Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 99 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • ШҚО әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

    ШҚО әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

  • Терроризм - адамзатқа қарсы қылмыс: басылымдар көрмесі

    22 маусым күні Абай атындағы кітапхананың оқу залы Семей медициналық университеттің студенттері мен кітапхана пайдаланушыларына арналған «Терроризм - адамзатқа қарсы қылмыс» тақырыбындағы басылымдар көрмесін ұйымдастырылды.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлының бай әдеби мұрасы

    Ағымдағы жылдың 20 маусым күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдау аясында Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған іс-шара «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де әлеуметтік қызметкерлер мен бөлімше меңгерушілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты, әріптестерді ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home СҰХБАТТАР

СҰХБАТТАР

Сүлеймен МЕДЕУОВ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ТАБАНДЫЛЫҚ КЕРЕК

Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы керек. Өйткені атқарушы билік пен халық арасын жалғайтын - мемлекеттік қызметшілер. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білімі мен біліктілігіне, адамгершілігі мен тәлім-тәрбиесіне айтарлықтай назар аударылып келеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы өзінің Жолдауларында Тәуелсіздігімізді баянды етуде мемлекеттік қызметшілердің міндеттеріне айрықша тоқталуы да осының айқын дәлелі. Семей қаласында «Біздің міндет – халыққа қызмет» деген қағиданы өмірлік серігі еткен алдыңғы буынның алғы шебіндегі мемлекеттік қызметшілердің бірі – Сүлеймен Медеуов. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада өмірлік тәжірибесі мол Сүлеймен Медеуұлымен өрбіген сұхбатта мемлекеттік қызметшілерге жүктелген зор жауапкершіліктің қаншалықты екенін аңғарғандаймыз.

- Сүлеймен Медеуұлы, Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналған. Заманауи мемлекет құруда кәсіби аппараттың рөлі өте зор. Маңызды құжат мемлекеттік қызметшіге нендей  міндет жүктеп отыр?

- Сауалыңыз орынды. Елбасы мемлекет дамуының ең басты кілті басқарушылық тетіктерде тұрғанын атап көрсетуде. Осы ретте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналғанын білесіздер. Айта кетуіміз керек, «Мәңгілік Ел» идеясын ел санасына қалыптастыратын да, ілгері апаратын да мемлекеттік қызметшілер. Осы ретте мемлекеттік қызметшілер халыққа сапалы қызмет көрсетуді басты міндеті етіп алып отыр. Сондықтан да тұрғындарға «бір терезе» жүйесі арқылы қызмет көрсетілуде. Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылды. Айталық, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жер кадастры мен жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы біріктіріліп, жоғарыда аталған жүйе арқылы қызметтерін ұсынуда. Бір айта кетерлігі, ондағы қызмет көрсететін мамандардың біліктілігіне баса назар аударуымыз керек. Өйткені олар халықпен тікелей жұмыс жасайды. Әсіресе жас мамандардың біліктілігін арттырып отыруымыз керек. Мемлекет басшысы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіруді, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету ісін қадағалауды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды тапсырғаны белгілі. Соған сәйкес кедергісіз қызмет көрсету, Интернет желісі арқылы кезекті брондау басты назарға алынған. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет сапасын арттыруды жаңғырту және ыңғайландыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Бір сөзбен айтқанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын одан әрі жетілдіру мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

- Маңызды құжатта: «Мемлекеттік қызметке қабылдау ең төменгі лауазымдардан басталуы тиіс»,- деп айтылған. Бұл мықты кадр қалыптастыру жолындағы жасалған игі қадам емес пе?..

- Кәсіби аппарат құрудың 15 қадамы азаматтарды мемлекеттік қызметке алғаш қабылдау рәсімінен бастап оларды кешенді аттестаттауға дейінгі аралықты қамтиды. Мысалы, ауылдық әкімдіктегі қызметтен бастап, биліктің аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі барлық баспалдақтарынан өткен және осы кезеңдерде үлкен тәжірибе жинақтаған мемлекеттік қызметкердің алғаш басынан өткен қиындықтары, тапсырмалар мен сынақтар, әр баспалдақ сайын кездесетін тосын сәттер ұмытылмасы, көкейінде сайрап тұрары анық. Төменнен бастаған азамат жергілікті жерде халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін терең түсініп, қоян-қолтық жұмыс істеп, олардың мәселелерін тап-тұйнақтай шеше алады. Ол үшін білім, кәсіби тәжірибе қажет екені анық. Қызметке деген адалдық, еңбексүйгіштік, Отанға деген патриотизм – Елбасының мемлекеттік қызметкерлер алдына үнемі қойып келе жатқан талабы. Енді осы қасиеттер мемлекеттік қызметтің есігін алғаш аттаған жас маманның бойына нақты қадамдар арқылы сіңірілмек. Кеңес үкіметі тұсында да төменгі лауазымнан өтпеген жағдайда жоғары қызметке ауыстырмайтын еді. Бұл өте дұрыс. Себебі төменнен бастаған адам төменде не болып жатқанын біледі. Жағдайлардың барлығын да біліп отырады. Бір сөзбен айтқанда, бұл реформа – азаматтардың құқықтарын құрметтейтіндей және олардың заңды мүдделеріне қызмет ететіндей мөлдір де тиімді модельді қалыптастырады.

- Сүлеймен Медеуұлы, осы ретте қызметкерлердің біліктілігі арттырылып отыратын шығар? Өзге емес, бір ғана өзіміздің Семей қаласы жайын меңзеп отырмын.

- Әрине, әр сала мамандары облыс орталығы Өскемен қаласында үш жылда бір рет сынақтан өткізіліп отырады. Бұдан өзге екі жыл сайын біліктілігін арттырып, арнайы оқып шығады. Бұл жұмыстар мамандардың біліктілігін арттыруға септігін тигізері анық.

- Ұлт жоспарының 13-ші қадамында жемқорлыққа қарсы күрсеті күшейту мәселесі көтерілген. Сіздіңше, жемқорлықпен күресті неден бастау керек?

- Ел сенген өкілдер – біз, мемлекеттік қызметшілер, бұл мәселелерге ерекше көңіл аударуға тиіспіз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – үнемі көтеріліп келе жатқан мәселелердің бірі. Негізі, қолы таза емес адамдар мемлекеттіқ қызметте жұмыс істемеуі керек.

– Көптеген азаматтар, мемлекеттік қызмет пен жеке секторда жұмыс істеу мүмкіндігі туған сәтте, жеке сектор ұсынған жұмысты таңдап жатады. Мұның себебі неде?

- Дұрыс айтасыз. Бұл жерде ең бірінші себеп - мемлекеттік қызметтің табысының аздығы. Адам дұрыс өмір сүріп, отбасын асырауы үшін, айлық табысы жетіп тұруы керек. Дегенмен өткен жылы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 25 пайызға көтерілді. Бұл мәселе өз деңгейімен шешіліп келе жатыр деуге болады. Біз оған, әрине, ризамыз. Әйтсе де мемлекеттік мекемеде жұмыс істеп отырған азаматтар мен азаматшалардың табыстары алдағы уақытта да көтерілсе екен дейміз. Онда ол келіп тұрған адамға тәуелді болмас еді. «Тұрмыс адамның санасын билейді» деп бекер айтылмаса керек. Тұрмыс сананы билемеу үшін, олардың жалақыларына көңіл аударуымыз керек.

- Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейі қаншалықты? Бұл жөнінде Елбасы ұдайы айтып келеді.

- Мемлекеттік тіл – халқымызды біріктіріп, оны «Мәңгілік Ел» идеясының айналасында топтастыратын үлкен құрал. Ал мемлекеттік қызметшілер қоғамның алдыңғы саптағы озық ойлы, мәдениеті терең, білімді санаты ретінде Елбасының тапсырмасын бірінші кезекте орындаулары керек. Туған тіл – тұғырымыз. Тау қыраны Расул Гамзатов: «Егер менің тілім ертең жойылар болса, мен бүгін өлуге даярмын»,- депті. Қазір қалада жұмыс істеп жатқан азаматтардың көбі ауылдан өсіп жетілгендер. Ал қазіргі алмағайып заманда барлығын бір күнде мемлекеттік тілге аудару мүмкін емес. Келген хаттарды қай тілде алатын болсақ, сол тілде жауап береміз. Дегенмен ішкі құжаттар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қазір тәуелсіз Қазақстанда мемлекеттік тілге үлкен мән берілуде. Өзге ұлттың арасынан мемлекеттік тілді еркін меңгергендерді де көріп жүрміз. Бұл өте қуанышты.

- Мемлекеттік қызметшінің бойында қандай қасиеттер болуы керек.

- Ең бірінші, адамға табандылық, білім керек. Бұл жерде тәжірибе мен сауаттылық та ерекше маңызға ие. Ұстамды, рухы жоғары азаматтар ортамызда көбірек болса игі.  Осының барлығы сайып келгенде мемлекеттік қызметшінің бейнесін қалыптастырады.

– Сүлеймен Медеуұлы, мемлекет мәртебесі мен ел игілігі жолында атқарып жатқан қызметтеріңізге толайым табыстар тілейміз.

Сұхбаттасқан Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы».

Зәуреш Исабаева: МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕЛЕРДІ ӨТКІЗУДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖОСПАР БАР

Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында атап өткендей, 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы және Ұлы Абайдың 170 жылдығы сияқты мерейлі мезеттер дәл биылғы жылы аталып өтілетіндігі бастапқы сөзімізге дәлел болмақ. Ал Семей қаласы – Ұлылардың мекені, еліміздің рухани орталығы болғандықтан, қалада аталмыш мерейлі мерекелерге арнал-ған ауқымды шаралардың көптеп ұйымдастырылатыны айтпаса да түсінікті. Ел көлеміндегі елеулі мерекелердің Семей қаласында өтуі, ұйымдастырылуы тұрғысында арнайы жұмыс тобы құрылып, жылдық жоспарлар әзірленіп, жұмыс басталып кетті. Осы ретте Семей қаласында атқарылатын ауқымды шаралардың өту барысы жайында Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Рамазанқызы Исабаевамен сұхбаттасқан едік.

- Зәуреш Рамазанқызы, биылғы жылы аталып өтілетін басты мерекелерге арнайы жұмыс тобы құрылып, осы уақытқа дейін бірнеше мәрте бас қосып, жұмыс кеңестерін өткіздіңіздер. Жалпы, Семей қаласында Елбасы Жолдауында айтылған басты мерекелерді атап өтуде қандай шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде?

- Дұрыс айтасыз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылы қараша айында жариялаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында бірнеше тарихи-идеологиялық маңызы бар даталарды атап өтті. Олар: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конститу-циясының 20 жылдығы және Ұлы Абайдың 170 жылдығы.

Бұл мерейтойлар еліміз бен қаламыз үшін аса маңызды, сондықтан олардың лайықты деңгейде аталуы үшін қала әкімінің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылып, үш кездесу өтті. Күн тәртібінде мерейтойға қатысты іс-шаралар пысықталды. Бір айта кетерлігі, іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында жергілікті телеарналар арқылы хабарламалар беріліп, халықтың пікірлері мен тілектері де ескерілді. Нәтижесінде бес атаулы датаға байланысты тиісті іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, бүгінгі күні іске асырылуда.

Жалпы, жоспарланған шаралар қала, ауылдық елдімекендерді, облыс, республика және іргелес жатқан Ресей Федерациясының қалаларын қамтуды көздейді. Негізгі бағыттары рухани-танымдық және мәдени-бұқаралық сипатқа ие. Жыл көлемінде республика, халықаралық деңгейде конференциялар, тақырыптық  дөңгелек үстелдер, кездесулер, мерекелік концерттер мен    театрландырылған қойылымдар, жастардың патриоттық акцияларын, шығармашылық байқаулар, танымдық кештер өткізу жоспарланды.

Іс-шаралардың барлығы мәдени-көпшілік орындарда өтетіндіктен, қала халқының бос уақытын тиімді пайдалануға зор септігін   тигізетін болады.

*

№3 перзентхананың Бас дәрігері Думан Берікұлы:

АРУЛАРҒА АНА БОЛУ БАҚЫТЫН ТІЛЕЙМІН

- Думан Берікұлы, 8 Наурыз – Халық- аралық әйелдер күні мерекесімен ең бірінші кімді құттықтайсыз?

- Ең бірінші үйдегі анамнан бастап жарымды, қарындастарымды құттықтаймын. Одан кейін бірге жұмыс жасап жүрген ұжымдағы әйел адамдарды құттықтаймын. Айта кету керек, перзент-ханада жататындар тек қана әйел заты болғандықтан, мекемеміздегі қызметкерлердің 95 пайызы нәзік жандылар.

- Есіңізде қалған «ерекше 8 Нау-рыз» туралы айтып берсеңіз.

- Осыдан 5-6 жыл бұрын досым екеуі-міз 8 наурыз күні мерекемен құттықтайық деп оның болашақ жарының ауылына барған едік. Алайда, сол күні қатты боран соғып, ауа райы жол жүруге қиындық туғызған еді. Дегенмен, бұрқасынға қарамай, жолымыздан қалмадық. Шынымды айтсам, сол 8 наурыз ғана есімде қалыпты. Басқа ауыз толтырып айтарлықтай ерекше қызықты оқиғалар бола қойған жоқ.

*

Семей қалалық қаржы  бөлімінің

басшысы Роза Кәкімова:

ӘЙЕЛ ЖАНЫ ӘДЕППЕНЕН ӘДЕМІ

- Роза Құдайбергенқызы, Сіз үшін 8 наурыз несімен ерекшеленеді?

- Шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі ғой. Қыс аяқталып, көктемнің лебі сезіледі. Көктемде тіршілік оянып, айнала жаңарады. Адамзат баласының бойында көктеммен бірге бір мейірім, жылылық, тіпті, белсенділік ояна бастайды. Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыздың орыны бөлек. Бұл мерекенің тек нәзік жандар үшін ғана емес, бүкіл адамзат баласына ерекше қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Себебі, бұл күн - әлемді мейірімділік пен сұлулыққа бөлеген әйел-аналар мерекесі. Барлығымыздың аналарымыздың, әпке-сіңлілеріміздің мерекесі.

- Осы айтулы мерекеде ең бірінші кімді құттықтайсыз?

- Әрбір адам баласы үшін ананың алақанының жылуынан артық ештеңе жоқ қой. Мереке күні ең алдымен анамды мерекесімен құттықтап, жылы лебізімді білдіруге асығамын.

Ерекше есіңізде қалған 8 наурыз мерекесі және ерекше сый...

- Мен үшін өмірдегі ең үлкен, ерекше сый ұлымның бірінші сыныпта оқып жүргенде қолдан жасап сыйлаған мерекелік ашықхаты.  Сол кезде өте қатты қуандым, ұлымның бал-бұл жанған жүзі әлі есімде. Әр мереке сайын баланың берген әр сыйы ана үшін қымбат, мәңгі жадында жатталады.

- Қоғамдағы әйел-ананың рөлі туралы не айтасыз?

- Қазіргі таңда нәзік жандылар барлық салада белсенділік танытуда. Ең ауыр деген жұмыстарға аналар араласады. «Қыздың қырық жаны бар»  деген ғой, халқымыз. Әйел адам өмірге ұрпақ әкеліп, бала тәрбиелеп, отбасы-ошақ қасында ғана отырған жоқ, еңбекке де араласуда. Қоғамда тың идеялардың туындауына да себепкер. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Әйел адам жүрген жерде жинақылық, тәртіп болады. Нәзік жанды басшы болса, ол ана ретінде ұжымға мейіріммен қарайды. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, жастар болса, жігерлендіруге тырысады, ана ретінде қолдау көрсетеді.

- «Нәзік жанды» сұлулықтың символы іспетті. Сіз сұлулығыңызды қалай сақтайсыз? Сұлулық салондарына барасыз ба?

- Уақыт тапшы ғой, десе де, сұлулық салондарына жиі барамын. Сыртқы келбетіме мән беремін. Әйел заты тән сұлулығымен ғана масаттанбауы керек, ішкі рухани жан дүниесі де әдемі болуы керек.

 

*

Шаған Манапұлы Жұмақсанов,

Семей қаласы әкімі аппараты басшысы

ЖАНҰЯНЫҢ ЖЫЛУ АНАЛАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

- Шаған Манапұлы, көктемнің ең ал-ғашқы мерекесі 8 Наурыздың орыны да, жөні де бөлек қой. Атаулы күнге деген көзқарасыңызды білсек?

- Біріншіден, барлығымызды да дүниеге әкелген алтын құрсақты қазақтың аналары аман болсын. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен де ана. “Жұмақтың кілтін іздесең, ананың табанының астынан табасың” деген нақыл да бекерге айтламаған болар.  Қазіргі қоғамда қыз балалардың да орыны бөлек. Қандай қызмет істеймін десе де ер азаматтармен тең дәрежеде еңбек етуге қоғамда барлық жағдай жасалған. Бірақ, мен айтар едім дүниеге қыз бала болып келгеннен кейін ана болу әр нәзік жандылардың міндеті. Біздің келешек ұрпағымызды дүниеге әкелетін, тәрбиелейтін де нәзік жандылар. Қазақта «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегенде бекерге айтылмаған. Ер азаматтар түздің адамы. Ал  ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі күш әйелдер қауымының еншісінде.

Сондықтан, келе жатқан 8 наурыз мерекесіне, көктемнің алғашқы мерекесінде Семей қаласындағы үлкен апайларымызды, замандастарымызды, бірге жүрген ортамызды және қарындастармыздың барлығын айтулы мерекемен құттықтаймын. Әдемі жүздерінен күлкі кетпесін. Дендері сау, жанұяларында жылылық болып, бақытты болсын. Жанұя жайында   айтылғанда, қыз балаларсыз, әйелсіз өмірдің қызығы жоқ екендігін тағы да айтқым келеді. Әр нәзік жан иесін жайқалып өсіп тұрған гүл деп аялағанымыз жөн.

- Жеңгеміз Дана Бақтыбайқызына жыл сайын мерекеде сыйлық ұсынып, көңіліңізді білдіріп жататыныңызды білеміз. Ал, сыйлық таңдауда талғампаздық керек қой?

- Әйел адам әр жанұяның бақыты. Шаңырықтың шаттығы, бала – шағаның тәрбиесінде әйел адамның әсері көп деп санаймын. Сондықтан да, өзім жыл сайын көктемнің ал-ғашқы мерекесінде жарым Дана Бақтыбайқызына заманымызға сай сыйлық ұсынамын.  Махаббатыңды, жанұяңа деген жылылықты әлбетте ыстық ықыласпен, көңілмен білдіресің ғой. Сол сияқты менде мерекеде әдемі роза гүлін алып, сыйлығымды алып, өзімнің лебізімді білдіремін. Сыйлық – адамның көңілі деп білемін. Сыйлықпен адамның махаббаты да шектелмейді. Бізде жанұялық дәстүр десе де болады. Жылда сыйлықты екі қызым мен ұлым Ілияспен таңдап, аналарына сыйлық жасаймыз. Жарыма сыйлық таңдар кезде екі қызым Мира мен Ажарды ертіп алып, анасының көңілінен шығатын сыйлық жасауға тырысамыз. Ал қыздарыма сыйлық алар сәтте жарыммен ақылдасамын. Биыл біраз қиындау болайын деп тұр. Мира да, Ажар да Астанада тұрады. Барлығы да қызметте. Сондықтан, биыл қара шаңырақтың кенжесі Ілияс екеуміз біраз қиналатын сияқтымыз. Ұлыма ұнаған сыйды алып,  Ілияс екеуміз Дана Бақтыбайқызына сыйлық жасамақ ойымыз бар. Оның үстіне  жарымның талғамын да жақсы білемін. Шамам келгенше оның көңілінен шығатын сыйлық жасаймын деп ойлаймын. Дана сыйлықтың үлкендігіне, қаржысының қомақтылығына қарамайтын жан. Ол адамның көңіліне, пейіліне қарайтын адам.