Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 119 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАЗАҚ ҮЙ – ҚАЗАҚЫ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

    Әлем әдебиетінің классигі, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, ертеңгі елдің болашағы - бүгінгі бүлдіршін. Еліміздің келешегі – бүгінгі бүлдіршіндеріміздің бойына ұлттық тәрбиені сіңіру мақсатында Алматы қаласындағы «Ұлас-Электрон» ЖШС компаниясы «Электронды қазақ үй» жобасын жасап, көпшілік назарына ұсынған. Сәрсенбі күні қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық ақпараттық орталықта электронды қазақ үй өнімінің таныстырылы

  • КҮНШЫҒЫС ЕЛІНІҢ КӨРМЕСІ СЕМЕЙДЕ

    Дүйсенбі күні Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева ресми сапармен Семейге арнайы келген Жапонияның Нагасаки қаласының Ұлттық мемориалдық кешенінің директоры Масанобу Чита мен жобаларды басқаратын менеджер Нагико Екояманы қабылдады.

  • КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ - ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ӨРІСІ

    Семейге жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков қаланың кәсіпкерлерімен кездесті. Қала әкімі Айбек Кәрімовтың жетекшілігімен өткен басқосуға облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғытов, қалалық бөлім басшылары және кәсіпкерлер қатысты.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

ЕЛ ЕРТЕҢІ -САЛАУАТТЫ ӨМІРДЕ

Денсаулық – бұл әр адамның өздігінен бағындыратын биігі. Дегенмен оған жетіп, сол жолдан таймау үшін мамандардың көмегі қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі  бойынша, адам денсаулығы 20 пайыз қоршаған ортаға, 20 пайыз шыққан тегіне, 10 пайыз денсаулық сақтау саласына, 50 пайыз адамның өзіне, мінез-құлық факторына байланысты болып саналады. Міне, осыған қарап-ақ дені сау ұлтты қалыптастыру бірінші кезекте әркімнің өзінен басталатынын аңғару қиын емес. Қалай дегенмен, елімізде азаматтардың денсаулығына мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінеді, осы жолда көптеген игі бастамалар да қолға алынуда. Жылдар бойына маңызды іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы да аталмыш саланы әр кез естен шығарған емес. Бұл жайында   Елбасы халыққа арналған кезекті Жолдауында тағы бір мәрте атап өтті.    Биылғы Жолдауында Елбасы халықтың орташа өмір ұзақтығының артуын ең негізгі жетістік деп санауға болатынын айтты, білікті дәрігерлердің де өз елімізде бар екеніне тоқталды.

«Біздің халқымыз дәл бүгінгідей бақуатты тұрмыс көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері, 1300-ден астам денсаулық сақтау нысандары, 1700-ден астам білім беру ошақтары салынды. Олардың барлығы ең соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталды. Аса күрделі оталарды өз елімізде өз дәрігерлеріміз жасайтын деңгейге жеткіздік. Бұл ешқашан болған емес», - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы жалпы халықтың тұрмысы мен денсаулығының түзелуі нәтижесінде Қазақстанда сәбилердің туу деңгейі өскенін, халқымыздың санының жыл сайын өсуі артқанын жеткізді. Денсаулық сақтау мәселесі мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы қазақстандықтар өмірінің ұзақтығына әсер еткенін атап өтті.

«Бұл – ең негізгі жетістік. Он жылдың ішінде 64 жастан 72 жасқа дейін көтерілу - ешбір елде кездеспеген жағдай. Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік. Жаңа жылдан бастап  бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа есеппен 30 пайызға дейін көбейетін болады. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне толық негіз бола алады»,-деп тоқталды.

Ендеше, Елбасы стратегиясын жүзеге асыруда әрбір қазақстандық атсалысуымыз қажет. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін дені сау ұлт болу негізгі қағидамызға айналу керек. Жолдауда айтылғандай, әрбір қазақстандық өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, мінез-құлықын өзгертіп, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанса ғана, биік белестерге жетеріміз анық. Қазақстан көркейе берсін!

Зәуреш МУСИНОВА, Семей қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры.

