Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 79 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Семей қалалық соты мен медиацияны дамыту орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Семей қалалық сотының төрағасы Н.Б.Әбдікәрімов пен Астана қаласының «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласының өкілі Б.Д.Кенжина жанжалдарды шешудің медиация және басқа да балама әдістерін дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

  • Жүлделі орынмен қайтып келді!

    Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығының оқушылар командасынан құралған 2 жас натуралистер Жунусова Ляззат Кайратовнаның жетекшілігімен №17 ЖОББМ оқушысы Киякпаева Дильназ, Вощакина Дарья Николаевнаның жектекшілігімен № 1 ЖОББМ оқушысы Жерздева Екатерина 2018 жылдың 17 қарашасы Өскемен қаласында өткен «Таза қоршаған орта - «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асыру негізінде» «Дарын» облыстық өңірлік ғылыми – практикалық орталығының бағыты бойынша облыстық байқауына қатыст

  • «Отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты пікірталас өткізілді

    Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жастардың құқықтық білім деңгейін арттыру, гендерлік мәдениетке тәрбиелеу мақсатында Радиотехника және байланыс колледжінің 1-2 курс студенттерімен «Отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты пікірталас өткізілді.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home БАС РЕДАКТОР БАҒАНЫ

БАС РЕДАКТОР БАҒАНЫ

АБАЙДЫ ТАҒЫ ДА АЯҚҚА ТАПТАТТЫҚ

Төрт жыл бұрын қазақтың Бас ақынын ергежейлі етіп жасап, халықтың намысын таптаған мүсіншінің ұрпақтары бізді тағы мазақ етті

Велосипед пен мотоцикл сүйікті көлігі екенін көпшілікке білдіріп, грейдерге отырып қар тазалап, көптің назарын өзіне тәуір-ақ аударған бұрынғы әкім Қуат Тұмабаев қызметінен кетті. Қайда кеткенін білмейміз, ал не үшін кеткені оқырмандарға белгілі болғандықтан, қайталап айтып жатпаймыз...

Ал бүгінгі әңгіме бұрынғы емес, бүгінгі әкім жайлы болмақ. Сонымен, үстіміздегі жылдың тамыз айының соңында сол уақытқа дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған  Жақсылық Омар Өскемен қаласына басшылыққа тағайындалды.

Жаңа әкімді Қазақстанның шығысындағы халыққа бейтаныс азамат деп айтуға келмес. Жақсылық Омарды халық Шығыс Қазақстан облысын басқарып тұрған шақта Өскеменге қазақылықтың қаймағын ұйытып, ұлттың рухын асқақтатқан, өз елінде өгей баладай күй кешкен бауырларымыздың еңсесін Абайдың рухымен көтеріп, шығыстың қақпасын Қабанбайға күзеттіріп кеткен Бердібек Сапарбаевтың тәрбиесін көрген шәкірті деп біледі. Жақсылық Омар Өскеменге келеді дегенді ұзынқұлақтан естіген көпшілік шәкірті ұстазынан аса тумаса да үйренгені бар шығар деген үмітпен қарсы алған.

Жақсылық Мұқашұлы Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Жас болса да бас болып, біраз лауазымды қызмет атқарғанын өмірбаян деректерінен байқау қиын емес. Шығыс Қазақстанды Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев басқарып тұрған шақта, 2009-2010 жылдары облыс әкімінің көмекшісі, 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болып, 2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы, 2013 жылдан бастап біраз уақыт Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарғанын көпшілік ұмыта қойған жоқ.

Сонымен, Өскемен қаласының жаңа тағайындалған әкімі Жасылық Омар қызметін неден бастады? «15 қыркүйек 13 қазан аралығында, күзгі тазалық айлығы аясында сенбілік өткізіп, қала сыртындағы Аблакетка, Меновное, Согра, Мирный кенттерінің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмысына қатысты» дей келіп, колледж студенттерімен бірге, қала әкімі Жақсылық Омардың да сенбіліктегі суреті әлеуметтік желіде жарқ ете қалды. Бірлі-жарым, Жақсылыққа жақсы көрінгісі келгендер «желпініп» қолпаштап жатса, басым көпшіліктің үнсіз қалғанын байқау қиын емес еді... Ешкім таң қалған жоқ. (Қуат Тұмабаевтан кейін өскемендіктерді таң қалдыру қиын да сияқты...)

