ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 207 гостей и 2 пользователей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Халықты жұмыспен қамту туралы

    «Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ Жұмыс іздеушілер, жұмыс берушілерді қолдау және ӘЖО, ЖТ, ҚЖ ұйымдастыру жұмыстары бойынша бөлімі 2017 жылдың 4 шілдедегі № 190 Қазақстан Республикасының Денсаулықты сақтау және әлеуметтік дамыту Министлігінің бұйрығына сәйкес, «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу», «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға тұлғаларға жолдама беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

  • «Радиация. Экология. Денсаулық» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді

    Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жастарға экологиялық тәрбие беру мақсатында кітапхананың тұрақты оқырмандарымен «Радиация. Экология. Денсаулық» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Кітапханашы кітап көрмесін аша отыра, 29 тамыз - еліміздің тарихындағы ерекше символдық даталы күн екенін атап өтті

  • «Сағындырған әндер–ай» атты ретро концерт өткізілді

    2018 жылдың 15 тамызы күні сағат 15:00 де Орталық мәдениет және демалыс саябағы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Сағындырған әндер–ай» атты ретро концерт өткізді. Концертте Л. Хамиди, Б. Байқадамов, Т. Рахимов, Т. Базарбаев, Ә. Еспаев, Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, Е. Хасенғалиев, К. Дүйсекеев, С. Бәйтереков сынды Қазақстандағы ән-романс жол салған композиторлардың әндері шырқалды.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЖАҢАЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Жылда көгілдір экранға қадала қарап, Елбасы Жолдауының әр сөзін қалт жібермей ұйып тыңдайтын едік. Биылғы Жолдау жаңаша, өзгеше. Президентіміз Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы бойынша мәлімдеме жасады. Онда: «Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Бас тақырып – Қазақстанның үшінші жаңғыруы»,- деп атап көрсетті.

Өткен жылдың желтоқсанында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы абыроймен асқақталып, Елбасы идеяларына топтасқандығымызды көрсеттік. «Қазақстан - 2030» жоспарының іс жүзіне асқандығының куәсі болдық, дамыған 50 елдің қатарынан орын алдық.

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа тұрпатты мемлекет құрғанымызды, елімізді түбегейлі өзгерткен, әсем Астананы күллі әлемге танытқан жанқиярлық еңбегімізді, яғни екі жаңғыруды ширек ғасыр ішінде бастан кешкенімізді айғақтап берді.

Алда ірі міндеттер тұр. Ең бастысы - 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру барысында экономиканы жедел технологиялық жаңартуға ден қою, мемлекеттік – жекеменшік серіктестікті қарқынды дамыту; цифрлық технологияны қолдану арқылы бұрыннан бар және жаңадан іске қосылатын өндіріс ошақтарын өркендетуді жедел қолға алу.

Елбасы Жолдауындағы төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту – тікелей білім және ғылым жүйесінің алдындағы міндет. Ол дегеніміз - бұрыннан қолға алынған білім және ғылым саласында жүргізіліп жатқан реформаларды одан да әрі тереңдету деген сөз. Оқыту бағдарламаларын ғылыми сараптамалар өткізіп, қоғамда қалыптасқан сын-ескертпелерді елеп-екшеп, басты нысанада оқушылардың сыни ойлау қабілеті мен өз бетінше іздену дағдыларын дамытуды ұстаған абзал.

Оқыту-тәрбие үдерісінде IТ – білімді жан-жақты меңгеруге, қаржылық сауаттылықты оқушылардың санасына ұялатуға, ұлтжандылықты жас өскіннің өмірлік ұстанымына бағыттауға қоғам мен ұстаздар қауымы ынтымақтаса кіріскен жағдайда тиісті нәтижесін бермек. Бұл арада бөліп қарастыруды қажетсінетін мәселе – үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшудің көкейкестілігі. 2019 жылдан бастап жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сыныптарында 4-5 пәннің ағылшын тілінде оқытылуы ең алдымен шешуге тиісті қажеттіліктерімізден саналады. Кадрдың жетіспеушілігі, оқу-әдістемелік кешеннің дайындалуы мәселелерін алдымызға кесе-көлденең тартып шегіншектей бермей, ойланып, жоспарлы түрде іске асырғанымыз жөн. Бүгінгі таңда ағылшын тілінің әлемдік өркениеттегі орны өзгеше. Шығатын газет-журнал, түрлі салалар бойынша басылатын кітап, ақпараттық орта, көрсетіліп жатқан кинофильмдердің дені ағылшын тілінің үлесінде. Олар аударылып қазақ оқырманына жеткенше жылдар өтеді. Зымырай жөңкілген жылдар ешкімді де, ештеңені де күтіп тұрмайды. Ағылшын тілінің қажеттілігі дау туғызбас. Оның ғылымның, білімнің, бұқаралық ақпараттың тіліне айналғаны - мойындайтын шындық. Ендеше, мемлекеттік тілмен егізқатар қазақ мектебінде ағылшын тілін батыл енгізудің еш сөкеттігі жоқ. Ағылшын тілі қазақ тілін ығыстырмайды, қайта өркениетке қол созуымызға мүмкіндіктер жасайды. Жолдауда құнтталған мәселенің бірі осы. Елбасы тауып айтқан: «Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпыұлттық прогреске жете алмайды». Оның мысалдары Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде білім нәрімен сусындап келген жаңа типті мамандар үлгісінен айқын көрінеді.

Президент бастамасымен жүзеге асырыла бастаған «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасынан күтеріміз көп. Соңғы жылдары жете назар аударылмаған өндіріс үшін мамандар дайындауда бұл жоба өз сөзін айтары сөзсіз. Инновациялық өндіріс орындарына жаңа типті мамандар даярлау өндіріс ошақтарын жаңадан ашу мен модернизациялау ісінде шынайы артықшылығын танытары анық.

Елбасы Жолдауында: «Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет»,– деп асты сызылып жазылған шымыр ой жоғары мектептің алдында тұрған кешенді мәселелердің баршасын қамтыған. Күн санап өсіп келе жатқан университет ұжымдарының алдына қойылатын биік талап, жаңа ізденістер, студенттік аудитория мен өндірістің арасындағы тығыз байланыс, ең бастысы, оқу сапасын әлемдік стандарттар деңгейіне жеткізу қажеттігіне жол нұсқайды.

Жолдау және оның басты қағидаттары университетімізде ашылып жатқан «Мәңгілік Ел» кафедрасының алдына соны міндеттер қояды. Бір сөзбен түйгенде, жаңалыққа жетелейтін Жолдауды тиянақты оқып, күнделікті іс-қимылымызға пайдалану міндетіміз.

Арап ЕСПЕНБЕТОВ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, профессор.

ДЕПУТАТТАР ЕЛ ІШІНДЕ

3 ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Айқын Қоңыров, Роман Ким, Берік Оспанов - арнайы жұмыс сапарымен Семей қаласына келді. Жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру мақсатымен еңбек ұжымдарымен, жастармен және ұстаздар қауымымен кездесті.

Алдымен халық қалаулылары «Семей цемент зауыты» ЖШС-нің жұмысымен танысып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким Мемлекет басшысы жариялаған екі маңызды құжаттың құндылығына тоқталды. Елбасымыздың арқасында нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрғанымызды, «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырып, жаңа елордамызды салғанымызды атап өтті.

Жолдаудың басым бағыт-тарына тоқталған мәжілісмен ұжым назарын биылғы Жолдауда қозғалған еңбек нарығын жаңғырту және бизнес ортаны кеңейту мәселелеріне аударды. Роман Ким кездесу барысында «Жол картасы» және жұмыспен қамту орталықтары реформалаудан өтіп, оның базасында барлық елді мекендерде бар бос жұмыс орындары тіркелген бірыңғай онлайн платформасы ұйымдастырылатыны туралы әңгімеледі. Айта кетуіміз керек, әкімдіктермен әзірленетін осы «Жол карталары» бойынша қысқартылатын қызметкерлерді қайта даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін табатын болады.

Кездесу барысында депутат Айқын Қоңыров Жолдаудың ел дамуындағы маңызды басымдықтарын саралап, қойылған әр міндеттің көздеген мақсаттары туралы ой бөлісті.

- Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы қоғамды толғандыратын барлық өзекті мәселелерді қамтиды. Мұнда қауіпсіздік, медицина, білім беру, экономика, яғни барлық салаларға ерекше көңіл бөлінген. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі болғандықтан, біздің еліміздегі өзгерістер көшбасшылар деңгейінде болуы тиіс. Дамыған 30 елдің құрамына ену үшін біз бір орында тұрып қалмауымыз керек,- деді Айқын Қоңыров.

Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы атынан сайланған халық қалаулысы Айқын Қоңыров IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту жолындағы жұмыстарды жандандыру, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселелеріне де тоқталды.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Оспанов Жолдаудағы бірінші басымдық - экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту мәселесіне тоқталды.

Бүгінгі жаһандық дамуда бәсекеге қабілеттілік  ең басты қару екеніне тоқталған ол көптеген дамыған елдердің мысалын қарастыра отырып, экономиканы ынталандыру үшін жаңа технологиялар енгізудің маңызына тоқталды. Халық қалаулысы Елбасы Жолдауында бұл басымдықтың өзі бірқатар міндеттерді қамтитынын жеткізді. Атап айтқанда, бірінші міндет цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету екенін атап өтті.

- Елбасы 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын көптеген басым салаларды дамыту керектігін, бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытқанын атап өткен болатын. Мемлекет басшысы осыған орай «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды,- деді Берік Оспанов.

Жиын барысында депутаттар көптеген мәселелерді талқыға салып, еңбек ұжымының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, нақты жауаптар берді. Сонымен қатар депутаттар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен, студенттер қауымымен жүздесті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айқын Қоңыров, Роман Ким, Берік Оспанов Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуіне, Елбасы  Жолдауының басым бағыттарына тоқталды.

- Стратегиялық құжатта бір жылға арналған мақсат-міндеттер емес, жалпы, біздің келешегіміздің даму жоспары айқындалған. Мемлекет басшысы тілге тиек еткендей, Үшінші жаңғыру кезеңі басталды. Алдағы екі кезеңнен нәтижелі өттік. Қазіргі таңдағы халқымыздың ауызбіршілігінің, әр қазақстандықтың белсенділігінің арқасында жаңа Жолдауды да жүзеге асырамыз,- деп сенім білдірген Берік Оспанов жаһандық даму, бәсекеге қабілеттілік жайлы айтты.

Білім саласындағы өзгерістерге, 12 жылдық білім беру жүйесіне, үштілділікке тоқталған мәжіліс депутаты маңызды құжатта білім саласын дамыту жайы да қалыс қалмағандығын атап өтті. Сондай-ақ өндірісте, өзге де салаларда орта кәсіптік біліммен жұмыс істеп жатқан жандар бар екендігін атап, кәсіптік білім алуға жағдай жасалғандығын мәлімдеді. Десе де өндіріс саласында әлі де жұмысшы тапшылығы орын алып отырғандығын айтты.

- Жылдан-жылға, күннен-күнге жағдай өзгеріп отыр. Мысалы, қазіргі зауыттарда жаңа технологиялардың арқасында жұмысшы тарту үлесі азаяды, яғни 1000 адам еңбек еткен зауытта технологияны меңгерген 100 адам еңбек ететін болады. Жаңғырту енгізілсе, жұмысшылардың басым бөлігі еңбектен босатылады. Яғни, бәсекелестік барлық салада күннен-күнге жоғарылайды. Қай жерде болмасын жұмыс істеу үшін, оған лайықты болу керектігін өмір көрсетіп отыр. Лайықты болу үшін, білімнің мықты болғаны абзал. Білім болмаған жағдайда, сіздер жұмыссыздар қатарын толықтырасыздар,- деп атап өтті Берік Оспанов.

Халық қалаулылары енді енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сақтандыру мәселесіне, оның тиімділігіне тоқталды. «Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында жұмыс беруші, жұмысшы және мемлекет арасындағы келісім негізінде жүзеге асатын сақтандыру нәтижелілікке жол ашады. Яғни, сақтандыруға ие әр қазақстандық аурухана мен емхананы қалауы бойынша таңдайды. Сол себепті де, емделушілерінен айырылып қалмас үшін, медициналық мекемелер де сапалы қызмет көрсетуге тырысады»,- деді Берік Оспанов.

Кездесу кезінде студенттер де өз пікірлерін ортаға салды. Аталған университеттің 4-курс студенті Айдана Сәменова: «Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары оқу ордамызға келіп, Мемлекет басшысының Жолдауын және Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін талқыладық. Кездесуде өз мамандығыма байланысты қажетті ақпараттарға қанықтым. Жолдау бір жылдық жоспар емес, кезеңдер бойынша жүзеге асырылады. Біз, жастар, сол маңызды құжатты, жоспарды жүзеге асыруға атсалысамыз»,-деді.

Асан МЫРЗАХАН,

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Осы аптада «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында қалалық мәслихаттың бір топ депутаты студент жастармен кездесіп, Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылады.

Кездесуді ашқан «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының орынбасары Зульфия Жамалтдинова өз сөзінде Елбасы жария еткен жаңғырулардың мемлекеттілікті нығайтуға, биліктің барлық үш тармағының өзара іс-әрекетінің үйлесімділігі мен олардың әрқайсысының жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

- Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің әрбір азаматына қатысты. Жолдау еліміздің жаңғыруының үшінші толқынына арналған, атап айтқанда, экономикамыздың дамуына. Бүгінгі күні барлық сайлау учаскелерінде Елбасы Жолдауы талқыланып жатыр. Барлық депутаттар да бұл қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысуда. Бүгінгі кездесуде жастар халық қалаулыларына кез келген сауалдарымен жүгіне алады,- деді Зульфия Фазылжанқызы.

Оның айтуынша, Жолдауда шешуші жағдайлар белгіленген, атап айтсақ: заңнаманы бүгінгі күннің шындығына икемдеу, индустрияландыру мен IT технологияны дамыту, ғылым мен білім саласындағы прогресс, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін мол мүмкіндіктер.

Келесіде сөз алған қалалық мәслихат депутаттары Әміржан Ахмеджанов, Айдар Ибраев, Дариға Дайрова, Светлана Киселева Елбасымыздың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жаңа Жолдауында көрсетілген басым бағыттардың мәні мен маңызына тоқталды.

Тәуелсіздіктің ширек ғасырында еліміздің екі жаңғыруды сәтті жүзеге асырғанына тоқталған мәслихат депутаты Әміржан Ахмеджанов еліміз жаңғырудың үшінші кезеңіне аяқ басып отырғанын, бұл Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосатын кезең болатынын атап өтті.

- Жолдаудағы бес басымдықтың маңызы өте зор. Өйткені онда Мемлекет басшысы экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту, адами капитал сапасын жетілдіру, институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне қатысты батыл қадамдарды айқындап берді. Енді біздің алдымызда Президент Жолдауының басым бағыттары мен олардың мәнін әр қазақстандыққа түсіндіру міндеті тұр,– деді.

Халық қалаулылары сондай-ақ Елбасының әлеуметтік саланы да басым бағыт ретінде белгілегенін,  бұл салаға да бірқатар оң өзгерістер жоспарланып, енгізіліп те жатқанын атап өтті. Атап айтсақ, ол зейнетақы мен жәрдемақыны 20% индексациялау, зейнетақылық жарнаны есепке ала отырып, зейнетақы есебінің жаңа тәсілін енгізу, бұл өз кезегінде 2018 жылы зейнетақыны 1,8 есеге көтеруге, сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейі мен әлеуметтік жәрдемақыны арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында жастар әлеуметтік, денсаулық сақтау, жастарды жұмыспен қамту саласына қатысты көптеген сауалдар қойды.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

ҰЛЫ МАҚСАТ, АЙҚЫН МІНДЕТТЕР

Сәрсенбі, 9 желтоқсан күні Семей қаласы әкімдігінің жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері – Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар  Садырбаев, аталған бөлім басшысының орынбасары Нұржан Есенжолов және «Жастар орталығының» директоры Мұстафа  Қожамсейіт Шаған кенті, Жиенәлі, Достық және Ертіс ауылдық округтері тұрғындарымен кездесіп, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп қайтты.

Кездесулер барысында тұрғындар Елбасының бағдарламалық құжатымен мұқият танысып, ондағы ұлы мақсаттар мен айқын міндеттердің барлығын саралап, ел ертеңі үшін қолға алынып жатқан игі бастамаларға көңілдерінің толатындығын ерекше атап өтті.

Ұлт Көшбасшысының «алдымен экономика, одан кейін саясат» деп Тәуелсіздіктің берік іргесін қалыптастыру кезеңінде айтқан сөзінің өміршеңдігі дәлелді дәйектермен қуатталды. Себебі 2050 жылы бәсекеге қабі-летті озық елдердің қатарында болу, түрлі сын- қатерлерден сүрінбей өту үшін экономиканың тұрақты дамуының маңызы ерекше. Осы ретте  тұрғындар Қазақстанда қолға алынған үдемелі индустриялы-инновациялық жобалардың көптеп іске асырылуына өз ризашылықтарын білдіре отырып, биылғы Жолдауда да бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінгені кездесудің негізгі тақырыбына айналдырды.

Ең бастысы, көпұлтты Отанның ынтымағы жарасып,  бейбіт күнде өмір сүру үшін ерінбей еңбектеніп, бүгінгі күні қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси  бағытын іске асыру жолында жұмылған жұдырықтай бірлесе жұмыс атқарудың қажеттігі баса айтылды. Себебі алдыға қойған мақсат айқын!

«Қазақстанның алтын қоры – жастар». Бұл – Елбасының сөзі. Олардың келешек өмірге лайықты бейімделіп, ертеңгі отыз елдің қатарына сүрінбей кіруі үшін, бүгінгі күні барлық жағдай  жасалуда. Кездесулерде еңбек адамының қоғамдағы рөлін арттыру, жастардың техникалық мамандықтар алуының қажеттілігі, 2017 жылдан бастап бұл бағыттағы білім берудің тегін болуы қызу талқыланды.

Жолдауда көрсетілген басымдықтарды іске асырып, ата-бабаларымыздың асқақ арманына айналған киелі Тәуелсіздікті нығайтып, Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жолда халықтың күш-жігерін біріктірудің маңызы ерекше.    Себебі біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету!..

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-

насихаттық

жұмыс секторы.

 

 

ЕЛДІГІМІЗДІ ШЫҢДАЙ ТҮСЕТІН КЕЗЕҢ

Жалпы, биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі - әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның даму бағытын айқындап берді. Осындай өтпелі кезеңде халық өзінің ертеңі туралы нақты көзқараста болуы керек. Бұл Жолдаудың бір ерекшелігі сол - өтпелі кезеңде, экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның алдағы жылғы даму траекториясы, реформаларының қандай болатыны нақты көрініс тапты. Біріншіден, Қазақстандағы адами капиталды дамыту мәселелерін Жолдаудың кәсіптік білім беру бөлімінен көре аламыз. 2017 жылдан бастап колледждерде, арнайы білім беру мекемелерінде тегін білім беру ісі ұйымдастырылады. Яғни, бұл -мектеп бітірген жастардың басым бөлігі болашақта белгілі бір кәсіп иесі бола алады деген сөз. Бұл - жұмыссыздықты болдырмаудың бірден-бір жолы.

Екіншіден, әлемдік дағдарысқа орай, ел экономикасының құрылымы өзгерейін деп отыр. Мәселен, бүгінде кейбір салаға сұраныс азая бастаса, керісінше, екіншісіне арта түсуде. Атап айтсақ, әлемде азық-түлікке деген сұраныстың артуы ауылшаруашылық саласы мамандарының қажеттілігін туындатады. Демек, экономикалық дағдарыс жалпы көзқарасты өзгертуге мүмкіндік береді. Күні кеше мұнай өнімдеріне, шикізатқа көңіл бөлсек, енді ауыл шаруашылығына баса мән беру керек. Әрине, бұл салаға осыған дейін де зор көңіл аударылып келді. Ел экономикасының бірден-бір тірегі саналатын бұл салаға ендігі аралықта қарқын алдыратын уақыт келді.

Ал құрылымдық өзгерістерге байланысты Жолдауда көрініс тапқан жайт – «Самұрық Қазына» құрамындағы кәсіпорындарды жекешелендіру мәселесі көтеріліп отыр. Қазіргі қаржы тапшылығын шешудің бірден-бір жолы - жекешелендіру. Бұл - әлемдік тарихта дағдарыстан шығудың сыннан өткен бір түрі.  Бұл шараны әлемнің барлық дамыған елдері қолданып келеді. Біз де сол жолмен жүріп келеміз. Жекешелендіру арқылы қазынаға екі триллионға жуық қаржы түседі деген болжам бар.

Тағы бір жайт - жер мәселесі. Ендігі аралықта жерді өңдеуге қабілеттілігі, мүмкіндігі бар адамдарға жағдай жасалатын болады. Мұның өзі біздің еліміздегі мыңдаған гектар бос жатқан жерлерді ел игілігі жолында игеруге мүмкіндік береді. Инвестор тарту арқылы ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті дамытуға жол ашылады.   Шетелден инвестиция тартамын деген кәсіпкерлер үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалатын болады.

Сондай-ақ Жолдау басымдықтарына сай, әлеуметтік ахуал да оң көрініс тапқан. Мәселен, алдағы 1-ші қаңтардан бастап білім саласы, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақылары жоғарылатылмақ. Осы топтағы адамдардың біліктілігін арттыра отырып, бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру міндет. Бұл өз кезегінде білім саласында оң реформалардың орын алуына жағдай жасайды. Яғни, Жолдаудың бұл тарауы аталмыш сала қызметкерлерінің әлеуметтік рөлін көтеруге бағытталып отыр деген сөз.

Шәріпбек ӘМІРБЕКОВ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университетінің ректоры.

 

Еще статьи...