 

ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРДІ

Семей қаласындағы облыстық Абай атындағы кітапханада ҚР Президенті Жолдауын насихаттауға арналған басқосу болып өтті. Бұл ретте қаламыздағы «Жас Отан» жастар қанаты «Елбасы Жолдауы - басты бағдар» атты тақырыпта кең ауқымдағы дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталмыш шараға қаламыздағы жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындарындағы студент жастар ұйымдарының жетекшілері, белсенді жастар жиналды.

- Дөңгелек үстелді өткізудегі басты мақсат - жастар арасындағы қазақстандық патриотизмді дамыту, отаншылдық сезім қалыптастыра отырып, Елбасының жаңа Жолдауын насихаттау. Ұлт Көшбасшысы өзі атап өткендей, бүгінгі жаһандану дәуірінде ел жастарының отаншыл болып өсулері - алдыңғы кезекте тұрған жайт. Сонымен қатар алдағы уақыттарда Президент Жолдауын насихаттауға арналған осындай  шараларды қаламыздағы жоғары оқу орындары арасында да ұйымдастыратын боламыз, - дейді Семей қалалық «Жас Отан» жастар қанаты қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдос Төлеуханов.

Дөңгелек үстел басына жиналған жастар алдында ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев кіріспе сөз алды.

– Елбасының Жолдауына семейлік жастардың нақты іспен жауап беретін кезеңі басталды. Бұл ретте әрқайсыңыздан үлкен белсенділік күтеміз, - деп атап өткен Айдар Серікқазыұлы 30 қараша күнгі Елбасы Жолдауының  мәні мен маңыздылығына, Жолдау басымдықтарына тоқталып өтті.

Аталмыш жиын барысында жастар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-баевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын әр қырынан талқылап, өз пікірлерін білдіріп өтті.

«СТ - ақпарат»

ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕР АШАДЫ

Тарихтан белгілі: тек бірлігі мықты, экономикалық қуаттылығы зор мемлекеттер ғана өз болашағын қалағанындай жасай алады. Бұл ретте әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында әлі де атқарылуы тиіс шаруалар бар. Ал Елбасының өткен жылғы 11 қараша күнгі Қазақстан халқына арнаған «Нұр жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы ел дамуын жаңа белестерге көтеру үшін бірқатар міндеттер жүктейді. Жуырда Семей қалалық Әділет басқармасында өткен дөңгелек үстел басында Жолдау жүктеген басымдықтар жайлы кеңінен талқыланды.

 

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі негізінде құрылған арнайы ақпараттық-насихат тобы өткен аптада Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында, № 4 жалпы орта білім беретін мектепте Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын насихаттау мақсатында  кездесулер өткізді.

Ақпараттық-насихат тобының мүшелері, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Юрий Осьмаков пен еңбек ардагері Серік Төлеуғалиев әскерилермен жүздесу барысында шараның басты мақсаты Елбасының Жолдауында айтылған басым бағыттарды талқылау, мемлекеттік маңызды құжатта белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру барысын айқындау екендігін жеткізді.

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС – БЕРЕКЕЛІ ІСТІҢ БАСТАУЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындай отырып, шағын және орта бизнесті жетілдіру бойынша нақты міндеттерді көрсетіп берді.

«Нұрлы жол -  болашаққа бастар жол» атты Жолдауда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді орындау еліміздің экономикасын халықаралық қауымдастықпен байланыстыру арқылы өз әлеуетімізді әлемдік жоғары деңгейге көтерудің жолы болып саналады. Осы ретте шағын және орта бизнеске қолдау білдіру жөніндегі бастамалар жасалуда.

Айта кету керек, Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөліну қажет. Бұл тамақ және химия өнеркә-сібіндегі, машина жасаудағы, түрлі қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Бүгінде Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын ашуға  мүмкіндік берді.  Бизнесті 10 жылға бар - жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын - соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. Шағын және орта бизнесті экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызын ұлғайту бойынша кешенді жұмыстар жалғасатын болады.

Біз шағын және орта кәсіпорындарды ынталандырудан бастап энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға дейінгі барлық аспектілерді қамтитын әлеуметтік-экономикалық стратегияның табыстылығына сенімдіміз.

Әлия НУРАЛИНА,

Семей қаласы Әділет басқармасының заңды тұлғаларды

тіркеу бөлімінің бас маманы.

Еще статьи...