Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 79 гостей и 1 пользователь онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЖЕЛІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАР БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасы екі кезеңде жүзеге асырылып, 2018 жылы аяқталады. Бұл жайында Семей қаласы бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз туры барысында «KEGOK» АҚ бас-қарма басшысы Бақытжан Қажиев мәлімдеді.

Жалпы құны жүз жиырма миллиард теңгені құрайтын жоба аясында қуаттылығы 500 кВ, ұзақтығы 1500 шақырым жоғары кернеулі электр желілерін және Семей, Ақтоғай, Талдықорған қалаларында қуаттылы 500 кВ үш шағын станса салу қарастырылған. Бұл мақсатты жүзеге асыруға компанияның жеке қаржысымен қатар, сырттан алынған қаражат та жұмсалмақ. Сонымен бірге желі құрылысы барысында екі мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отырған көрінеді.  

- Елбасы жариялаған Жаңа Экономикалық Саясатқа сәйкес, «Нұрлы Жол» бағдарламасында «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтөбе-Талдықорған-Алматы» бағыттары бойынша жоғары кернеулі электр желілерін салу туралы нақты мақсат қойылған. Бұл жобаның жүзеге асырылуы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесін мемлекетіміздің экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес сенімді қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі компанияның міндеттеріне сай келеді,-дейді «KEGOK» АҚ басқарма басшысы Бақытжан Қажиев.

 

КӨПШІЛІКТІҢ КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛҒАН КӨРМЕ

Семейліктер Заманауи интерактивті әдістер арқылы Мемлекет басшысының Жолдаулары мен Елбасының қызмет жылнамасын таныстыруға мүмкіндік беретін жылжымалы көрме арқылы Ұлт көшбасшысының еңбек жолымен танысуға, Жолдауларын жете түсінуге мүмкіндік алды. Жылжымалы көрме бұған дейін Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Өскемен сынды ірі қалаларда да ұйым- дастырылған екен. Семей қаласында да Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен өткен көрмені көруге балалар мен жастардың шығармашылық сарайына қала тұрғындары, студент- тер мен жастар да көп жиналды.

Екі күнге созылған «Қазақстан - 2050» Стратегия-сы Назарбаевтың қазақстандық жолы» интерактивті экспозициясында «Қазақстан жолы  - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты Президент қызметінің жылнамасын қамтитын интерактивті стендтер, Мемлекет басшысы туралы 3D фильмдердің мультимедиялық бұрышы, Назарбаев орталығы қызметін көрсететін touch-үстел, «Елбасының өмірбаяны - елдің ғұмырнамасы» атты 3D панорамасы және Назарбаев орталығының Баспа үйі кітаптарының аудио нұсқалары қамтылған.

Көрме барысында қонақтарға арналып Президент Жолдауының негізгі бағыттары мен Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянынан сыр шертетін сұрақ-жауап түрінде «Мәңгілік Ел» байқауы өтті. Сауалдарға жарыса  жауап берген студенттер арасында байқауға белсене қатысқан зейнеткерлер де болды. Жолдауға қолдау танытатындықтарын байқатқан семейлік жастар астаналық Назарбаев орталығы мамандарының да көңілдерінен шықты. Назарбаев орталығының жетекші ғылыми қызметкері Дәурен Базаров басты мақсат - Елбасының биылғы Жолдауын және «Қазақстан-2050» Стратегиясын халыққа қарапайым тұрғыдан түсіндіру екендігін айта келе, соңғы үлгідегі технологияларды қолдана отырып, көпшіліктің қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге семейлік тұрғындардың құлшыныспен келіп жатқандығын атап өтті.

 

ЖОЛДАУДА ЖАСТАРҒА СЕНІМ АРТЫЛҒАН

Ел Президентінің пайымды саясатының нәтижесінде еліміздің кешегіден бүгіні көш ілгері. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауы — қазіргі күнгі бағыт-бағдарымыздың жарқын көрінісі. Бүгінгі жас ұрпақтың барынша терең біліммен сусындауына мол жағдай жасауға бағытталған.

Биылғы Жолдаудың астарында да аса үлкен мән-мағына, стратегиялық мақсат-міндеттер мен     оларға жетудің әдіс-тәсілдері жатыр. Елбасымыздың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауы елдік мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетуімен ерекшеленеді. Алға қо-йылған мақсаттар негізінде саламатты өмір салтының орнығуы мен медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін ұзартатыны айтылған. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің дамуына бөгет болатын барлық инертті құқықтық нормалар алынып тасталынып, шағын бизнес ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын отбасылық дәстүрге айналмақ. Алдағы 3 жылда мектептердің барлығында орын жетіспеу мәселесі толық шешіліп, 2020-жыл-ға қарай 3-6 жас аралығындағы балалар 100 пайыз мектепке дейінгі мекемемен қамтылады. Студенттердің жәрдемақысын арттыру, денсаулық сақтау, білім беру мен әлеуметтік қорғау сала мамандарының жалақысын өсіру - биылғы Жолдаудың куанышты жаңалықтары болып табылатыны сөзсіз. Елбасымыз сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөліну керектігіне баса назар аударды. Мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы көлемін 25 па-   йызға арттыруды тапсырды.

Жалпы, келешек дамуымыздың кепілі болған биылғы Жолдауда қамтылған міндеттердің барлығы да құптарлық. Оны Қазақстан халқы бір- ауыздан қолдайды, әрі ұйымшылдықпен үн қосады деп білемін. «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол, - деп Елбасымыз айтып өткендей, осы жолдан айнымай, әр қадамымызды нық басайық!

Нұрсұлу Советқызы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің 4 курс студенті.

БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ҚҰЖАТ

Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауын жылдағыдай күтуде болдық. Себебі, Президентіміздің әр жолдауынан халық елімізге келетін жақсылықтар мен жаңалықтарды естіп білуге асығады.

Елбасының осы жолғы жолдауында да халқымызды елең еткізетін маңызды мәселелер көптеп көтерілді. Жолдаудың әрбір бөлігінде нақты бағыттар мен айқын мақсаттар көрсетілген. Бұған дейінгі қабылданған «Қазақстан 2050» Стратегиясында Қазақстанның әлемдегі 30 елдің қатарына қосылу басты міндет болып қойылса, биылғы жолдауда сол мақсатқа жетудің негіздері көрсетілген. Әрине, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін халқымыздың өте бір жауапкершілікпен аянбай еңбек етіп, болашақ жастарға патриоттық рух беріп тәрбиелеу. Еліміздің іргетасы мықты болуы үшін экономикасы тұрақты болып, білікті де білімді мамандар басқару қажет. Сонда ғана халқымыздың әлеуметтік жағдайы дұрысталып, бейбіт өмір сүреді деп ойлаймын.

Елбасымыздың Жолдауында ұлттық құндылықтарға да аса назар аударған. Жолдауда Н.Ә.Назарбаев “Мәңгілік Ел”  идеясын көтеріп отыр. Біздің міндетіміз - еліміздің болашағы дұрыс, әлемде Қазақстанымыз лайықты орынға ие болып нығайуына, өз үлесімізді қосуымыз қажет. Елбасымыз бізге “Мәңгілік Ел” болудың жолдарын көрсетіп, кезеңдерін белгілеп берді.

Енді біздің міндетіміз «Мәңгілік Ел» болып, еліміздің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуі үшін тынбай еңбек етіп, елімізді өркендетіп, гүлдендіретін білікті мамандарды дайындауымыз қажет. Бұл бағытта жастарға білім беріп жатқан ұстаздар қауымы аянып қалмайды деп ойлаймын. Ұстаз  үшін шәкірттің білім әлемінде қанатын кеңге жайып, елінің туын биік деңгейге көтеруі, өз елінің абыройлы азаматы болғанынан артық бақыт жоқ. Жолдаудағы берілген жігер бізді осы  мақсатқа жетелейді.

Т. ОСПАНОВ, Мұқан Төлебаев атындағы музыка  училищесінің директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» - МҰРАТЫМЫЗҒА ЖЕТУДІҢ НЕГІЗІ

Д.Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Гүлжан Тулумгужинованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы-2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты Жолдауы педагогикалық ұжымда талданды. Колледж оқытушылары өз ойларын айтып, ортаға салды.  Жолдаудағы мiндеттердi атқару бәрiмiздiң ортақ парызымыз және мiндетiмiз екендiгi айтылды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауы ел экономикасына, әлеуметтік салаларға бағыт беріп, айқын мақсат қоятын бағдарға айналған. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы да халықты тұтастық тұғырына біріктірген құнды құжат. Мәңгілік Ел болу үшін қазақстандық патриотизмді, инновациялық жобаларды, геология, археология, көлік, энергетика, экономика салаларын, ғылым-білім, шағын және орта бизнесті дамыту тетіктерін жан-жақты баяндап, ел келешегі - жас-тарға үлкен сенім арта отырып, әр қазақстандықты үлес қосуға шақырды.

Биылғы Жолдауында өзге салалармен бірге денсаулық сақтауға да көптеп көңіл бөлінді.

Жолдауда халық денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ана мен бала өлімін азайту, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген.

Бұл, әрине, денсаулық сақтау саласында жаңашылдықтарды, инновациялық үрдістерді кеңінен енгізуге едәуір серпін, қарымды қарқын беретіні сөзсіз. Сондай-ақ, Елбасы жастар мәселесіне ерекше тоқталды. Қоғамымызда жетіспейтін сала мамандарына қолдауды күшейту керектігін жеткізді.

Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік Ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

Г. ЖАСПАНОВА, Д.Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжінің

қоғамдық пәндер оқытушысы.

Еще статьи...