Көп кешікпей Өскеменнің жаңа әкімі Жақсылық Омардың қоқыста жатқан Абайдың кеуде мүсінін 500 мың теңгеге сатып алғаны жайлы ALTAYNEWS сайтының ақпараты көпшілік назарын тағы бір аударды. Жаңа әкімге жаққысы келген бірлі-жарым топ мұны жағымды жаңалық, Жақсылықты «ұлтжанды азамат» деп тағы бір мәрте жаһанға жар салды. Аталған ескерткішті жасауға осыдан төрт жыл уақыт бұрын, яғни Жақсылық Омар облыстың бас идеологі болып тұрған шақта Шемонайха ауданының әкімдігі тапсырыс беріп, билік ауысқан кезде сұраныс болмай қалған көрінеді. Айтпақшы, сол жылы болған тағы бір елді дүр сілкіндірген аты шулы жағдай Өскеменде тәулікке жетпейтін уақыт қана тұрып, халықтың наразылығынан кейін алынып тасталған, ғұмыры ең қысқа ескерткіш ретінде Гиннестер кітабына тіркеуге лайықты Абай мен Михаэлистің бейнесі болатын. Аталған мүсінді жасаған да бүгін қоқыста жатқан жұмыстың авторы екен.

Сонымен, төрт жыл бойы қоқыста жатқан ескерткіштің Жақсылық Мұқашұлы келген бетте көзге түсуі кездейсоқтық па, әлде ұлтжанды әкім ретінде танылу үшін арнайы іздеп тауып жасалған кезекті пиар ма? (Соңғысы ақиқатқа жақындау сияқты...)

Марқұм болған мүсін авторының кіші ұлы Владимир Самойловтың қоқысынан Ұлы ақынның тастан қашалған бейнесін Жақсылық Омар сатып алуға тапсырма берген көрінеді...???

Төрт жыл бұрын қазақтың Бас ақынын ергежейлі етіп жасап, халықтың намысын таптаған мүсінші және оның ұрпақтары бізді тағы мазақ етті. Олай демеске амал жоқ. Неге Абайды қоқысқа тастайды? «Қазақтың бойтұмары» болып отырған ақын бабаны аяқ асты етіп, күлтөкпеге тастағандарға не үшін ақша беріп мүсінді сатып алу қажет болды? Жерімізді басып, суымызды ішіп, ардақтыларымызды қоқысқа тастау қазақ деген ұлтты аяққа таптау емес пе? Ендеше оларға «қазақ» деген халықты мазақ еткені үшін айыппұл төлету керек.

Өсу үшін бөсуді әдетке айналдырған жас шенеуніктердің қоқыста жатқан Абай емес, қазақтың намысы екенін ұқпай отырғаны өкінішті. Сырт көзге бірі велосипедке, екіншісі атқа бұт артып, өндірістік қаланы ойыншық дүкеніне айналдырып жатқан жастарға үлкен сенім жүктелді-ау.. Ал намыс деген ұғымды, бойында жоқ болса, ешқандай кітап санаға сіңіре алмайтыны анық...

Жақсылық бауырым, Өскеменде білекті сыбанып шыққан сенбілікпен де, атпен де, велосипедпен де, мотоцикл, грейдермен де көзге түскенмен, алысқа бара алмайсың. Сізге дейін болған әкім халыққа ол «өнерді» сан қырынан көрсетіп қойған. Халық өзіңді Бердібек Сапарбаев сияқты ұлтжанды әкімнің шәкірті деп біледі.   Жас болса да бас болуға лайықты деп сеніп тапсырылған бұл үмітті қаншалықты ақтай аласың - оны уақыттың төрелігіне тапсырдық. Әлі де ұлтқа қызмет етеді деген үміт көп.

Риза МОЛДАШЕВА.

 

БАСЫЛЫМ ОҚЫРМАНЫМЕН БАЙ

Қаржылық дағдарыс, уақыт алға тартып отырған әртүрлі қиыншылықтар барлық салаға салқынын тигізіп отырғандығын айтып жату да артық болар. Дегенмен, рухани дағдарыстан сақтасын деп тілейміз. Өтпелі кезеңнің өткелінен сүрінбей өту, елдігімізді сақтап қалу, Елбасы жүргізіп отырған салиқалы саясатты халыққа дұрыс жеткізу ел басқарып отырған, ұлтқа ұл болудың міндетін жақсы түсінген азаматтардың парасат деңгейіне байланысты екендігі белгілі. Ұлы Даламыздың ұлтына жаны ашитын, ойы зерек,  санасы сергек ұлдары ана тілінде шығатын  ақпарат құралдары арқылы бұқарамен байланысып, қолдау болудың маңызын біледі. Баспасөздің бұқарамен байланысын жақсарту мақсатында әр қазақ отбасының     газетті жаздырып алу ісіне ұйытқы болатын да, негізінен, ел басқарып отырған осындай азаматтар. Жылма-жыл баспасөзге жазылу барысында облыс айнасы  «Семей таңы» газеті ұлт намысын жоғары қоятын азаматтар тарапынан қолдауды сезініп келеді.

Басшылыққа тағайындалған алғашқы күннен бастап Семей қаласын ерекше назарында ұстап, Алаш арыстары негізін салған «Семей таңы» газетіне өз тарапынан қолдау жасап  келе жатқан облыс әкімі ДАНИАЛ КЕНЖЕТАЙҰЛЫ АХМЕТОВКЕ алғысымыз шексіз!

2016 жылдың бірінші жартыжылдығына баспасөзге жазылу науқаны аяқталды. «Балапанды күзде сана» демекші, тұрмыстың ауырлау кезеңіне қарамастан, таралым санының азаймағандығы - көңілге демеу. Бұл орайда Семей қаласының әкімі ЕРМАК БИДАХМЕТҰЛЫ СӘЛІМОВКЕ, облысымыздағы экономикалық тұрғыдан өркендеудің  алдыңғы қатарынан көрініп келе жатқан, халқы 5000 дана «Семей таңы» газетіне жазылған тәжірибелі басшы ҮРЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СЕРІК ЗИНАБЕКҰЛЫ ЗАЙНУЛДИНГЕ, 2500 оқырманы бар  Тарбағатай ауданымен басылым арқылы байланысты жақындатқан ДІЛДАБЕК ТӘЖІБАЙ-ҰЛЫ ОРАЗБАЕВҚА, бұрын 500 дана шамасында ғана болған «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттері таралымының 2000 данаға жетуіне қолдаушы болған Жарма ауданының әкімі НҰРЛАН БӘТТАШҰЛЫ СЫДЫҚОВҚА, ұлы Абай елінде еңбегімен халықтың құрметіне бөленіп жүрген ТҰРСЫНҒАЗЫ ЖАНТҰЯҚҰЛЫ МҮСӘПІРБЕКОВКЕ, соңғы төрт жылдан бері «Семей таңы» оқырмандарының қатарын толықтырған шалғайдағы  Зайсан ауданының халқымен қол үзбеуімізге ұйытқы болып отырған  АЛМАС АМАНҚОЛҰЛЫ ОҢДАҚАНОВҚА алғыс айтамыз!

Облыстың, қаланың, аудан мен ауыл әкімдерінің, мекеме басшыларының арасында – шаруашылық, экономика мәселелерін ғана күйттеп қоймай, руханият, өнер мен мәдениет мәселелеріне де жете көңіл бөлетіндердің аз емес екендігі көңіл қуантады. Сол руханият дүниесінің жаршысы, ғасырға жуық тарихы бар, Алаш арыстарынан бізге жеткен мұра –   «Семей таңы» газетіне жазылуды ұйымдастыруға ұйытқы болып, мүдделілік танытқан азаматтардың жортқанда жолдары болғай!

2016 жылдың баспасөзге жазылу науқанында белсенділік танытқан барлық азаматтарға, келіп қалған жылы да бізбен бірге болуды қалаған барша оқырмандарымызға алғыс айта отырып, алдағы жыл табысты, берекелі жыл болсын деп тілейміз! Ең бастысы, есік қағып тұрған жыл тіршілігімізге жайлы, елеулі де игілікті оқиғаларға толы болсын. Басымыз аман, деніміз сау, бауырымыз бүтін болып, өз елімізде еңбектің зейнетін көруге жазсын! Баршамыздың әр жылдан тілейтініміз де, күтетініміз де осы емес пе?!

ҚҰРМЕТПЕН, РИЗА  МОЛДАШЕВА

"ЖҰРТТЫҢ БӘРІ ЖИЕН ЕМЕС АБАЙҒА!"

Халық арасында  «тектілік» деген сөзді, «тектінің тұяғы» деген сөзді жиі естіп қаламыз. Көп сырды аңғартатын мұндай сипаттама  пендеші-ліктен, өсек-аяңнан аулақ, ауыл-аймаққа сыйлы, жаны таза, игілік, имандылық үрдістері бойына ана сүтімен дарыған адамдарға қатысты айтылып жатады.  Сондай жаратылысы ерекше, ел- жұртына  қадірлі игі  - жақсыларды еске алғанда «Артында қалған тұяғы бар ма екен, ұрпақтары тегіне тартып па?»-деп жатамыз. Халқымыздың Бас ақыны Абай ұрпақтары жайлы сөз қозғалғанда да Семейдегі ақынның жиені Балтабек Ерсәлімов есімі алдымен аузымызға ілінеді. Таяуда қолыма  «Ұлы Абайдың жиені» атты жинақты ұстап тұрып, тектілік жайлы жоғарыдағыдай ойлар санама орала берді. Балташ Ерсәлімов аға сұлтан Құнанбайдың Абаймен тетелес ұлы Ысқақтың екінші баласы Ахметбек Құнанбаевтың қызы Қапизаның жалғыз ұлы. Тектіден тараған асылдың сынығы  Қапиза ананы көзімен көрген көнекөз қариялардан естуімше, тоқсанға келгенде дүние салған Қапиза апа аса шежірешіл адам болған көрінеді. Жарынан ерте айырылып, тоғыз құрсақ көтеріп, содан қалған жалғызы Балташтың бүгінгі абыройлы ақсақал болуына ана тәрбиесінің ықпалы зор болғаны сөзсіз.

 

ЖЕҢІСТІҢ ҰЛЫ ЕКЕНДІГІНЕ ДАУ ЖОҚ...

Біз соғысты көрмесек те, соғысты бастан кешкен, күн өткен сайын қатары азайып бара жатқан ұрпақтарды көрген соңғы толқынбыз. Жеңістің бағасын терең түсінуге болады. «Егер сол кезде «Одақ» атты ортақ Отанды мекендеген халық қаһармандық танытпаса, бүгінгі заман қандай болар едідеген ойдың да жиі келетінін жасырмаймын...

Бүгін арамызда жүрген барлық ардагерлеріміздің, жерлестеріміз Асылхан Бекбаев, Газиз Ахмеров, Николай Червинский, Петр Коломин, Александр Татаринов сияқты ел басына күн туғанда, етігімен су кешкен ардагерлеріміздің және соғыста құрбан болған боздақтарымыздың рухының алдында бас иеміз.

Ел басына күн туғанда, етігімен су кешкен әкелеріміз бен әжелеріміздің өз аузынан сол қасіретті күндердің  жанға да, тәнге де салған жарасын  естіп, көріп, сезініп өстік.

Күні бойы ойынға қанбайтын балалық шақтан есте қалғаны - көршінің балаларымен жиналып алып, үйдегі  ақ-қара түсте көрсететін кішкентай ғана «Рекорд» теледидарынан поляктардың  «Төрт танкіші мен ит» атты сериалын қызыға тамашалаған сәттер еді. Бізге бүкіл жеңісті осы төрт танкіші мен ит алып бергендей көрінетін.

Сол сәтте Бауыржан Момышұлының өзгелерге ұқсамайтын батырлығы жайлы үлкендердің аузынан естіген  аңыз бір сәт, ол кезде өзіміз жете түсінбесек те, бала көңіліміздегі  ұлтымызға деген мақтаныш сезімін селт еткізіп, оятқандай болған.

«Майданда қазақ жауынгерін «Налево!», «Направо!» деген орысша бұйрықты түсінбегені үшін атып    тастаған орыс командиріне Бауыржан Момышұлы қаһарына мініп жетіп келіпті де: «Оңға!», «Солға!» - деп ақырыпты. Қазақша түк ұқпайтындықтан бұйрықты орындамаған әлгіні Баукең орыс-қазағы аралас солдаттардың көзінше тапаншасымен қақ жүректен атып салыпты. Осылайша бір қазақтың кегін қай-тарған ол кілт бұрылып өз батальонына кете барыпты».

Бала кезімізде бұл аңызды шындық ретінде қабылдадық. «Қазақпын» деген сөзді қатты айтудан жасқанған коммунистік қоғамда ұлтжандылық мінез-құлқымен ерекшеленген халық батырының  өзгелерден айрықша  қасиетін естіген  ересектер бізге ұлтын сүюді үйретудің  бір үлгісі  ретінде ойдан шығарған осы аңызды   тамсана тыңдағанымыз есімде...

Мектепте оқып жүргенде Шерхан Мұртазаның  «41-шы жылғы келіншек» деген әңгімесінің қатты әсер еткені есімде қалыпты. Оқығанды таза балаң  көңілмен қабылдаудың жөні   бөлек қой, санада әлі күнге сайрап тұр...

«41-шы жылғы келіншектегі»  күйеуі соғыста өлген Хадишаның  түсінде:

- Сен мені танымай қалдың ба, неге үндемейсің, Мақсұт? Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды, Мақсұт. Сен соғысқа кеткенде, мен жиырма сегізде едім ғой. Қартайдым, Мақсұт. Ал сен дәл осыдан отыз жыл бұрынғы қалпыңда қалыпсың.Танымадың ба, Мақсұт? Мен Хадишамын ғой! Сені әне келеді, міне келеді деп отыр едім. Жұрт көрсе, сені менің балам дер. Сен, сірә, сол сөзден қорқып тұрсың ғой... - деп тілдесуі  соғысқа жарын аттандырған  әр арудың басынан кешкен оқиға емес пе?

Менің  Ұрқия атты әжемнің (әкемнің ағайындас апайы ) жалғыз ұлы Әбіл майданда  хабарсыз кеткен. Әжей жүзді еңсеріп  дүние салды. Өмірден өткенше, майдангер көрсе: «Менің жалғызымды көрдің бе?»- деп сұрау салумен ғұмырдан өткен «Қара кемпір» әнінің біздің елдегі кейіпкерлерінің бірі де, жаны жаннатта болғыр, марқұм осы Ұрқия әжем еді...

Мен университетті бітіріп, «Семей таңы» газетінің редакциясына қызметке келгенде, корректор болып Меңдігүл атты апай қызмет істеп жүрді. Сол Меңдігүл апайымыздың қабағының бір  ашылғанын, жадырап күлгенін көрмеппін... Артынан естіп білсем, Меңдігүл апай жарын майданға аттандырып салып, жаңа туған кішкене қызымен елде қалған «41 жылғы келіншектердің» бірі көрінеді. «Менің көкемді көрдің бе?» - деп, майданнан қайтқандардың жолын тосып, көзі жаутаңдаған сәбиі екеуі «қаралы қағаз» келсе де, “өлді” деген суық сөзге сенбеген, бір хабар болып қала ма деп, алаңдаулы күй кешетін.  Жау қолына түсіп еліне жете алмай, шетелде жүргендердің қатарында ма деген үмітті ойын да талай естіп қалғаным бар еді...

Біздің  редакцияда  Ғифат, Күлбадан атты апайлар  қызмет етті. Сүйгендерін соғысқа аттандырып, «Менің сүйіктімді көрдің бе?» - деп майданнан қайтқандарға сұрақ қойып, жолын тосумен өткен, «өлді» деген суық сөзге сенбеген  осы апайларымыз да Жеңісті асыға күтіп, өмірден «мәңгілік қалыңдық» қалпында өтті... Айтпақшы, Әзілхан Нұршайықов ағамыз:

Қайран қыздар, сағындық,

амал қанша,

Жас қартайдық,

көп өмір сүрген жанша,

Жараланған жүректі

жазатұғын

Дәрі жасап қойыңдар, біз бар-ғанша,- деп майданнан өлеңмен хат жолдаған Кәмеш апай да редакциядағы қаламды қару етіп, майдандағы жауынгерлердің рухын көтеріп, Жеңісті жақындатуға үлес қосқан қыздардың бірі болғанын Әзағамның өз аузынан естіген едім.

Менің  бүгінгі әңгімені   кешегі «41 жылғы келіншектерден», өмірден «Қара кемпір» әнінің кейіпкерлері болып жарының жолын тосумен озған  өзім көрген аналардан бастауымның да себебі бар.

Ресми деректерден білгеніміз - қанды қырғынның  алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болыпты. Нақты айтар болсақ, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асса, Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде қыздардан 3 мыңнан аса  өтініш, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсіпті.

Майданда қазақ арулары ерен ерлік үлгісін көрсетті, Әлия мен Мәншүк елінің даңқын әлемге паш етті. Халқы «қанатты қыз» атаған   қазақ қызы Хиуаз  Доспанова Кеңес Одағының Батыры М.Раскова бас-қарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып, 300 мәртеден астам әуеге көтерілді. 2004-ші жылы Президенттің Жарлығымен Хиуаз Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып,  ерекше  ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, көптеген марапаттарға ие болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті. Кеңес халқының бірлігі мен батырлығын, төзімділіктері мен қайсарлығын  паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын бұл күн, ең бірінші,  соғыстың алғы шебінде қайсарлықпен шайқасып, жастығын жалау, жүрегін алау етіп  жауға қарсы соғысып, ерліктің сан үлгісін көрсеткен майдангерлердің ғана емес, жоғарыда айтып өткендей, жандарына  соғыс салған жараның азабын  ғұмыр бойы арқалап өткен  ана мен баланың да  мерекесі.

Өкінішке орай, мамыр айының басында Ресей телеарналарында көрсетілетін  фильмдер  1941-1945 жылғы соғысты орыс халқының Жеңісі ретінде көрсетіп жатқандарын көргенде, сол кездегі ортақ Отанның амандығы жолында от кешкен ата-бабаларымыздың есімдерінің атаусыз қалатыны көңілге кірбің салатыны жасырын емес... Көрген адамды сол соғыста  тек орыс ұлты ғана ерлік көрсеткендей әсерде қалдырады. Рейхстаг қабыр-ғасына тиген  алғаш  алақан да қазақтікі, Рақымжан Қошқарбаевтікі емес пе?! Тіпті  сол ерліктің өзін «өзгелер» қазаққа қимай, көмейлеріне көлденең тұрып қалған сүйектей болған сәтте   ерлікті дәлелдеп, қорған болған да біздің Бауыржан Момышұлы еді ғой?! Басқаны былай қойғанда, Бауыржан Момышұлының батырлығы туралы сөз болғанда, Сталиннің өзі: “Ол қазақ па?” – деп қайран қалғаны көпке мәлім.         Фидель Кастро Рустан: «Екінші дүниежүзілік соғыстың бас қаһарманы кім?»- деп сұрағанда, «Бостандық аралының» көсемі: «Волокалам тас жолының» кейіпкері – қазақ Момышұлы»,- деп жауап қайтарған екен («Егемен Қазақстан» 16 қаңтар. 2015 жыл ).

Жау аспанында  басқыншыларға қарсы қырғидай  шүйілген кім еді? Қазақ батыр  халық болмаса, қазақ Ұлы халық  болмаса жауға аспаннан қырғидай шүйіліп, қорқуды ұмытып, Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Сұлтан Баймағамбетовті, жауға жолбарыстай   қарсы шауып, гранатамен қоса жарылған Қарсыбай Сыпатаевты, екі рет батыр атанған Талғат Бигелдинов пен Николай Гастеллоның ерлігін қайталаған Нүркен Әбдіров сынды қырандарды туар ма еді?! Бұлардың бәріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

Жамбыл атамыздың «Ленинградтық өренім» атты жалынды жыры 900 күн жау қоршауында қалған   ленинградтықтардың рухын көтеріп, жасыған жігерлерін жанығаны көпке белгілі. Жазушы Әзілхан Нұршайықов Жамбылдың  «Жүз жасаған жүректен...» деген өлеңмен жазған  хатын оқығандағы сәтті: «Батальон болып жиналып тұрып тыңдаған  жауынгерлер құдды бір өз үйлерінен, әке-шешелерінен келген хаттай көздеріне жас алып қабылдап еді. Міне, осы жүз жасаған Жәкеңнің батасымен, өлеңі арқылы берген қуатының күшімен біз жауды жеңіп, елге Жеңіспен оралдық»,- деп суреттейді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  палуан қазақ Қажымұқан Мұңайтпасов  Мемлекеттік Қорғаныс Комитетіне хат жазып, өз өнерін көрсеткеннен  түскен жеке қаржысына, 100 000 сомға, ұшақ жасау туралы өтінішін білдірген. Айтпақшы, «Сол ұшаққа қазақ отырса!» деген тілегін де білдірген деседі... Біздің жерлесіміз, семейлік  Шалабаев тізгіндеген осы әскери ұшақ  1944 жылы күзде дайын болып, соғыс барысында  100-ден аса әскери тапсырма орындалған. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеуде өткен Жеңіс шеруінде Қажымұқан ұшағы әуеге тағы да көтерілген. Ұшақ жасауға қаржы берген осы патриоттық әрекеті  үшін Қажымұқанға Сталиннің  өз атынан алғыс хат жолдағаны, майдан даласынан да көптеген жауынгерлік хаттар келгені  де бүгін тарих сахнасында көмескілене бастағандай...

Соғыс жылдары 8- атқыштар дивизиясы біздің Семейде жасақталғаны белгілі.

Ұлы Отан соғысына барлығы 35 миллион адам қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы қазақстандықтар екен.

Тарих парақтарын ақтарар болсақ,  біз Византияны  қорғап қалған Кеген ханды, Грузияны сыртқы жаулардан аман сақтаған Артық ханды, Мысырды  жауламақ болған басқыншыларды тас-талқан еткен Бейбарыс сұлтанды  батыр бабаларымыз деп мақтан тұтамыз. Ал Ресей халқы    Бауыржан, Қасым, Төлеген, Талғат, Мәншүк, Хиуаз, Әлия сияқты         фашистік Германияның басқыншылығынан өздерінің қазіргі «Ұлы Отандарын»   қорғап қалған қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары екендігін, сол Отанды қорғау жолында  талай қазақ жандарын қиғанын неге  айтпайды?

Кеңестік дәуірде  орыс ұлтының қас-қабағына қарап, «Ұлы Отан» деген атауға көндік. Сол сұрапыл соғысқа жарты миллионнан астам ата-бабаларымыз аттанып, көбі ерлікпенен қаза тапқандықтан, сондай-ақ тылдағы қалың ел Жеңіске жету үшін «Бәрі де майдан үшін, бәрі де соғыс үшін!» деп төрт жыл аянбай тер төккендіктен де, әрі мықты  насихаттың  санамызға сіңіргені соншалықты -  «Ұлы Отан соғысы» деген ұғымға әлі күнге қарсы шыға алмай келеміз.

9 мамыр - талай боздақтарымыздың қаны төгіліп жеткен Жеңіс күні, оны атап өту қажет. Дегенмен «Ұлы Отан» деген сөзді «Екінші дү-      ниежүзілік соғыс» деген сөзбен біржола алмастыру қажет. Отан деген Ұлы сөз екендігі даусыз, ал біздің Отанымыз біреу, ол - Тәуелсіз Қазақстан.

Құрметті оқырман, Қазақ жерінде ешқандай Ұлы Отан соғысы болмағанын ескерсек, бүгін Ұлы Отан дегенде нені айтып жүрміз деген ой соңғы кездері жиі мазалайды. Кеңес Одағы кезінде құрамында болған 15 республика бас біріктіріп, неміс фашистеріне қарсы соғысқаны да, ол тұста Кеңес Одағы деп аталған алып империяның  құрамында болған мемлекеттердің ортақ Отаны болғаны   рас. Бірақ сол “Ұлы Отанның” ыдырап, келместің тұңғиығына батқанына 23 жыл өтті емес пе? Сонда жоқ мемлекетті «Ұлы Отан» деп неге айтамыз?

Дегенмен, талай боздақтарымыздың қанымен келген Жеңістің Ұлы екендігіне дау жоқ. Уикипедия — ашық энциклопедиясында:

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің             3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Великая Отечественная война, ағылш. Great Patriotic War, нем. GroЯer Vaterlдndischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын», – деген түсінік беріледі.

Риза МОЛДАШЕВА,

Семей таңы

БАҚ ӨКІЛДЕРІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ!

Елдiк рухты көтеруге келгенде журналистерден асқан патриот жоқ. Елiм, жерiм, тiлiм дегенде өзегi тiлiнiп түсетін  ақпарат құралдары  өкiлдерiнің  әлдекiмдердiң жалға беретін  лашығын амалдың жоқтығынан паналап, пәтер жалдап жүрсе де басқаның баспаналы болуына мұрындық болып, өздері пәтерлі болғандай қуанатын  мәрт көңіл  кеңдігін де ешкім жоққа шығара алмас.

 

Біздің әрiптестерiміздiң осы әрекетi кейде күнi бойы кiсi тасып, кешке үйiне жаяу қайтатын көлiк жүргiзушiсiнiң кейпiн көз алдыңа әкеледi. Баспана сұрап, өтiнiш айтып, көмек сұрап, осы уақытқа дейін әкiмдердің алдына бармады емес, барды-ау... Бiрақ...  Өкінішке орай, қалам ұстаған қауымның қамын ойлаған ел ағалары болмады.

Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,

Сонда да тастамаймын астанамды.

Өлеңнің отын жағып жылытармын,

Өзімді, әйелімді, жас баламды,–

дегізіп,  заманында қайсар ақын Қасымға да талай есікті қақтыртып, талай бастықтың босағасын тоздыртып, қабырғасын қайыстырған кезде баспана мәселесіне  қатысты туған осы жыр әлі де өміршеңдігін жоғалтпай, қазір тіпті баспанасыз БАҚ өкілдерінің гимніне айналып кеткендей...

Қазiргi Тәуелсіз Қазақстанның қара нары, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани, әлеуметтiк өмiрдiң жаршысы, жан айқайшысы-журналистер қауымы егемендi мемлекетіміздің еңсе тiктеуiне өлшеусiз үлес қосып, қазақ баласы үшiн жақсы бiр iс iстелсе жаhанға жар сала қуанып,  ел болашағы, қазақтың тарихы, жері, тілі, төл мәдениетi, салт-дәстүрі, қазақ халқының ұлттық мүддесi сияқты мәселелердің қозғаушысы, бір сөзбен айтқанда еліміздің МӘҢГІЛІК болуының ұйтқысы болып келедi.

 

Еще статьи...