"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ССК» ҚАЙТА ТҮЛЕДІ

10.01.2014
«ССК» ҚАЙТА ТҮЛЕДІ
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде футболдың дамуы ерекше сезіледі. Аяқ доптың додасы соңғы кездері жиі ұйымдастырылып, түрлі деңгейдегі       жарыстар өткізу дәстүрі де қалыптасып қалды. Ала доп тепкенге жаны құмар жасөспірімдерден бастап, жасы келсе де   жасыл алаңды аңсап тұратын ардагер аяқдопшылар «Спартак» стадионында жиі бас қосады. Мәселен, өткен сәрсенбі күні  шәкірт баулып, бақытын бапкерліктен тапқан, Семей өңірінде футболдың дамуына үлес қосқан балалар бапкерлерін еске алуға арналған шағын футболдан   жасөспірімдер арасында ашық турнир қорытындыланса, аяқ доптың айналасындағы ардагерлер арасында басталатын жарыстың алғашқы жолдастық кездесу ойыны да өтті.

Алдымен 21 команда бас қосқан жарыстың марапаттау рәсімі өтті. Қаңтар айының 3-і мен 8-і аралығында өткен ашық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Биыл әр турнирге  тек қаладағы жасөспірімдер ғана емес, Аякөз, Бесқарағай сияқты аудандардың да жас жеткіншектері қатысты. Жай ғана қатыспады, жеңімаз атанып, мерейлері тасыды. Командалар үш  топқа бөлініп, сынға түскен еді. 1998-1999 жылы туған үлкен топтар арасында 1 орынды «Цементник», 2 орынды «Спартак — 1», 3 орынды олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің «СКА» командасы бөлісті. 2000 – 2001 жылы туғандар арасындағы сында 1 орынды «Спартак — 2001», олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің «Иртыш», ал, 3 орынды «Спартак — 2000» командалары  еншіледі. Кіші топтағы балғындар арасында Бесқарағай ауданынан келіп қатысқан «Жас Қанат» командасы үздік деп танылды. «Спартак — 2002» және «Цементник — 2002»  командаларындағы ойыншылар өзара екінші және үшінші орындарды бөлісті.

 

Жеңімпаз атанып, жүлдеге іліккен барлық командаға Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы медальдары, бағалы сыйлықтары тапсырылды.

 

Жарыстың бас төрешісі Станислав Лесивтің айтуынша, балалар арасындағы футбол жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді. Жылдан – жылға командалар санының көбеюі де ашық турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына септігін тигізуде.

-Әр ойын өзіндік тартысты өтуімен есте қалды. Балалардың қысқы демалысын жақсы әрі тиімді өткізуде жарыстың маңызы айрықша. Жыл сайын осындай жарыс өткізіп тұрсақ, балғын спортшылардың да қызығушылығы арта түсері анық. Бұл жарыс білгенін шәкіртіне үйреткен, бірақ, бүгінде арамызда жоқ бапкерлерге деген балалардың құрметі, — дейді бас төреші.

Ардагерлер арасындағы жарыстың жөні бөлек. Семейге басшылыққа келгелі спорттың, әсіресе, футболдың дамуына ерекше көңіл бөліп жүрген қала әкімі Айбек Кәрімов өткен ғасырдың басында құрылған «Семей спорт клубын» қайта жаңғыртуға бастамашы болды.  1913 жылы Семейде алғаш Қазақстандағы аяқдоптың тарихы бастау алған тұста құрылған клуб заманның ағымымен өз жұмысын  тоқтатқан еді. Міне, футболдың ғасыр тойын абыроймен өткеріп, осы жүз жылдықтың аясында жүргізілген жүйелі жұмыстарды жалғастыра отырып, Айбек Мүталапханұлы клубтың жұмысын бір жолға қоюға қадам жасады. Әлбетте, өткен мен бүгінді байланыстыру берекелі іс, ұрпақ сабақтастығы. Әсіресе, қазақ футболының отаны саналатын Семейде сабақтастық деген сындарлы ұғымды жалғастыру жарасымды – ақ. Сол «ССК» (Семей спорт клубы) қала әкімінің қатысуымен кезекті ұйымдастырылған жарысқа тыңғылықты дайындықтарын бастау негізінде «Медик» командасымен жолдастық кездесу де өткізіп үлгерді. Команда сапында  Айбек Мүталапханұлының өзі де шабуылшы ретінде жасыл алаңның көрігін қыздырды. Оң қаптал мен сол қапталдан қатар табылатын қала әкімі қырағы ойыншы ретінде белгілі. Алдағы  жауапты ойындарда жеңіс добын соғатынына командаластары да бек сенімді.

-Қаланың чемпионатына қатысуға өтініш бергендер қатарында Семейдің «ССК» командасы бар. Команданың тарихы тереңде, өздеріңіз білетіндей 1913 жылы құрылған болатын. Қазақстанның, оның ішінде Семейде құ-рылған ең алғашқы футбол командасы қайта түледі, қатарға қосылды. Сапында «Спартакта» доп тепкен, тер төккен, «Елім-айда» ерлік көрсеткен аяқдопшылар жиылған. Жаттығу өткізу аптасына екі рет деп жоспарланып отыр. Ал, ойындар Семей қаласындағы үш үлкен алаңда өтеді, — деп атап өтті өз сөзінде Айбек Мүталапханұлы.

Ойындар өтетін алаңдарға алаңдаудың қажеті жоқ. Соңғы үлгідегі жабдықталған жасанды алаңдар дайын. Орталық «Спартак» стадионының, «Турист» қонақ үйінің маңындағы және кеме жөндеу зауытының жасанды жасыл алаңдарында сәуір мен қазан айларында қызықты жарыстар өтеді деп күтілуде.

Осы күнге дейін жарысқа жалпы жиыны 12 команда қатысуға ниет білдіріпті. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Университет», Шығыс өңірлік әскери қолбасшылығының «Восток», медицина мамандарынан құралған «Медик», құқыққорғау саласының қызметкерлері жиылған «Динамо» және екі ауылдық округтің құрамасы мен бірқатар кәсіп-орындар сынға түседі. Алдағы уақытта команда қатары толыға түспек. Теміржолшылар да      жасыл алаңдағы бәсекеге аттанбақ екен.

Айтпақшы, орайы келіп, аяқ допқа қатысты әңгіме өрбіген соң, Айбек Мүталапханұлынан «Спартак» командасын қаржыландыру мәселесін де сұраудың сәті түсті. Қала басшысының ықпалымен қаржының қыспағынан құтыл-ған команда жоғары топқа тоғыз  жыл салып қайта шыққаны белгілі.

-Премьер – лигада ойнайтын команда облыс әкімінің құзырында болады. Облыстық бюджетке барлық тиісті құжаттарын бердік. Қазір 400 млн. теңге қаражат бөлінді.ШҚО атынан өнер көрсететін команда болғандықтан, қаржы мәселесінен тарығу болмайды, — деді қала басшысы.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

11 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

11 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

14 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

14 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

15 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

15 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

16 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

16 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

16 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

16 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС