Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 83 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА ДЕСЕК ТЕ...

Сейсенбі, 18 қыркүйек күні алдағы кезекті мәслихат сессиясы отырысы аясында депутаттар қаланың жылу маусымына дайындығын тексеріп, бірқатар жылу қазандықтары мен құбырларды ауыстыру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар әуежайдағы қайта қалпына келтіру барысы да назардан тыс қалмады. Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков, мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, депутаттар Дариға Дайрова, Талғат Баймұратов, Қайрат Құсаинов, Айдар Ибраев, Сергей Родионов жағдаймен танысқан болатын.

Жылу маусымына әзірлік жұмыстарын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы мамандары іс барысында таныстырды.

Бірінші кезекте депутаттар қаланың орталық көшелерін ыстық сумен қамтитын "Ғаббасов" қазандығының жұмысын көрді. Мұнда алдағы жылу маусымына қазандықтың техникалық тұрғыдан дайындығы жайлы сұрап білді.

- Қазандықта үлкен желілік және қоректік сорғы жұмыс істеп тұр. Көмірден қиындық туындамайды. Күнделікті 80 тонна көмір жеткізіледі, сапасы жақсы. Қазандықтағы техникалар қыс маусымына дайын. Бізде жұмысшылар уақытша және тұрақты түрде жұмыс атқарады. Қазан айынан бастап уақытша жұмысшыларды қабылдаймыз,- деді "Ғаббасов" қазандығының өкілі Мақсат Сәбетханов.

Депутаттар тарапынан ғимараттың ішкі және сыртқы бейнесін қалыпқа келтіру қажет екендігі айтылды.

Бұдан кейін халық қалаулылары №1 ЖЭО-ға бет бұрды. Шаһардың жылу орталықтары мен олардың дайындығы жөнінде қалалық ЖЭО басшысы барлық сұрақтарға жауап берді. «Ғаббасов» қазандығы мәселесіне де тоқталды.

- Дәл қазір біз №1 жылу орталығында тұрмыз. Бұл - біздің кәсіпорынның басты бөлімі. Қалада №1 ЖЭО, РК-1 және қаланың сол жақ жағалауында Шүлбі қазандығы, ал оң жағалауда 13 қазандық бар. Сонымен қатар 315 шақырымдық магистраль жолдары қатынайды. Бұл жерде көмір қоры сақталады. Жылына 360 мың тонна көмір жағылады. Бүгінде Қаражырадан 40 мың тоннадан аса көмір жеткізілді. Қазан айының 15-не дейін 80 мың тонна көмір қоры жеткізілуі керек. Қара алтын еш қиындықсыз күнделікті келуде. Қазандықтар жылу маусымына толықтай дайын. Сондай-ақ №1 ЖЭО мен РК-1 қазандықтарында жаңа заманауи сорғылар орнатылды,- деді Қалалық ЖЭО басшысы Расылхан Жолдасов.

Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен қаланың оң жағалауындағы тұрғындар жазғы уақытта да ыстық сумен қамтылды. Осыған орай «Ғаббасов», 35-квартал, №5 интернат, орталық, МЭН және №1 ЖЭО қазандықтары үзіліссіз жұмыс істеді. Мекеме басшысының айтуынша, жылу мен ыстық суға кейбір тұрғындар уақтылы төлем жасамайды. Салдарынан қазандық қызметкерлері қиындық көруде.

- Қала тұрғындарының су мен жылуға жалпы берешегі 240 млн. теңгеден асады. Нәтижесінде мекеме жұмысшылары шілде айынан бастап айлықтарын ала алмаған. Сондықтан БАҚ өкілдері арқылы тұрғындардан коммуналдық қарыздарын уақтылы төлеп тұруды сұраймыз. Бүгінде осы мәселеге байланысты топ құрылды. Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, заңгерлер жұмыс істеуде,- деген Р.Жолдасов «Ғаббасов» қазандығындағы жағдайды да түсіндіріп айтты.

- «Ғаббасов» қазандығына келсек, ол қаланың орталығын ыстық сумен қамтиды және мөлшерден көп жұмыс істейді. Қазандықтың жалпы жүкемесі 40 Гкал болу керек болса, оған бұдан да артық күш түсіп тұр. Себебі ол екі қазандықтың жұмысын атқарып тұр. Мұнда қыс мерзіміне дайындық жұмыстары аяқталды. Бүгінде ғимараттың ішкі және сыртқы бейнесін қалыпқа келтіру жұмыстары ғана қалды,- деді қалалық ЖЭО басшысы.

Сонымен қатар Засядко, Найманбаев көшелері мен Шәкәрім даңғылындағы жылу желілері құбырларын ауыстыру жұмыстарын тексерді. Мұндағы жылу желілері ескірген. Барлық гидравликалық сынақтар жылу желісін ауыстыру керектігін көрсеткен.

- Жөндеу жұмыстарын жеделдету мақсатында жұмысшылар екі ауысымда жұмыс істейді. Ауа райының қолайсыздығы жұмысқа кедергі келтіруде. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 120 млн. теңге бөлінді. Құбырларды ауыстыру келтіру қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жылу желілерін толығымен ауыстырып, орнатқаннан кейін, бүлінген асфальт қалпына келтіріледі,-деді «SOWAD сталь» ЖШС-нің басшысы Сергей Агеев.

Халық қалаулылары Семей қаласының халықаралық әуежайының қайта жаңғырту жұмыстарын да назардан тыс қалдырмады. Жобаны жүзеге асыру үшін 10 млн. теңгеден аса қаражат бөлінген. Құрылыс барысындағы мамандардың айтуынша, әуежайды қолданысқа беретін күн алыс емес.

- Әуежайдағы қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды. Бүгінде тек әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұшып-қону алаңы дайын. Жыл соңына дейін жөндеу жұмыстарын бітіріп, қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз,- деді жөндеу жұмыстары бойынша бас маман Дархан Омарханов.

Енді қаламыздағы әуежай авиакомпаниялармен келісімшартқа отырып, жаңа бағытта ұшақтар қабылдайтын болады.

- Қазір негізгі жұмыстар аяқталып, әуе вокзалында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Ұшып-қону жолағы ұшақтар қабылдауға дайын. Бүгінде келісімшарттар жасалып, билеттер сатылуда. Қыркүйек айының сонында ұшақтар Алматы - Астана, Өскемен - Үржар бағыттары бойынша қатынай бастайды. Қазан айының соңында «SCAT» және «Qazaq Air» авиакомпанияларымен жұмыс істейтін боламыз. Келесі жылдың наурыз айынан бастап ресейлік «S7» компаниясының ұшақтары Мәскеу, Новосібір, Петербург қалаларына бағыт алады деп жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта ұшақ билеттерінің құны тұрақталады деп ойлаймын. Бүгінде ең қымбат билеттің құны 45 мың теңге,- деді Семей қаласының халықаралық әуежай директоры Нұртай Оспанов.

Құралай Қайыржанқызы, Семей қаласы.

АУЫЛДАРДЫҢ БЮДЖЕТІ ҚАРАЛДЫ

24 мамыр күні Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс, жиырма алтыншы сессиясы өтіп, онда ауылдық округтердің алдағы екі жылға арналған бюджеті қаралды.

Сессияны ашқан депутат Сергей Покатилов әуелі әкімдіктің салалық бөлімдеріне тағайындалған басшыларды таныстырып өтті. Белгілі болғандай, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметіне Амантай Өтелбаев тағайындалса, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне Диляра Шайжүнісова жетекшілік етеді.

Одан әрі сессия төрағасы күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшті. Ауылдық округтердің бюджеті жөнінде Семей қаласы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова баяндама жасады. Семей өңіріне қарасты 14 ауылдық округ мен кенттер бар. Ауылдар мен шағын кенттердің шығыстары 416 млн. 29,5 мың теңгенің көлемінде. Приречный, Знаменка, Новобаженово, Озерки, Ертіс ауылдық округтері мен Шүлбі кенті бойынша 2018 жылға бекітілген бюджет 158 млн. 723 мың теңгені құрайды.

- Биылғы жылы Шүлбі кенті бойынша бюджет көлемін 17 млн. 92,5 мың теңгеге ұлғайту көзделіп отыр. Оның ішінде «Кент, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін қамтамасыз ету қызметтері» бағдарламасы бойынша аппаратты ұстауға, «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша саябақты көріктендіруге, «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасы бойынша Шүлбі кентінің клубын ұстау қызметтеріне шығындар арта түспек,- дейді Гүлжан Қайырханқызы.

