Авторизация



Кто на сайте

Сейчас 82 гостей онлайн
ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ
Яндекс.Новости: Казахстан

Курсы валют: курс доллара, курс евро

Купи-Продай

Случайная новость

Разъяснены основные направления

Информационно-пропагандистские группы проводят  встречи с населением с целью пропаганды и информирования по Посланию Президента народу «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие». Очередная встреча прошла с коллективом консультативно-диагностического центра г. Семей.

Выступая по основным направлениям Послания, член ИПГ, преподаватель финансово-экономического колледжа имени Р. Байсеитова Артур Искаков остановился на международной экономической обстановке, ее влиянии на экономические показатели Казахстана, а также на антикризисном плане, предложенном главой государства для успешного преодоления кризиса.

- Предложенное в Послании главы государства  «Казахстан в глобальной реальности: рост, реформы, развитие» - единственно верный ответ сегодняшнему положению в мировом сообществе, в котором учтены все сферы деятельности, - отметил он.

Подробнее ...
Home ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ

ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Отанын қорғап, қан майданда қасық қаны қалғанша жаумен айқас-қан кешегі жауынгерлердің ерлігі - ұрпаққа үлгі. Ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, ұрыс даласында жанқиярлықпен қаза тапқан жауынгер ерлігі ешқашан да ескерусіз қалмайды. Ерліктің ұмытылмағанын айғақтайтын сәт өткен аптада Семей қалалық әкімдігінде орын алды. Майдан даласында қаза тапқан семейлік жауынгер Абдулла Шамсутдиновке табысталмай қалған «Ерлігі үшін» медалі және                 2 дәрежелі «Отан соғысы» ордені ұрпақтарына салтанатты түрде табыс етілді. Ер есімін ел есінде сақтайтын айтулы шараға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов және Шығыс Қазақстан облысындағы Ресейдің Бас консулы Сергей Анненков  арнайы қатысты.

Жауынгер Абдулла Шамсутдинов 1913 жылы Семей қаласында     дүниеге келген. Сұрапыл соғыс    басталған 1941 жылы алғашқылардың қатарында қолына қару алып, әскери комиссариаттан ефрейтор шенімен майданға аттанады. Майдан даласында Абдулла Шамсутдинов 220-шы гвардиялық атқыштар полкінің 216-шы жеке байланыс ротасының құрамында болады. Соғыс аяқталуға бірнеше ай қалғанда, яғни 1945 жылдың 6 ақпанында майдан даласындағы қиян – кескі ұрыста  Абдулла Шамсутдинов жаудан байланыс желісін қорғау кезінде ерлікпен қаза табады.

 

ЕРЛІК ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАДЫ

1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсеткен отандастарымыз аз болмаған. Алайда олардың көпшілігінің ерлігі өз уақытында елеусіз қалған. Майданда қаза болған Семей қаласының тумасы Николай Курбатовқа уақытында табысталмай қалған «Ерлігі үшін» нагрдасы 70 жылдан кейін боздақтың қызы Галина Курбатоваға салтанатты түрде табысталды. Өткен жұма күні қалалық әкімдікте өткен шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесов, ШҚО-дағы РФ-ның Бас консулы Сергей Анненков, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен студент жастар қатысты.

Николай Курбатов 1912 жылы Семей қаласында дүниеге келіпті. 1941 жылы шаһардағы әскери комиссариаттың шақыртуымен майданға аттанған ол қиян-кескі ұрыс алаңында 428-ші гвардиялық атқыштар полкінің 83-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында соғысқан. Семейлік жауынгер1943 жылы майдан даласында ерлікпен қаза тауып, Ресейдің Краснодар өңірінің Проскурова деген елдімекенінде жерленген екен. Негізінен «Ерлік үшін» медалі Николай Алексеевичке 1943 жылдың 19-шы қаңтарында берілуі тиіс болған. Алайда белгісіз себептермен тапсырылмай қалған. Міне, араға 70 жыл салып, Қазақстан және Ресей үкіметтерінің ықпалымен Семей қаласының әкімдігінде майдангердің қызы Г.Курбатоваға әкесіне тиесілі наградасын аймақтағы РФ-ның Бас консулы С.Анненков салтанатты түрде табыс етті.

- Николай Алексеевич майдан шебінде барлау ротасында өз борышын өтеген болатын. Барлаушылар қатарына тек таңдаулылардың ғана алынатыны белгілі. «Ештен кеш жақсы» демекші, осы медальді тапсыру – біз үшін үлкен мәртебе. Өкінішке орай бүгінгі таңда өз нагрдаларын таппай қалған адамдардың саны өте көп. Бұл үрдістің созылғанына 70 жылдың жүзі болды. Дей тұрғанмен беймәлім жоғалып кеткен сарбаздардың азайып бара жатқандығы көңілге медеу. Жыл сайын жаңа қаһармандардың есімдері анықталады. Бұл – қуантарлық жағдай. Осы медаль атадан мирас ретінде ұрпақтан-ұрпаққа берілетіндігіне сенімдімін. Себебі оның жастарға патриоттық тәрбие беруде мәні мен маңызы зор деуге болады. Осындай игілікті шаралардың арқасында Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтасығы және байланысы нығая түсетіндігіне сенім мол,- деп атап өтті Сергей Викторович.

 

ЕРЛІКТІҢ ДАҢҚЫ МӘҢГІЛІК

Шығыс Қазақстан облысында Жеңістің 70 жылдығы кең ауқымда аталып өтті. Мерейлі мерейтойға орай, облыс орталығының Республика алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, соғыс және тыл ардагерлерін, қала тұрғындары мен қонақтарын облыс әкімі Даниал Ахметов құттықтады.

- Біз бүгін Жеңіс мерекесін зор қуанышпен қарсы ала отырып, ұрыс даласынан оралмаған майдангерлер рухтарының алдында, қатары күн санап сиреп бара жатқан ардагерлер алдында бас иеміз, – деді Д.Ахметов.

Айта кету керек, соғыс жылдары Шығыс Қазақстаннан майдан даласына 170 мың адам аттанып, оның 96 мыңы оралмаған. 109 ардагер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, 22 шығысқазақстандық ең жоғарғы сарбаз наградасы – Құрмет орденінің толық Кавалері атағына ие болған. Сондай-ақ облыстың 9 мың тыл ардагері «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен елімізде  жүргізіліп отырған     саясаттың ең басты қағидасы - бейбітшілік пен тыныштықты сақтау, жастарды бүгінгі бейбіт өмір сыйлаған аға ұрпақ өкілдерінің ерліктері үлгісінде тәрбиелеу. Біз адамзат қауымының қас жауы фашизмді жойған батырлардың ұрпағы екенімізді әрқашан мақтан тұтамыз, – деді облыс басшысы.

 

ЖЕҢІСТІҢ 70-ШІ КӨКТЕМІ

Жеңістің 70 жылдық мерейлі мейрамы, еліміздің өзге өңірле-ріндегі тәрізді Семейде де барынша сән-салтанатпен аталып өтті. Бұл күнді мерекелеуші көпшілік әсіресе Орталық алаңға мол жинал-ған еді.

Жұртшылық алдында қала әкімі Айбек Кәрімов кіріспе сөз алды. Өз сөзінде Жеңістің 70 жылдық мерекесінің тағылымдық мәніне баса тоқталған қала басшысы жеңімпаз соғыс және еңбек ардагерлерін осынау мерейлі мерекемен құттықтап өтті.

Осыдан соң қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы ерлер лицейі тәрбиеленушілері мен ҚР Ұлттық гвардиясының 5511 әскери бөлімшесі өнерпаздарының салтанатты маршы басталды. Әскерилердің әуен ырғағына ілескен ширақ би қимылдары мен үрмелі аспаптар дауысы әдемі үйлесімділік тауып, тамашалаушы көпшілік ерекше сәттерге куә болды. Бұл қойылым осы күнгі мерекелік іс-шараның беташары іспетті еді.

Ал осыдан соң жұртшылық алдында Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру басталды. Орталық алаңнан бастап Жеңіс саябағына дейінгі аралықты жүріп өту үшін қалалықтарды соғыс және тыл еңбегі ардагерлері отырған соғыс жылдарындағы әскери техникалар бастап шықты. Ал олардың соңын ала сап түзеген сарбаздар жүріп өтсе, кейінгі лекпен «Өлімді жеңген полк» шеруі жалғасты.

 

ҮШ МАЙДАНГЕР – «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ»

Жан алысып, жан беріскен қиян-кескі ұрыстарға қатысып, соғыс жылдарында дұшпан әскеріне қарсы аянбай айқасқан аталарымыз бен апаларымызды қанша мадақтасақ та, құрметтесек те, артық емес. Бұл ретте жауынгерлердің ерліктерін шын қадірлейтінімізді білдіру үшін бүгінгі таңда көптеген жұмыс атқарылып келеді. Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясында үш соғыс ардагеріне «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын беру мәселесі халық қалаулыларынан қолдау тапты. Майдангерлерге «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын беру де оларға деген үлкен құрметтің белгісіндей.

Отырыста тәртіп бойынша күн тәртібі, редакциялық алқаның құрамы, регламент бекітілгеннен кейін қарастырылатын мәселе бойынша қала әкімі аппаратының жетекшісі Зәуреш Исабаева баяндама жасады. Зәуреш Рамазанқызы Жеңістің 70 жылдығын атап өту аясында қалалық ардагерлер кеңесі тарапынан соғыста көрсеткен ерліктері мен бүгінгі таңда жастарға рухани-патриоттық тәрбие беруге, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін үш майдангерге «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын беру ұсынылғанын айтты. Олар – Тұяқбай Алпысов, Қамкетай Байыров және Надежда Горбачева. Үшеуі де соғыс жылдарында ерлік көрсетіп, Жеңісті жақындатуға, еліміздің өркендеуіне атсалысқан, бүгінгі таңда өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулуға мүмкіндігінше септіктерін тигізіп келе жатқан жандар. Зәуреш Рамазанқызының баяндамасын тыңдап, барлық мәліметке қаныққаннан кейін мәслихат депутаттары талқыланған мәселе бойынша әзірленген шешім жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

 

Еще статьи...