Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 64 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Интернет менің өмірімде: тренинг

    2018 жылдың 8-16 қараша аралығында Абай атындағы кітапханда Интернет желісі бойынша оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың Интернет желісі жөніндегі білімдерін әрі қарай дамыту үшін ұйымдастырылды. Оқу барысында қатысушылар Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және Интернетте оқу, сұ

  • Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауының V-VI бөлімдерін талқылау

    2018 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

  • Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ «Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлба

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЗАҢ МЕН ЗАМАН

ЗАҢ МЕН ЗАМАН

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКСКЕ ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 2001 жылдың 30 қаңтарынан бері қолданылып келді. Бұл Кодекске осы уақытқа дейін талай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бүгінгі күннің талабына байланысты. Осы уақытқа дейін кездескен олқылықтар ескеріліп, құқықтық құрылымдарға деген азаматтардың сенімін арттыру. Қазақстанның құқықтық жүйесін халықаралық деңгеймен теңестіру мақсатында Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде жаңа Әкімшілік Кодекс қабылданды.

Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодкес 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Кодекстің жаңа нұсқасы 920 бап, 53 тараудан құралған, ал ескі Кодекс 733 бап, 44 тарауды қамтыған. Осыдан-ақ біз жаңа құжатта ауқымды өзгерістер болғанын байқаймыз.

 

ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕР ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН

Сәрсенбі күні қалалық ақпарат орталығында Семей қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің басшысы, полиция капитаны Қанатбек Ордашев пен Семей қаласы ІІБ тіркеу бөлімшесінің аға автоинспекторы, полиция майоры Дархан Қажиевтің және Семей қаласы ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихаты барысында журналистер жылдың басында өз күшіне енген жол жүру ережелерінің өзгерістеріне қатысты сансыз сауалдарын жолдады. Сөзінің басында Семей қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің басшысы, полиция капитаны Қанатбек Ордашев Заңдағы өзгерістер мен толықтыруларға шолу жасап өтті.

- 2015 жылдың 7 қаңтарынан бастап ҚР Әкімшілік Кодексіне бірқатар өзгертулер мен толықтырулардың енгізілгені белгілі. Атап айтатын болсақ, көлік жүргізушісіне салынған айыппұл 7 күннің ішінде төленетін болса, оған 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Алайда қала көшелеріндегі камера құрылғыларына түскен жағдайда автокөлік иелеріне ешқандай жеңілдік берілмейтінін де айта кеткен жөн. Сонымен қатар барлық автокөліктерге күндізгі уақытта қала ішінде де шамдарын жағып жүру және 3 жастан 12 жас-қа дейінгі балаларды автокөлікпен тасымалдау үшін автокресло қою міндеттелді, - деген Қанатбек Ордашев, - әрине, автокресло төңірегінде әртүрлі қоғамдық пікірлер туындауда. Бұл тұрғыда қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бірақ мұның жол қауіпсіздігін сақтау үшін маңызы жоғары. Айта кету керек, егер 12 жасқа дейінгі баланың бойы 135 см-ден, ал салмағы 36 келіден жоғары болса, автокреслоға отырмауға құқылы, - деп, атап өтті.

 

ҚАРУ САТЫП АЛУ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ҚАЙТА ЖАЛҒАСАДЫ

Қазақстан полициясы 2015 жылдың қаңтар айында халықтан травматикалық және газды қару-жарақты сатып алуды бастайды. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтарға травматикалық қару-жарақ ұстауға тыйым салатын заң осы жылдың сәуір айында қабылдан-ған болатын. Өткен аптада осы өткізілгелі отырған акция жайлы Семей қалалық ІІБ баспасөз жиыны өтіп, БАҚ өкілдеріне кеңінен ақпарат берілді.

Семей қалалық ІІБ лицензия және қару айналымын қадағалау тобының аға инспекторы, полиция майоры Талғат Дюсуповтың айтуынша, ішкі істер органдары жеке тұлғаларға тіркелген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды қабылдауды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жүргізетін болады. Ерікті түрде тапсырылған травматикалық қарулардың өтеуі осы мақсатқа көзделген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізіледі.

- ҚР Ішкі істер министрлігі жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтелуі негізінде тапсыру қағидасын әзірледі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қала тұрғындарына аталмыш қаруларды көрсетілген мерзім аралығында тапсыруды сұраймыз. Алдағы уақытта ол қаруларға рұқсат мерзімі ұзартылмайды. Яғни қарулар тек күзет қызметінде ғана пайдаланылатын болады, - дейді Т.Дюсупов.

Жоғарыда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, яғни 2016 жылдан бастап, аталмыш қаруларды пайдалану заңсыз болып саналады және қаруды пайдаланғандар қылмыстық жазаға тартылады. Бүгінде қаруларға мемлекет есебінен жасалатын төлем құны анықталу үстінде және оның  мөлшері келер жылға дейін нақтыланбақ. Айта кетуіміз керек, 2000 жылдары травматикалық қарулар мен газды қарулар ішкі істер органдарының қандай да бір рұқсатынсыз сатылымға түсті. Кейін, 2008 жылдан бастап, ішкі істер органдарына оларды тіркеуге ала бастады. Ал келер жылдан бастап оларды пайдалану арнайы күзет қызметінен өзге азаматтарға заңсыз саналады. Бұл ретте сала мамандары, тіркелмеген қарулары бар азаматтар жыл соңына дейін тұрғылықты мекенжайлары бойынша ішкі істер органдарына келіп, қаруларын тіркелулері қажет екенін, олай болмаған жағдайда, қаруларды акция аясында өткізе алмайтыны және жарамсыз саналатынын айтады.

 

ҚАРУ ТАПСЫРУ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Семей қаласында халықтан қару-жарақ сатып алу акциясы жалғасуда. Естеріңізде болса, қару сатып алу акциясы биылғы жылдың 21 сәуірінен басталған болатын. Мақсат қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруларымен, оқ - дәрі жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын - алу.

Азаматтардың өз еркімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге, жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгіленіп отыр. Бұл заттарды ішкі істер бөлімдерінде қабылдайды. Заңсыз сақталған атыс қаруларды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады.

- Жалпы, бірнеше жылдың көлемі болды ҚР ІІМ қоғамдық тіртіпті сақтау, жарылғыш заттар мен атылатын қарумен жасалатын қылмыстарды болдырмау мақсатында тұрғындардың қолдарында немесе басқа да жолмен заңсыз сақталған, тауып алған қаруларды сатып алу акциясы жалғасып келеді, акция нәтижесіз емес. Ел көлемінде айналымда заңсыз жүрген көптеген қарулар тәркіленіп, олардың барлығы қазір  ІІМ арнайы Қаулысымен жойылып отыр. Бұл шараның ең бір тиімділігі кейінгі кезде бұрынғы жылдармен салыстырғанда атылатын қару пайдалану арқылы жасалатын қылмыс-тар саны күрт төмендеп отыр. Осы бағыттағы жұмыстарды әлі де нәтижелі жүргізу мақсатында 2014 жылы аталмыш іс-шараны жалғастыру туралы шешім қабылданып, акция ел көле-мінде жүргізіліп жатыр, - дейді Семей қаласы ІІБ баспасөз қызметінің өкілі Елубек Оспанов.

Акция басталғалы  Семей қаласы ІІБ-на 31 арыз түсіп, 34 бірлік қару, сондай-ақ, 3304 иір ойықты қаруға арналған оқ-дәрі тапсырылды. Семей қалалық ІІБ лицензия және қару айналымын қадағалау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Талғат Дюсуповтың айтуынша, азаматтардың жеке есеп шоттарына сыйақылары аударылуда.

 

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТТІҢ ИГІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Биыл жыл басынан бері Семей қалалық сотында жер қатынастары дауына қатысты 30 іс қаралып, оның 12-сі бойынша шешім шығарылған. Сондай-ақ, сот істерін жүргізуде инновациялық технологоияларды пайдалану артып, ағымдағы жылдың басынан электронды Үкімет порталы арқылы түскен арыз-шағымдардың саны 1070-ке жеткен. Бұл жайлы аталмыш мекемеде өткен арнайы брифинг барысында белгілі болды.

 

Семей қалалық сотының бас маманы Карина Ғабдуллина сот істерін жүргізуде инновациялық технологиялардың пайдаланылу деңгейінен хабардар етті. Мәселен, аталмыш мекеменің ғимараты фойесінде «Сот істері  бойынша анықтамасы» бар сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-сараптамалық жүйесінің құрамдас бөлшегі болып табылатын моноблок орнатылған. Оның пайдасы сол, халық еркін түрде осы сотта және жоғары соттарда қаралған істердің нәтижелері туралы біле алады. Өз сөзінде Карина Ғабдуллина электронды Үкімет порталы арқылы түскен арыз-шағымдардың саны 1070-ке жеткені жайлы да айтып өтті.

- Өткен жылдардағы сәйкес мерзіммен салыстырғанда бұл көрсеткішті есепке алсақ, халықтың арыз, өтініштерді электронды түрде беру деңгейінің артып  келе жатқандығын атап өтуге болады, - деді бас маман.

Жиында сот процесіне оң әсерін тигізетін жағымды  жаңалық ретін бейне хаттама жүргізу тәжірибесі де сөз болды. Бұл жайлы Семей қалалық сотының судьясы    Мадина Дәулетова айтып берді. Оның сөзінше, 2013 жылы аудио-бейне тіркеуді пайдаланумен 12682 іс қаралған. Ал, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ғана бұл көрсеткіш 2182-ге жеткен.

- Сот отырысының бейнетаспасын жүргізу хаттама   толтыруға, тараптардың онымен танысуы үшін жасалатын көшірмесін жасауға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сот отырыстарының бейнетаспасын жасау қағаз құжаттардың жойылу қаупін төмендетіп, хаттаманы толтыруда жіберілетін қателердің алдын алады. Осының бәрі өз кезегінде бейнетаспаны тараптардың өтініші бойынша істі қайта қарау кезінде пайдалануға мүмкіндік береді, - деді Мадина Мұратқызы.

 

Еще статьи...