Ал Приречный ауылының қазынасын 13 млн.722,4 мың теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, көлік және коммуникация функционалдық топтары бойынша, сондай-ақ Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде елді мекендерді жайластыру шараларын жүзеге асыруға шығыстар ұлғайтылмақ. Сонымен бірге Знаменка ауылдық округі бойынша 2018 жылы бюджет көлемі 4 млн.705,8 мың теңгеге артады. Аталмыш ауылдың жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтері, мемлекеттік органның күрделі шығыстары функционалдық топтары бойынша шығыстар ұлғайтылса, сумен жабдықтауды ұйымдастыруда шығыстар біршама азайтылады деп күтілуде.

Бес ауылдық округ пен бір кенттің 2018-2020 жылдарға арналған бюджетіне қатысты деректер тыңдалғаннан кейін, күн тәртібіндегі мәселені шешуге 19 депутат бір ауыздан қолдау білдірді.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

 

 

ОРМАНШЫЛАР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Семейге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шавхат Өтемісов, Ольга Шишигина, Евгений Козлов Спорт академиясында спортшылармен жүздесіп, «Нұр Отан» партиясының филиалында партия активімен және «Семей орманы» МОТР» ММ-де еңбекші ұжыммен кездесті. Кездесу барысында халық қалаулылары мәжілісте өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстар жөнінде ақпарат беріп, жоспарлармен таныстырды.

«Семей орманында» өткен жүздесуге халық қалаулыларымен бірге қала әкімі Ермак Сәлімов пен Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев және «Нұр Отан» партиясының  өкілдері қатысты. «Семей орманы» МОТР» ММ бас директоры Мұрат Давлетов 2003 жылы құрылған мемлекеттік табиғи резерваттың тарихына тоқталып, бүгінгі күнгі хал-ахуалы жөнінде мәлімет берді.

- Жалпы аумағы 663,6 мың гектарды қамтыса, оның 59 пайызы - орманды алқап. Мекеме құрамына 10 филиал енеді. 1995-2002 жылдары тілсіз жаудың кесірінен орманды алқаптың 20 пайызы өртеніп кеткен. Сол жылдардан бері қалпына келтіру жоспары жасалынып, орындалды, әлде де жалғасуда. 2003 жылы 44,0 га-ға қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе, 2017 жылы ол аумақ 3633 га-ға жеткен,- деп атап өтті Мұрат Қалибекұлы.

Басты міндеттері өрт қауіпсіздігі ережелерін назарға алып, орманды қорғау және тұқым, көшет отырғызу екенін атап өткен мекеме басшысы қолданып жатқан пилоттық әдіс-тәсілдері жөнінде хабардар етті. Сонымен қатар М.Давлетов шешімін таппай келе жатқан мәселелерді де айтты:

- Өзекті мәселе – орманшылар тапшылығы. Аға буынның зейнетке шығуына байланысты, маман жетіспеушілігі айқын аңғарылып отыр. Тракторист, дәнекерлеуші, темір жонушы, слесарь мамандары қажет. Тәжірибе жинақтаған білікті механизаторлардың жұмыстан шығып жатқаны жағдайды қиындата түсті. Ол жалақының аздығымен түсіндіріледі, сала мамандарының еңбекақысы мардымсыз. Сонымен қатар филиалдарда тұрғын үйдің аздығы мен мүлдем жоқтығы да проблема. Мамандарды баспанамен қамту мақсатында бағдарлама мен қаржы қажет. Сонымен қоса жұмыс барысында денсаулығына, өміріне төнген қауіп үшін сақтандыру қаржысы да қарастырылмаған. Өрт кезінде өмірімен қоштасқан орманшылар да болған. Сондықтан, құрметті депутаттар, осы мәселелердің шешім табуына атсалысуларыңызды сұраймыз.

Сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Шавхат Өтемісов аймақ халқымен жүздесудің өздері үшін тиімді екенін атап өтіп, атқарған жұмыстары жөнінде мағлұмат берді.

- Біздің басты мақсатымыз еліміздің бақуаттылығын арттыратын заң жобаларын шығару болса, қыркүйек айынан бастап 54 заң жобасын алдық және өткен сессиядан қалған 24 жобаны қосқанда, жиыны 78 жоба бойынша жұмыс жасадық. Олардың 42-сін қарап, Сенатқа жолдадық. Оның 25-іне ҚР Президенті қол қойып, қолданысқа енгізілді. Мұнымен қоса депутаттар қоғамдық өмірге белсене араласып, өзекті мәселелерді көтеріп, ҚР Үкіметіне сауал жолдайды. Қыркүйектен бері министрліктерге 136 проблемалы сұрақ жолданды,- деген Шавхат Әнесұлы қолданысқа енгізілген заң жобалары туралы толығырақ ақпаратқа қанықтырды.

Жиынға қатысқан қала басшысы да атқарылып жатқан жұмыстарға баға беріп, тарих қойнауына кеткен жыл семейліктер үшін табысты болғанын атап өтті.

- Өткен жыл қала экономикасы үшін ерекше жыл болды. Барлық әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштерімізді орындадық. Әрдайым Семей қаласының өзекті мәселесі жылу болса, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ол шешім тапты, жылу тұрақты түрде беріліп жатыр. Екінші, қаланың орталығындағы бірқатар көшелер жаңа технологиялар бойынша жөнделді. Биыл 1,5 млрд. теңге бөлініп, осы бағыттағы бастамалар жалғаспақ. Келесі, жолаушылар тасымалы бойынша маршруттық бағыттар оңтайландырылған. Бұл жылы жолаушы тасымалдаушыларға конкурс жариялаймыз, басты шарты жаңартылған автобустар мен қызмет сапасы болмақ. Жаңа жылдың алдында 20 жаңа автобусымен жаңа тасымалдаушы жұмысқа кірісті,- деп атап өткен Ермак Бидахметұлы 2018 жылдың жоспарларымен бөлісті.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

СЕНАТОР СЕРПІНДІ ІСТЕРДІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мағауяұлы Мусин өткен аптада Шығыс Қазақстан облысының Жарма және Үржар аудандарына арнайы жұмыс сапарымен барып қайтты. Сенатор екі ауданда да бірнеше кездесу өткізіп, жоғары палатада атқарылып жатқан жұмыстармен жан-жақты таныстырып өтті.

Жармада өткен жиында аудан әкімі Нұрлан Сыдықов ауыл шаруашылығы саласының жыл санап салмағы артып, ілкімді істер кезеңмен жүзеге асырылып келе жатқанын жеткізді. Аудан басшысының баяндауынша, өткен жылы 20 млрд. теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілген. Егін де бітік шығып, гектарына 14 центнерден өнім алынған. Ет өндірісін өркендетуде «Сембеллге» сенім артуға болады.

Сенатор өз кезегінде жармалықтарды Жаңа жылмен құттықтап, Айтуған Бектұрғанұлы Омаровты аудандағы қоғамдық көмекшісі ретінде таныстырып, арнайы куәлікті табыс етті.

Ауданның экономикалық-әлеуметтік салаларындағы жетістіктерді жоғары бағалаған Дүйсенғазы Мағауяұлы мемлекеттік бағдарламалардың сәтті іске асып жатқанын да атап өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы баянды істерді оң бағалай келе, Сенат қабырғасында өткен жылы қаралған және қабылданған заң жобаларымен таныстырды.

Бұл ретте Дүйсенғазы Мусин «Жайылым туралы» Заңды кеңінен тарқатып берді. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген аталмыш Заң орманды алқаптар, су қорлары, ерекше қорғаудағы жерлердің шөбін шауып, мал бағуға пайдалануды жетілдіруге негізделгенін жеткізді. Сондай-ақ «Ветеринария туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралғанын да тілке тиек етті. Ветеринариялық бақылау сапасы мен азық-түлік қауіпсіздігіне негізделген заң жобасы отандық ветеринария саласын халықаралық талаптарға сәйкестендіруді көздейді. Осы заң жобаларын жүзеге асыру жолында Жер және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстеріне, сол сияқты «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы», «Ветеринария туралы», «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр.

Дүйсенғазы Мусин 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына да тоқталды. Сенатордың сөзіне қарағанда, 2017 жылдың қаңтар – қараша айларында ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға өскен, немесе 3,8 трлн. теңгені құраған екен. Сол сияқты мал шаруашылығының өнімін өндіру көлемі 3,6 пайызға артып, 1,6 трлн. теңгені құраса, өсімдік шаруашылығы 1,4 пайызға өсіп, 2,3 трлн. теңгеге жеткен. Аталған мерзім ішінде азық-түлік өндіру ісінде де ілгерілеушілік байқалады. Дүйсенғазы Мағауяұлы атап өткендей, өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімділігі бойынша Павлодар, Қызылорда және Маңғыстау облыстары ерекшеленген.

Дүйсенғазы Мағауяұлы баламалы энергияны пайдалануға бағытталған өңірлік жобаларды жоғары бағалады. Бұл ретте Жарманың «жасыл экономика» бағытындағы бүгінгі қадамының бастауы болып табылатын желден электр қуатын өндіруге негізделген «Zharma energy» компаниясының және күннен электр қуатын өндіруді көздейтін «Жангиз Солар» ЖШС жобаларының тиімділігін атап өтті. Тың жобалар республикадағы Үдемелі индустриялы-инновациялық даму жұмыстарын үйлестіру жөніндегі комиссияның назарына ұсынуға әбден лайық екенін жеткізді. Айта кету керек, ШҚО бойынша табиғатты адамзат игілігіне жаратуға бағытталған 4 жоба ұсынылып отыр. Оның екеуі Жарманың еншісінде.

Дүйсенғазы Мусин Үржар ауданында да бірнеше кездесу өткізді. Аудан активімен кездесу барысында аудан әкімі Серік Зайнулдин әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, облыс бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің 11,5 пайызы Үржар ауданына тиесілі екенін жеткізді.

Сондай–ақ Сенатор аудандық тарихи-өлкентану музейінде жастармен жүздесті. Жалынды жастармен кездесу кезінде Дүйсенғазы Мағауяұлы кез келген іс пен жұмыстың орындалуы талмас жастық жігер мен озық білімді қажет ететінін айтып, жастар қауымы әрдайым береке-бірлікте болса, алынбайтын қамал жоқ екенін тілге тиек етті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің облыста сүт қабылдау пункттерін ашу жөніндегі тапсырмасы негізінде іске қосылған «Арыстанбек» ЖШС-не аялдаған Дүйсенғазы Мағауяұлы өндірістің жұмыс барысымен танысты.

Сенатордың Үржардағы сапары «Алғабас» шаруа қожалығында түйінделді. Аудандағы жұмыс сапарын қорытындылаған Дүйсенғазы Мусин Үржардың даму көрсеткішін жоғары бағалады.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

Нұрсұлтан ЕСЕМБАЕВ,

«Семей таңы»

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ – БАСТЫ САЛАЛАРҒА

Семей қалалық мәслихатының кезекті, ХХІ сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, Семей қалалықҚоғамдық кеңесінің төрағасы Қайноллан Мусин және қала әкімінің орынбасарлары, қоғамдықұйым өкілдері, қалалық әкімдік қызметкерлері қатысты.

Сессия жұмысында халыққалаулыларының назарына үш мәселе ұсынылды. Қалалық мәслихаттың 2018 жылға арналған жұмыс жоспары жайында Бейсенбек Ақжалов айтып өтті. Семей қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова баяндама жасады. Өз сөзінде ол шаһардың 2018 жылға арналған бюджет көлемі 39,5 млрд. теңге екенін жеткізді.

Жылу электр жүйесі мен Новобаженово ауылындағы су желілері құрылысын аяқтауға, Қарағайлы ықшам ауданындағы 6 тұрғын үйдіңқұрылысына, «Затон» су бөгетіне және ауылдан келген мамандарды әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен 2,3 млрд. теңге бөлінген. Ал облыстық бюджеттен қарастырылған 13,6 млрд. теңге Жамақаев көшесінен Шмидт көшесіне дейінгі аралықтағы Ленин көшесін абаттандыруға, Мичурин көшесін толық жөндеуден өткізуге, «Абай Арена» мәдени-спорт кешенініңқұрылысына, Қарағайлы ауданындағы 8 тұрғын үйдіңқұрылысына, арнайы санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдауға және білім саласына жұмсалмақ. Сондай-ақ РК-1 және №1 ЖЭО-ныңқазандықтары, РК-3 жылу қазандығымен қоса, Мелькомбинат көшесінде орналасқан 54 пәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы, Смычка көлінен Энергетик кентіне дейін су тарту жұмыстары, 3-көтерілімдегі сусорғы станциясы, РК-3 жылу қазандығы және Заезд Азат көшесіндегі тұрғын үйлердің электр желілері қалалық бюджет есебінен жөндеуден өтеді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Еще статьи...