыз қажет. Осы бағыттағы жұмыстар кездейсоқ болмауға тиіс. Бұл ретте кешенді конструктивті жоспар дайындаған абзал болмақ. Жемқорлықтың кез келген көрінісімен, оның түрлерімен күресуде облыстық білім басқармасы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Алайда жіберілген олқылықтар да жоқ емес. Сондықтан да осы мәселеге қатысты іс-шараларды ширата түсу қажет деп санаймын,- деді Алла Нұрсеитова.

Бұдан бөлек өңірлік семинар-практикумда өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері сыбайлас жемқорлықпен күресуге, оның алдын алуға қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды. Осыдан кейін аталмыш колледжде осы тақырыпқа арқау болған сурет көрмесі, флешмоб, пікірсайыс және тағы басқа да іс-шаралар өткізілді.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

 

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ИНСТИТУТЫ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-ші қадамында жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту және сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту туралы нақты айтылған болатын. Аталмыш жаңашылдыққа байланысты өңіріміздегі сот орындаушылары қызметінде түрлі өзгерістер орын алуда. Бұл орайдағы салмақты пікір, сарапты ой өткен аптаның бейсенбісінде жан-жақты айтылды.

Аталмыш басқосуға ШҚО әділет департаменті мен Семей қалалық әділет басқармасының мамандары және  сот орындаушылары жиналған болатын. Жиын барысында бірқатар өзекті мәселелер ортаға салынып, қатысушылар тарапынан қызу талқыланды.

- Елбасының тапсырмаларын орындау барысында сот орындаушылар қызметін жетілдіріп, олардың мемлекеттік қызметін қысқарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте бүгінде ШҚО әділет департаменті бойынша бірқатар шаралар қолға алынуда. Яғни 2016 жылдың басынан бастап жеке сот орындаушысы қызметіне көшу ісі жолға қойылуда. Қазіргі күні аймағымызда 75 жеке сот орындаушысы бар. Барлық аудандар мен қалалар жеке сот орындаушыларымен қамтылған,- дейді пікір білдірген ШҚО әділет департаментінің сот орындаушылары қызметін бақылау бөлімінің жетекшісі Нұржан Құрманғалиев. Бөлім басшысының айтуынша, аталмыш бағыттағы шаралар бүгінде облыстық әділет департаментінің назарында тұр.

Негізінен, сот орындаушыларын кезең сайын біртіндеп қысқарту шарасы кең көлемді жұмыстарды қамтиды. Бұл ретте олардың құзырына жүктелетін жаңа жауапкершіліктер мен бірқатар жаңа ерекшеліктер бар. Жалпы, бұл реформа мемлекеттік сот орындаушыларының жұмысын оңтайландыруға және мемлекеттік басқарудың нарықтық принциптерін енгізуді үйлестіруге бағытталады. Мұндай тың бастамаға қатысты шешім қабылдамас бұрын, еліміздің Әділет министрлігі сот орындаушыларының жұмыс нәтижесі өз тиімділігін дәлелдеген Еуропадағы шет мемлекеттердің озық тәжірибелерін зерттеп, сараптамалық жұмыстарын жүргізіпті.

Басқосу барысында сот орындаушылары қызметіне байланысты бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, ҚР заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстар негізгі тақырып өзегіне айналды. Бұл ретте баса тоқтала кететін бір жайт - ағымдағы жылдың қаңтар айында сот актілерін орындау бойынша көптеген атқару құжаттары жеке сот орындаушыларына берілген болатын. Олардың құзыретіне жеке және заңды тұлғалардың пайдасына 1 мың айлық есептік көрсеткішке жетпейтін сотта қаралып жатқан баж салықтары, жол полициясы қызметкерлері мен мемлекеттік органдардың айыппұл өндіру туралы қаулыларын орындау енеді. Ал мемлекеттік сот орындаушылар мемлекет мүддесіне қатысты сот шешімдерін орындайды. Жалпы, жаңа өзгерістер аясында бірқатар ілкімді іс-шаралар жүргізілуде. Әйтсе де бір мәселе – бүгінгі таңда Семей қаласы бойынша сот орындаушылары жетіспейді екен. Жастар жағы жауапкершілігі аса ауыр, қат-қабат құжаттамаларды рәсімдеуден тұратын мұндай машақаты мол жұмысқа келмейтін көрінеді. Әйтсе де, соған қарамастан, қазіргі таңдағы көрсеткіштер көлемі жаман емес. Бұл жетістіктерге себеп көп. Соның ішінде әсіресе өндіріске енгізіліп жатқан жаңашылдықтардың орны ерекше көрінеді.

Міне, жекеменшік сот орындаушылары аталмыш жаңашылдық аясында жүйелі жұмыс жүргізіп, қоғамдағы құқықтық қызметтің сапалы жүргізілуі үшін күш салудың тиімді екендігін іспен дәлелдеуде.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы

ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

Шығыс Қазақстан облысында жария ету науқанының көмегімен 392 адамға жұмыссыздықтар саны азайып, жарты миллиард теңгеден астам ақша заңдастырылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы  Бауыржан Қамбаров мәлімдеді.

- Жарнаның жеңілдетілген нормаларының нәтижесінде бағасы 1 млрд. 254 млн. теңгені құрайтын 190 коммерциялық нысан заңдастырылды. Айта кеткен жөн, коммерциялық объектілердің ішінде тек қана сауда үйлері, мейрамхана, автокөлік жуу, техникалық қызмет көрсету орталықтары емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы объектілер де бар. Мәселен, әлеуметтік заңдастырылған нысандар қатарында Зайсан ауданында балабақша ғимараты, Шемонайхада мәдени-сауықтыру орталығы мен дәріханалар, Зырян қаласында көкөніс сақтау қоймасы және оқу ғимараттары, Жарма ауданында денсаулықты сауықтыру объектісі – жеке медициналық ұйым бар.

Аталған нысан иелері осы жарнаны пайдалана отырып заңдастырды, қазіргі уақытта мемлекетпен берілген мүмкіндіктің арқасында нысаналы пайдалану бойынша өз қызметтерін жүзеге асыруда. Сонымен қатар 392 адам жұмыс орындарымен қамтылып, коммерциялық нысандардан мүлік және жер салықтары бойынша түскен түсім шамамен 9 млн. теңгені құрады. Осылайша, жария ету субъектілері қызметті іске асыру арқылы пайда табумен қоса, еліміздің экономикалық тұрғыда дамып, өркендеуіне атсалысуда,- деп атап өтті Бауржан Қамбарұлы.

Сондай-ақ, Бауржан Қамбаровтың айтуынша, ШҚО–да Түркияда орналасқан құндық бағасы 9 млн. теңгеге жуық жылжымайтын мүлік заңдастырылды және 534,5 млн.теңге ақша жария етілді. Енді жария етілген қаражатты кез  келген уақытта шоттан қайта алып, еш үрейсіз өз қалауы бойынша еркін пайдалануға болады. Өйткені Заң бойынша жария ету субъектілері туралы кез келген мәлімет заңмен қорғалып, таратылуға жатпайды.

Брифингті қорытындылай келе Бауржан Қамбарұлы жария етуге белсенді қатысуға және алаңсыз болашақты қамтамасыз етуге шақырды. Себебі мемлекет тек қана мүлік пен капиталды көлеңкеден шығаруға мүмкіндік берумен қоса,  жария ету субъектілерін қолдап, қосымша кепілдіктер табыс етеді. Азаматтарға еркін түрде жасырын мүлік пен капиталды заңды айналымға қайтарып, өзін және мүлкін қорғап қалуға мүмкіндік туып отыр.

Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметі.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС - ОРТАҚ ІС

Қалалық әкімдікте Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының бағыттарын түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Іс-шараға аталмыш агенттіктің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалымбек Досанов, департамент басшысының орынбасары – тәртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов, Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, бөлім басшылары мен мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Алғаш болып сөз алған Ғалымбек Досанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің өзектілігін түсіндіре отырып, қоғамның барлық күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті.

 

ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Семейдің Орталық алаңында қысқы киім үлгісіне өтуге байланысты ІІБ жеке құрамының саптық байқауы өтіп, шара барысында ішкі істер органдарының жас қызметкерлері салтанатты түрде ант қабылдады.

Биыл Семей қаласы ішкі істер басқармасының құрамы тағы да 14 полицеймен толықты. Салтанатты түрде ант қабылдағандар жол-патрульдік қызмет пен жедел басқару орталығында және Орталық полиция бөлімі мен ақпараттық-сараптама бөлімінде қызмет ететін болады. Салтанатты шарада сөз алған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев ант қабылдаған жас полицейлерді құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

 

Еще статьи...