Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 63 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ҰЛАНЫ ЕРТЕҢГЕ СЕНІМДІ

Мен, 40 жылдан артық  жас ұрпаққа білім берген қарт ұстазбын. Осы жылдар ішінде барша ұстаздар тәрізді  білім саласының маманы, мұғалім ретінде білім мен тәрбиенің қатар берілуін басты мақсат етіп ұстандым.  Білім -  сапалы, тәрбие- саналы болсын деген ұстаныммен еңбек еттік.  Ел өміріндегі саяси оқиғалардан сырт қалмай, әр кез құлағымыз түрік жүретін әдетпен Елбасының жыл сайынғы Жолдауын асыға тосамын, әрі ынта қойып тыңдаймын. Биылғы 17 қаңтардағы Жолдауды да баса  маңыз бере тыңдап, газеттерден оқып шықтым. Жоғарыда айтқанымдай, ұстаз ретінде маған ерекше ой салған  ұлттық идеология мәселесі болды. Президентіміздің «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеологиясы қандай болуы керек?» деген сауалдың жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- Мәңгілік Ел идеясы» деген жүректерде мақтаныш сезімін оятып, ел болудың, ұлт болып ұйысудың ұлы бағдарын    айқындаған сөздері болды.  Қашанда барша халықты береке мен бірлікке,    ынтымақ пен татулыққа үндейтін Ұлт көшбасшысы Отанымыздағы тыныштықты, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету үшін ішкі тұрақтылығымызды сақтай білуге шақырады. Алауыздықтан ауыздары күйген талай елдің  болашағының  бұлдыр болғаны белгілі.   Ал, бүгінде Қазақстанымыз  бағыт-бағдары айқын, ұзақ мерзімге белгілеген стратегиясы бар  тұрақты елміз. Осы тұрақтылығымыз “Мәңгілік  Ел” болу жолында баянды бола берсін дейміз. Келешегіміздің кемел болуы бүгінгі жастарымызға тікелей байланысты.  Ал, жастарымыздың бойында Отансүйгіштік қасиеттің  болуы- басты құндылық. Өйткені, Елбасы белгілеген  ұзақ мерзімді Стратегия- жастар үшін. Ол жайлы Нұрсұлтан Әбішұлы  Жол-дауда «Әсіресе, жастарымызға айтамын, бұл Стратегия- сіздерге арналған » деп атап өтті.

Сөзімнің соңында “Мәңгілік  Ел”  идеологиясымен қуаттанған жастарымыз барша қазақстандықтармен бірге жасампаздық жолында ертеңге деген сеніммен алға баса берсін. Біз тәрізді ардагер-ұстаздар жастардан  білген ақыл  -кеңесімізді аямайық. Болашақты баршамыз болып бірге жасайық!

Қайролла ҚАЖЫБАЕВ,

ардагер ұстаз,

МӘҢГІЛІК ЕЛ - НҰРЛЫ БОЛАШАҚ

Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы – болашақтың бағыты.  Қазақстан- жолы - 2050: стратегиясы – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Жолдаудың әрбір қағидалары жеке-жеке әрбір қазақстандықтарға арналып отыр.

Біз күні кеше ғана тәуелсіздігіміздің тізгінін қолымызға алған халықпыз. Дүбірлетіп 22 жылдығын тойлап,  өткен жылдарымызға ой жүгіртіп, болашаққа көз тігіп, соған жету үшін басты құндылық - тәуелсіздікті жоғалтып алмай, алға нық қадам басу.