Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 63 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЗАҢ МЕН ЗАМАН

ЗАҢ МЕН ЗАМАН

ҚЫЛМЫСКЕР ҚОЛҒА ТҮСТІ

Семей қаласы ІІБ – нің жедел іздестіру нәтижесінде дүкендердің бірінде сатушыны пышақтап өлтірген қылмыскер ұсталды.

Оқиға биылғы жылдың ақпан айының басында орын алған. 24 жастағы қала тұрғыны алдын ала ойластырып, дүкен тонап, оңай олжаға кенелмек болады. Жас жігіт ойын жүзеге асыру үшін қара бетперде киіп, суық қарумен дүкенге басып кірген. Азық - түлік сатушыны пышақтап, қонаққа келген құрбысын да жаралайды. Кейін кассадағы 25 мың теңгені иеленіп, оқиға орнынан ізін  суытқан.

- Жедел іздестіру шаралары барысында куәгерлер табылмады. Жапа шеккен құрбысынан да ақпарат ала алмадық. Алайда күдіктінің ерекше күртешесі қылмысты ашуға сеп болды. Көп ұзамай күдікті қолға түсті, - дейді Семей қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімі жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы Данияр Жағыпаров.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

Семей қаласының есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері есірткі тасымалының жолын кесу үшін, ҚР Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес,16-22 ақпан аралығында ел көлемінде арнайы шара өткізді.

Қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспановтың айтуынша, «Допинг»  операциясының аясында қаладағы бір жекеменшік таксопарктің такси жүргізушісі ұстал-ған. Ол, жолаушы тасымалдаумен қатар, есірткі затын    сатумен де айналысқан.

- Жедел алдын алу шарасы барысында 2015 жылдың қаңтар айынан бастап қаладағы бір такси жүргізушісі есірткі затын сатумен айналысады деген шұғыл хабар түсті. Осы хабарды анықтау мақсатында Семей қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе арнайы топ құрып, арнайы жүргізілген жедел іздестіру шарасы кезінде есірткі сатумен айналысқан азаматты құрықтады. Қылмысты әшкерелеу барысында жүргізушіден арнайы сатуға дайындалған есірткі заты тәркіленген. Ал ары қарай тергеу жұмысын жүргізу кезінде үйінен есірткі затын сатып алуға арналған 40 мың теңге мен гаражынан мөлшері 8 келіден аса есірткі заты (кеп-тірілген марихуана) тәркіленді, - дейді Е.Оспанов.

 

Ассамблеяның Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы Үндеуі

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері депутаттық топқа Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге бастама көтеру туралы Үндеу жолдады.

 

Қазақстан халқы

Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің

ҮНДЕУІ

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелері, болашаққа деген жауапкершілігімізді сезіне отырып, Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақтастары әрі Отанымыздың патриоттары ретінде халыққа үндеу жолдаймыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясына Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастама көтеріп, еліміздің барлық өңірлерінен көптеген азаматтар хабарласуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы осы маңызды мәселе бойынша ұстанымын білдіруді өзінің азаматтық борышы деп санайды.

Әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай орын алып отырған тұста, сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастаманың көтерілуі уақыт талабы болып табылады.

Жаһандық сын-қатерлер кезеңінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанды дағдарыстан алып шығуына мүмкіндік беретін жаңа сенім мандаты берілуі қажет.

Әлемде тұрақсыздық орын алған жаңа әрі күрделі кезеңде  еліміз стратегиялық бағытынан айнымай, Қазақстанды жаңғырту және дүниежүзінің озық 30 елінің қатарына енуі үшін, Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа сенім білдіру қажет.

Сонымен қатар Елбасына сенім мандатын білдіру арқылы әлемдік дамудың жаңа кезеңінде халқымызды біріктіріп, мемлекетті дамытудағы маңызды мәселелерге ден қоюға мүмкіндік аламыз.

Бүгінде «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасын және «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді Стратегиясын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді біріктіру керек.

Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат төңірегінде топтасу арқылы еліміздің одан әрі қарқынды дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз.

Сондықтан осы күрделі заманда біз барша қазақстандықтарды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төңірегінде топтасуға шақырамыз.

Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономика өсімін нығайту, жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ету маңызды. Бұл бастамаға, шын мәнінде, басқа балама жоқ.

Сонымен бірге ендігі 2016 жылы президенттік және парламенттік сайлаулар бір мезгілге сәйкес келеді. Конституция нормаларын бұлжытпай орындау мақсатында екі сайлауды әртүрлі кезеңдерде өткізген жөн.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Отанымыздың орнықты дамуы мен алға жылжуына бағытталған бастамаларды қашан да қолдап келді және болашақта да солай бола бермек.

Осы жалпыхалықтық бастаманы көтере отырып, қазақстандықтар тарапынан да, халықаралық қауымдастық тарапынан да қолдауға ие боламыз деген сенімдеміз, өйткені біз халқымыз бен еліміздің биік мүддесін көздеп отырмыз.

Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Қазақстан жылдан-жылға гүлденіп, әлемнің белді әрі беделді мемлекетіне айнала берсін!

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттар тобына Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастама көтерсін деп үндеу жолдаймыз.

Қазақстандықтар әлемнің ең озық отыз экономикасы қатарына енуге мүмкіндік беретін «Қазақстан-2050» Стратегиясын жалғастыруды қалайды!

Қазақстандықтар «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасын қолдайды!

Қазақстандықтар ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуды, одан әрі дамуды қалайды!

Біз барша Қазақстан халқын, саяси партияларды, азаматтық секторды және еліміздің патриоттарын Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастаманы қолдауға шақырамыз!

Астана, 2015 жылғы 14 ақпан

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 26-28 аралығында Семей өңірінде кең көлемде «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Аймақ көлемінде орын алып отырған мал ұрлығы қылмыстарының жолын кесіп, ізін ашу және алдын алу шараның негізгі мақсаты болды. Жақында тәртіп сақшылары операцияның қорытындысын шығарды.

Үш күнге жалғасқан жедел алдын алу шарасына орай арнайы жұмыс тобы құрылып, ішкі істер органдарының барлық бөлімері мен қызметтерінің жеке құрамы жұмылдырылған.  Жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер ет және мал тасымалымен айналысқан автокөліктерді, ет сататын орындарды тексерген. Нәтижесінде Семей қалалық Ішкі істер басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жергілікті халыққа 5 миллион теңге көлемінде шығын келтіріп, мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Абыралы өңірінің 48 және 50 жастағы тұрғындары алдын ала сөз байласып, бір жылдан бері халықтың адал еңбегін қолды қылыпты.

 

ЖАСӨСПІРІМДЕР ІСІ ҚАРАЛДЫ

Қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаеваның жетекшілік етуімен Семей қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жоспарлы түрде өткізіліп отыратын отырыстың негізгі мақсаты – кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырудың алдын алу бойынша уәкілетті органдардың жұмысын күшейтіп, бала тәрбиесімен айналысуға құлықсыз ата-аналардың тәртібін қадағалау.

Бұл жолғы отырыста отызға жуық іс қаралды. Оның ішінде бала тәрбиесіне селқос қараған ата-аналар мен тәртібі нашар жасөспірімдер өз істері үшін жауап берді. Комиссия мүшелері алдымен ішімдікке салынған 46 жастағы ер адамның ісін қарады. Екі баланың әкесі еш жерде жұмыс жасамайтын көрінеді. Салдарынан кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесіне көңіл бөлмей келген. Істі таныстырған Семей қаласы ІІБ Әуезов полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы азаматтың үстінен көршілері де шағым түсіргенін баяндады. Азаматтық некедегі әйелімен келген ер адам комиссия мүшелеріне ішімдікті қойып, жұмысқа орналасқанын айтып ақталды. Оның сөзін азаматтық некедегі зайыбы да растады. Дегенмен комиссия мүшелері оған қатаң ескерту жасады.

 

Еще статьи...