"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Үржар 109 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕНІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

08.01.2014
Үржар 109 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕНІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Қарттары бар ел — қазынасы  бар ел» деген сөз ауыз екі жиі айтылғанымен,сол қарияларымызға құрмет көрсету  күнделікті күйбең тірліктің тасасында қалып, ел билеп жүрген азаматтардың тарапынан еліне еңбегі сіңген аға ұрпақ өкілдеріне көп көңіл бөліне бермейтінін көріп жүрміз. Ауданымызға Серік  Зинабекұлы әкім болып  келгелі қат-қабат жұмыстарына қарамастан,  ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналарға  құрметпен қарайтыны халықтың назарынан тыс қалып отырған жоқ.

Аудандағы көпбалалы аналарды еліміздің Бас қаласы Астанаға  бірнеше мәрте саяхатқа жіберіп, Тәуелсіздік алғаннан бергі жетіс-тіктерімізді өз көздерімен көріп қайтуға мүмкіндік жасаған Серік Зинабекұлы, ай сайын  мерейтой жасындағы қарттардың әрқайсысын аудандық газет арқылы құттықтап, игі тілегін білдіруді де ұмытпайды.

 

Таяуда  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақтыбай Баймұратов  пен Үржар ауылдық округінің әкімі Сайлауғазы Шарықбаев  Қызылту ауылының тұрғыны Мәстен Шүршітбаева әжейді 109 жасқа толуы құрметіне орай аудан әкімінің тапсырмасымен арнайы барып құттықтап, игі  тілектерін білдіріп,  сый сияпаттарын тапсырып қайтты.

 

Бүгін төрт ұл, екі қыздан немере, шө-бере, шөпшек  сүйіп, Барқытбелдің баурайындағы ауылының, ауданның өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан анаға:

-Аяулы ана, ұрпақ қызығын көріп отырған ардақты  әже ретінде ғана емес,ауданымыздың қадірменді қариясы ретінде, Сіздің келген жылдың қызығын қызықтап, әлі де ұрпақтарыңыздың ортасында  жаратушының берген жасын жасай беруіңізге тілектеспіз! –деген тілектерін жеткізді. Мәстен әжейдің бір перзенті Бородулиха ауданында тұрады.Сол жерде Әлия атты шөпшегі де дүниеге келген екен. Қазір әжейдің өзі 75 жастағы Мырзағали деген ұлынан туған, 54 жастағы Әлібек атты немересінің қолында тұрады. Қария-ның сөзі мәнді, өзі тың. Бір қарағанда 109 жаста деп айтуға келмейтіндей. 1905 жылы Қырғызстанда туған ана Құрман Шүршітбаевпен бас қосқан екен. Отағасы 1986 жылы бақилық болған, ал әже бұл күндері ұрпақ қызығын көріп, орталарында алаңсыз ғұмыр кешіп келеді:

-Айналайын, балаларым, мені елеп-ескеріп келгендеріңе алғыс-тан басқа айтарым жоқ. Серік баламның қарттарды сыйлағаны ата-ананың дұрыс тәрбиесін көргендігінің белгісі деп ойлаймын. Үлкенді сыйлаған жанның мерейі қашан да үстем болмақ. Ал менің бүгінгі бақытты қарттығым, көңілімнің жай болуы мына Күләш деген келінімнің  баладай мәпелеуінің арқасы.Өздеріңнен де Жаңа жыл жақсылығын аямасын! Еліміз аман болсын, береке -бірлік, ырызық ортаймасын! Бүкіл аудан халқын Жаңа жылмен құттықтаймын! — деп ағынан жарылып, ақ батасын берді.

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

9 часов бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС