Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 81 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

МОЛ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы -егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға кұрылған шын мәніндегі тарихи құжат. Биылғы жаңа жылдың алғашқы күндерінде Елбасы жылдағыдай  дәстүрлі Жолдауын жариялап, халық көңілін бір серпілтіп тастады.

Көптеген елдерде мемлекет басшылары Жолдауларын Парламентке арнайды. Онда негізінен ішкі саяси жағдай мен экономикалык аухал және сыртқы саясат бағыттары белгіленеді. Ал,  Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзін Парламентке ғана емес,бүкіл халыққа да арнайды. Жолдауды жария ететін орынның Тәуелсіздік сарайының таңдалуы да тегін емес. Жолдау -Мемлекет басшысы мен бүкіл қоғамның арасындағы өзара байланысының тиімді пішіні. Сондықтан да халық  Елбасының Жолдауынан жақсылық күтеді.

 

БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ

Алаш елінің алар асуларын  айқындайтын Елбасының саяси-тарихи Жолдаулары бүгінде егемен елдің бет   түзер  темірқазығына айналды.

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауы Қазақстан дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді.

Осыған дейін ерекше назарда болған еліміздің ғылым, білім саласы алдағы уақытта жаңа қар-қынмен дамитын болады. Өйткені, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін осынау бағытты күшейту керек.  Жолдауда ғылымды көп қажет ететін экономиканы құру керектігі айтылды. Осы орайда Елбасымыз ұсынған Жолдаудағы ғылым туралы 5 инновациялық идеясын әрдайым назарда ұстауымыз қажет деп ойлаймын: 1. 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Үкімет Парламентке еншілес қаржыландыру, интеллектуалды меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, ғылыми өңдеулерді коммерциялық заңдарын жетілдіруге бағытталған заң жобасы пакетін ұсынуы тиіс; 2.Ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңмен ұлғайтудың жоспарын әзірлеу; 3. Білім мен жаңа технологияларды елімізге трансферттеу үшін шетелдік инвестицияларды пайдалану; 4 Шетелдік компаниялармен бірлесе отырып, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру; 5. Ұлттық инновациялық жүйенің  тиімділігін арттыру.

 

МӘҢГІЛІК ЕЛ БОП ҚАЛУ БІЛІМДІ ҰРПАҚҚА ЖҮКТЕЛЕДІ

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы біз үшін, яғни, ел тұрғындары үшін қашан да маңызды. Ол мемлекет дамуының негізгі бағыттары мен міндеттерін анықтайтын стратегиялық маңызды құжат болып табылады. Мемлекет басшысының ұлттық  бағыттағы тіл міселесіне байланысты айтқан сөздері, білім беру саласындағы ауқымды жоспарлары әр азаматқа рух бергені сөзсіз.

Елбасының «XXІ ғасырда дамыған ел дегеніміз - белсенді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл тұрғыда, ең бірінші, сапалы бірегей білім беру жүйесін қалыптастыру керек. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан, оларға заманауи бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін белгілі мамандар ұсынуы маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуы тиіс» деген сөздері білім саласында қызмет етіп отырған әр адамға ой салары сөзсіз.

«Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен ел экономикасын, мәдениетін, білімін, денсаулығын жақсартатыны сөзсіз». Елбасының осындай идеясы  Қазақстан халқының Мәңгілік Ел болып, еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы деп білемін. Мәңгілік Елдің жас ұрпақтары Мәңгілік Тілімізді шұбарламай, басқа ұлттардың да тілін жетік меңгеретініне сенеміміз зор. Ертеңгі еліміздің тағдыры, сонымен қатар, осы стратегияның жүйелі жүзеге асуы ел ертеңі – жастардың қолында екені сөзсіз.

Маржан ДӘУІТБЕКҚЫЗЫ, Т.Аманов атындағы №16 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

САЛИҚАЛЫ САЯСАТТЫ ҚОЛДАЙМЫЗ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауының Қазақстан халқының өмірінде алар  орны ерекше. Себебі, бүгінгі күнгі «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты Жолдауы ел өміріне жаңаша жаңалықтар ала келді. Мұны қазақ елі, әсіресе,  жастарымыз асыға күтті десек, артық айтқандық емес. Бүгін Елбасымыз тағы бір мәрте еліміздегі игі істердің  біздер үшін, яғни, жастар үшін,  жемісін көретін де  өзіміз екендігін еске салды. Әрине, жастар  жаңа идеяларымен еліміздің гүлденіп, қуатты мемлекетке айналуы жолында  тынбай еңбек етулері  керек. Оған біздің ресурстарымыз, ақыл қабілеттеріміз де жеткілікті. “Мәңгілік  Ел” болу жолында  жастардың жалынды жігері мен тың ойлары Елбасының біздерге артқан сенімін ақтауда басты рөл атқаратыны баршамызға түсінікті. Сондықтан мен барлық замандастарымды  жарқын болашақ жолында бір қолдың саласындай бірігуге, тәуелсіздігімізді береке-бірлікпен баянды ете түсуге шақырамын. Ұлт көшбасшысының жастарға білдірген сенімін ақтау – біз үшін абыройлы міндет екенін есте ұстайық.

Елбасымыздың  «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты Жолдауы    әлеуметтік-экономикалық саламыздың барлығын қамтиды. Білім саласына келер болсақ, сапалы білім беру, білікті мұғалімдер қатарын құрауда айтыл-ған. білімді жастар - ертеңгі қуатты Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосатындығы сөзсіз.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына, шағын және орта бизнеске де бүгінгі күні аса мән беріп отырғандығын аңғарамыз. Біздің ұлан - байтақ      жерімізге күллі әлем тамсанады. Жеріміздің байлығын көретін, жаңаша  инновациялар әкелетін де бүгінгі жастар. Елі-мізде өтетін “ЕХРО-2017” көрмесі елімізді түрлі инновациялар алаңына айналдырмақ. Бұл маңызды шаралардың бірі.

Аудан жастары Елбасының салиқалы саясатын қолдайды .

Мағжан Табылдин, «Нұр Отан» партиясы Бесқарағай аудандық  филиалының «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҰЛТТАР ҰЙТҚЫСЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-баев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсізді-гіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан, оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс» деп атап көрсетті.

 

Еще статьи...