Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 87 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
  • Семей қалалық соты мен медиацияны дамыту орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Семей қалалық сотының төрағасы Н.Б.Әбдікәрімов пен Астана қаласының «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласының өкілі Б.Д.Кенжина жанжалдарды шешудің медиация және басқа да балама әдістерін дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

  • Жүлделі орынмен қайтып келді!

    Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығының оқушылар командасынан құралған 2 жас натуралистер Жунусова Ляззат Кайратовнаның жетекшілігімен №17 ЖОББМ оқушысы Киякпаева Дильназ, Вощакина Дарья Николаевнаның жектекшілігімен № 1 ЖОББМ оқушысы Жерздева Екатерина 2018 жылдың 17 қарашасы Өскемен қаласында өткен «Таза қоршаған орта - «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асыру негізінде» «Дарын» облыстық өңірлік ғылыми – практикалық орталығының бағыты бойынша облыстық байқауына қатыст

  • «Отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты пікірталас өткізілді

    Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жастардың құқықтық білім деңгейін арттыру, гендерлік мәдениетке тәрбиелеу мақсатында Радиотехника және байланыс колледжінің 1-2 курс студенттерімен «Отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» атты пікірталас өткізілді.

Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ТҮКШ

ТҮКШ

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ НАЗАРЫНДА

Бейсенбі, 27 қыркүйек күні қалалық әкімдікте қалалық мәслихаттың кезекті, 29 сессиясы болып өтті. Бұл жолы күн тәртібінде сегіз мәселе қаралды.

Сессия барысында өткен жылу маусымының қорытындысы және қаланың биылғы қысқа дайындығы туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев баяндама жасады. Оның сөзіне сүйенсек, жылу мен су мекемелерінің қысқа әзірлігі 95 пайызды құрап отыр.

- Қаланы жылумен қамту «Жылукоммунэнерго» кәсіпорнының 17 жылу орталығы, 16 қазандығы, 1 ЖЭО арқылы 72 жылу пункттері бойынша жүзеге асырылады. Шаһарда барлығы 68 қазан агрегаттары мен 313 мың құбыр бар,- деді Амантай Өтелбаев мәслихат депутаттары алдындағы есеп беруінде. – Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Семейде 20 жыл болмаған ыстық су мәселесі шешіліп, тұрғындар жаз мезгілінде жылы сумен қамтамасыз етілді. Шаһар басшысының орынбасары Николай Ушаковтың төрағалығымен штаб құрылып, жылу орталықтары мен әлеуметтік мекемелердің, көп қабатты тұрғын үйлердің қысқа дайындық барысы апта сайын тексеріліп отыр. Қазанның бірінен бастап ауруханалар мен мектептерге жылу беріледі. Бүгінгі күні қажетті 80 мың тонна көмірдің 58 мың тоннасы түсірілді. Күнделікті 30 вагон қатты отын жеткізілуде. 15 қазанға дейін көп қабатты үйлер де жылумен қамтамасыз етіледі,- деді А.Өтелбаев.

Мәслихат депутаты Қайрат Құсайынов бөлім басшысынан Комсомол көшесіндегі қоқыстарды шығару мәселесін жолға қоюды сұрады. «Комсомол көшесінің шеткі аймақтарын қоқыстан тазарту мәселесін бірнеше мәрте көтергенмін. Басталғанымен, үнемі аяқсыз қалады. Бұл іс қашан шешімін табады?»- деген депутат сауалына Амантай Хайроллинұлы бюджеттен қаржы қарастырылғанын айтып: «Қазір тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазан айының соңына дейін аяқталатын болады»,- деп жауап қайырды.

Сондай-ақ депутаттар жеке сектордағы тұрғын үйлер үшін көмірдің жеткіліксіз екендігін айтты.

- Қалада Қаражыра көмірін сатумен айналысатын «Жігер-СТ» ЖШС-нің тек үш нүктесі ғана жұмыс істеп тұр. Ол аздық етеді. Шілде айының аяғында 5-10 мың тонна көмір қоймада болуы тиіс еді. Бірақ қыркүйекте ғана 1000 тонна көмір жеткізілді - деді қалалық мәслихат депутаты Нұрғазы Қайырбеков.

- Кәрменов көшесіндегі 113, 123-ші үйлердің тұрғындары судың ақшасын уақытында төлеп отыр. Бірақ 1970 жылдары салынған құбырлар күрделі жөндеу көрмеген. Құбыр жарылса, тиісті мекемелер бұл үйлердің олардың теңгеріміне қарамайтынын айтып, көмек көрсетуден бас тартады. Алайда тұғындардан су үшін ақша алып отыр,- деді депутат Қ.Құсайынов.

Бұл ретте Амантай Хайроллинұлы Кәрменов көшесіндегі тұрғын үйлердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің теңгерімінде екенін айтып, құбырды жөндеуден өткізуге қатысты жобаның дайындалып жатқанын жеткізді.

Сессияда қаралған екінші мәселе үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жайлы болды. Бұл туралы ішкі саясат бөлімі басшысы Нұржан Есенжоловтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, бүгінде Семейде 160-тан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 4 саяси партия филиалы, 30-дан астам жастар ұйымы, 35 діни, 6 кәсіподақ бірлестігі, 21 этномәдени орталық және басқа да әлеуметтік-құқықтық, отбасылық–демографиялық саясат жөніндегі және спорт, білім салаларына қатысты ұйымдар жұмыс істеуде.

- Семей қаласында үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бағдарламасы 2007 жылы қабылданды. Уақыт ағымына қарай лот тақырыптары жаңарып, қаржыландыру көлемі ұлғайып келеді.  Ағымдағы жылы қоғамдық бірлестіктерді қаржыландыру көлемі 6 млн. теңгені құрады. Қазіргі күні мемлекеттік тапсырыс негізіндегі конкурс аясында 5 лот жүзеге асуда: 2030 жылға дейінгі ҚР-ның отбасылық және гендерлік саясат жөніндегі тұжырымдамасын жүзеге асыру; қаланың тұрақты дамуына, қоғамның бірігуіне, халық бірлігін нығайтуға мониторинг жүргізу; үкіметтік емес ұйымдарға инвестициялар тарту, оқыту; «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шаралар ұйымдастыру және жылына бір рет қаланың үкіметтік емес ұйымдарының форумын өткізу,- деді Н.Есенжолов.

Өз кезегінде мәслихат депутаттары қолға алынып жатқан жобаларды жергілікті телеарналар арқылы халыққа жеткізу қажеттігі жайлы ой тастады.

Шаған кенті әкімінің мәслихат депутаттары алдындағы есебінен соң кенттегі мектеп жайы қозғалды. Қазір елді мекендегі бір қабатты мекемеде 70 бала екі ауысымда білім алуда. Төрт сыныбы бар мектепте асхана мен спорт залы да, медициналық пункт те жоқ.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, оқу орнына құрылыс жұмыстарын жүргізуге 394 млн. теңге, ал жаңа мектеп салуға 420 млн. теңге қажет екен. Кенттегі оқушы санының аздығын алға тартқан білім бөлімінің басшысы жаңа мектеп салудың тиімсіз екенін айтады.

- Әрбір оқушының тегін білім алуға құқығы бар. 70 бала болса да жақсы жерде білім алуы қажет. Шаған темір жол бекеті бойында орналасқандықтан, бұл кент жойылып кетпейді. Сондықтан жаңа мектеп салынуы тиіс,- деді мәслихат депутаты Бауыржан Қайрамбаев.

Қалалық мәслихат отырысында сондай-ақ Семей қаласының әуежайындағы жөндеу жұмыстарының қорытындысы тыңдалып, «Таза қала» жоспарын әзірлеу, қаланың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу, «Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамдарын бекіту туралы» 2017 жылғы 29 наурыздағы Семей қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізуге байланысты мәселелер қаралды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы».

БІЗДІҢ ЖАҚТА ҚЫС ҰЗАҚ...

Өткен аптада Семей қаласының сәулет, құрылыс бөлімдерінің және «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қалалық филиалының мамандары БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Қалам ұстаған қауымның басын қосқан жиында Қарағайлы ықшам ауданындағы жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтер алудың жеңілдегені жайында айтылды. Сондай-ақ қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясының мамандары қаланың алдағы жылу маусымына дайындығы туралы жан – жақты ақпарат берді.

Қарағайлы – 200 гектардан аса аумақты алып жатқан ықшам аудан. Бүгінде мұнда 13 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Тағы 20 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Ықшам ауданда болашақта тоқсан тұрғын үй салу көзделген. Сондай-ақ әлеуметтік және мәдени нысандардың да құрылысы жоспарланған. Бүгінде мұнда қажетті инфрақұрымдық жүйелер тартылған.

- 2016 жылы Ұлттық қордан 1 млрд. 822 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржат электр, жылу, телефон желілерін қосуға жұмсалды. Нәтижесінде 3 шақырымнан аса жылу желісі тартылды. Қазір ықшам ауданды электр желісімен қамтамасыз ететін станция құрылысын аяқтаудамыз. 2017 жылдан бастап салына бастаған тұрғын үйлерді біртіндеп кварталішілік инженерлік желілермен қамтамасыз етудеміз. Бүгінде 8 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Бұл үйлерді жыл соңына дейін бітіруді жоспарлаудамыз. Құрылыс аяқталысымен, бірден инженерлік желіге қосатын боламыз,- деді Семей қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Шадияр Күншаев.

Қазір Қарағайлы ықшам ауданында астаналық «Интелпро» ЖШС-мен бірлесіп 6 көшенің жобасы әзірленуде. Көшенің ені 40-тан 60 метрге дейін болады. Онда көліктер мен жаяу жүргіншілер жолы ескерілген. Сондай-ақ велосипед жолдары мен автотұрақ орындары да қарастырылған.

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - «Нұрлы жер» бағдарламасының негізгі жүзеге асырушысы. Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйдің кезегінде тұрғандардың саны көп. Қыркүйек айында банктің Семейдегі бөлімшесі Қарағайлы ықшам ауданындағы 8 үйдің пәтерлерін сатуға дайындық білдірген. Бірақ құрылыс жұмыстарының аяқталмауына байланысты осы жылдың соңына шегеріліпті.

- Біз пәтерлерді сатуға дайынбыз. Қуантарлығы, салымшыларға несие шарттары төмендетілді. Бағдарлама аясында банк салымшылары мен жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға несие шарттары бірдей жүргізіледі. Бұрын бастапқы жарна 30 пайыз болса, осы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап 20 пайызға төмендеді. Сондай-ақ пәтерлерді 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен несиеге сатып алуға болады. Бұл бағдарлама бойынша 1 шаршы метрі 140 мың теңгеден аспауы керек,- деді «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қалалық филиалының клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі Меруерт Ахметулина.

Айта кетейік, бүгінде Қарағайлы ықшам ауданында балабақша құрылысы аяқталған. СММУ университеті студенттеріне арналған 1000 орындық жатақхана мен «Абай Арена» спорт кешенінің құрылысы жүруде.

Баспасөз мәслихатынан кейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясының мамандары жылу жүйелерін жаңарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен іс басында таныстырды. Тамыз айынан бастап Засядко, Найманбаев көшелері бойында жылу құбырлары ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жүруде. Мұндағы жылу желісі 100% жарамсыз болған. Барлық гидравликалық сынақтар жылу желісін ауыстыру керектігін көрсеткен. Құбырдың жалпы ұзындығы 450 метр. Желі Засядко, 58, 88, Найманбаев, 152 үйлерін, «Ақшың» сауда орталығын ыстық және суық сумен қамтамасыз етеді.

- Бұл жылу құбырлары осыдан 10 жыл бұрын ауыстырылған. Жөндеуді жеделдету үшін жұмысшылар екі ауысымда еңбек етуде. Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 77 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражат жылу желілерін толығымен ауыстыруға, бүлінген асфальтты қалпына келтіруге жұмсалады. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда,- деді жылу желілері бойынша қаланың оң жақ жағалауының басшысы Валерий Романченко.

Екі жыл бойы ыстық судың қиыншылығын көрген тұрғындар алдағы қысты еш кедергісіз өткеретініне сенімді.

- Екі жыл көлемінде ыстық судан қиыншылық көрдік. Жылу құбырлары ескірген. Былтырғы жылы көше тұрғындарымен бұл мәселені қала әкімінің назарына ұсынған едік. Бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күнделікті атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап жүреміз,- деді Засядко, 58 көшесі бойынша ПИК төрағасы Абылай Тұрынбеков.

Сонымен қатар сол жағалаудағы №1 ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығын да көруге мүмкіндік туды. Мамандардың айтуынша, қала қазандықтары жылу маусымына дайын.

- Жылу орталығында қазан айына дейін 80 мың тонна көмір қоры болуы керек. Бүгінгі таңда 34 мың тонна жеткізілді. Жылына барлығы 360 мың тоннаға жуық көмір жағылады. Күніне жағылатын көмір сыртқы температураға байланысты. Суық күндері мекеме бойынша 2200 тонна, жылы күндері 1000-1200 тонна көмір кетеді. Көмірдің сапасы жақсы. Күніне 30 вагон көмір әкелінеді. Мекеме жылу маусымына дайын,- деді №1 ЖЭО өкілі Жарқын Әмірханов.

Жалпы, қаланың қысқы жылыту маусымына дайындығы жайында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев былай дейді:

- Қала әкімінің тапсырмасымен штаб құрылған. Олар жылу бойынша мәселелерді қарастырып, қарыздары бар тұрғындармен жұмыс жүргізуде. Барлық дайындық жұмыстары кесте бойынша уақтылы атқарылып жатыр. Ауруханалар мен мектептер жылу маусымына толықтай дайын,- дейді бөлім басшысы.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, Семей қаласы.

СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ЖАҢАРТУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Семей қаласының баспасөз орталығында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Вера Болтовская және «Семей - Водоканал» кәсіпорнының директоры Еркен Сағандықов БАҚ өкілдерімен кездесті. Жиында 2017-2018 жылдарға арналған сумен қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бойынша тарифтік сметада қарастырылған шығындарды пайдалану, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мен инвестициялық бағдарламаларды орындау турасында айтылды.

Биыл Семейде жалпы құны 69 млн. 622,8 мың теңгені құрайтын су құбырлары мен кәріз жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланыпты. Қаржының 38 млн. 202,36 мың теңгесі игеріліп, қажетті материалдар сатылып алынды, әрі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорын қарамағында 468,7 шақырым су құбырлары жүйелері бар болса, оның 1,135 шақырымы күрделі жөндеуден өткен екен. Бұл туралы «Семей - Водоканал» МКК директоры Еркен Сағандықов мәлім етті.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпорын балансындағы бірнеше нысандар бойынша 2016-2017 жылдар аралығында үш жоба жүзеге асырылған-ды. Атап айтар болсақ, Қарағайлы шағын ауданы, Контрольный кентінде су құбырларының құрылысын салу, Қарағайлы ауданындағы тұрғын үйлерге кәріз жүйелерін жүргізу жобаларын іске асыру мақсатында 465,4 млн. теңге бөлінген.

- 2017-2018 жылдарға Ұлттық қордан 2,453 млрд. теңге сумен қамту және суды бұру жұмыстарын қайта жаңғыртуға бөлінді. Бұл ретте 4 жоба жүзеге асырылуда. Ш.Уәлиханов – Қосанов - Аюченко көшелеріне дейінгі су құбырлары, Қайнар ауылындағы су құбырлары, Шүлбі кентіндегі су бұру жүйесі, сондай-ақ «Затон» су тоғаны мен су құбырлары желілері қайта қалыпқа келтіріліп жатыр,- дейді «Семей - Водоканал» МКК директоры Е.Сағандықов.

Осыдан үш жыл бұрын «Семей - Водоканал» МКК және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жаңа жобаны қаржыландыру үшін 1 156 300 000 теңгеге несиелік шарт жасалған болатын. Жобаның жалпы құны 2 585 562 000 теңгені құрайды. Қаражаттың 5,34 пайызы жергілікті бюджетке, 42,07 пайызы ҚР Ұлттық банкіне тиесілі болса, қалғаны Еуропа қайта құру және даму банкінің еншісінде.

Ал Приоритеттік инвестициялау бағдарламасы аясында қолға алынған жобалардың бірі – «Семей қаласының су құбырлары және су бұру жүйелерін жаңғырту». Несиелік келісімшартқа сәйкес, 10-нан астам іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған болатын. Оның ішінде су сору стансаларын, су бөгеттерін, су бұру стансаларын жаңарту, су құбырларын және кәріз жүйелерін қайта қалыпқа келтіру, мамандандырылған автомобиль техникаларын, лабораториялық құрылғыларды, суды залалсыздандыру құралдарын сатып алу, гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу, ақпараттық басқару жүйесін енгізу сияқты бірсыпыра жұмыстар бар.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, Семей қаласы.

АРЫҚТАР ТАЗАРТЫЛҒАН

Көктем мезгілінде жеке секторларды су басудың алдын алу жұмыстары Семейде қалай жүргізілуде? Аталмыш мәселеге қатысты Семей қаласы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Аленов жан – жақты айтып берді.

Бүгінде қаланың дрен-ажды арық жүйесі мен су сіңіру кәріздері жергілікті атқарушы органның бақылауында. Қала көшелерін қардан аршып, судан тазарту жұмыстарын Мұхамедқали Қасқабаевтың басқаруымен «Семей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүзеге асыруда. Биыл қала бойынша арық жүйесін тазарту жұмыстарына 27 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Марат Аленовтің сөзіне қарағанда, атқарылған тыңғылықты істердің нәтижесінде қазіргі күні аудандар мен кенттерді су басу қаупі сейілді.

- Қаланы абаттандыру және көгалдандырумен айналысатын «Семей» мекемесінің жұмысшыларының арқасында Красный кордон, Дальний, Шығыс кенті, Мирный сияқты бірқатар кенттерді су басу қаупі сейілді. Арық жүйесіндегі шөп пен қамысты шабу, арналарды тазарту мен тереңдету, су өткізу құбырларын шаю, мұзды ою сынды жұмыстар еріген қар суының жайылуына жол бермейді. Жұмысшылар екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Барлығы 5 бірлік техника мен 25-тен астам адам жұмылдырылды. Десек те арық жүйелерін тазарту ісі тек коммуналдық мекемелерге ғана тиесілі емес, бұл ретте қала тұрғындары да бір кісідей атсалысуы қажет,- дейді Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Аленов.

Бұл ретте бөлім басшысы қала тұрғындарын арық жүйесіне қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды тастамауға, күл төкпеуге шақырды. Себебі мұндай әрекеттер бөгеттердің пайда болып, арық жүйесінің толып қалуына әкеп соғады.

Су тасқынының болуына тек арық жүйесі емес, жол жиектеріне жиналған қар да әсер етеді. Сондықтан да қала көшелерінен тазаланған қар қала шетіне шығарылды.

- Өткен жылы коммуналдық кәсіпорындар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар су өткізу құрылыстарын, көпір өткелдері мен шағын құбырларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген, - деп атап өтті М.Аленов.

Марат Аленовтің сөзіне сенсек, дәл қазір жеке секторларды су басу қаупі жоқ, бірақ коммуналдық қызмет шұғыл әрекет етуге сақадай сай.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ҚАҢТАРДЫҢ ҚЫСПАҒЫ

Қыс қаһарына мініп тұр. Қаңтардың қыңыр мінез көрсетіп тұрғанына бірнеше күн болды. Қыс қаһарына мінбес бұрын, Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға ескерту хабарламаларын жіберіп, қамдану керектігін айтқан-ды. Бұқаралық ақпарат құралдары да «аяздың көкесі» келе жатқанын жиі-жиі айтып, тұрғындарға құлаққағыс етті. Сарышұнақ аяз күндері оқыс жағдайлардың алдын алу үшін жауапты органдар тиісті шаралар қабылдап, халықты барынша сақ болуға шақырып, дабыл қақты.

21-нен 22 қаңтарға қараған түні семейлік құтқарушылар қақаған аязды күні қаладан тыс жолда қалып қойған бір топ адамды құтқарған. Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, Астанадан Өскемен қаласына жол тартқан төрт жолаушы мінген көлік қаладан 80 шақырым қашықтықта, Семей - Курчатов бағытындағы тас жолда бұзылып қалған. Сақылдаған аязда көлікті жөндеу мүмкін болмағандықтан, олар құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Қаладан жедел түрде «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Семей қаласының №2 жасағының алты адамнан құралған құтқару тобы мен екі техника жіберіліп, жолаушыларға көмектесті. Үскірік аязда үсік шалып, зардап шеккендер жоқ.

- Сол түні термометр тілі - 42 градусты көрсетіп тұрған еді. Тас жолда көлік қозғалысы болмағандықтан, амалсыз «112» нөмірін теріп, төтенше жағдайлар қызметінен көмек сұрадық. Қоңырауға шұғыл әрекет еткен құтқару қызметі тез арада келіп, бізді Семей қаласына жеткізді. Қиын жағдайда көрсеткен көмектері үшін барлық құтқарушыларға алғыс білдіреміз,- дейді жолаушы Артем Нестеров.

Оқырмандардың естеріне сала кетейік, өткен жылдың соңында метеорологтер желтоқсан және қаңтар айларында еліміздің орталық, солтүстік және шығыс бөлігінде ауа температурасының көп жылдық нормадан төмен болатынын болжаған еді. Солай болды да. Енді ақпан айында, бізде жылымық тартып, күн жылына бастаған кезде, республиканың батысы мен солтүстік-батысы суытады деген болжам бар. Биыл көктем де ерте шығып, жауын-шашын әдеттегіден көбірек түседі деп күтілуде.

Бет қаритын қолайсыз ауа райы кезінде облыстық маңызы бар тас жолдар жабылып, «Семей - Павлодар облысының шекарасы» автожолының 577 - 733 шақырым аралығында дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған-ды. Аяз басталысымен-ақ өрт сөндіру қызметі, қалалық Ішкі істер басқармасы, Төтенше жағдайлар басқармасы, жедел медициналық қызмет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі сынды тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орындардан басқа мекемелерде жұмыс істеу уақыты қысқартылып, мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне сабақтар тоқтатылған болатын. Себебі сынап бағанасы күндіз -37 - 39 градус болса, түнгі уақытта - 45-ке дейін жетті.

Семейдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері аязға байланысты арнайы жасақталған құрамда жұмыс істеуде. Қосымша жылу қазандықтары іске қосылғандықтан, қала тұрғындары үшін қолайсыз жағдай туындаған жоқ. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Аленов айтқандай, аяз күндері семейліктер отын тапшылығын сезінбеді.

Аязды күндері көліктерін оталдыра алмай жүргендердің қарасы көп болды. Көлік қозғалысының, оның ішінде жолаушылар көлігі жұмысының қиындауы, далада ұзақ жүрген жандардың тоңып қалуы сынды әрекеттер орын алды. Семей қаласының жедел жәрдем медициналық ауруханасы мамандарының мәліметіне сүйенсек, 22-25 қаңтар аралығында мекемеде қалыпты жағдайда жұмыс жүргізілген. Алайда жағдай тым жақсы деп те айта алмаймыз, үсік шалған екі адам ауруханаға жеткізіліпті.

- Қалыпты жағдай бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Аптаның басынан бері аяздың түсуіне байланысты жедел жәрдемге жүгінгендердің саны күрт өсіп немесе төмендеп кеткен жоқ. Бұл күндері үсік шалған екі адам ауруханаға түсті. Олардың қазіргі жағдайдары қалыпты, - деді Семей қаласының жедел жәрдем медициналық ауруханасы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Ғалия Алибаева.

Үсікке шалдыққан екі азамат та автокөліктерін жөндемек болып, аязда тоңып қалған екен. Сондықтан мамандар аязды күні, мүмкін болса, тыста көп жүрмеуге кеңес береді.

Айта кетейік, бұл - бейсенбі күні түске дейінгі алынған мәліметтер.

Жібек СЕРҒАЗЫ,

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы».

Еще статьи...