"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮРЖАР — АЛАКӨЛ БОЙЫНДАҒЫ АУЫЛДАР АЙРЫҚША НАЗАРДА

10.01.2014
ҮРЖАР — АЛАКӨЛ БОЙЫНДАҒЫ АУЫЛДАР АЙРЫҚША НАЗАРДА
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасы Н.Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығына сәйкес ауыл әкімдері әр тоқсанда бір рет жұртшылықпен кездесіп, есеп берулері тиіс. Биыл қаңтар айына белгіленген  бұл жауапты науқанның шымылдығын Үржар ауданы сәрсенбі күні ашты.

Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин аптаның сәрсен-бісінде Қарабұлақ, Қабанбай ауылдық округтерінде болып, ауыл әкімдерінің бір жылдық есептерін тыңдады. Серік Зинабекұлы алдымен, Қарабұлақ орта мектебін аралап, «Балбөбек» шағын орталығында болып, сондағы аспаз, жұмысшылармен тілдесті, жағдайларын сұрады.

 

Жалпы, Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты екі елді мекенде 1825 жан тұрады. Әйгілі  Барлық –Арасан шипажайы осы округтің құрамында. Мұнда 55 шаруа қожалығы тіркелген екен, соның екеуі ғана бірігіп, қайта құрылыпты. Ірілену мәселесі мұнда да әзірге көкейкесті мәселе болып отыр. Қарабұлақ та, Жарбұлақ та (Қабанбай ауылдық округінің орталығы) аудан орталығынан жырақта ораласқан.

 

Округ әкімі Нұртөлеу Қожақов ауыл тұрғындары алдында 2013 жылы атқарған жұмыстары жайлы есепті баяндама жасады. Ауыл әкімінің айтуынша, өткен жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жоспарланған 4 жоба толық орындалған.  Барлық-Арасан ауылында мал қорымы жасалған, Қарабұлақта  қатты қалдықтар төгетін орын дайын, мектепке бөлінген жер телімдерінен лайықты өнім алу және мектептің акт залына жөндеу жұмыстарын жүргізу жолға қойылған. Сондай-ақ, мәдениет үйінің алдына арнайы сахна жасалып, «Қазақ елі» монументі тұрғызылды. Мұнда «Жастар» саябағының ішіне субұрқақ орнатылып, спорт алаңдары жасалып,  балаларға арналып ойын қондырғылары қойылған-ды. Аудан әкімі Серік Зинабекұлының қолдауымен Найманбай көшесінің бо-йына 650 метр жерге 18 бағана қойылып, электр жарықтары тартылып, мектепке «УАЗ», ауыл әкіміне «Нива» автокөліктері берілген.  Арнайы өрт сөндіргіш көлігі бөлініп, қосымша екі адам-ға штат ашылған. Ауылдағы саябақты абаттандыру жұмысына «Өңірді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 1540,0 мың теңге бөлініпті. Кәсіпкерлікті дамыту бағытында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында төрт жоба қолға алынды, — дейді округ әкімі Н. Қожақов, — Бірінші, Алакөл жағасында туризмді дамытуға 3 млн. теңге, ауылдан тігін цехын ашуға 1,5 млн. теңге, баннерлер жасауға 3 млн. және демалыс орнын ашуға 1,5 млн. теңге бөлінді.

Жарыссөзге шыққан тұрғындар аудан басшысына емханаға жеңіл автокөлік, Барлық-Арасан ауылындағы 1,5 шақырым жерге жарықтандыру жұмыстары жүргізілсе, сарып ауруымен күрестің нәтижесіздігі, вакцинация мәселесі, малға субсидия төлеудегі қиындықтар, мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілсе, жер салығы, жүн, тері шикізат өңдейтін цех ашу мәселесі, ХҚКО мамандарының қажеттігі жайлы тілектерін жеткізді. Әңгіме барысында көп балалы аналардың жәрдемақысы, су, дәріхана  мәселелері де шет қалған жоқ. Мұндай сауалдарға аудан орталығынан келген Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Н. Жақиянова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С. Жүнісова, жер қатынастары бөлімінің басшысы Д. Жаркенова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Семенова, ТКШ жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы С. Уалитов, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы Б. Аңдасовтар жауап берді.

