Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 81 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЖОЛДАУ АЯСЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

«Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы», деген еді Елбасы биылғы Жолдауында. Ал, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыратын Мәңгілік Еліміздің жастары екені белгілі. Осыған орай еліміздің әр аймағында жұдырықтай жұмылған жастар да жиындар өткізіп, Жолдауға қолдау көрсетуде. Өткен       бейсенбі күні Семей жастары да қала әкімі Айбек Кәрімовпен    кездесіп, қалалық Достық үйінің мәжіліс залында Жолдауды     талқылады.

 

Бұл басқосуға қаладағы бірқатар жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, мектептердің, атап айтқанда Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сыныптағы озат оқушылары және жас мамандар, сол сияқты қала маңындағы ауылдардың іскер жастары, жергілікті билік өкілдері қатысты. Қалалық Достық үйінің мәжіліс залында ине шаншар орын болмады. Қала басшысы сөзінің басында елдің болашағын ойлап, Жолдауға қолдау көрсетіп жатқан жастарға ризашылығын білдіріп өтті. Одан кейін Айбек Мүталапханұлы 1997 жылы «Қазақстан – 2030» Стратегиясы қабылданған кезде Аякөз ауданының әкімі болып қызмет атқарғанын, сол кездегі жоспарлардың бүгінгі таңда жүзеге асып жатқанын, содан бері аянбай еңбек етіп, халқымыздың өркениетті жағдайда өмір сүруі үшін үлес қосып жүргеніне өзін бақытты санайтынын жеткізді. Бүгінде,  Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміздің өркениетті елдермен терезесі теңескенін, енді алда 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсаты тұрғанын, оған бүгінгі жастардың үлкен күш жұмсауы керектігін айтқан қала басшысы “Мәңгілік Ел” идеологиясы туралы да айтып өтіп, жастарға бұл тақырып тұрғысында терең ойлану керек екендігін еске салып өтті.

- Жолдау - біздің қазақ ұлты үшін, қазақ мемлекеті үшін ең құнды құжаттардың, құнды бағдарламалардың бірі. Сондықтан, әсіресе, жастар, сіздер «халыққа, ұлтқа, жерге, елге қандай үлесімді қосамын» деп бүгіннен бастап ойлануларыңыз керек, - дей келе, - “Мәңгілік Ел” деген ол – ең бірінші, біздің тіліміз. Дүние жүзінде бір-ақ ұлт бар өз тілін анасының тілімен атайтын ел – қазақ қана. Сондықтан, біз ең бірінші, тілді ойлауымыз қажет, тілді шұбарламауымыз керек, тілді ту етіп ұстап, тілмен мақтануымыз керек. Екінші, ұлттың рухы. Ол - ұлттың салт-дәстүрі, ұлттың мәдениеті. Біз сіздермен қазақ ұлтымыз. Қазақ ұлты болғаннан кейін қазақтың салт-дәстүрін, қазақтың мәдениетін сақтауымыз керек. Басқа ұлттардың барлығын сыйлай отырып, біз өзіміздің тілімізді, өзіміздің мәде-  ниетімізді жаңғыртуымыз керек. Сонымен қатар, мәдениетімізбен мақтануымыз керек. Ал, қазір кеңістік деген өте үлкен. Сіздер де шетелді көрген боларсыздар. Шетелге барғанда біз олардың ең алдымен салтына, мәдениетіне және тіліне көңіл бөлеміз. Мысалы, Жапонияға барсаңыз, онда өздерінің ұлттық киімдерімен, сыпайылығымен, мәде-ниетімен ерекшеленіп тұрады. Еуропаға барсаңыз, немістер өздерінің уақытының өлшемімен ерекшеленеді. Ал, шетелдіктер Қазақстанға келгенде біз не көрсетеміз? Ең бірінші  соны ойлауымыз керек. Қазақтың ерекшелігі неде екенін ұғынуымыз керек. Сонда ғана біз өзіміздің ұлттық салт-дәстүрімізді сақтап қаламыз. Қазіргі уақытта ең үлкен жұмыстардың бірі – ол ұлттық идеология, ұлттық тарих. Сондықтан, Қазақстанның, Семейдің тарихын жақсы білуіміз керек. Мәңгілік Елге, Мәңгілік Ұлтқа ұмтылу үшін өзіңнің жеріңді, ұлтыңды, Елбасыңды сыйлауың қажет. Егер ойлы қазақ болса, ойлы жастар болса, онда біздің еліміз Мәңгілік болады, - деп Елбасы Жолдауынан алған әсерімен бөліскен Айбек Кәрімов қазақ елі көптеген ұлт өкілдерін сыртқа теппей, бір тудың астына біріктірген, құшағы кең халық екенін айтып, мұндай қасиеттен арылмаған жағдайда Мәңгілік Ел болатынымызды жеткізді.

 

БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫН АЙҚЫНДАҒАН ЖОЛДАУ

идеологиялық активте кеңінен талқыланды

Жылқы жылының алғашқы саяси жаңалығы Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауымен басталды. Саусақ бүгіп санайтын болсақ, бұл 18-ші Жолдау. Жыл сайын жұртшылықтың асыға күтетін Жолдауы биыл тұңғыш рет Тәуелсіздік сарайында өтті. Қалың бұқара елең етіп, көз тіккен Жолдауға жіті назар аударсаңыз, жағымды жаңалығы, игі бастамалары баршылық. Қазақстанның алдағы отыз бес жылдағы  дамуының даңғыл жолы болған «Қазақстан 2050» Стратегиясында нақтыланған меже мен міндеттерді мінсіз іске асыру үшін қажет шаралар пысықталды.

«Қазақстан жолы – 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!». Биылғы Жолдаудың жасампаздығы да осында. Біздегі мұрат – Қазақстанды озық отыздықтың ортасына қосу, осы отыздық ішінде ойып тұрып орын алу. Міне, Президент сол биікке жетер жолдағы атқарылар ауқымды істерді іріктеп, жұ-мыстарды жүйелеп берді.

 

ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында,  Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің акт залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар-  баевтың  «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылауға байланысты жиын  өтті.  Жиынды алғы сөзбен Әділет департаментінің басшысы А.О. Оразхан ашып, Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдаулары ел болашағының бағдаршамы, өсіп, өркендеуіміздің  басты тірегі екендігіне тоқталды.

Құқықтық  түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің бас маманы А.Серік сөзді жалғастырып, Жолдаудың негізгі аспектілерін  көрсетті. Бас қосуда сөз алған басқа да қызметкерлер Жолдауда айтылған басты тақырыптарды кеңінен талқылап, өз ойларымен бөлісті.

Департамент қызметкерлері, «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын тал-қылап, Әділет органдарына байланысты, Президенттің алға қойған мақсатын жүзеге асыру бойынша   пікір алмасты.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі

БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбавтың  «Қазақстан жолы – 2050:  Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  деп аталатын Жолдауы – өміріміздің барлық саласын қамтыған теңдесі жоқ маңызды құжат. Жолдауда Ұлт көшбасшысы «елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!» деді. Елбасы Қазақстан тарихына енетін 7 идеяны саралап берді. Еліміздің әлемдік аренада экономикасы қарыштап дамыған озық 30 елдің қатарына ену жолындағы мақсаты негізгі екі кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Оның алғашқы кезеңі 2030 жылға дейінгі аралықты қамтып, Қазақстан жаңа ғасырда барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, дамудың дұрыс жолына қадам жасауы тиіс. Ал екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында дамиды. Жолдауда еліміздің болашақта дамуына қатысты барлық бағыттар, іске асырудың тетіктері нақты көрсетілген. «Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті,    Ендеше Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан – 2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым» деген жалынды сөздерді депутаттар патриоттық  сезіммен,  үлкен толқумен қарсы алды.  Жолдауда Н.Ә.Назарбаев қазақ тілінің мәселесіне тоқталды. Президент студент шәкіртақысы 25, дәрігерлердің жалақысы 28, ұстаздардың жалақысы 29 пайызға 2015 жылдың маусым айынан бастап артатынын айтып, осы бағыттар бойынша Үкіметке нақты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұған қоса, атом электр стансасы мен мұнай өңдейтін зауыт салынатынын тілге тиек етті. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілмек. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа дейін артады. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергілерге тосқауыл қойылмақ. Мәслихат депутаттары аудан халқын 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі барлық жұмыстарға белсене қатысып,  жұмыс істейді.

Дәулет Ыдырышев,

Зайсан аудандық мәслихатының хатшысы

ЖІГЕР БЕРГЕН ЖОЛДАУ

Қаңтардың 17 күні  Елбасының «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  Жолдауын барша семейліктермен  бірге  орталық полиция бөлімінің жеке құрамы арасында  талқылауға арналған   жиын өтті. Жиынды Семей қалалық  орталық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұрат Танашұлы Құлжабаев ашып,  Президент Жолдауының  мән- маңызына жете тоқталды.  Дәстүрлі Жолдау  несімен  құнды? Ол біріншіден, 2050 стратегиясының  мән-мағынасын ашып айтса, екіншіден, 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму бағдарын айқын сараланды,  ал үшіншіден, Қазақстанның әлемдегі 30 елдің қатарына енуі әр қазақстандықтың тер төкті еңбегіне байланысты екендігін түсіндіруімен маңызды.    Елбасы  Жолдауының әрбір сөйлемі елдік мұраттарға жауап береді. Сондықтан, алға қойылған міндеттердің қай қайсысы болса да өте маңызды.

- Елбасының дәстүрлі Жолдауы барша жұртқа, соның ішінде құқық қорғау органдары  қызметкерлеріне де ерекше жігер берді. Соңғы жылдары  құқық саласының қызметкерлерінің  тұрмыстық жағдайлары, еңбекақы   мәселесі едәуір     жақсарды. Олай деуімізге Жолдаудың  шешуші 35 тезисіндегі «Заң алдындағы тепе-теңдік- құқық қорғаудың шынайы негізіне айналуы тиіс» деуі  бүкіл құқық қорғау жүйесінің жұмыс сапасын арттыру деп нақты айтылған. Бұл- біздерге, құқық қорғау саласы қызметкерлеріне деген алға қойған үлкен мүдделі мақсаттардың орындалуына  зор  сеніммен қарау екенін ұғуға болады. Ендеше, әркім  өзі  атқаратын жұмыстарына,  алдына нақты  мақсат қойса, сол мақсатты орындауға таптырмайтын талпыныс болса,  елдік мұратқа қол жеткізуге болады - деп аяқтады сөзін подполковник.

 

Еще статьи...