Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 82 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Жалпыхалықтық диктант өткізілді

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында республиканың барлық өңірінде жалпыхалықтық диктант өт

  • Қант диабеті

    Қант диабеті – ұйқыбез жеткілікті мөлшерде инсулинді ағза тиімді қолдана алмаған жағдайда дамитын созылмалы ауру.

  • Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмек беру туралы

    «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді: «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметі бойынша:

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ ЕЛБАСЫ НАЗАРЫНДА

Халық  Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауын үлкен үмітпен тосады, қуана қабылдайды. Өйткені, Елбасының Жолдауы әр қазақстандықтың келешекке деген жоспарын нақтылаудың, өмірге деген құлшынысының кепілі іспетті.  Жолдауда  әлеуметтік, білім, денсаулық саласындағы мәселелер  көтеріледі.  Сондықтан да, қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Оның айғағы жыл өткен сайын халық жағдайының жақсара түскені.  Жылдан-жылға халықтың әлеуметтік  тұрмысы жақсарып келеді. Еңбек айлығы мен шәкіртақы, зейнетақы өсуде. Бұл жаны жомарт біздің халықтың ынтымағын, бірлігін, сенімділігін қалаптастыруда.

Елбасымыз өз сөзінде «Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды» деді. Біз өз еліміздің болашағына, Елбасымызға сенеміз. Ұзақ мерзімді жоспарлар жасай отырып, мемлекет әр салада жетер жетістігін, бағындырар белестерін   айқындайды.

ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Міне, бұл жерде мектеп мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктеп отырғанын білеміз. Осы жолда оқушы, мұғалім, ата-ана  ынтымақтықта, бірлікте жұмыс жүргізе отырып, біз Елбасының сындарлы саясатын қолдаймыз, жүзеге асыруға ат салысамыз.

 

БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Күні кеше ғана Президентіміз «Қазақстан  жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етті. 1997 жылдан бастау алған Елбасының 18-ші Жолдауының басты ерекшелігі  - Қазақстанды 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосу жоспары нақтыланып, «Мәңгілік Ел» идеясына баса екпін түсіруінде болды. Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға, яғни, біздерге тікелей байланысты. Осы Жолдауда айтылған әрбір сөз  жадымызда жатталып қалуы тиіс. Өйткені, «Қазақстан-2050» Стратегиясы болашақ ұрпаққа арналған бағыт-бағдар. Елдің болашағы ол-біз, жастар. Болашақ бүгіннен басталатынын ескерсек, осы Стратегияны іске асырып, Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына  қосып, «Мәңгілік Елдің» ертеңі үшін аянбай еңбек ету - біздің абыройлы міндетіміз.

Мемлекет басшысы саяси құжатта «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман  тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне   сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық!» деген еді.

 

МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік   алған жиырма үш жылдың ішінде рухани дүниесі берік орныққан, экономикасы қар-қынды дамыған, саяси бағдары айқындал-ған, өркениеттік және демократиялық жолмен дамып келе жатқан жасампаз мемлекеттің іргесін қалады.

ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан  жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында біздің алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Стратегиялық бағдарламада экономикалық әлеуеті кемеліне келіп, өркениет көшіне қосылған Қазақстанның ұзақ мерзімді даму жолдары жан-жақты қарастырылып, негізгі басымдықтар мемлекеттілігімізді одан әрі нығайту, ұлттық экономиканы серпінді дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету  сияқты өткір мәселелер айқындалып, бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына ену бағыты нақты сараланған. Сондай-ақ, Жолдау мақсат еткен басты стратегиялық талаптардың бірі – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік басқарудың жаңа типін қалыптастыру.

 

АЙҚЫН БАҒДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Тарбағатай ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиыны болды.

 

Жиынға аудан әкімі, оның орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, бөлім және мекеме басшылары, денсаулық сақтау, білім беру салаларының қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Жиында Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев Елбасы Жолдауының негізгі мақсат-мұраты, онда алға қойылған міндеттер және оны жүзеге асырудың айқын көрсетілген жолдары туралы жан-жақты баяндап шықты.

- 2012 жылдың желтоқсан айында Елбасы еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа Стратегиясын ұсынғаны өздеріңізге белгілі,- деді аудан басшысы,- Ал биылғы 17 қаңтарда облыс әкімдері мен министр-лердің, Қазақстан Республикасы Парламенті қос палатасы депутаттарының, жалпы қалың жұртшылықтың қатысуымен өткен отырыста Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жариялап, «Қазақстан-2050» Стратегиясын табысты орындау жолындағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Елбасының кезекті Жолдауында мемлекетіміздің алдағы дамуының барлық бағыттарына назар аударылып, маңызды міндеттер сараланды. Жолдау жарияланғалы бері байтақ еліміздің барлық жеріндегі сияқты Тарбағатай ауданының халқы да оны жылы қабылдап, толықтай қолдайтындықтарын білдіруде.

 

ДАМУЫНЫҢ ДАРА ЖОЛЫ

Елбасының биылғы Жолдауының ерекшелігі мен құндылығы – «Мәңгілік Ел»  жасампаздық идеясының ұсынылып, дамуымыздың дара жолының белгіленуінде деп білемін.

2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының орындалу механизмдерін жан-жақты нақтылап берді. Ендігі жерде “Мәңгілік Ел” - ұлттық идеологиямыз. Еліміздің экономикалық- әлеуметтік саладағы жетістіктері дамыған 30 елдің қатарына енуге мүмкіндік береді. Межеге «өз өзімізді қамшылап, тек алға ұмтылу» арқылы ғана жетеміз деген қағидат айтылды. Бір қарағанда қарапайым сөз. Бірақ мұнда үлкен салмақты мағына жатыр. Демек, біздер бір мезет бір орында тұрып қалмауымыз керек. Барлық қажыр-қайрат, жігерімізді жұмылдырып, өзіміздің жеке жетістіктеріміз арқылы Отанымыздың игілігін арттыруға барынша үлес қосуымыз керек. Әрбір адам өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, адал атқарса, студент жастар оқуда үлкен табыстарға жетсе, Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құрудың басты шарты, міне, осында.

Жолдауда “Мәңгілік Ел”  идеясын жүзеге асырудың 7 құндылығын атап көрсетті. Мәңгілік Ел - зайырлы, рухы биік, тарихы мен мәдениеті ортақ, қазақстандықтардың бірлігі мен берекелі тірлігінен құралады. Мемлекет басшысының осынау пайымы бүкіл қоғамның жүрегінен терең орын алғанын, олардың пікірлерінен естіп-көріп отырмыз.

Осынау ұлы мұратты бабаларымыз «Жер ұйығы» деп ежелден аңсаған. Сол асыл арман небары 20 жылдың аралығында ақиқатқа     айналды. Біз осы бақытты кезеңнің куәгерлері ғана емес, тікелей қатысушыларымыз.

Білім беру саласы әлемдік стандарттарға сәйкес, жүйелену керектігін баса айтты. Жалпы өнімнің кем дегенде 3 пайызы білім мен ғылымды дамытуға жұмсалады деп атап көрсетті. Бұл мүмкіндіктерді сіздер мен біз қазірдің өзінде сезініп отырмыз. Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын 8 ғылыми    Жобаны университет ғалымдары жүзеге     асыруда. Инновациялық озық ғылыми жо-   баларды қолдауға бұрынғыдан да кең мүмкіндіктер ашылатын болды.

 

Еще статьи...