— Құрметті Серік Зинабекұлы,- дейді осы ауыл тұрғыны, зейнеткер Б. Жүнісбекова,- Шындығына келгенде біздің ауылдың жағдайы бірталай ауылдардан көш ілгері. Мәселен, осында 70-80 метр жерден сүзгі арқылы таза су ішіп отырмыз. Қос қабатты емханамыз бар, мектеп ғимаратының да жағдайы жақсы. Іргемізде әйгілі Барлық-Арасан шипажайы тұр, мәдениет үйі бар. Біздікі әшейін, еркелік секілді,- дейді зейнеткер ана. Шынында, бұған қоса фельдшерлік пункт, пошта үйі,                 9 дүкен, 2 кафе, монша, дәріхана, мешіт, наубайхана, су жүйесі мекемесі жұмыс жасап тұр. Аудан басшысы С. Зинабекұлы бос қалған Мәдениет үйін бір кездері жекешелендіріп алған иесінен қайта мемлекет меншігіне сатып алуға ұйытқы бол-ған еді. Жобалық-сметалық құжаттары реттелген соң ғимаратты жөндеуге қаржы бөлінбек.

— Облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев бұл жағдайлардан жақсы хабардар. Қазір жобалық-сметалық құжаттары қалыпқа келсе, қаржы бүгін бөлінеді деп сеніммен айта аламын, — деді аудан басшысы жұртшылық алдында.

Бұдан кейін ауыл әкімі Н. Қожақов бірқатар мекемелер мен азаматтар «Үлгілі мекеме», «Үлгілі үй», «Үлгілі кәсіпкер» секілді номинациялар бойынша марапаттады.

Қабанбай ауылдық оругінде аудан әкімі Серік Зайнулдин әдеттегіше  аурухана ішін аралап, стационарда жатқан нау-қас жандармен тілдесіп, хал-ахуалдарын білді. Аурухана іші жылы, мұнтаздай. Бұл ең алдымен осында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен, облыстық мәслихаттың депутаты Нағима Сапарханқызы Жақиянова мен бүгінгі бас дәрігер Айбас Құбашұлы Абылқасымовтың еңбегі екені даусыз. Аудан әкімі ардагерлер палатасында жасы 90-ға таяған Көксеген Қабдолданов ақсақалдың қолын алып, денсаулығын сұрап білді. Осында биыл ғана «Дипломмен — ауылға» бағдарламасымен келіп, қызмет етіп жатқан жас педиатр Бейбіт Жаннаның да жұмысына сәттілік тіледі.

Бұдан кейін аудан басшысы жиылған жұрт алдында  бас дәрігер Айбас Абылқасымовтың кеудесіне ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін қадады.

Осыдан соң Қабанбай ауылдық округінің әкімі Қалихан Нұрымбаев округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасап, оған аудан басшысы Серік Зайнулдин, ШҚО әкімі аппаратының ақпараттық технология және мемлекеттік мониторинг бөлімінің басшысы Бейбіт Әшімов, облыстық мәслихаттың депутаты Н. Жақиянова және бөлім, сала басшылары, бас мамандар, БАҚ өкілдері қатысты. Округте төрт мыңның үстінде  тұрғын бар, 68 шаруа қожалығы тіркелген. Жалпы, Алакөл жағасына ораласқан бұл елді мекеннің болашағы зор. Мұнда кәсіпкерлікпен айналысатын 48 нысан бар, дүкен саны 34. Басқа жаққа қоныс аударушылар жоқ, табиғи өсім байқалады. Алайда, кемшіліктер де бар.

— Шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар, — деді ауыл әкімі, — ауылымыз бір жылда 5 млн. 568 мың теңгенің 570 квт электр жарығын пайдаланады. Тұрғындардың электр энергиясына қарызы жоқ. Алайда, шамамен 170-220 үйге электр қуаты жетпейді. РЭС басшысынан қосымша трансформатор қосып беруін сұраған едік. Ол кісі келісімін берді. Тек қосалқы бөлшектер дайындап беруіміз қажет екендігін айтты. Ұсы-нылған қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін 680 мың теңге қажет көрінеді. Ауыл әкімшілігінде ондай қаражаттың қарастырылмағандығынан бұл іс тұйыққа тіреліп тұр. Ауылдың шеткі көшелеріне электр қуаты толығымен жетпейді, — дейді Қ.Нұрымбаев. Бұл ғана емес, ауыл тұрғындары аудан басшысынан мал өнімдерін өткізе алмай отырғандарын, өрт сөндіргіш автокөліктің қажеттігін, мәдениет үйіне жөндеу жұмысы жүргізілуін, жазғы маусым басталысымен тексеру органдары тарапынан болатын келеңсіздіктердің жүгенделуін өтінді.

Аудан орталығынан келген бөлім, сала басшылары көте-рілген мәселелер бойынша ауыл тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандырып, сауалдарға тиісінше  жауаптар берді.

Жиынды аудан әкімі Серік Зинабекұлы қорытындылады.

— Бұл Қабанбай бабамыз мекен еткен, батырдың ұрпақтары жасап келе жатқан қасиетті өлке. Облыс әкімі Б. Сапарбаев та осы өңірді ерекше қадағалап отыр. Мұнда қазір үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Қабанбай ауылы — аудандағы үш тірек ауылының біреуі. Сондықтан, ауылдың бас жоспары жасалуы керек. Рас, 2009 жылы ол жасалған, алайда оған өзгертулер енгізілуі тиіс. Бүгінгі күні мұнда салықтың түсімі көңіл қуантпай отыр. Алакөл аймағы бойынша 8 млн. 900 мың теңгенің салығы түседі. 154 субъект бар. Ал мына көршілес Үшаралда, Алакөл ауданында  300 млн. теңге  салық түседі екен. Жарбұлақта бар болғаны 3 млн. 664 мың теңге. Салыстыруға келмейді. Сондықтан, әлі көп жұмыс атқаруымыз керек. Ірі қалаларда тұрып жатқан, осында жазғы маусымда ғана келетін қалталы азаматтар көп. Көл бойындағы кәсіпкерлік сала да жаз шыға жанданады. Яғни, салықтың жергілікті жерлерге түсуін қамтамасыз етуге тиіспіз. Сондай-ақ, «Алакөл-тазалық» атты ЖШС құрдық. Онда отыз шақты сіздердің жерлестеріңіз еңбек ететін болады. Қазір оларға арнайы киім тіктіріп жатырмыз. Бұл төрткүл дүниенің сан тарапынан келетін саяхатшылар алдында ұятқа қалмас үшін атқарылып жатқан істер. Сенбіліктер өткізуіміз керек. Атқарылар шаруа шаш етектен. Сондықтан сіздер мен біздер әлі «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара еңбек ететін боламыз. Осы жолда бізге зор  күш-қуат, жігер қажет! — деді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» страгетиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміз 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуі керектігін межелеген болатын. Бүгінде ол мақсатқа жету жолында әр сала бойынша нақты бағыттар ай-қындалған. Яғни, ауылшаруашылық, білім, денсаулық салаларына да ерекше мән берілуде. Бұл есеп беру жиынында да аталмыш бағыттағы жұмыстар сарапталды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

21.08.2026
Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

Абай облысында алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары және мұнай өнімдерінің заңды айналымын қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік бақылау жүргізілуде. Негізгі мақсат –...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

21.08.2026
Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Семейде өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген отбасыларды ұлықтауға арналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

21.08.2026
«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің I форумы басталды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің...

Толығырақ...Details

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

21.08.2026
59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. 19 тамызда партиялар сайлауалды науқанның мазмұнды өткен соңғы күндерінің бірін өткізді. Кандидаттар мен партия өкілдері...

Толығырақ...Details

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

20.08.2026
Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

Атом энергетикасы туралы сөз болғанда, адамдарда туындайтын алғашқы сұрақтардың бірі – қауіпсіздік мәселесі. Қазіргі атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздік қалай...

Толығырақ...Details

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

20.08.2026
Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

17 часов бұрын

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

17 часов бұрын

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

17 часов бұрын

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

17 часов бұрын

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

2 дня бұрын

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

2 дня бұрын

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

3 дня бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

3 дня бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС