"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АРҒЫМАҚ ЖЫЛЫНЫҢ ОТШАШУЫ — ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА

08.01.2014

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

31 желтоқсан күні семейліктер жылдағы дәстүр бойынша Жаңа жыл мерекесін Орталық алаңдағы биік те, әсем  шырша маңында мерекеледі.  Алаңға жиналған жұртшылық үшін қаладағы өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы мен театрланды-рылған қойылымдары ұсынылды.

Жаңа жылды қарсы алу сәтінде қаланың Орталық алаңы ерекше реңге боялды. Алаңдағы алып шырша маңында тұрғындар бір-бірін құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Мерекеге арнайы дайындалған концерттік бағдарламалар тұрғындарды шаттыққа бөледі. Ал, балалар жағы Аяз ата және  Ақшақармен естелік суретке түсіп, олардың қуаныштан жүздері бал-бұл жанды. Бұл күні ағытылған тілектерде де шек болмады. Алайда, барлық тілектің мазмұны бір, ол – елдің амандығы.

 

— Төрімізге шығып, желдей жүйткіп жеткен Арғымақ жылы жағымды жаңалықтар мен жақсылықтың жаршысы болсын! Семейіміз гүлдене берсін. Әр адамның жүзінен қуаныш арылмасын!  Жаңа жыл тек қана жақсылығын ала келсін, — дейді Орталық алаңға келген қала тұрғындарының бірі Айдын Исаханов.

 

Мерекелік кешке ерекше сән берген Аяз ата мен Ақшақар да сахна төріне көтеріліп, өз тілектерін жеткізді. «Жаңа жылда тек жақсылықтар көп болсын» десті.

Қалалықтармен бірге алаңға келген қала әкімі     Айбек Кәрімов өз сөзінде 2013 жылдың табысты бол-ғанын айта келіп, 2014 Жылқы жылы да ізгі бастамалар мен толайым табыстардың жылы болатындығына сенім білдірді.

— Жылқы — қазақ халқы үшін аса қадірлі де қасиет- ті жануар. Сондықтан, Жылқы жылы баршаңызға тек жақсылығын ала келсін. Әрқайсыңыздың денсаулықтарыңыз мықты болсын. Әр отбасына бақыт тілеймін! – деді Айбек Кәрімов өз сөзінде.

Қала басшысының құттықтау сөзінен кейін Орталық алаңға жиналған көпшілік қала  аспанын  жарқырата түрлі түске бояған отшашуды тамашалады. Мерекелік шара өнер ұжымдарының концертімен жал-ғасты. Осылайша, қала жұрты ескі жылды шығарып салып, Арғымақ жылды салтанатты түрде қарсы алды. Күннің суықтығына қарамастан семейліктер   Орталық алаңдағы сұлу шырша маңында  Жаңа жылды  көтеріңкі көңіл күймен мерекеледі.

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

11 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

11 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

11 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС