Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 110 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • ШҚО әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

    ШҚО әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

  • Терроризм - адамзатқа қарсы қылмыс: басылымдар көрмесі

    22 маусым күні Абай атындағы кітапхананың оқу залы Семей медициналық университеттің студенттері мен кітапхана пайдаланушыларына арналған «Терроризм - адамзатқа қарсы қылмыс» тақырыбындағы басылымдар көрмесін ұйымдастырылды.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлының бай әдеби мұрасы

    Ағымдағы жылдың 20 маусым күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдау аясында Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған іс-шара «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де әлеуметтік қызметкерлер мен бөлімше меңгерушілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты, әріптестерді ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЖАСТАР

ЖАСТАР

ЕҢБЕКПЕН ТАПҚАН НАН ТӘТТІ

Өткен аптада Семейдегі Бизнес және сервис колледжінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, «Жастар және балалар ұйымдарының Шығыс Қазақстан облыстық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті. Оған «Силикат» ЖШС, «Семей кеме жөндеу зауыты» ЖШС сияқты іргелі кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өкілдері қатысып, жұмыс іздеген жастарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арнайы білімі жоқ және өз ісін ашамын деген жастарға шаштараз, аспаз, массаж жасаушы сынды кәсіптерді оқып үйренуге шақырды.

Осы орайда «Жастар және балалар ұйымдарының Шығыс Қазақстан облыстық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалының директоры Эльзира Жүнісованы сөзге тартқан едік.

- Біз қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен биылғы бітірушілер мен бұрынғы бітіріп кеткен түлектерді жұмыспен қамтуға ықпал етпекпіз. Мақсат - жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындарына, олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, ауылдан қалаға келген жастарға кәсіпорындар мен мекемелердегі бос жұмыс орындарын ұсынып, жұмыссыздарға бағыт көрсету, өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. Жастар қол қусырып қарап отырмай, өздері де жұмысқа орналасуға ниет білдіруі керек,- дейді Э.Жүнісова.

Эльзира Жүнісованың айтуынша, қазір жұмысшы мамандығына еңбек нарығында сұраныс көп болғанымен, жастар осы мамандықтар бойынша жұмыс істеуге құлықсыздық танытып отыр.

- Жасыратыны жоқ, жасырын жұмыссыздық та орын алып отыр. Осының бәріне қоғам мүшесі ретінде бейжай қарауға болмайды. Қолдан келгенше жастардың белгілі бір кәсіптің құлағын ұстауға қол ұшын созуымыз керек. Бұл мәселе қала бойынша әлі толық зерделеніп болған жоқ. Сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдаланып, жастарды жұмыс орындары туралы құлағдар етіп отырамыз. Ал оқу орындарына беретін мамандықтары бойынша қандай бос жұмыс орындары бар екенін электронды пошталарына жібереміз,- дейді Э.Жүнісова.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне келгендер қатарында Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің биылғы бітіруші түлегі Мадина Сәрсенбаева да бар. Қаржыгер-экономист мамандығы бойынша білім алған ол осы жылы бірден жұмысқа орналасып кетуді мақсат етіп отыр. Оның сөзіне қарағанда, әзірге жұмыс орнының еңбекақысы емес, тәжірибе жинақтап, білікті маман атану маңызды.

Жалпы, осы жолғы жәрмеңкеде қаламызда жастарға лайықты жұмыс орындары ұсынылды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына қатысуға ниет білдірген азаматтардың да құжаттары тиісті орындарда қабылданатын болады.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

ЖҮЙРІКТЕ ДЕ ЖҮЙРІК БАР...

Сәрсенбі, 13 желтоқсан күні Абай атындағы театрда Семей қаласы жастарының дәстүрлі форумы болып өтті. Салтанатты кеште қала өміріне белсене араласып, біліктілігімен көзге түскен жастар Семей қаласы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.

Ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған форумда жаңашыл һәм белсенді жастар Семей қаласы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығын жеңіп алды.

Атап айтар болсақ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері - «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы Жомарт Риятов пен Қазақстан студенттер альянсы Семей қалалық бөлімшесінің көшбасшысы, «ҚР Үздік студенті - 2017» байқауының жүлдегері Ерасыл Төлеуқадыров «Жылдың жас көшбасшысы», «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Жұмаділов «Жылдың жас кәсіпқойы», «Жастар және балалар ұйымдары-ның Шығыс Қазақстан облыстық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалы «Жылдың жастар ұйымы», Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы студенті, «Студенттік парламент» ұйымының спикері Әліби Ыбыраев «Жылдың жас еріктісі» аталымдарына ие болды.

«Отбасы – ұлттың тірегі» ұстаны-мын берік ұстанған Бауыржановтар және бақытты отбасын елдің тірегі деп санайтын әріптесіміз Жібек Серғазының отбасы - Әбдікешовтер жанұясы «Жылдың жас отбасысы» аталымдарына лайық деп танылды. Ал самбо, дзюдо күрестерінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Зере Бектасқызы мен грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР құрамасының мүшелері Ернар мен Ернұр Қидахметовтер «Жылдың жас спортшысы» мәртебесіне қол жеткізді.

- Құрметті жас достар, биыл - Алаштың ғасыр тойы. «Мен жастарға сенемін» деп Мағжан ақын үміт артқан сендер бақытты ұрпақсыңдар. Азаттыққа қол жеткізген елде өмір сүресіңдер. Мен баршаңызды қала әкімі Ермак Сәлімовтің атынан Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік – болашақтың бастауы. Біздің алдымыз-да ұлы мақсаттар тұр. Отанымызды дамыған елдер қатарына қосу жолында бәріміз де табысты болайық. Егемен ел қуанышы құтты болсын,- деді қала әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Исабаева.

Өрелі ойларын форум барысында ортаға салған жалынды жастар ел ертеңі үшін еңбек етуге әрдайым дайынбыз дейді.

- Елбасымыз еліміздің ертеңі, мемлекеттің жарқын болашағы  білімді де білікті әрі алғыр жастардың қолында екенін әрқашан айтып келеді. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында қол жеткізіп отырған бүгінгі жүлдемізді еңбегіміздің бағалануы деп білемін. Бұл марапат біздің болашаққа деген сенімімізді арттырып, жігерімізді жанып отыр. Біз, жастар, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етіп, барлық күш-жігерімізді сарп етуге дайынбыз,- деген тілегін жеткізді «Жылдың жас кәсіпқойы» аталымы иегері Дархан Жұмаділов.

Салтанатты кеш мерекелік концертпен қорытындыланды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

ЕЛ ЕРТЕҢІ СЕНІМДІ ҚОЛДА

Жұма, 29 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша 500 сайлау учаскесінде ШҚО жастар мәслихаты депутаттарының сайлауы өтті. Семейдегі төрт жоғары оқу орны мен 28 колледждің белсенді студенттері де маңызды шарадан шет қалмай, өз үміткерлігін ұсынды.

Жастар мәслихаты депутаттарының сайлауын ел тарихында алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы қолға алып отыр. Облысымыздағы барлық аудандар мен қалаларда сол күні таңғы тоғыздан сайлау басталып, сайлауалды бағдарламаларын ұсынған 1000-ға тарта үміткер бағын сынады.

Семей қаласы бойынша 94 студент ШҚО жастар мәслихаты депутаттығына үміткер болып тіркелген. Сайлау үш түрлі форматта ұйымдастырылды. Дәстүрлі, ашық дауыс беру форматынан басқа, онлайн дауыс беру және әлеуметтік желі арқылы дауыс беру жүйелері де қолға алынған. Семей қаласы бойынша 4 үміткердің кандидатурасы әлеуметтік желі арқылы дауыс беру жүйесімен анықталды.

- Бүгін Шығыс Қазақстанның жастары үшін ерекше күн, тарихи сәт деуге болады. Шығыстың жастары тұңғыш рет жастар мәслихаты депутаттығына сайлау өткізіп жатыр. Жастар мәслихатын құрудағы мақсатымыз – жастардың қоғамдағы азаматтық белсенділігін арттырып, жастар арасындағы түйіні шешілмеген мәселерді өздерінің шешуіне ықпал ету. Ең басты мақсатымыз - жастардың кадрлық резервін даярлау. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 1 ай көлемінде жүрді. Бізді қуантатыны -  жастар өте белсенді және сауатты жұмыс істеуде,- дейді ШҚО ішкі саясат басқармасының жастар ресурстық орталығы директоры Арайлым Есімбекова.

Болашақтың тізгінін ұстар белсенді жастар осылайша ел тарихындағы маңызды сәттердің біріне үн қосып, ел игілігіне жұмыла жұмыс жасамақ ниетте. ШҚО жастар мәслихаты депутаттығына үміткер жастардың бірі - Семей мемлекеттік медицина университетінің студенті Ернұр Өртбаев.

- Мемлекет тарапынан жастар саясатына баса көңіл бөлініп жатыр. Елбасымыз айтқандай, болашақ  жастардың қолында. ШҚО жастар мәслихатына депутаттыққа сайлану арқылы жастар өзіне жүктелген жауапкершілікті түсініп, азаматтық көзқарасы қалыптасқан тұлғаға айналады деп ойлаймын. Өткенге көз салсақ, жиырма жасында мемлекет мінберінде жүрген қазақ жастары аз болмаған. Облысымызда алғаш рет қолға алынып отырған осы игі бастаманың нәтижесінде жастардың қоғамдағы рөлі нығайып, белсенділігі жандана түсетініне сенімім мол, - дейді Ернұр Өртбаев.

Сайлау қорытындысына сәйкес, ШҚО бойынша 409 үміткер жастар мәслихатының депутаттығына сайланды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

ҒАШЫҚТЫҢ ТІЛІ - ТІЛСІЗ ТІЛ

Қалалық Мәдениет сарайында 15 сәуір - Ғашықтар күніне арналған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қалалық байқауы өтті. Байқауға қаламыздың жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттері қатысты.

2011 жылдан бастап дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан ғашықтар байқауы биыл да өз деңгейінде өтті. Ұлттық дәстүрімізді, тіліміз бен дінімізді, ғашықтық кейіпкерлерін  өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыста алты жұп өнер көрсетіп, бес кезең бойынша бақ сынасты.

Алғашқы кезең - таныстыруда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері ұлттық салт-дәстүрге сай қыз бен жігіттің танысуын көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. «Махаббаттың тұрағы» деп аталатын кезеңде кей жігіттер Қозы Көрпештің кейпіне еніп сүйгеніне сөз салса, кейбіреуі бүгінгі ғашықтардың кескін-келбетін сомдады. Ал білімі мен біліктілігі сыналар  тұста, кейіпкерлеріміз ұлттық салт-дәстүр мен тарих, әдебиет пен мәдениет туралы сауалдарға қал-қадерінше жауап қайырды.  «Сымбаты мен қайраты жарасқан» деп аталатын соңғы турда жігіттер күш-қайратын сынап, қол күресінен сынға түссе, қыздарымыз ұлттық көйлекпен дефилеге шықты.

- Біз,  Семей жастары, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күнін асыға күтеміз. Семей қаласы рухани-мәдени орталық болғаннан кейін, бұл датаны атап өтпеске болмайды. Сол себепті Ғашықтар күні қарсаңында әрбір оқу орнына  байқау жайлы ақпараттық хат жолдадық. Соған сәйкес, студенттер де өз еріктерімен келіп, байқауға қатысу жайлы өтініш берді. Ең алғаш бұл байқау Семей қаласынан бастау алған болатын. Қазір облыс көлемінде әрбір қала, аудан, ауылдарда жастар орталықтары осындай конкурстар  ұйымдастырып жатыр,- дейді «Қазақстан жастарын қолдау» ШҚО бірлестігінің төрағасы Еркебұлан Тұрсын.

Байқау соңында қатысушылар бас жүлде және жүлделі орындармен, «Көрермендер көзайымы», «Өнерлі жұп» аталымдарымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

ЖАСТАР - ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Семей қаласы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті. Кеңесте ШҚО колледждері мен директорлар кеңесінің төрағасы Оралхан Сартаевтың «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстары туралы» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.

Баяндама барысында Оралхан Сартаев жыл бойы колледждер мен кәсіптік білім беретін ұйымдарда өткізілген патриоттық іс-шаралар барысына тоқталып, 2016 жылы ел Тәуелсіздігінің және Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығы, Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы аталып өткенін және осы мерейлі күндерге байланысты қаладағы колледждер арасында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өтті.

Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Оразбекова қаланың жалпы білім беретін мектептеріндегі жастар ұйымдарының жұмысы туралы баяндама оқып, «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарының жұмыс барысымен таныстырды.

«Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы  2011 жылы 6 шілдеде ҚР Президентінің бастамасымен құрылған болатын. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады,  өз мақсаты, міндеті, жұмыс жоспары, ресми нышандары бекітілген. Бес жылдан бері «Жас Ұланға» қаланың 11 мыңнан астам оқушысы мүше болса, бүгінгі таңда 3 мыңнан астам оқушы ұйымға  тартылған.

Жиын соңында Шульбинск кентінің әкімі Кенжебай Байгужинов кенттегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы баяндама жасады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Еще статьи...