"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҚОҒАМНАН ТЫС ҚАЛМАУЫ ТИІС

10.01.2014

Мүмкіншілігі шектеулі жандар қазіргі қоғамға емес, қоғам олардың ыңғайына қарай бейімделуі тиіс. Мүгедек жандар көп ретте өз құқықтарын дұрыс пайдалана бермейді. Көпшілік орындарда өздерін бөгде сезінетіндер де кездеседі. Ал, дамыған, зайырлы мемлекетте мұндай келеңсіздік орын алмауы тиіс. Аталмыш бағытта бүгінде еліміз бойынша көптеген қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер мен шетелдік еріктілер түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Семей қаласындағы «Исток» қоғамдық бірлестігі де аталмыш бағытта БАҚ өкілдерімен бірге елеулі жұмыс жасауда.

 

Кеше түсте қаламыздағы «Арнұр» бизнес орталығында «Мүмкіндікті арттыру!» атты ақпараттық топ осы бағытта өз жұмысын бастағаны жайлы журналистер алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Шараны ұйымдастырушы «Исток», «Намыс» және «Шырақ» қоғамдық бірлестіктері. Облыс орталығынан бастау алған шараның көздеген мақсаты қоғамдағы мүгедек жандармен қарым-қатынас мәдениетін нығайту, оларға мүмкіндігінше қолдау көрсету, өмірден өз орындарын алуға жәрдемдесу және осы жолда жұртшылық назарын аударып, нақты қадамдарға бару. Бұл орайда бірлестік өкілдерінің тізе қосуымен «Мүмкіндікті арт-тыру!» атты жаңа жоба даярланған. Жоба координаторы В.Палицкаяның айтуынша, аталмыш шара ең алғашқыда АҚШ және бірқатар Батыс елдерінде қолға алынған. Сондай-ақ, БҰҰ-ның қолдауына ие болған.

 

«Бүгінде еліміз бойынша 506,4 мың мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады екен. Бұл жалпы халықтың 3%-ын құрап отыр. Соның үштен бірі еңбекке жарамды азаматтар мен азаматшалар болса, 17,5%-ы балалар. Ал 20 мыңнан астамы – жанарынан, 19 мыңға жуығы – есту қабілетенен айырылған жандар. Мінеки, сандардың сыры қайда жатыр?! Бұл мәліметтерді келтірудегі басты себеп, қоғамда «мүгедек» атанған жандардың аз емес  екендігін көрсету. Ал біз тағдыр тауқыметімен «мүгедек», «кемтар» атанған жандардың құқығы қаншалықты қорғалып  жатқандығын ойланып көрдік пе? Рас, мемлекет тарапынан мүгедектерді жұмыспен қамту тәрізді іргелі шаралар қолға алынуда. Алайда, қоғам әлі де     оларға толық үйренген жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандардың кейбір мекемелерге кіруі де қиын» дейді жоба үйлестірушілері.

Басқосуда БАҚ өкілдері қоғам назарын мүгедектер мәселесіне қалай аударуға болады деген тақырыпта ортақ ой өрбітті. Және де баспасөз бетінде аталмыш тақырып бойынша қалам тербеп жүрген журналистер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қуаныш ҚОЖАЕВ,

“Семей таңы”.

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 часа бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

3 часа бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

3 часа бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

20 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

20 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

23 часа бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

24 часа бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

24 часа бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС