Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 80 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЗАҢ МЕН ЗАМАН

ЗАҢ МЕН ЗАМАН

ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ

Жолда жүру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Осы орайда жұма, 17 қараша күні жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістерден халықты құлағдар ету мақсатында Семей қалалық Ішкі істер басқармасы қызметкерлері арнайы  баспасөз мәслихатын өткізді.

- Жолда жүру ережелері, көлік жүргізушілерімен бірге, жаяу жүргіншілерге де қатысты. 2017 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы жол қозғалысы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған еді. Заңға сәйкес, Салық кодексіне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейту бөлігінде түзетулер енгізілді және оларды бергені үшін, цифрлық белгіленуі 010-090, 707 нөмірлеріне - 5 700 пайыз; цифрлық белгіленуімен байланысты емес әріптік белгіленуі бірдей (АА), ВВВ (ВВ) таңбаларға - 5 700 пайыз; әріптік белгіленуі бірдей цифрлық белгіленуі 001 - 009, 777 нөмірлеріне - 28 500 пайыз; әріптік белгіленуі бірдей, 100, 111, 200 - 999 аралығындағы мемлекеттік тіркеу нөмірін бергенi үшiн - 19 700 пайыз; әріптік белгіленуі бірдей, 010-090, 707 нөмірлеріне - 11 400 пайыз мөлшерінде мемлекеттік баж салығы енгізілді,- деп ақпарат берді Семей қалалық Ішкі істер басқармасының емтихан - тіркеу  бөлімінің басшысы Атанбек Тортаев.

Жолда жүру ережелерінің тағы бір маңызды қағидаттары жөнінде Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Талғат Құлжанбеков сөз қозғады.

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін мүгедектерді көлiк құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Сондай-ақ жолаққа шығуға тыйым салынған жерлерде қарсы жүру жолағына шыға отырып бұрылғаны немесе кері бұрылғаны үшін көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту бөлігі нақтыланды. Ал жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен 3 АЕК-ке дейін қысқартылып, масаң күйін куәландырудан бас тартқаны үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды,- деді ол.

Оның айтуына қарағанда, ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкері тоқтатқан жағдайда, оның рұқсатынсыз көлік құралынан шыққаны үшін және кешкі сағат 23.00-6.00 аралығында  қалааралық, ауданаралық қатынастарда автобустармен тұрақты емес тасымалдаулар арқылы жолаушыларды тасымалдағаны үшін жауапкершілік алынып тасталды. Әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда, куәлігін айырбастау кезінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыру жөніндегі міндеттілік  жойылады. «D» (автобустар) санатындағы көлік құралын басқару үшін әскери қызметшілердің жасы 19-дан 18 жасқа төмендетілді. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекетін тіркеу үшін көлік құралын тоқтатқан жағдайда, жүргізушілерге фото және бейнежазба түсіру құқығы берілді. Көлік құралын тоқтатқаннан кейін полицияның өзін таныстыруы, жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігін көрсетуі, тоқтату себебін түсіндіру, радардың деректерін көрсету міндеті белгіленді. Көлік құралын тоқтатқан полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындау жөніндегі жүргізушінің міндеті белгіленді. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына жол жүрісі саласында нұсқамалар шығару бойынша құзырет берілді. Бұрын осындай өкілеттілік жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторға ғана берілген болатын. Көлік құралына аэрография салу бойынша тыйым салу алынып тасталды.

Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді. Ал мемлекеттік баждың жоғарылатылған мөлшерін көздейтін тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейтуге қатысты Салық кодексіне енгізілген түзетулер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін ескертеміз.

Айкерім ҚИЫҚБАЙ, Семей қаласы.

ЗАҢ САЛАСЫНДА ӨЗГЕРІСТЕР БАР

Жұма, 17 қараша күні Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков Семейге келіп, қала судьяларымен кездесу өткізді.  Басқосуда ол процессуалдық кодекс пен басқа да заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы ақпар беріп, заң қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Заң саласындағы өзгерістер Ұлт жоспары - «100 нақты қадамда» көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру мақсатында қолға алынып отыр. Тергеуші судья мен оның мәртебесі, сондай-ақ экономикалық қылмыс саласындағы мәселелер талқыланған дөңгелек үстел басында электронды сот ісі жайында да тың идеялар көтерілді.

- Заң саласына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар заман талабына сай туындап отыр. Қылмыстық процессуалдық кодекстің жаңа жобасы және саладағы реформа ең алдымен азаматтардың құқықтарын қорғауды және нығайтуды көздейді. Тергеу барысында қос тараптың мүмкіндігін арттырып, сот бақылауын кеңейту сот процесінің ойдағыдай жүзеге асуына септігін тигізеді деген ойдамыз. Заң саласындағы аталған өзгерістерді қолданысқа енгізбес бұрын Германия, Ұлыбритания, Эстония және Грузия елдерінің тәжірибесі есепке алынды. Бақылаушы және сот органдарынан түскен барлық ұсыныстар Жоғарғы сотта қаралатын болады,- дейді облыстық соттың төрағасы Н. Қайырбеков.

ШҚО-да «Прокурордың сотқа қашықтықтан қатысуы» атты жаңа жоба қолданысқа енгізілді. Бұл әдіс прокурорлардың сотқа қатысуын жеңілдетіп, уақытын оңтайлатпақ.

- Аудандарда да прокурордың қатысуын талап ететін сот процестері өтеді. Ал ол үшін бюджеттен арнайы іссапар шығындары қарастырылмаған. Әсіресе қыстыгүні ауыл арасында жол жүру қиынға соғады. Кейде мұндай сот отырыстары небәрі 15-20 минутқа созылуы да мүмкін. Әкімшілік сот ісі қарастырылатын уақытта енді «True conf-online» лицензиялық бағдарламасы арқылы облыспен байланыс қосылады. Осы арқылы екі жақтың уақытын үнемдеп, сот процесін жеңілдетуге мүмкіндік туып отыр,– деді Күршім ауданының прокуроры Е.Тағаев.

Айта кетейік, жаңа жоба Үржар, Ұлан, Жарма, Күршім, Көкпекті, Тарбағатай, Катонқарағай аудандарында да іске қосылыпты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКСКЕ ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛМЕК

Қазақстанда жыл соңына дейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілуі тиіс. Келесі жылдың қаңтар айынан бастап түзетілген жаңа Заң күшіне енетін болады. Бұл - Ұлт Көшбасшысының Парламентке жүктеген міндеті. Осы ретте өткен аптада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Василий Олейник, Асылбек Смағұлов, Нұрлан Дулатбековтер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жай-жапсарын түсіндіру және талқылау мақсатында Семей шаһарына арнайы келді. Осыған орай қала әкімдігінде құқық қорғау органдары мен қоғам өкілдері және прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен алқалы жиын өтті.

Халық қалаулысы Нұрлан Дулатбеков Заңның сапасына, Парламенттің алға қойған міндеттеріне кеңінен тоқталды. Оның сөзінше, Кодекске толықтырулар мен өзгерістер енгізу кезінде ауыл-аймақтардағы қоғам өкілдерінің де ұсыныс-пікірлерін ескерген жөн. Себебі заңның сапасы мен өміршеңдігі заң шығарушы органдарға ғана емес, бүкіл қоғамға байланысты екенін ескеру қажет.

- Сапасы жоғары заң қабылдау – баршамызға жүктелген міндет. Қабылданған заң ең әуелі халыққа қызмет етіп, қоғам мүддесіне, қандай да бір мәселенің түйінін шешуге бағытталуы тиіс. Әлеуметтік - қоғамдық сипатқа ие заң ғана сапалы бола алады. Ал әлеуметті алаңдатқан мәселелерді шешетін сапалы заң мемлекеттің мерейін асырып, қарапайым халықтың жайлы өмір сүруіне ықпал етеді, - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков.

Парламенттің төменгі палатасындағы заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мүшелерімен өткен кездесу барысында қалалық және әкімшілік соттардың төрағалары, қала прокуроры, жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, әділет басқармасының басшысы ұсыныстарын білдірді. Ал қала прокуроры Марат Турубаев қолданыстағы Кодекстің кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен білім алуына жағдай жасауда өз міндеттерін дұрыс орындамаған ата-аналарға немесе басқа заңды өкілдеріне айыппұл салу жөніндегі 127-ші бабын қайта қарау керектігін алға тартты. Қала прокурорының пікірінше, құқық бұзғандардың барлығының бірдей салынған айыппұлды өтеуге қалтасы көтере бермейді екен. Семей қаласы әділет басқармасының басшысы Жанболат Самашев та жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңға толықтырулар енгізу жөніндегі пікірін ортаға салды. Қазіргі қолданыстағы Заңда құқық бұзғандарға жаза ретінде айыппұл төлеу шарасын қолдану ғана көзделген екен. Алдағы уақытта бұл Заңға азаматтарға бірден айыппұл салмай, ең бірінші ескерту шарасын қолдану туралы түзету енгізу қажет деп санайды ол. Басқарма басшысы бұл жеке тұлғалардың, жауапкершілікке тартылған азаматтардың тілегі екенін атап өтті.

Сондай-ақ жиында ұсақ құқық бұзушылықтарға қарсы қолданылатын айыппұл көлемі Кодекстің 434-ші бабында 10 АЕК деп көрсетілгендігі айтылды. Қоғамдық орында темекі шегу, шемішке шағу, қоқыс лақтыру сынды ұсақ құқық бұзушылықтарды жасайтындар көбінесе жастар, студенттер болғандықтан, айыппұл көлемін 5 АЕК-ке дейінгі мөлшермен белгілеу, сонымен бірге «Медиация туралы» Заңның аясын кеңейту сияқты пікірлер айтылды.

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Василий Олейниктің сөзіне сенсек, бүгінде Кодекске түзету енгізуге байланысты 2 мың ұсыныс түсіп үлгерген, оның 500-ден астамы өңделді. Семей өңірінде болған бір топ депутаттар Өскемен, Риддер қалалары мен Шемонайха, Ұлан, Глубокое аудандарындағы қоғам өкілдерімен, құқық қорғау саласының қызметкерлерімен кездесулер өткізбек ниетте.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан полициясының құрылуына 25 жыл толуына орай, ҚР Ұлттық гвардиясы Орталық алаңда концерттік бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ жазғы киім нысанына көшуге байланысты жеке құрамның саптық байқауы өтті.

Саптық байқауға Затон, Әуезов, Орталық полиция бөлімдері, Жергілікті полиция қызметі, жол-патрульдік полициясы батальоны және арнайы күзет қызметінің өкілдері қатысты. Шара барысында ШҚО ІІД-нің арнайы жасағы қызметкерлері арнайы көрсетілім көрсетіп, 24 жас қызметкер ант қабылдады.

- Жыл басында Ішкі істер министрлігі ақпаратты имиджді жұмыс туралы жоспарға қол қойған болатын. Соған сәйкес ШҚО бойынша Ішкі істер департаменті облыстық жұмыс жоспарын бекітті. Жас қызметкерлердің ант қабылдауы сол жоспардың бір пункті болып табылады. Оларды және  ата-аналарын шын жүректен құттықтаймын,- дейді қалалық Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары полиция подполковнигі Мұрат Құлжабаев.

Жас қызметкерлер жеке құрамның алдында ант қабылдады. Олар Ішкі істер органдарына адал болуға, барлық міндеттерді орындауға, әскери тәртіпті бұзбай, барлық заңдылықтарды сақтауға уәде берді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз орталығында «2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы соттың атқарған жұмыстарын талқылау» тақырыбында кезекті баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ринат Ақпар, Семей қаласының №2 сотының төрағасы Дәулетбек Бұлғынбаев 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын БАҚ өкілдеріне баяндады.

Дәулетбек Бұлғынбаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында 498 тұлғаға қатысты қылмыстық іс түскен.

- 2016 жылдың алғашқы 6 айында 498 тұлғаға қатысты 451 қылмыстық іс түсті. Осы уақыт аралығында 480 тұлғаға қатысты 431 іс қаралды. 221 тұлғаға қатысты үкім шығарылып, 13 тұлға ақталды. 30 қылмыстық іс бойынша іздеу жарияланғандықтан, прокурорға қайтарылды,- дейді жарты жылдық жұмыс қорытындысын баяндаған Дәулетбек Бақтиярұлы.

Семей қаласының №2 сотының төрағасы ерекше атап өткен мәселенің бірі медиация болды. 61 тұлғаға қатысты 61 істің медиация бойынша қысқартылғаны, әлбетте, айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы қорытынды оң нәтижеге ие.

- 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 4 іс қаралып, шешімін тапты. Өткен жылдың осы кезеңінде жемқорлық сипаты бар 13 іс қаралған болатын,- деген Д.Бұлғынбаев қылмыстық істің саны ғана емес, сапасы да қуанарлық мәнге ие екендігін жеткізді.

Мәселен, сот шешімін өзгерту немесе жою 2015 жылы 15 пайыз болса, биыл 2 пайыздық көрсеткішке ие.

Ал ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ринат Ақпар 2016 жылдың 6 айында, жалпы, 356 іс қаралғанын, оның ішінде 176 тұлғаға қатысты 176 әкімшілік іс, 175 азаматтық және 7 тұлғаға қатысты 5 қылмыстық істің қаралғанын хабарлады. Сонымен бірге қаралған істердің шешім тапқандығын да баяндады.

- Алғашқы жарты жылдықта сотта дауды медиация тәртібімен реттеу туралы мәмілеге келу арқылы 40 іс аяқталды, яғни ол қаралған азаматтық істердің 23 пайызын құрайды.  Оның ішінде, атап айтсақ, әкелікті тану және кәмелетке толмаған балаларына алимент өндіру туралы 22 істің 13-і медиациямен аяқталды. Ата - аналық құқығынан айыру туралы 63 істің бесеуіне қатысты медиация қолданылды,- деген Ринат Миратұлы қаралған істерді санатқа бөле отырып, ата-ана құқығынан айыру ісі бірінші орында тұрғандығын мәлімдеді. Сонымен бірге сот жүйесі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды терең қолданып отырғандығын да атап өтті.

- «Сот кабинеті» сервисінің қызметіне ерекше көңіл бөлуге болады. «Сот кабинеті» арқылы өтініштерді өткізу жылдан-жылға артып келеді. Жеке кабинеттерінде «Сот кабинеті» сервисін қолданушылар өздерінің тапсырған өтініштерінің қозғалысын қарау үшін сенімді өкілдерін қостырып қоя алады,- деген Ринат Ақпар сот процестерін дыбыс-бейне құрылғысына жазу әдісі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

 

 

Еще статьи...