Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 120 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАЗАҚ ҮЙ – ҚАЗАҚЫ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

    Әлем әдебиетінің классигі, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, ертеңгі елдің болашағы - бүгінгі бүлдіршін. Еліміздің келешегі – бүгінгі бүлдіршіндеріміздің бойына ұлттық тәрбиені сіңіру мақсатында Алматы қаласындағы «Ұлас-Электрон» ЖШС компаниясы «Электронды қазақ үй» жобасын жасап, көпшілік назарына ұсынған. Сәрсенбі күні қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық ақпараттық орталықта электронды қазақ үй өнімінің таныстырылы

  • КҮНШЫҒЫС ЕЛІНІҢ КӨРМЕСІ СЕМЕЙДЕ

    Дүйсенбі күні Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева ресми сапармен Семейге арнайы келген Жапонияның Нагасаки қаласының Ұлттық мемориалдық кешенінің директоры Масанобу Чита мен жобаларды басқаратын менеджер Нагико Екояманы қабылдады.

  • КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ - ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ӨРІСІ

    Семейге жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков қаланың кәсіпкерлерімен кездесті. Қала әкімі Айбек Кәрімовтың жетекшілігімен өткен басқосуға облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғытов, қалалық бөлім басшылары және кәсіпкерлер қатысты.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЗАҢ МЕН ЗАМАН

ЗАҢ МЕН ЗАМАН

МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫН ТҮСІНДІРДІ

Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ринат Кусаинов және судья  Р. Байжуманова «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»  мекемесінің тәрбиеленушілері мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен кездесу өткізді.  Судьялар кездесу барысында Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының маңызын түсіндірді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына қиындық туғызатын мәселенің бірі-    квалификациялық заңды көмекке ерекше мұқтаж екендіктері. 24.08.2002 жылғы №345 «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» ҚР Заңына, 11.07.2002 жылғы №343 «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету жағынан қолдау туралы» ҚР Заңына және 13.04.2005 жылғы №39 «Қазақстан Республикасының мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, судьялар ата-аналармен кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары туралы көптеген сұрақтарына жауап берді. Кездесуде ювеналды соттың төрағасы  Ринат Кусаинов Елбасының Жолдауының іске асырылуы мүгедек балалардың өмірлік деңгейін арттырып, әлеуметтік жағдайын көтеретінін атап өтті.  Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Р.Тынысбаева ювеналды сот судьяларына мүгедек балаларға көңіл бөлгендіктеріне алғысын білдіріп, орталықпен таныстырып, осы мекеменің басты мақсаты - балаларға әлеуметтік қолдау көрсету сонымен қатар, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауқаулары бар және тіреу-қозғалтқыш аппараты бұзылған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету екендігін жан-жақты айтып өтті. Қазіргі таңда, осы орталықта 400-ден астам мүмкіндігі шектеулі адам есепте тұр, көпшілігіне үйлеріне бару арқылы қызмет көрсетіледі.

 

ЖАҢА ЖОБА СӘТІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Өткен сәрсенбі күні қалалық сот мекемесінде прокуратура, облыстың нотариалдық палатасы мен қалалық әкімдік бөлімдерінің өкілдері және банк құрылымдарының заңгерлері, сонымен қатар, сенімхат бойынша өкілдердің және қалалық соттың төрағасы мен судьялардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Басқосуда қалалық соттағы сот өндірісінде жаңа үрдістің қолданылу барысы жайлы сөз болды. Қалалық соттың төрағасы Ақан Жұмағұловтың кіріспе сөзінен соң судьялар Қарлығаш Сапинова мен Нұрсұлу Қабышевалар соттағы өкілеттік пен сенімхатты ресімдеу кезіндегі мәселелер төңірегінде баяндама жасады. Қарлығаш Сапинова Медиация туралы заңның қабылдануына орай, Азаматтық процессуалдық кодекстің кей баптарында өзгерістердің енгізілгенін атап өтті.

Жиында, сонымен қатар, өткен жылдың тамыз айынан бастап Жоғарғы Соттың тапсырмасымен барлық соттарда электронды қадағалау өндірісін енгізу жобалары жүзеге асырылып жатқаны жайлы айтылды. Ал, қалалық соттың жетекші маманы Карина Ғабдуллина электронды сандық қолтаңбаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы түсінік берді. Оның айтуынша, сот ғимараттарында және ақпараттық веб-порталдарда ақпараттық дүңгіршектер енгізіліп, сот қызметкерлеріне жүгінбестен, өзіне қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік ашылған көрінеді. Мысалы, ғимаратта орнатылған моноблок арқылы азаматтар ғаламтор желісінде отырып, сотта қаралған істерінің нәтижесін, істің қозғалуы мен шығарылған шешімдерін, анықтамалар мен қаулыларға қатысты ақпараттар туралы біле алады екен.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда Семей қалалық сотының судьялары сот актілерін 100 пайыз электронды сандық қолтаңба негізінде тіркеп отырған көрінеді. Тікелей байланыс арқылы судьялар және сот мамандарымен семинар сабақтары, сол сияқты бейнеконференциялар веб-камера арқылы өткізіледі. Мысалы, өткен  12682 іске қатысты сот отырысы аудио-видео фиксацияның қолданылуымен өткен. Сонымен қатар, арыз берушілерді сот мәжілістеріне шақыруда да қазіргі дамыған заманның барлық жетіс-тіктері қолданылуда. Ұялы телефонмен хабарлама жолдап немесе электрондық байланысты кеңінен қолдануға жол ашылған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы жолданған 3368 хабарламаның 3365-сі иесіне жеткен. Олардың 2672-сі сот отырысына қатысқан.

 

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАДЫ

Семей қалалық ішкі істер басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінде жергілікті БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз мәслихаты өткізілді. Басқосу барысында өткен жылдың қорытындысы мен бөлімнің қазіргі қызметі жайлы түсінік берген тәртіп сақшылары өңіріміздегі хабар-ошарсыз жоғалғандар мен іздеуде жүргендер туралы кең көлемде мәлімет берді.

Семей қалалық ІІБ-ның криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Бауыржан Қорабаевтың айтуынша, өткен жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Семейде 175 адамға іздеу жарияланыпты. Ал, олардың ішіндегі 92 адам сот шешімімен «хабар-ошарсыз жоғалғандар» деп танылыпты. Іздестіру нәтижесінде бұл жандардың тек 76-сы ғана табылды. Өзгелері әлі  республиканың әр түкіпірінен, тіпті іргелес Ресей қалаларынан да іздестірілуде. Сонымен қатар, бұрындары туыстық-қарым қатынасы үзілгендерді іздейтін көші-қон полициясының қызметі ендігі арада осы бөлімге жүктелген. Сол себепті бұдан бұрындары да із-түзсіз кеткендер іздес-тіріле беретін болады.

 

СОТ ІСІ ӘДІЛДІККЕ ЖОЛ СІЛТЕЙДІ

Қалалық соттың мәжіліс залында Семейдегі сот төрағалары мен судьялардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында олардың 2013 жылғы жұмыстарының қорытындылары сөз болды.

Жиында алғашқы болып сөз алып, Елбасының Жолдауына тоқталып өткен Семей қалалық сотының төр-ағасы Ақан Жұмағұлов:

- Соттарда мыңдаған азаматтардың құқығы қорғалады.  Онда келіп түскен істер шешімін тауып, сот үкіміне сай кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылуда. Өткен жылы Семей қалалық сотына барлығы 15 988 азаматтық іс және арыз түссе, 2012 жылдың 12 айында 15 925 іс пен арыз түскен. Ал, өткен жылдың 12 айында «EGOV» электрондық үкімет порталы бойынша 3 059 талап арыз түскен. Сотқа түскен іс пен арыздардың саны 0,4 пайызға көбейгені байқалады. 2013 жылдың 12      айында аяқталған істер саны – 14 627 болса, 2012 жылдың 12 айында барлығы – 13 915 іс аяқталған, салыстыр-ғанда 4,9 пайыз аяқталған іс саны көбейген. Шешім шығарумен 9 889 іс аяқталған, оның ішінде сырттай шешім шығарумен 4 513 іс, ал, 2012 жылдың 12 айында – 9 211 іс шешім шығарумен аяқталған, оның   4 211-і сырттай шешім шығарумен. Сот бұйрығы 1 927 іс бо-йынша шығарылған, ал, 2012 жылдың 12 айында 1 735 іс бойынша сот бұйрығы шығарылған. Қысқартылған 1 546 істің 238-і бітім келісіммен бекі-тілген. Сонымен қатар, 2012 жылдың 12 айында 1 574 іс қысқартылса, оның 203-і бітім келісім бекітумен жүзеге асқан. Өткен жылдың 12 айында Семей қалалық сотының өндірісінде қалдық істер саны 467 азаматтық іс, ал 2012 жылдың 12 айында 777 іс құраған, - дей келе, - айта кетерлігі, елімізде жыл сайын өзгертілген әрі қайта қаралуға жіберілген істер саны аза -йып келеді. Барлық қабылданғандардың 0,5 және 0,9 пайызын құрап отыр. Бұл да әділдіктің көрсеткіші. Семей қалалық сотында 2013 жылы 125 арыз қабылдаудан бас тартылса (52 пайыз-ға төмендеген), қараусыз қалдырыл-ған өтініш саны – 1 224 (11,3 пайызға төмендеген). Қайтарылған өтініштер саны – 667, - деп өткен жылдағы өз жұмыстарымен таныстырып өтті.